- Учителю
- Қош келдің, әз - Наурыз! (Работа творческими группами)
Қош келдің, әз - Наурыз! (Работа творческими группами)
Тақырыбы: «Қош келдің, әз Наурыз!»
Мақсаты. Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
-
Бақытгүл: Армысыздар, құрметті педагогтар, тәрбиешілер, көрермендер, қонақтар!
Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі құтты болсын.
Көктемнің көркі гүл емес пе?
Гүлсіз табиғат тұл емес пе?
Көктемнің әнін жырлаған,
Наурыздың тойын тойлаған
«Жұлдыз-Ардақ» балабақшасы біз емес пе?
-
Мерей:
Армысыздар, халайық,
Бармысыңдар, халайық.
Наурыз тойын жұп жазбай
Жылда қарсы алайық.
-
Маржан:
Наурыз - көктем мерекесі,
Наурыз - жыл басы.
Наурыз - жаңа серпін, жаңа леп.
-
Мөлдір:
Наурыз - қуаныш мерекесі,
Бақыт пен шаттық мерекесі.
-
Оралтай:
Наурыз - шаруаның мерекесі,
Наурыз - еңбек мерекесі.
-
Гүлнар:
Әнім де саған, биім де,
Құт қонақ өзің үйімде.
Қуаныш сыйлар еліме,
Үлімде, Наурыз, күлімде.
-
Назым:
Наурызым - тойлы нұрлы күн,
Мерейің асып тұр бүгін.
Жерімнің жүзін жылыттың,
Елімнің сақта бірлігін!
-
Құралай:
Ерітіп қарын даланың,
Жинатып гүлін саланың.
Жетелеп жұмсақ самалын,
Келді Наурыз - жыл басы.
Бақытгүл:
Қашан да құт-береке орнасын деп,
Тойларда шашу щащу - салты елімнің.
Уа, халайық! Теріп ал несібеңді,
Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің! - деп ортаға Клараны шақырамыз.
(Клара басына кимешек шылауыш киіп келіп, ортаға шығып
шашу шашады)
Қыздар кезек - кезек айтады:
Ақтың молаятын, (Гүлнар)
Жарықтың ұзаратын, (Клара)
Нұрдың молығатын, (Құралай)
Тіршіліктің жаңаратын, (Мерей)
Өмірдің жаңғыратын, (Назым)
Пейілдің түзелетін, (Маржан)
Көңілдің кеңейетін кезеңі (Бақытгүл)-
Хормен: Наурыз мейрамы құтты болсын!
Ән: «Дастархан».
Гүлнар: Бүгінгі кеш ерекше болмақшы. Бүгін педагогтар ұжымы өз өнерлерін ортаға салады. Сайыс 5 кезеңнен тұрады:
1-кезең: Амандасу салты ғой халқымыздың! (Таныстыру).
2-кезең: «Мақал - сөздің мәйегі» (Мақал-мәтелдер сайысы).
3-кезең: «Ас - адамның арқауы» (Ұлттық тағам түрлері).
4-кезең: «Көркем өнер сайысы» (Ән, би).
5- кезең: Лиро-эпос жырларынан үзінді.
6-кезең: «Ана көрген - тон пішер» (Сән үлгісі)
Мерей: Ендігі кезекте ортаға қатысушы топтарды шақырайық. Қарсы алыңыздар! «Денсаулық» шығармашылық тобы және «Даму» шығармашылық тобы. Топтар өздеріңізді таныстыруға рұқсат.
-
Кезең: Амандасу салты ғой халқымыздың! (Таныстыру).
(Топтар өздерін таныстырады)
Клара: 2 - Кезең: «Мақал - сөздің мәйегі». Бұл сайыста суреттер арқылы мақалдар беріледі, сіздер жауаптарын айтасыздар.
«Даму» шығармашылық тобына суретті мақалдар:
1. Әкесіне қарап ұлын,
Шешесіне қарап қызын таны.
2. Ананың сүті - бал,
Баланың тілі - бал.
«Денсаулық» шығармашылық тобына суретті мақалдар:
1. Ағайын - алтау,
Ана - біреу.
2. Әке көрген - оқ жонар,
Шеше көрген - тон пішер.
Гүлнар: 3- кезең. «Ас - адамның арқауы». Бұл бізде үй тапсырмасы ретінде берген болатынбыз. Әр топ өздерінің әзірлеп әкелген тағамдарының түрімен таныстырып, оның ішіне қандай тағам түрлерін қосқаны туралы айтып, қорғап шығады. Ендеше, ортаға екі топтың мүшелерін шақырайық. Тағам дайындаудағы өздерінің аспаздық өнерлерін ортаға салсын.
Құралай: 4- кезең. «Көркем өнер сайысы». Қазір алдарыңызда «Денсаулық» және «Даму» топтарының өнерлерін тамашалайсыздар. «Ау, демейтін қазақ жоқ» демекші, шығармашылық топтардың өнерлерін тамашалайық.
Мөлдір: 5- кезең. Үй тапсырмасы. Лиро-эпос жырларынан үзінді. Ортаға шығармашылық топтардың дайындаған көріністерін тамашалайық.
«Даму» шығармашылық тобы «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» лиро-эпос жырынан үзінді көрсетеді.
«Денсаулық» шығармашылық тобы «Қыз Жібек» лиро-эпос жырынан үзінді көрсетеді.
Би: «Қазақ биі»
Бақытгүл: 6-кезең. «Ана көрген - тон пішер» деп аталады. Осы бөлімнен топ мүшелерінің он саусағынан өнер тамған шебер екендерін, шеберліктерін, шығармашылықтарын көре аламыз.
Бақытгүл: Наурыз мерекесі тойлауға арналған шағын мерекелік кешіміз өз мәресіне жетті. Сөз кезегін балабақшамыздың әкімшілігіне береміз.
«Қош келдің, Наурыз!» мерекелік кешімізден фото - материал
«Қазына» шығармашылық тобы
Мерекенің ашылу сәті мен «Дастархан» әнін орындау
«Даму» шығармашылық тобы «Денсаулық» шығармашылық тобы
Шығармашылық топтардың ұлттық тағамдарды қорғау сәті
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» «Қыз Жібек» жырынан үзінді
жырынан үзінді
Шығармашылық топтардың өз қолдарымен жасаған ұлттық киім
түрін жасаудағы өнерлері
«Қазына» шығармашылық
тобының қазақ биі