- Учителю
- Ұйымдастырылған оқу қызметінің ашық сабағы Шырша шамын жағамыз
Ұйымдастырылған оқу қызметінің ашық сабағы Шырша шамын жағамыз
Ашық сабақ
Тақырыбы:Шырша шамын жағамыз.
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі:Жапсыру
Орындаған:Түлек Е.Б.
Приозерск қаласы
2015-2016ж
Күні:14.12.2015ж
Білім беру саласы: шығармашылық
Тақырыбы: Шырша шамдарын жағамыз
Мақсаты:
Білімділік: Жаңа жыл мерекесі және қыс мезгілі туралы білімдерін дамыту;
Дамытушылық: мереке ерекшелігін сезіне білуді үйрету; шыршаны безендіре білуді үйрету;
Тәрбиелік: тапсырманы ұқыптылықпен орындауға тәрбиелеу.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: Жаңа Жыл мерекесі жайлы әңгімелесу. Топтағы шыршаны безендіру.
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері,шыршаның фоны.
Сөздік жұмыс: Шырша, шам.
Билингвальді компонент: Жаңа Жыл -Новый Год, шырша-елка.
Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбері:
Қуан, шаттан!
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін!
-Жарайсыңдар балалар!
-Балалар, қазір бізде жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілін қайдан білеміз?
-Қыс мезгілінде қандай мереке бар?
-Жаңа Жыл мерекесінде біз нені безендіреміз?
-Балалар қараңдаршы бізге қонаққа кім келе жатыр екен?
Арыстан
-Балалар сәлеметсіндер ме!
-Балалар маған сендердің көмектерін керек.
-Қолымдағы шыршаны қалай безендіретінімді білмей жатырмын.
Балалар арыстанға көмектесеміз бе?
Шыршаны немен безендірсек болады? Әрине, түрлі - түсті пішіндермен.
-Шыршаның түсі қандай болады?
Балалар бәрі шаттық шеңберін жасайды.
-Қыс
-Қар жауады,балалар қалың киінеді.
-Жаңа Жыл мерекесі
-Шыршаны
-Арыстан
-Сәлеметсіз бе!
-Иә
-Жасыл
Ұйымдастырушылық- ізденістік
</<font face="Times New Roman, serif">-Жарайсыңдар балалар. Шыршамыз түрлі-түсті пішіндермен әдемі безендірдік, алайда не жетіспей тұр?
-Дұрыс айтасыңдар, жұлдызша.
Жұлдызымыздың түсі қандай?
-Жұлдызшаны шыршаның ең жоғарғы жағына ілеміз. Міне, Жаңа жылдық шыршамыз дайын болды.
-Енді Шыршамызға арналған тақпақтарымызды Арыстанға айтып берейікші.
Сабина
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып
Сара
Жасыл желек жамылған, Асыл моншақ тағынған
Міне,сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған.
Мадина
Жаңа жыл,жаңа жыл.
Жаңа жылда жаңа жыр ...
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр.
Інжу
Әкелсін жыл ырыс-құт,
Әлемде болсын тыныштық.
Ән салайық жаңаша
Жаңа жылым тамаша!
Бахтыгуль
Аппақ күміс бар әлем
Зымыраймыз шанамен
Тоғайлар тон киед
Аяз беттен сүйеді.
Рустам
Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
Билингвальды компонент: Жаңа Жыл-Новый год, шырша -елка.
-Жарайсыңдар балалар.Шаршаған шығарсыңдар бір серігіп алайықшы.
Ал балалар, тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай бұрылып,
Солға қарай бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып,
Бой сергітіп алайық.
-Жарайсыңдар балалар.Серігіп алдық
па?
-Енді балалар бәріміз ойын ойнайықшы .
«Не артық?» ойыны.
Мақсаты:суреттерді салыстыру арқылы ойлау қабілетін дамыту.
Ойынның шарты:
Тәрбиеші балаларға төрт қатар суреттері бар бетшелерді ұсынады.Әр қатардағы бейнеленген заттарды сипатына қарай мұқият қарап, басқаларынан өзгеше біреуін табуын өтінеді.Осылайша әр қатардағы заттардан бала артығын табады.
-Жарайсыңдар балалар.
Енді қазір алдарына мен шыршаның суреттін берем. Соны түрлі түсті дөңгелектермен безендіріп шығындар.
Балалар пішіндердің атауын атап шырша ны безендірді.
-Жұлдызша
-Қызыл
Балалар тақпақтарын айтып береді.
Балалар орындарынан тұрып сергіту сәтін жасады.
Балалар тәрбиешімен ойын ойнады.
Балалар қолдарына берген шышаны әдемі пішіндермен безендіріп шықты.
Рефлексиялық- түзетушілік
Рустам
Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса
-Балалар шаршаған шығарсыңдар бір серігіп алайықшы. Олай болса орнымыздан тұрып шеңбер жасап тұрайық.
Сергіту сәті «Шырша шамын жағамыз»
Шыршаның шамдарын жағу үшін аяқтарымен тарсылдатады, ал үрген кезде шыршаның шамдары өшеді.
-Жарайсыңдар балалар. Бойымызды серігіп алдық па?
Олай болса балалар орнымызға отырамыз.
-Енді сендерге бір тапсырма беремін.
«Не артық?»
Мақсаты: суреттерді салыстыру арқылы ойлау қабілетін дамыту.
Шарты: Тәрбиеші балаларға төрт қатар суреттері бар бетшелерді ұсынады. Әр қатардағы бейнеленген заттарды сипатына қарай мұқият қарап, басқаларынан өзгеше біреуін табуын өтінеді. Осылайша әр қатардағы заттардан бала артығын табады.
-Жарайсыңдар балалар. Сендер өте білімді әрі ақылды екенсіңдер.
-Енді қазір алдарына мен шыршанын суреттерін берем. Соны түрлі-түсті пішіндермен безендіріп шығыңдар.
-Жарайсыңдар балалар енді шыршаларымызды Арыстанға сыйлайықшы.
Арыстан
-Рахмет балалар. Сендер маған көмектестіңдер.Менде сендерді құр қол қалдырғым келмейді. Сендерге арналған сыйлықтарым бар. Қоштасқым да келмейді,бірақ қоштасатын уақытта келді.
Жарайды балалар сау болыңдар!
Рефлексия:
-Балалар, бүгін біз нені безендіруді үйрендік?
-Шыршаның түсі қандай?
-Шыршаны безендіру сендерге ұнады ма?
-Шыршаны біз немен безендірдік?
Жарайсыңдар, балалар!
Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс әрекетіміз аяқталды.
Балалар қонақтарымызбен қоштасайық.
-Балалардың бойы бір серігіп қалады.
Берілген тапсырманы тиянақты орындайды.
Берілген шыршаларын безендіріп шығады.
Сау болыңыз!
-Шыршаны
-Жасыл
-Иә
-Әр түрлі пішіндермен
-Сау болыңыздар.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: Шыршаны эстетикалық талғаммен безендіруді;
Түсінеді: пішіндермен шыршаны безендіруге болатынын;
Қолданады: желімді дұрыс қолдана отырып, орындалу ретін сақтап, бұйымды ұқыпты жапсыра білуді;
Тексерілді:____________Абатаева Ф.Ж.