7


  • Учителю
  • 'ҚОш бол, балабақша' мектеп жасына дейінгі мекемелердегі балаларға арналған балабақшамен қоштасу сценариі

'ҚОш бол, балабақша' мектеп жасына дейінгі мекемелердегі балаларға арналған балабақшамен қоштасу сценариі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

« Қош бол, балабақша!»

балабақшамен қоштасу мерекесіне арналған сценарий

Зал әртүрлі шарларман безендірілген.

Кейіпкерлер:

  1. Буратино

  2. Мальвина

  3. Түлкі Лариса

  4. Мысық Базилио

  5. Карабас- Барабас

Жүр: Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда

Жол табар қараңғыда адасқанға

Мал озбас біле білсең білім озар

Ақыры керек болар бір сасқанда- деп ақындарымыз айтпақшы, тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толып, оңы мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген бүлдіршіндеріміздің ұйымдастыруымен өткізгелі отырған «Қош бол балабақшам» мерекесін бастау ашық деп жариялаймын.

2. Жүр: Толқимыз толқып тұрсыз баршаңызда

Мұндай күй болған сірә қаншаңыз да

Қол қошеметпен шақырайық

Балдырған бүлдіршін түлектерді

Балалардың аттарын атап отыра ортаға үш топ болып шығады.

Жалпы би: Вальс

1-ші Жүр: Мектеп ана шақырады бізді алдан

Алдымызда әлі талай сан арман

Қоштассақта балабақшам сенімен

Санамызда өзің берген өнегең - деп қоштасқалы тұрған түлектеріміздің лебіздерін тыңдалық.

Тақпақтар:

  1. Ренат

Балабақша есігін

3- ке тола ашқанбыз

Балапандай өсіріп

Мәпелейді бақшамыз

Бұл екінші үйіміз

Бір туғанбыз бәріміз

Біз осы үйдің гүліміз

Біз осы үйдің сәніміз

Бұл құшағы тым ыстық

Мектебіміз бастапқы

Мұнда жақын туыстық

Мұнда тұңғыш дос таптық


  1. Аяулым Бала бала баламыз

Бақшамызға барамыз

Күні бойы қызыққа

Батамызда қаламыз

Үйренеміз өнер біз

Шетімізден шеберміз

Тақпақ айтып ән шырқап

Билеп-билеп береміз


  1. Бекзат Қызық күндер өткіздік

Балабақша бағында

Көп оқыдық көп білдік

Елмен Отан жайында

Бұл қуаныш себебін

Бізге қарап ұғындар

Туған Отан қуансын

Ер жетті деп бөбегім


  1. Наргиз Қуанамыз сыйлаймыз

Қуаныштың мың гүлін

Бақшамызды қыимаймыз

Қоштасатын күн бүгін

Ботақандай бөбектеп

Еркелеткен ұл-қызын

Анамызды ерекше

Қуантамыз біз бүгін


  1. Темірлан. С Барамыз біз мектепке

Бір белестен өттік біз

Өсті міне бойымыз

Өсті ақыл ойымыз

Қуанышқа ортақпын

Құтты болсын тойымыз


Ән: «Біріншіге барамыз»

Би: «Джентельмендер»


( Буратино мен мальвина екеуі салғыласып кіреді)

Мальвина: - сонда сен осыны да білмейсің бе? сені кім тәрбиелеген өзі?

Буратино: - әкем Карло

Мальвина: - Енді сенің тәрбиеңді мен қолға аламын.

  • Мысалы: Сенің қалтаңда 3 алма болды

Буратино:- өтірік айтасың менде жоқ ( қалталарын ұстайды)

Мальвина: - Оның біреуін жаныңдағыға бересің, сонда сенде нешеу қалады?

Буратино: 3-еу

Мальвина: Неге сен 1-уін бердің ғой

Буратино: мен ешкімге алма бермеймін



Жүр: Сәлеметсіңдерме? Балалар мыналар кімдер сендер таныдыңдар ма?

Б-р жауабы:

-Буратино, Мальвина сендер не істеп жүрсіңдер?

Буратино: мен ақшама әкеме киім сатып аламын да мектепке барайын деп жүрмін

( ақшасын көрсетеді)

Мальвина: Мектепке барамын дейді , бірақ өзі ештеңе білмейді. Есептіде шығара алмайды. Бақшағада бармапты

Жүр: Жоқ Буратино ол дұрыс емес біздің балалар да мектепке барғалы тұр, бірақ олар бәрін біледі, сенбесең казір көрсетеміз.

Логикалық есептер

Буратино: Қандай тамаша

Жүр: Есеп шығарумен бірге біздің балалар ән де биде билей алады. Тақпақтар айта алады.

