- Учителю
- Утренник Мы идем в первый класс
Утренник Мы идем в первый класс
Ертеңгілік: « Біз мектепке барамыз»
Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар,ұстаздар,бүгінгі біздің мерекеміз ерекше,себебі бүгін мәпелеп өсірген,тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып,мектепке шығарып салғалы отырмыз. Әрине,бұл да үлкен той,тойларыңыз құтты болсын!
-бүгін сіздер «Мектепалды даярлық патшалығына» қонаққа келдіңіздер.. Бұл патшалықтың тұрғындары да өте көңілді өмір сүреді. Бірақ бұл патшалықта өмір сүру уақыты шектеулі. Міндетті түрде тұрғындары 1 жылдан соң «Бастауыш білім патшалығына» ауысады.. Бірақ бұл патшалықтан кеткендер құр кетпей, өз бойына өнерді, білімді игере алады. Бұл патшалықта «Тіл дамыту, Математика, Көркем әдебиет,Сауат ашу, Бейнелеу,т.б. көптеген уәзірліктер бар. Енді осы уәзірліктерден алған өнер, білімімізді ортаға салайық.Бүгінгі откелі отырған «Біз мектепке барамыз» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Ол үшін патшалық тұрғындарын шақырайық.
Вальс (ұлдар мен қыздар вальс билейді).
Жүргізуші: Өтті қызық көп күндер,
Алты жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер.
Өсті ақыл, ойларың,
Өсті,міне бойларың.
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойларың!
Ануар:Мен қайырымды баламын.
Тек жақсылық ойламын.
Кішілерге қамқормын,
Біріншіге дайынмын.
Арна:Әліппем менің әліппем!
Сені қолға алып мен,
Есігін аштың мектептің.
Ертеңгі жарық құшақпен!
Әділжан:Біздер алты жастамыз,
Сәбиліктен асқанбыз,
Мектеп енді шақырады,
Қош бол бала бақшамыз.
Еркежан:Мектепке енді барамыз,
Үлгілі оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты
Кілең бестік аламыз.
Салих:Сізді біз сирек көреміз,
Құрметтеп сізді жүреміз.
Сыртымыздан жағдайды
Жасап жүр деп сенеміз
Әбілмансұр:Қуанамыз, сыйлаймыз.
Қуаныштың мың гүлін.
Алғашқы сыныпты қимай біз
Қоштасатын күн бүгін,
Ботақандай бөбек деп,
Еркелеткен ұл - қызын
Анамызды ерекше
Қуантамыз біз бүгін.
Ясмиль:Талай қызық той өткіздік,
Бірақ орны ерекше,
Алғашқы сыныппен қоштасатын.
Бүгінгі той ерекше.
Ислам:Үлкендердей тап - таза
Жазамыз бормен тақтаға,
Үлгілі бала боламыз.
Жүретіндей мақтана.
Алтынай:Бақша біздің панамыз,
Мектеп біздің анамыз,
Ұлағатты ұстаздан,
Оқып білім аламыз.
Ерсұлтан:Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз.
Қоштасып тәрбиешімен
Біріншіге барамыз.
Дина:Ана тілін ардақтап,
Ата салтын біз көрдік.
Сурет салып ән жазып
Оқып жазып үйрендік.
Қуанамыз сыйлаймыз,
Қуаныштың мың гүлін.
Алғашқы топты қимай біз,
Қоштасатын күн бүгін.
Мәди:А әрпі: Ата - ананың тілегі!
Адам болып өскенін
Адамдықтың тірегі
Адал болып өскенін
Ақбота:Ш әрпі: Шананың да шардың да
Мен тұрамын алдында
Менен ғана басталар
Шұғыла да, шалғын да
Нұрай:Р әрпі: Раушан гүлін Раушан
Өте жақсы көреді
Үй маңына болсын сән
Деп өсіріп келеді
Ернияз:Л әрпі: Тастан тасқа секірген
Ұзын салпаң құлақты
Қойдан маза кетірген
Кім білмейді лақты
Мейрамбек:У әрпі: Уық деген немене?
Уыз жегің келеме?
Қай әріптен атаулар?
Басталып тұр атаңдар?
Барлығы: Ануар:Адам етіп баптаған,
Ардақтап бізді мақтаған.
Даярлыққа мың алғыс!
Ән «Әліппе»
II. бөлім. Біз білімді баламыз.
Құрметті оқушылар сендер жыл бойы алған білімдеріңді
көрсету үшін "саяхат сабағын"бастаймыз.
Поезга мініп саяхат жасаймыз. Жолға шыгар алдында нелерді
дайындаймыз (керекті заттарды) айтады сол керекті заттарды неге
саламыз. (Жолкапшыққа) иә, жолқапшықты дайындау үшін мен сендерге
бірнеше сұрақтар қоямын,соған жауап беруге дайынсыңдарма? ( иә
дайынбыз)
Біз мектепалды даярлық сыныбында қандай пәндерді оқып білім
алдық. Қане барлығымыз айтып көрейікші. (балалар пән аттарын айтып
шығады)
Осы пәндерді бекеттерге пайдалана отырып пәндерден алған
білімдеріңді көрсете білейік.
1. Сауат ашу бекеті
Сауат ашуда нелерді оқып үйрендіндер?
Әріптерді,дыбыстарды,буындарды,сөздерді,
сөйлемдерді,дауысты,дауыссыз дыбыстарды, сөздер жазып үйрендік.
Тақтаға сөз,сөйлемдерді жазу,(Ана,Ата,Отан,Әже,Бала т.б)
Сөздерге сөйлем құрау,сызықша аркылы жазу.
-Ендеше әпіптер кассасын қолымызға алып,сөздерді құрайық. «Отан», «Ана», «Әке», «Мектеп» -деген сөздерді құрайық шы!
Отан отттан да ыстық.
Балаға ең жақын адам. Ол ...
Әке жүрегі таудан үлкен,
Ана жүрегі теңізден терең.
2. Математика бекеті.
Балалар сендер математика пәнінен нелерді оқып үйрендіңдер?
0-ден 20-ға дейін санап,жазып үйрендік,есептер шығарып
үйрендік.><.=.+.-.таңбаларын үйрендік. Геометриялық
пішіндерді үйрендік (үшбұрыш,төртбұрыш,дөңгелек)
Есептер шығару.Мәселе есептер.
-Ендеше мәселе есепті шығарып көрейік ші. Ағаштың бұтағында 10 торғай отырды. 6 торғай ұшып кетті. Неше торғай қалды?
Есептің шартында не туралы айтылған. Неше торғай бұтақта отырды? Нешеуі ұшып кетті? Қандай сұрақ берілген есепте? Есепті шығару үшін қандай амалды таңдаймыз? Шешуін қрастырайық шы! Жауабы қандай болды? Жақсы. Торғай қалды бұтақта.
5. Тіл дамытудан нелерді оқып үйрендіндер? (Әңгіме,диолог
сөздер,мақал-мәтелдер,жумбақтар,таппақтар, әзілдер айтып)
Өте дұрыс айтасыңдар:
-Ендеше сөз кезегін ізілге берейік!
Алтынай мен Ануар
- Бүгін сабақта жолым болды!
- Қалай?
- Ұстазым мені бұрышқа тұрғызып қойғысы келген еді. Барлық бұрыш
бос емес екен.
Дина мен Әбілмансұр
Экзаменнен кейін:
- Тапсырдың ба?
- Тапсырған сияқтымын.
- Не сұрады?
- Өзім түсінбедім. Ағылшын тілінде сұрады ғой.
Еркежан мен Салих
Ұстаз: «Қыстыгүні табиғаттың қандай құбылыстарын көреміз?
Оқушы: «Аққала».
Әбілмансұр мен Әділжан
Ұстаз оқушыларға: «Ешуақытта жануарларды сүймеңдер. Бұл өте
қауіпті. Кім мысал келтіре алады?
Бір бала: «Мен айтайыншы. Менің әпкем өзінің мысығын сүйе
беретін.
Ұстаз: «Сонымен?»
Бала: «Мысығы ауырып қалды».
Арна мен Алтынай
- Сіздің балаңыз үстеліме үлкен құрбақаның суретін салып
қойыпты. Қорыққаным соншалық, орнымнан ұшып тұрдым.
- Ой, мұныңыз бекер қалсын! Оның ваннамыздың ішіне салып қойған
қолтырауынын көргенде, салып қойған есіктен бірақ шыққан
болатынмын.
Ясмиль мен Салих
- Томирис, суда қандай заттардың ерімейтінін айтшы.
- Балықтар!
Оқушылар бейнелеу өнері сабағында сөйлесіп отыр:
- Жарайсың! Суретті керемет салыпсың. Тіпті тәбетім ашылып
кетті.
- Тәбетім ашылды дейсің бе? Күннің суретінен бе?
- Аааа, мен қуырылған жұмыртқаның суреті екен деп ойлап қалсам.
Арна мен Мәди
-Мәди, неге сен үшін сабақты үнемі анаң орындайды?
- Себебі әкемнің мүлдем уақыты жоқ.
Нұрай мен Ернияз
Ұстаз «Мен мектеп директоры болсам...» деген тақырыпта шығарма
жазуға тапсырма береді. Барлығы білек сыбана кірісіп жатқанда,
Қанағат қана терезеге қарап отырады.
- Ал сен неге жазбайсың?
- Мен хатшымды күтіп отырмын.
Мейрамбек пен Мәди
-Суретің қандай тамаша! Тіпті тәбетім ашылып кетті!
-Күннің сүретінен бе?
-Бұл күн бе? Мен қуырылған жұмыртқа деп қалсам.
Сергіту сәті. Флешмоб
3. Көркем әдебиет бекеті.
Көркем әдебиеттен нелерді оқып үйрендіндер(Өткен ертегілерді еске
түсіру)
«Кім күшті» ертегісін сахналау
Ерте, ерте, ерте екен,
Ешкі жүні бөрте екен.
Қырғауылы қызыл екен.
Құйрық жүні ұзын екен.
Қырғауылы қырқылдап,
Жалтыр мұзға сыртылдап,
Алшая келіп қоныпты,
Шаты айрылып қалыпты.
Қисая жатып қырғауыл
Сонда мұздан сұрапты:
- Мұз, мұз, сен неден күшті болдың?
- Мен күшті болсам, бауырымды жаңбырға тестірмес едім.
- Жаңбыр, жаңбыр, сен неден күшті болдың?
- Мен күшті болсам, жерге жұтқызар ма едім.
- Жер, жер, сен неден күшті болдың?
- Мен күшті болсам, көк шөпке бауырымды жардырмас едім.
- Көк шөп, көк шөп, сен неден күшті болдың?
- Мен күшті болсам, көк тоқты мойнымнан жұлқымас еді.
- Көк тоқты, көк тоқты, сен неден күшті болдың?
- Мен күшті болсам, көк шұнақ қасқырға құйрығымды жұлқытпас едім.
- Қасқыр, қасқыр, сен неден күшті болдың?
- Мен күшті болсам, көк мылтыққа құйрығымды ойдырмас едім.
- Көк мылтық, көк мылтық, сен неден күшті болдың?
- Мен күшті болсам, қоңыр шолақ тышқанға білтемді қидырмас едім.
- Тышқан, тышқан, сен неден күшті болдың?
- Мен күшті болсам, құмырсқаға інімді алдырмас едім.
- Құмырсқа, құмырсқа, сен неден күшті болдың?
- Алты батпан ауырды арқалаған күштімін, жеті батпан ауырды
желкелеген күштімін, - деген екен құмырсқа.
-Сонымен, балалар кім күшьі болып шықты? Дұрыс, еңбекқор және төзімді құмырсқа мықты болып шықты.
Еңбек еткен - мұратқа жеткен.
Еңбегінен ел таныр,-деген халқымыз.
-Сендердің күнде сабаққа келіп, білім алып, осы оқыған пәндерге қызығушылық білдіріп, шағым тапсырмаларды орындағандарың - бұл үлкен еңбек деп есептеледі. Бірінші сыныпта оқуға дайынсыңдар деп айталамын.
Тақпақтар
Алтынай: Құшағыңда жарқылдап,
Өтті сәби күндерім
Би биледім ән тыңдап
Алаңдауды білмедім.
Дина: Біз балауса баламыз
Жетілді ой - санамыз
Даярлықпен қоштасып
Біріншіге барамыз.
Мейрамбек: Күннің нүры шуақты
Сергітеді денемді
Құрдастарым сияқты
Оқушымын мен енді.
Арна: Зеңгір аспан көгілдір
Алтын күні төрінде
Тамылжытып төгіп нұр
Шаттық сыйлар көңілге
Еркежан: Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат, әдемі
Тұнығындай көгілдір
Ортада аспан әдемі
Ақбота: Көк аспандай көгілдір
Қазақстан байрағы
Нұрын күндей төгіп тұр
Жылдарымыз жайдарлы
Ерсұлтан: Құт береке - шаңырақ
Орын алған ол төрден
Қанатты қос арғымақ
Екі жақтан көмкерген
Әбілмансұр: Көк байрақтың бетінде
Қыран бүркіт байрақты
Сол қырандай еркіндеп
Бала өседі талапты
Әділжан: Тәуелсіздік жолында
Талай - талай тер тамған
Билігі өз қолында
Еркіндігім Елтаңбам
Ән «Көк тудың желбірегені»
-Ребята, а кем вы хотите стать, когда вырастите?
Әділжан: Я хочу шофером быть,
Грузы разные возить
Нұрай: Я мечтаю о балете,
Лучше нет его на свете
Алтынай: Я хочу врачом стать классным,
Буду всех лечить лекарством
Очень вкусным, как конфета,
Съел его - болезней нету!
Әбілмансұр: В красках я души не чаю,
Стать художником мечтаю.
Закажите мне портрет,
Справлюсь я, сомнений нет!
Мейрамбек. Вы со мной, друзья, не спорьте,
Я хочу стать первым в спорте.
Шайбу мне забить - пустяк,
Я играю - за «Спартак»
Дина: Я хочу стать пианисткой,
Замечательной артисткой,
Музыка со мною с детства,
Я люблю её всем сердцем!
Ислам: Все профессии прекрасны,
Все профессии важны,
Знаем мы, что наши руки
Будут Родине нужны!
-Правильно, ребята! Все профессии прекрасны и важны. А чтобы стать хорошим профессионалом своего дела, нужно очень хорошо учиться.
Ануар: Если честно разобраться
Как же нам не волноваться
Целый год мы здесь прожили,
И играли, и дружили
Еркежан. . Улетаем мы сегодня,
Словно птицы из гнезда
Жаль, приходится прощаться
Здесь с предшколой навсегда
Запомнятся здесь наши слезы и смех,
Таких как мы больше не будет!
Сейчас предшкола провожает нас всех
И ее мы не забудем!
Ерсұлтан: Этот праздник, день прощанья,
Грустный и весёлый.
До свидания предшкола,
Здравствуй, здравствуй, школа!
Арна: До свидания, предшкола!
Были мы с тобой весь год.
А теперь мы расстаёмся в школу нам идти,
Но тебя мы не забудем в жизненном пути!
Ән «Мектебім, аяулы метекбім!», «Оқуда озат боламыз!»