7


Урок на тему 'Біздің үй'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тіл дамыту

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: БІЗДІҢ ҮЙ.

(СУРЕТ БОЙЫНША ӘҢГІМЕ)

Мақсаты:

1. Балаларға әр адамның тұратын үйі болатындығын түсіндіру.

2. Жаңа сөздерді қатыстырып, сөз тіркестері және сөйлемдер құрату арқылы сөйлеу тілін дамыту. Грамматикалық тұлғада жүйелі түрде сөйлемді толық, анық айтуға, өз ойын жеткізе білуге үйрету.

3. Достарының, үлкендердің айтқанын аяғына дейін тыңдауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: үй жиһазының суреті, үйдің сызбасы, бейнетаспа, суретті әліппе.

Жаңа сөз: жиһаз, жатынжай, мансард.

Сабақтың барысы:

1. Шаттық шеңберін құру.

Өтті қызық көп күндер,

Алты жасқа жеткендер.

Өсті ақыл ойларың

Өсті, міне, бойларың.

Иіліп сәлем береміз,

Әдепті боп өсеміз.

2. Кіріспе әңгіме.

Педагог бүгінгі сабақта өтілетін тақырыпты хабарлайды. Сұрақ-жауап әдісі арқылы кіріспе әңгімені өткізеді:

1.Балалар, сендер неше қабатты үйде тұрасыңдар?

2.Сендер өздерің нешінші қабатта, нешінші пәтерде тұратындарыңды білесіңдер ме?

3.Үйде қандай бөлме түрлері болады?

3. Негізгі бөлім.

а) Дәптердегі суретпен жұмыс.

- Бүгін біз тұрғын үй, үй түрлері және үй жиһаздарымен танысамыз. Адамдар ертеден өздеріне ыңғайлы баспана тұрғызу керектігін білген. Қазір үйлердің түрі өте көп. Мысалы, бір-неше қабатты (екі, үш, төрт, т.б.) тұрғын үй, ауласы бар жеке бір немесе екі-үш қабатты үй. Көп қабатты тұрғын үйде пәтерлер өте көп болады. Оның әр пәтерінде тұрғындар тұрады.

ә) Сөздік жұмысын жүргізу.

Коттедж - жеке ауласы бар сәнді салынған 2-3 қабатты үй.

Мансард - шатыр астындағы терезесі бар, кісі тұратын бөлме.

Жиһаз - үй бұйымы, мүлік.

Жатынжай - ұйықтайтын бөлме.

б) Салыстыру жұмысын жүргізу.

Дәптердегі көп қабатты тұрғын үй мен коттедждің айырмашылықтарын әңгімелеу.

  • Көп қабатты тұрғын үйдің коттеджден айырмашылығы қандай?

  • Көп қабатты тұрғын үйде пәтерлер көп. Әр пәтерде жеке-жеке отбасылары тұрады. Олардын ауласы - бәріне ортақ бір аула. Ал коттеджде бір ғана отбасы мүшелері тұрады.

в) Жаңа сөздерді қатыстырып, сөз тіркестері мен сөйлем
құрату.

  • Үйдің бірнеше бөлмелері болады. Олар: асүй, зал, балалар бөлмесі және жатынжай. Әр бөлмеде өзіне тән жиһаздар болады. Қандай жиһаздар болады?

  • Әдемі жиһаз, ағаштан жасалған жиһаздар болады.

  • Жиһаздың қандай түрлерін білесіңдер?

  • Үстел, орындық, диван, төсек, шкаф, т.б.

  • Шкафта не тұрады? Орындық не үшін керек?

г)«Менің үйім» тақырыбында әңгіме құрастыру.

Балалар өздері тұратын үй, оның бөлмелері және үйдегі жиһаздар туралы әңгімелейді.

ғ) «Қай бөлмеде қандай зат тұрады?» дидактикалық ойыны. Шарты: бөлмелерді атап, онда тұратын заттарды атау.

4. Сабақты қорытындылау.

  1. Біз қандай тақырыпта әңгіме құрастырдық?

  2. Қандай үйлер бар? Олар туралы әңгімелеңдер.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал