- Учителю
- Ұлттық ойындар (Ашық ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті)
Ұлттық ойындар (Ашық ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті)
</
Утепова Самал Аскаровна
Орал қаласы. №49 «Ақ ниет» бөбекжайы.
«Ұлттық ойындар»
Ойын-сауық
Мақсаты: Балалардың ұлттық ойындар арқылы денсаулығын нығайту. Балаларды қимыл қозғалыс жылдамдық, ширақтық, ептілік, шыдамдылық қабілеттерін дамыту. Қимыл қозғалысының техникалық нақты орындалуын жетілдіру. Ұлттық ойындарға деген қызығушылығын арттыру. Ұлттық ойындарды батыл орындауға, төзімділікке тәрбиелеу. Ұлттық ойындарды құрметтеуге баулу.
Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме, қымбатты балалар! Біздер бүгін «Ұлттық ойындар» атты ойын сауыққа жиналдық. Қазақ халқымыз көне заманнан бері салт дәстүрімізді сақтап келген. Сол дәстүрдің бірі. «Ұлттық ойындар».
Жүгіріңдер, балалар,
Допты теуіп қуыңдар.
Құрыспай, құрыштай
Шынықсын денеміз.
Әндетіп ортаға Алдар Көсе келеді.
Мен, Алдармын, Алдармын,
Досымын адал жандардың.
Жақсыға талай серік боп,
Жаманды талай алдадым.
Алдар Көсе: Сәлеметсіңдер ме, балалар, сендер мені ұмытпаған шығарсыңдар, міне орталарыңа тағы да келдім.
Жүргізуші: Әрине біздер сізді таныдық. Алдар ата қош келдіңіз. Біздерде бүгін «Ұлттық ойындар» атты мереке болып жатыр бірге болыңыз.
Алдар Көсе: Әрине, балалар, мен арнайы осы сендердің ойын сауықтарыңды көңілді өткізу үшін келдім.
Жүргізуші: Олай болса біз сізге «Кел ойнайық» әнін орындап береміз.
Ән: «Кел ойнайық».
Жүргізуші: Ал Алдар ата, біздің балалар ұлттық ойынды ойнағанды ұнатады, қазір балалар сізге арнап «Бәйге» ойының ойнайды.
Ойын «Бәйге» Шарты: Балалар екі топқа бөлініп, белгіленген жерге дейін жылқыға мініп жүгіріп келеді. Ойын осылай жалғасады. Мақсаты: Балалардың бойын сергітіп, қимыл қозғалысын дамытып, ептілікке үйрету.
Алдар Көсе: Ойын деген жақсы ғой, ал біздің ұлттық ойындар денсаулыққа өте пайдалы, сондықтан менде сендерге арнап ұлттық ойын әкелдім. Ойынның аты «Теңге жинау» деп аталады. Шарты: Ортаға тиын теңгелер шашылады. Балалар әуенмен тездетіп тиындарды жинау қажет. Мақсаты: Балаларды ширақ қимылдауға, дене бітімін, бұлшық еттерін дамытуға баулу.
Жүргізуші: Алдар ата, көрдіңіз ғой біздің балалар, өте өнерлі, епті, шапшаң, сіздің тиындарыңызды тез жинап берді.
Алдар Көсе: Көрдім, көрдім өте өнерлі ширақ қимылдағыш екен. Ал, балалар, мен сіздерге тағы бір ойын алып келдім , бұрын ата -бабаларымыз ұлттық ойындарды көп қолданған, ер жігіттеріміз қазақ елінің батырлары секілді күш қуаты мол болсын деп «Күш сынасу» ойынын көп пайдаланған. Сондықтан балалар мен де сендердің күштерін мол, денсаулықтарын мықты болсын деп осы ойынды алып келдім.
Ойын «Күш сынасу» Шарты: Үстелге екі ер бала келіп, қолдарымен күш сынасады. Мақсаты: Балалардың күш қуатың нығайту, ұлттық ойынға қызығушылығын арттыру.
Жүргізуші: Алдар ата біздің балалар батырлар сияқты ел қорғауға дайын екенін осы сіздің ойыныңыз арқылы көрсетті. Рахмет сізге!
Алдар Көсе: Дұрыс айтасыз. Мына балалар өскесін күштері одан әрі көбейіп, ел қорғайтын ер азамат болады, ал енді мен кетейін. Мына аз ғана сыйлығым сендерге қабыл алыңыздар. Рахмет ,балалар, бүгін бір ерекше күн болды. Балалар Алдар атаға рахмет айтып шығарып салады.
Жүргізуші: Міне, балалар, бүгінгі мерекеміз көңілді өтті, Алдар атамыз қуанып сендерге ризашылығын білдіріп кетті.
Ал айтыңдаршы біз бүгін қандай мерекеге жиналдық?
Балалар: Біздер бүгін «Ұлттық ойындар» мерекесіне жиналдық.
Жүргізуші: Бізге кім келді?
Балалар: Бізге қонаққа Алдар ата келді.
Жүргізуші: Алдар атамен біз бірге не істедік?
Балалар: Ұлттық ойындар ойнадық.
Жүргізуші: Ойын сауығымыз аяқталды! Сау болыңыздар!