- Учителю
- Ақшақарды құтқарамыз - ойын-сауық кеші
Ақшақарды құтқарамыз - ойын-сауық кеші
«Балдырған» балабақшасы
«Ақшақарды құтқарамыз»
Ойын - сауық кеші
Өткізген: Жакупбекова Р.С.
Осакаровка 2016 жж.
Ақшақарды құтқарамыз. Ойын - сауық кеші.
Мақсаты: балаларда қоршаған ортамен таныстыру ж/е экология сабақтарында алған білімдерін кенейтіп, бекіту; табиғатқа, жан - жануарларға ықыласпен қарау деген сезімдерін оятып, ж/е салауатты өмір салтын қалыптастыру, табиғатта қауіпсіздік мінез - құлық ережелерін сақтауды үйрету; тілдік ж/е қозғалыс белсенділіктерін арттыру, сабақта инновациялық технологиялармен қолдану (денсаулық сақтау, Мария Монтессори музыкалық терапия, ертегі терапия, ИҚТ технологиялары); Балаларда жағымды эмоцияларды оятып, қуаныш сыйлау.
Алдын ала өткізген жұмыс: қыз мезгілі, Жаңа Жыл мерекесі жөнінде әңгімелеу, қысқы саябаққа серуендеу.
Көрнекілік құралдар: шыршалар ж/е ағаштар (орман декорациясы), «денсаулық жолақшалары», түлкі, сауысқан, қоян, мыстан кемпір, ақшақардың костюмдері, «жамау ойнына» киімдердің суреттері, «кімнің өлеңі»? ойнына сырнай, өтек, ат, бақа, дөңгелек, аю, бала, құстың суреттері, музыкалық өлеңдер, презентация слайдттары.
Ойын сауыққа қатысушылары: орта «Балауса» тобының балалары, тәрбиешілер.
Кейіпкерлер:
жүргізуші - тәрбиеші Жакупбекова Р. С,
түлкі - Баян апай,
қоян - Перизат апай,
сауысқан - Заремі,
мыстан кемпір - Сарқыт апай,
ақшақар: Айңұр.
Балалар музыкалық залға кіріп қуанышты шеңберге тұрады
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз!
Қайырлы күн! Біз сүйкімді баламыз!
Слайд №1 «Сауысқан»
Залға сауысқан ұшып кіреді.
Сауысқан:
Естідіңдер ме, естідіңдер ме.....
Қандай жаналық!
Ой ой ой, (басын шайқап)
Жүргізуші (балаларға):
Бұл кім екен, балалар?! Танысып амандасайық.
Сіз кімсіз? Есіміңіз қалай?!
Сауысқан:
Мен сауысқанмын! Мен сендерге бір жаңалық әкелдім. Ой ой ой, енді не болады?
Жүргізуші: енді не болғаның айтсаңызшы?
Сауысқын: Кәзір, кәзір, бәрін айтам. Сәл ғана шыдаңдар. Мыстан кемпір шырша тойыңнан шыққанннан кейін, ақшақарды үйіне қамап қойды. Үлкен құлыптын астына жауып қойды.
Жүргізуші:
Балалар, енді не істейміз? Ақшақарды құтқару керек. Аяз ата ұайымдап қалған шығар.
Балалар:
Иә, ақшақарды құтқару керек.
Жүргізуші:
Сен, сауысқан алдымызда жүріп, бізге жол көрсет. Біз көңілді әуенмен орманға барамыз.
Слайд№2 «Қыс көрінестірі»
Балалар ағаштар арасынан денсаулық жолақшаларға, басып жүреді. Жолда тәрбиеші балалардың назарын шырша мен ағаштарға аударып, қыс мезгілі жөнінде сұрақтар қояды.
-
Кәзір жылдың қай мезгілі?
-
Қыста ауа - райы қандай болады?
-
Қыс айларын атаңдар?
-
Ағаштармен қыста не болады?
Слайд №3 «Қоян көжектерімен»
Қоян түбірде жылап отырады.
Жүргізуші:
Қоян, саған не болған? Неге жылап отырсың?
Қоян:
Мен, мен... деп жылайды.
Жүрізуші:
Жыламашы, қоян! Айтшы не болды? Біреу сені ренжетті ме?
Қоян:
Жоқ, мені ешкім ренжіткен жоқ. Мен базардан көжектеріме киіп сатып алғанмын. Орманда келе жатып, бұтақтарға іліп алып жырттым. Енді бұны қалай апарам? Балаларға киімдерді көрсетеді.
Жүргізуші:
Мұңайма қоян, біздің балалар, шетінен өнерлі, кәзір біз саған көмектесеміз. А сен қоян, түбірде отыра берме, кәзір қыз мезгілі, өте суық, тонып аурып қаласын. Балалар, қыста қандай киім кию керек?
Балалар:
Жылы бас киім, куртка, күрте, етік т.б.
Жүргізуші:
Ал, балалар, енді біз қоянға көмектесіп жіберейік.
Ойын «Киімді жама»
Балалар дайын киім үлгілеріне керек жамауды салады (геом. Пішіндер - төртбұрыш, дөңгелек, ұшбұрыш, сопақша)
Жүргізуші:
Міне, балалар киіміңді жөндеп берді. Енді көжектерің қуанатын болады.
Қоян:
Бәріне рахметін білдіреді.
Жүргізуші:
Қоян, балалар сенімен «Ақ қоян» ойынын ойнағысы келеду. Қоян келіседі.
«Ақ қоян» ойыны
Қоян:
Көңілім көтеріліп, қатты қуанып қалдым.
Жүргізуші:
Ұмытпа, қоян. Қыста бір орында отыруға болмайды, әйтпесе тонып қаласың.
Қоян:
Сендер қайда баражатсыңдар?
Жүргізуші:
Біз, Ақшақарды құтқаруға баражатырмыз. Жұр бізбенен.
Балалар көңілді әуенмен жолға шығады.
Слайд №4 «Түлкі»
Слайд №5 «Сүнгілер»
Балалардың алдынан түлкі шығады. Түлкінің дауысы қарлығып ауырып қалыпты.
Жүргізуші:
Түлкі, саған не болды?
Түлкі:
Сендер кімсіңдер? Сендерге ештене айтпаймын.
Жүргізуші:
Біз «Балдырған» балабақшасынан келет жатырмыз. Ақшақарды құтқаруға бара жатырмыз. Біздің балалар өте мейірімді, жақсы, тәртіпті, қорықпа бізден.
Түлкі:
Онда тыңдаңдар не болғанын. Жолда келе жатып, әдемі ұзын сүңгілерді көріп, қызығып кеттім. Біреуін алып, сорған едім. Дауысым қарлығып, ауырып қалдым.
Жүргізуші:
Түлкіжан, ол өте қауіпты. Сондықтан сен ауырып қалдын. Бірақ біздің балалар сені кәзір емдейді.
Балалар түлкіге массаж түрлерін көрсетеді. Түлкі балалардан қайталап, тамағына массаж жасайды.
Жүргізуші:
Қыста тұмаумен ауырған кезде, осындай массаж істеп отырсаңдар, тез жазылып кетесін.
Түлкі:
Расында - да! Мен жазылып кеттім. Ля ля ля.
Ән шырқағып келіп тұр.
Жүргізуші:
Онда біздің балалармен «Кімнің әні?» деген ойынға қатыс.
Ойын: «Кімнің әні?»
Ойыннан кейін
Түлкі:
Ақшақарды құтқаруға баражатсыңдарма. Мен де барайын.
Бәрі бірге жолға шығады.
Слайд №6 «Мыстан кемпірдің үйшігі.»
Жүргізуші:
Балалар, біз сендермен қайда келдік екен?
-
Бұл кімнің үйі екен?
Мыстан кемпір ұшып кіреді.
Мыстан кемпір:
Бұл не сұмдық? Не керек сендерге?
Ештене сезбейді деп ойлайсыңдарма? Менің мұрным - во!!!
Мұрын емес, шансорғыш. Түшкіреді.
Балалар:
Сау болыңыз!
Мыстан кемпір:
Не? Менен қорықпайсыңдар ма?
Балалар:
Жоқ!
Жүргізуші:
Мыстан кемпір, сен неге Ақшақарды тығып қойдын? Жібер, ұят болады.
Мыстан кемпір:
Мен жалғызбын, менің достарым жоқ. Ешкім менімен ойнағысы келмейді.
Жүргізуші:
Ақшақарға қамаудың астында отыруға жақсы деп ойлайсың ба? Ол жылап отырған шығар. Кел Мыстан, біз ойын ойнайық сенімен.
Мыстан кемпір:
Онда менің сүйікті ойынымды ойнайық. Мен сендерге суреттерді көрсетем. Ал сендер ол қай ертегіден екенін айтасыңдар.
Слайд №7 «Ойын» «Бұл қай ертегіден»
Мыстан кемпір:
Өздерің бәрін біледі екеңсіндер. Жарайды, жіберемін Ақшақарды. Теқ қана мынау құлыпты көрдіңдер ме? Ол сиқырлы. Оны ашу үшін жылы, жылы сөздер айту керек.
Балалар:
Өтінеміз, кілтіңді аша гөр. Ақшақарымызды жіберші.
Құлып ашылып, ақшақар шығады.
Слайд №8 «Құлып ашылады»
Слайд №9 «Ақшақар»
Ақшақар:
Рахмет, сендерге балалар! Сендер қайдан білдіңдер менің қамауда отырғанымды?
Жүргізуші:
Бізге сауысқан айтып келді.
Ақшақар:
Сен, Мыстан кемпір жалғыз болғын келмейтінін айтпадың. Мен сенімен ойнаушедім. Қәне, балалар бәріміз бірге ойын ойнайық. «Сиқырлы жапқыш»
Ойын: «Сиқырлы жапқыш»
Ақшақар:
Естен шығармаңдар. Бір бірімен, достарыңмен ұрыспаңдар, тату-тәтті болыңдар.
Жүректен жүрекке:
Барлығымыз табиғатты сүйеміз,
Үлкендердің сөзін ойға түйеміз.
Денсаулықты әрқашан да сақтаймыз,
Бейбіт өмір баршамызға тілейміз.
</<img src="/prepod/_bloks/pic/cfx2pif-006.jpg" align="bottom" width="622" height="350" border="0" alt="Ақшақарды құтқарамыз - ойын-сауық кеші">
12