7


  • Учителю
  • Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Балалар текшемен ойнайды

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Балалар текшемен ойнайды

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

II кіші топта ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Тәрбиеші:

Күні,айы,жылы:

Тобы: «Қарлығаш»

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: : Тіл дамыту

Тақырыбы: Балалар текшемен ойнайды

Мақсаты: балаларды сюжеттік сурет, жеке заттарды, кейіпкерлердің әрекеттерін атау бойынша әңгіме құрастыру, сөз тіркестерін құрастыра білуге, жекеше және көпше түрде қолдана білуге үйрету.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: балалардың текшелермен ойыны

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру

Қажетті көрнекті құралдар: дем.материалдар, үлестірмелі материалдар

(ұқсас заттарды сурет бойынша сәйкестендіру).

Қостілділік компонент: қақпа-ворота, қоршау-забор, мұнара-башня.



Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті



Себепті қызығушылығын ояту кезеңі





Қуан шаттан,алақай,

Қуанатын күн келді!

Қайырлы таң,

Қайырлы күн!

Күліп шықты бүгін күн!







Тәрбиешінінің көмегімен қайталайды.



Ұйымдастырушылық -ізденіс кезеңі

Балаларға сурет бойынша әңгіме тыңдау сұралады.

-Жұлдыз бен Тасқын не істеп отыр?

-Мұрат пен Самат текшелерді немен тасып жатыр?

-Балаларға текшелер не үшін қажет?

-Қараңдаршы, балалар шынындада өте әдемі қақпа құрастырды.

Қостілділік компонент: қақпа-ворота,қоршау-забор, мұнара-башня

-Балалар, үйшіктен тілімізді шығарып, мына сөздерді қайталайықшы.

Мұ-на-ра сөзіндегі а дыбысына көңіл бөлу;

Тек-ше сөзіндегі е дыбысына көңіл бөлу;

Қоршау сөзіндегі о дыбысына көңіл бөлу

Жеке жұмысты қажет ететін балалардан дыбыстардың айтылуын қайталату.

Сергіту сәті

Санайықшы жаңаша,

Бір,екі,үш!

Желбіре жалауша,

Достықта біздің күш!

Ойын: «Түсі бойынша қос»

Суреттегі заттарды түсі бойынша қосу

Балалармен жеке жұмыс жүргізіледі.







-Жұлдыз бен Тасқын кітап оқып отыр.

- Мұрат пен Самат текшелерді машинамен тасып жатыр.



-Мұнара,қақпа,қоршау құрастырып жатыр



қақпа-ворота,қоршау-забор,мұнара-башня



















Балалар қайталайды.

Қимылын келтіріп,жаттығуларды орындайды.













Суреттегі заттарды түсімен ажыратып,бір түспен боялған заттарды сызықпен қосады.



Іс-әрекеттің

бағалау кезеңі

Сұрақ-жауап арқылы оқу-іс әрекетті қортындылау.

-Балалар,сендер текшелермен мұнара,қақпа,қоршау құрастыра аласыңдар ма?

Дид.ойын.

«Не құрастырдың?»

Балаларды мадақтау.



Балалардың жауабы.



-құрастырамыз.

Дидактикалық ойынға балалар қызығушылықпен қатысады.



Күтілетін нәтеже:



Нені біледі: тапсырмаларын орындауды;

Қандай түсініктерді игерді: артикуляциялық жаттығуларды орындау арқылы дауысты дыбыстарды қалай айту керектігін;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: әңгімені тыңдап, сол әңгімені мазмұндай білу іскерліктерін.















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал