7


  • Учителю
  • Тақырыбы: «Математика еліне саяхат» Мақсаты: Геометриялық денелермен таныстыру(конус, бесбұрыш,төртбұрыш,цилиндр,шеңбер) Санау дағдыларын,ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту. Балалардың дүниетанымын жетілдіру, ұқыптылыққа, нақтылыққа үй

Тақырыбы: «Математика еліне саяхат» Мақсаты: Геометриялық денелермен таныстыру(конус, бесбұрыш,төртбұрыш,цилиндр,шеңбер) Санау дағдыларын,ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту. Балалардың дүниетанымын жетілдіру, ұқыптылыққа, нақтылыққа үй

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Математика еліне саяхат»

Мақсаты: Геометриялық денелермен таныстыру(конус, бесбұрыш,төртбұрыш,цилиндр,шеңбер)

Санау дағдыларын,ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Балалардың дүниетанымын жетілдіру, ұқыптылыққа, нақтылыққа үйрету.

Сабақтың түрі : Жаңа сабақ - Флипчарт сабақ.

Әдіс тәсілдері: Түсіндіру,ойын,сұрақ-жауап.

Билингвальды компонент: Бір-один-one ,Екі-два-two,Үш-три-three,Төрт-четыре-four,Бес-пять-tive.Пішіндер-фигуры-shapes,Сандар-цифры-numbers.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңбері:

Біз қандаймыз?

Шұғылалы таңдаймыз,

Күлімдеген күндейміз!

Еш уайымды білмейміз.

Арайланып таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Қайырлы таң балалар,

Қайырлы таң достарым!

Тәрбиеші : Балалар сендердің математика еліне саяхатқа барғыларың келе ме?

Балалар : Ия барғымыз келеді

Тәрбиеші : Балалар бұл ғажайып елде ағайындылар болыпты ,олар он екен ,бірақ бұл ағайындылар әлемде бәрін есептейді екен бұл ағайындылар нелер болды екен балалар?

Балалар : Олар сандар 1,2,3,4,5,6

Тәрбиеші: Балалар сандар ,пішіндер қандай ғажайып елде өмір сүреді?

Балалар: Математика елінде

Тәрбиеші: Мен бір өте қызықты ертегі білемін ертеде математика елінде 5 ағайын өмір сүріпті.Цилиндр,шеңбер,конус,төртбұрыш,бесбұрыш.Бір күні олар бір-бірімен ренжісіп бесеуі бес жаққа кетеді .Бұны естіген математика ханшайымы өзінің көмекшісін, ағайындыларды татуластыруға жібереді.Ағайындылар бір-біріне өте қатты ренжіген болатын,бір-бірімен татуласу үшін олар геометрикке тапсырмалар берді.Балалар ол жалғыз өзі тапсырмаларды орындай алмайды ,бізден көмек сұрайды.Көмектесеміз бе балалар?

Балалар: Ия көмектесеміз.

Төртбұрыштың бірінші тапсырмасы:

1. Сандарды тура және кері санап беріңдер.

Екінші тапсырмасы: «Адасқан сандар»(Сандарды ретімен қой ).

1,4,5,3,2,6

1.2,3,4,5,6.

Тәрбиеші: Балалар геометрик саяхатты одан әрі жалғастырады.Енді ол конусқа келеді.

Конустың бірінші тапсырмасы :

Менің 10 жақсы көретін сандықшаларым бар.Мен оның үшеуін геометрикке сыйға берем,ал енді менде неше сандықша қалды? 10-3=7

Екінші тапсырмасы

Шыршаның астында неше қоян жасырынған?

Тәрбиеші: Балалар денемізді сергітіп алайық

Сергіту сәті

«Көңілді күн»

Геометрик ,төртбұрыш,конус енді шеңберге келді.

Шеңбердің тапсырмасы:

Мына заттарды ата және олар қандай пішінге ұқсайды?

Балалар: Бұл заттар шеңберге ұқсайды.

Тәрбиеші: Ал бесбұрыш өте арманшыл еді.Ол гүлдерді өте жақсы көретін.Бесбұрышқа көмек берсеңдер ол қуанып қалар еді.

Бесбұрыштың тапсырмасы: Пішіндерден гүл құрастырыңдар.

Тәрбиеші : Ал енді цилиндр жалғыз қалғысы келмеді.Ол өзінің бауырларымен татуласқысы келді, бірақ ол жолды білмейтін кәне балалар көмектесеміз бе.

Балалар: Ия көмектесеміз.

Цилиндірдің тапсырмасы: Өзеннен өту үшін қай тақтайшамен өтеміз балалар?

Балалар : Қызыл түсті тақтайшамен өтеді.

Тәрбиеші : Міне балалар сендердің көмектеріңнің арқасынан бауырлар бір-бірімен татуласып математика еліне оралды. Математика патшайымы өте қуанды, бауырлар бір-бірімен тәту-тәтті өмір сүрді.

Қорытынды

-Балалар сендер қандай пішіндерді білесіңдер?

-Сандар мен пішіндер қандай ғажайып елде өмір сүреді?

-Бүгінгі оқу іс-әрекеті сендерге ұнады ма?

-Балалар, бүгін барлығың оқу іс-әәрекетіне жақсы қатыстыңдар, тапсырмаларды жақсы орындадыңдар жарайсыңдар, рахмет.













«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің

«Бәйтерек» балалар бақшасының мемлекеттік комуналдық қазыналық кәсіпорны

«Бекітемін»

«Бәйтерек» балалар

бақшасының меңгерушісі:

Қ.А. Жунусова





Тақырыбы:

«Математика еліне саяхат»Тақырыбы: «Математика еліне саяхат» Мақсаты: Геометриялық денелермен таныстыру(конус, бесбұрыш,төртбұрыш,цилиндр,шеңбер) Санау дағдыларын,ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту. Балалардың дүниетанымын жетілдіру, ұқыптылыққа, нақтылыққа үй









Ересектер «Балдаурен» тобы

Орындаған тәрбиеші: Тохтиева Жанат Жамалдиновна

2016ж







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал