- Учителю
- Ашық сабақ: Сауат ашу негіздері
Ашық сабақ: Сауат ашу негіздері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің
№22 «Балбөбек» бөбектер бақшасы КМҚК
«Балдәурен» мектепалды даярлық тобы
Семинарға сауат ашудан ашық сабақ
Тақырыбы : «Дауысты /дауыссыз дыбыстар»
Тәрбиеші: Рахимжанова А. Б.
Сауат ашу/көркем әдебиет
Сабақ тақырыбы: «Дауысты/дауыссыз дыбыстары»
Сабақтың мақсаты:
1 - Балалармен дауысты/дауыссыз дыбыстарды еске түсіру
2 - Олармен сөз, сөйлем құрауға үйрету , оларды оқу
3 - Өткен дыбыстармен дыбыстық талдау жасауды жалғастыру
4 - Логикалық ойлау қабілеттерін арттыру
Сабақтың көрнекілігі: В. Сутеевтің «Кірпі» ертегісі бойынша тапсырмалар орындау, буын жазылған алмалар, суреттер, перфокарталар, Эйлер шеңбері, дыбыстар туралы бейнетаспа т.б.
Сөздік жұмысы: Дос, сыйластық
Билингвалдық компонент: кірпі -еж, дос -друг
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: -Балалар, қуаныш шеңберін жасап, келген қонақтармен амандасайық
-Біз әдепті баламыз
Біз ерекше баламыз
Қонақтарым келгенде
«Сәлеметсіздерме» деп
Амандасып аламыз
-Күндей жылы бол
Негізі: -Балалар, қазақ әліпбиінде неше әріп бар?
-Неше таңба бар? -2 таңба бар, жіңішкелі ж/е жуандық белгісі
-Әріпті біз не істейміз? -Көреміз, жазамыз
-Ал дыбысты ше? -Естиміз, айтамыз
-Дыбыстар нешеге бөлінеді? -Екіге, дауысты/дауыссыз дыбыстар
-Дауысты дыбыстар қалай айтылады? -Кедергісіз, созып
-Ал дауыссыз дыбыстар ше? -Кедергімен, созып айта алмайсың
-Тамаша, балалар, бүгін бізде сауат ашу мен көркем әдебиеттен тұратын аралас сабақ болады.
-Балалар, бос торкөзге керек әріпті қойсақ, бізге келген қонақтың атын білеміз, кәне құрастырайық
-Мынау не, балалар? -Кірпі
-Ендеше, балалар, мен сендерге кірпі туралы ертегі айтайын
-Баяғы заманда бір кірпі өмір сүріпті, ол жалғыз, достары болмапты. Сөйтіп, бір күні ол дос іздеуге жолға шығыпты. Келе жатып, қасқырды кездестіреді, кірпі қасқырмен дос болайық депті, қасқыр оған: -« Мен ет жеймін, Сен не жейсің?» деп сұрайды
-Балалар, кірпі не жейді? -Саңыруқұлақ, алма
-«Ендеше, мен сенімен дос болмаймын» -депті қасқыр
-Балалар, кірпіге алма жинасуға көмектесейікші
1 ТАПСЫРМА:
- Балалар, мына алмаларда жазылған әріп пен буындардан неғұрлым көп сөз құрасақ, соғұрлым кірпіге де көп алма жинап береміз.
А + ра а + та та + ға ап + та
Ал + ма а + ға ай + на па + на
-Тамаша, балалар, сонымен кірпі балықты кездестіреді. «-Балық, сенімен дос болайыншы» -дейді. Балық: «-Сен суда өмір сүресің бе?» деп сұрайды.
-Балалар, кірпі қайда өмір сүреді?
-Інде
-«Ендеше мен сенімен дос болмаймын» -дейді балық
-Балалар, кірпіге үй жасап берейікші
2 ТАПСЫРМА:-Балалар, мына перфокартамен жұмыс жасаймыз
1-ші топ - қосу, азайту амалдарын қолданып, шыққан әріпті тап2-ші топ, дауысты дыбыстан басталатын сөздерді қызыл қорапқа, дауыссыз дыбыстан басталатын сөздерді көк қорапқа сал
-Жақсы, балалар, тамаша орындадыңдар. Сонымен кірпі келе жатып, әтешті кездестіреді. Кірпі: «-Әтеш, сенімен дос болайыншы» -дейді. Әтеш оған: «-Мен сондай әдемімін, ал сен сондай ұсқынсызсың, әрі тікенектер басып кетіпті. Мен сенімен дос бола алмаймын» -депті.
3 ТАПСЫРМА;-Балалар, кірпі әдемі болу үшін оны оған әдемі көйлек жасап берейікші. Жапырақтардағы сөздері оқып, сөйлем құрап, буынға бөліп, кірпінің тікенектерін жабайық
Сергіту сәті:
-Өзіміздің көңіл -күйімізді мимика, ыммен көрсетейікші
-Анамыз торт әперсе? - О О О
-Кесе сындырып алсақ? - У У У
-Ойланып қалсақ! - М М М
-Естімей қалсақ? - А А А
-Үлкен нәрсе көрсек? -О -ХО
-Балалар, мына жерде суреттер жатыр, осы суреттер қай дыбыстан басталатынын анықтап, мына шеңберлерге саламыз, дауысты дыбыстын басталатын сөздерді -қызыл шеңберге, дауыссыз дыбыстан басталатын сөздерді -көк шеңберге саламыз.
-Ал, Уық, Уыз, Уылдырық сөздерін қайда саламыз? Дұрыс, неліктен?
-Өйткені, У дыбысы -жартылай дауысты, жартылай дауыссыз
-Сонымен, балалар, кірпі дос таба алмай келе жатса, оған қоян кездеседі. Қоян: «-Кірпі, мен дос іздеп жүрмін, маған дос боласың ба?» -деп сұрайды. Кірпі қуанып кетіп, екеуі мәңгі -бақи дос болып қалыпты
Қорытынды:
-Балалар, сендерге ертегі ұнады ма?
-Балалар, ертегі желісін схема бойынша қойып шығайықшы
Алма Үй
Киім Дос
-Балалар, мына суретте не көріп тұрмыз?
-Осыларды пайдаланып, бір -бірімізге жылы лебіз білдірейікші
-Судай таза бол
-Гүлдей әдемі бол
-Доптай жеңіл бол
-Айдай жарық бол
-Күндей жылы бол
-Тамаша, балалар, міне бүгін біз кірпіге де көмектестік, әрі өз білімімізді толықтырдық.
-Балаларды қорытындылау, сыйлық беру
-Келгендеріңізге көп рахмет