Ән:« Біз мектепке барамыз»

Тақпақтар:

  1. Адина. М Жарастықпен жайнатып өмір көркін

Гүл бақшада жайнатып өскен еркін

Шат көңілді, бақытты ел ұланбыз

Келешекте ұлы істі меңгеретін

Отанымыз әлпештеп анадаймыз

Құшақтайды аялап сағат сайын

Зәулім мектеп, кең сарай, түрлі алаң

Не керектің біз үшін бәрі дайын



  1. Н. Санжар Аялар бізді, қамқоршы ізгі

Сүйікті Отан анамыз

Отанды мақтап, айтамыз тақпақ

Шырқатып әнге саламыз

Жалықпай оқып, көңілге тоқып

Білімді адам боламыз



  1. Даниял Қуантып әрі қинайды

Бақшамнан алыс кеткенім

Қажет қой бірақ білімнің

Теңізінен өткенім

Ана тілін ардақтап

Ата салтын біз көрдік

Сурет салып ән жаттап

Оқып жазып үйрендік



  1. Айгерім Қоштасып мен бүгін балалықпен

Қоштасамын сыйқырлы балабақпен

Танысып мектеп деген әлемменен

Достасамын біліммен даналықпен



  1. Ж. Санжар Тәрбие берген ұямыз

Тәртіпті бала боламыз

Қоштасып бала бақшамен

Біз мектепке барамыз

  1. Қ. Аружан Балалбақша байтағым

Күліп ойнап қайтамын

Ән саламын би билеп

Тақпақты да айтамын

Көңілдіміз күлеміз

Әріптерді білеміз

Бақша біздің үйіміз

Тату -тәтті жүреміз



Би: «Текемет»



Мальвина. ШЫҒУ КЕРЕК

Жүр: Кәне балалар бойымызды бір сергітіп ойын ойнайық

Ойын: « Гүл құрастыру»

Мысық Базилио мен Түлкі Алиса кіреді ( қайыр тілеп қолдарын жайып ақша сұрап келеді) Буратиноға келеді

Алиса : Біз өте ашпыз (қарнын ұстап)

Базилио: Ашпыз біз аяшы бізді

Буратино: мен ақшама әкеме плащ аламын

Алиса: ой, тентегім ай, ақшасының көбін-ай, сенің ақшаң ештеңеге жетпейді. Оны көбейтуге болады.

Базилио: Болады көбейтуге

Буратино: Қалай?

Алиса: Мына ақшаны жерге көміп су құйса, одан көп ақша өсіп шығады.

Жүр: Балалар ақшаны егуге бола ма екен?

Б-р жауабы:

Жүр: Ақша қайдан келеді:

Жүр: Дұрыс айтасыңдар ол үшін жұмыс істеу керек, мамандық иесі атануымыз керек. Ал мамандақты алу үшін оқу білім алуымыз керек. Біздің балалар білім алуға мектепке атанғалы тұр, оданда келіңдер олардың қоштасу мерекесіне ортақтасыңдар.

Ән: Ағылшынша

Тақпақтар:

  1. Амина Жақсы менен жаманды

Ажырата білеміз

Ата- баба жолымен

Алға қарай жүреміз

Жалқаулықты жат санап

Еңбекті дос көреміз

Жақсы менен жаманды

Ажырата білеміз


  1. Інкәр Таза болсаң жасыңнан

Адалдық кетпес қасыңнан

Мұнтаздай боп жүресің

Жаралғандай асылдан

Салақ болсаң жасыңнан

Кір кетпейді басыңнан

Жиіркеніп досыңда

Дәм татпайды асыңнан


  1. Риза Әдепті болсаң жасыңнан

Көпті сыйлай білесің

Мейіріміне бөленіп

Бақытты өмір сүресің

Жалқау болсаң жасыңнан

Қырсық кетпес басыңнан

Айналдырып кесір де

Шықпай қояр қасыңнан


  1. Балнұр Үлкендердей тап-таза

Бормен жазар тақтаға

Үлгілі бала боламын

Жүретіндей мақтана

Тәрбие болған баламыз

Тәртіпті бала боламыз

Қоштасып балалбақшамен

Біріншіге барамыз

Өздеріңді үмытпай

Есімізге аламыз

Ұмытпас деп ұясын

Тамаша ән саламыз


  1. Сабина Шашымды да тарадым

Айнағада қарадым

Ерте тұрдым ұйқымнан

Мен мектепке барамын

Таудай биік талабым

Суретті де саламын

Әзір менің дәптерім

Қарындаш пен қаламым


Би: «Теңізшілер»

Алиса: Қандай өнерлі балалар

Базилио : Өнерлі балалар

Алиса : Жарайды енді біз еңбек етеміз

Базилио: Етеміз еңбек (шығып кетеді)


Карабас барабас кіреді

  • Менің қуыршақтарым қайда қашып кетті, енді мына жұртқа немді көрсетемін

Буратино : Сәлеметпе Карабас барабас сенің қуыршақтарын неге қашқанын сен білесің бе? Өйткені сен оларды қинайсың, солай істеуге бола ма?

