- Учителю
- Конспект на казахском языке на тему Үй жануарлары
Конспект на казахском языке на тему Үй жануарлары
«Балапан » тобындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
«Қатынас» Білім беру саласы
Бөлімі : Тіл дамыту
Тақырыбы : Үй жануарлары.
Мақсаты: Үй жануарларымен таныстыру. Жануарлардың дауыстары жазылған үн таспаны тыңдату арқылы «Жануарлар қалай дыбыстайды?» сұрағына жауап беруге үйрету.
Білімділік: Сурет бойынша әңгіме құратуға уйрету.
Дамытушылық: Ақыл-ойларын дамыту.
Тәрбиелік: Жануарларға қамқорлық жасау керектігін тәрбиелеу.
Қостілділік компонент: сиыр- корова , ат-лошадь , қой- баран, ботақан- верблюжонок.
Қажетті көрнекі құралдар: үй жануарлары бейнеленген сурет, ойыншықтар(сиыр, ат, қой, ботақан), үй жануарларының дыбыстары жазылған үнтаспа.
Сөздік жұмыс: мөңірейді, маңырайды.
Оқу іс-әрекетінің
кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық
Балаларды шеңберге тұрғызып,
«Угәй-ай» әнімен:
-Угәй, угәй әніміз,
Арпа-бидай дәніміз,
Ашық болып аспанымыз,
Сәтті болсын күніміз!- деп, балаларға бүгінгі күнге сәттілік тілейді.
Балалардың көңілін суретке аударады.
-Мынау-сиыр, мынау-ат,мынау-қой.
Бұлар-үй жануарлары, себебі оларды адамдар бағады, күтеді. Олардың сүті, еті-тамақ, жүні, терісі-киім.
Суреттен көрсетіп, аттың, сиырдың, қойдың түстерін сұрайды.
Үй жануарларын қайдан көргендері туралы сұрайды.
-Топта ойыншық үй жануарлары бар ма екен? ( Көрсетеді, оларды сипаттауды сұрайды).
Балалар өлеңге қуанушылық танытады.
Өлеңді тыңдайды.
Балалар суретке көңіл аударады.
Түсінуге тырысады.
Сұрақтарға жауап беруге талпынады.
Ойыншықтарды әкеледі.
Сипаттауға ұмтылады.
-Мынау-сиыр, түсі қара, үлкен т.б.
Ұйымдастыру-шылық- ізденістік
Әкелген ат, ботақан, қой, сиыр ойыншықтарын алып осылардың қалай дыбыстайтынын айтып жаттығамыз деп ұсыныс жасайды.
-Қой «мә-мә» деп маңырайды.
-Сиыр «мө-мө» деп мөңірейді.
-Ботақан «бө-бө» деп боздайды.
-Ат «иһо-иһо» деп кісінейді.
Балаларға дауыстарын айтқызып қайталатады.
Сергіту сәті.
Оңға, оңға түзу тұр,
Солға, солға түзу тұр.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып аламыз.
1.«Дауысынан таны?» дидактикалық ойыны.
Үнтаспадағы жануарлардың дауысынан не екенін табады.
2. «Төлдерін тап!». Суреттен үй жануарларын төлдермен сәйкестендіреді.
Ойыншықтарға қуанады.
Бірге қайталайды.
Дауыстарын салады.
Қимыл-қозғалыстар жасайды.
Жануарлардың аттарын айтады.
Төлдерді табады.
Рефлексиялық- түзетушілік
Маңырайды, мөңірейді сөздерін айтқызып үйретеді.
Балалар түрлі дауыстар салып, жаттығып үйренеді.
Сөздерін айтып үйренеді.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: үй жануарларының аттарын;
Қандай түсініктерді игерді: сәйкестендіру тапсырмасын дұрыс орындау дағдысын;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: үй жануарларының пайдасы туралы түсінікті.