Жүр: Карабас барабас Буратино дүрыс айтады қуыршақтарды қинауга болмайды ғой

Карабас Барабас: - енді қайттым мына қалың жиналған жүртқа не көрсетемін

Жүр:

  • Қамықпа біздің балалар көмектеседі Олар өте өнерлі


Көрініс: Күнделік

Ән: Қош бол бала бақша

Тақпақтар:

  1. Малика Сезімді туған баламыз

Оянды ақыл санамыз

Адамдықтың бастауын

Өзіңнен алып барамыз

Бүгін қызық бүгін той

Біздер үшін біліп қой

Әнге салып би билеп

Жалғастырсын ойды ой

  1. Ерасыл Ұстамайды етектен де

Өзі жүре алады

Өйткені ол азамат боп

Білім іздеп барады

Адалдықты жүктеп алып

Сүрінбейтін сенімге

Жаңа қадам баса алам

Қуантамын елімді

  1. Н. Мадина Бір шаңырақ астында

Тату - тәтті тұрамыз

Бірге ішеміз астыда

Бірге сайран құрамыз

Ортақ болып ісіміз

Еңбек десе тыңбаймыз

Үлкен сыйлап кішімізді

Аға ақылын тыңдаймыз

Достықты үлгі сыйлаған

Бір үйде біз тұрамыз

Қалған ата бабадан

Бірлік асыл мұрамыз

  1. И.Адина Балабаққа келгенімде

Тәрбиешім қарсы алды

Енді міне қоштасарда

Қимастықпен ән салдық

Тәрбиеші тәтеміз

Жай көрінер айтқанға

Бағбаным-ау балапаның

Сенсіз қанат қаққан ба?

Тыңдап айтқан ақылыңды

Жаттап өстім сөзіңді

Мейлі жылжып күндер өтсін

Ұмытпаймын өзіңді

Би: « Көңілді би»

Құмырсқа мен түлкі Қ. Темірлан


Карабас- Барабас -Тамаша!

Рахмет сендерге балалар енді өз қуыршақтарымды қинамаймын, енді оларды қалай тапсам екен

Буратино: Жүр мен білемін тауып берейін ( шығып кетеді)


Жүр: Тағы бір бой сергітер ойын ойнап жіберсек қалай қарайсыңдар

Ойын : Сөмке жина


Жүр: міне сендер енді балалабақшадан кеткелі тұрсыңдар, енді сендердің бастарын ешқашан қосылмайды. Сондықтан соңғы қоштасу Вальсімізді билейік.

Би: «Қоштасу вальс»

Жүр: Енді кезекті балабақша басшысы Гүлмира Амантайқызына беріледі

Құттықтау


Тақпақтар: 1. Қ Темірлан


2. Камила

3. Ерқанат Іш ауырса тіс ауырса

Анам дәрі береді

Барлық бала, барлық ана

Оны жақсы көреді

Витамин жеп қолынан

Өскен сәби баламыз

Дәргер апай сізге де

Алғыс айтып барамыз


  1. Адель Тамылжыта ән салдырып үйреткен

Мың бұралта белімізді билеткен

Сазгер апай сізгше сәлем айтамыз

Мың қайтара сәби бала жүрекпен

  1. Б. Мадина Бізге тәртіп үйреткен

Ән салдырып билеткен

Таныстырып ең алғаш

Әріптермен суретпен

Тәрбиеші тәтеміз


  1. Б. Аружан Доспен тату ойнауды

Мерекені тойлауды

Бойымызға сіңірген

Көптің камын ойлауды

Тәрбиеші тәтеміз

  1. Ақтілек Жақсылыққы құмартамыз

Жақсы адам боп шығымыз

Таза сәби жүрекпен

Қабылдаңыз мың алғыс

Тәрбиеші тәтеміз


  1. Айғаным Жақсысыңдар бәріңде

Қайсысын айтып берейін

Қабылдашы гүлімді

Сендерге сыйлап кетейін


Гүл таратылады


Ән: «Тәрбиеші тәтеміз»

Диплом сыйлықтар беріледі

Ән «Дос болайық бәріміз»

.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал