7


  • Учителю
  • Открытое занятие Путешествие в лес

Открытое занятие Путешествие в лес

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Білім беру саласы: таным, қатынас, шығармашылық.

Бөлімі: Экология, тіл дамыту, сурет, жапсыру. (интегрированное занятие)

Тақырыбы: «Орманға саяхат»

Мақсаты: Құстар туралы білімдерін бекіту.

Міндеттері: Білім беру: Құстардың түрлерін, қыстайтын және жыл құстарды ажырату, айырмашылығын белгілеу.

Дамыту: Тілін дамыту, сөздік қорын байыту.

Тәрбиелік: Құстарға деген қамқорлығын тәрбиелеу.



Сөздік жұмыс: қыстайтын құстар, жыл құстар.

Қостілді компонент: Орысша күз - осень, орман - лес,

күзгі орман - осенний лес.

Аймақтық компонент: Біздің ауылымыздың орманына күз келді ме? (Иә, біздің ауылымыздың орманына күз келді.)



Әдіс - тәсілі: Әңгімелесу, жұмбақ шешу, сөздік жұмыс, балаларға сұрақ қою, денсаулық сақтау технологиясын қолдану: дем алу жаттығулар, цветотерапия, су - джок терапия. Триз элементтерін қолдану. Жаңа технологиясын қолдану: коллаж. ИКТ технологиясын қолдану.



Ұйымдастыру - іздестіру.

Жұмбақ: Жайқалған ағаштар,

Сылдырлаған бұлақтар.

Көңілдің сарайын,

Ашатын ғажаптар. (Орман)

Балалар, мен не туралы жұмбақ жасырдым?

Жылдың қай мезгілі? (күз)

Орысша күз - осень, орман - лес, күзгі орман - осенний лес.

Біздің ауылымыздың орманында өзгерістер болыпты, ол қандай өзгерістер? (Иә, біздің ауылымыздың орманына күз келді.)

Неге солай ойлайсың?

Мотивациялық - қозғаушылық:

Олай болса күз орманына саяхатқа шығамыз.

Орманға барар алдында орман ережесін еске түсірейік.

Орман ережесін біледі екенсіңдер бірақ көп кедергілер болады, ұқыпты болыңдар.

Бір - бірінің артынан судан өтейік, тастың үстімен жүрейік. Түрлі - түсті тастардың үстінен аттап өтеді. (динамическая пауза)

Міне орманға да келдік.

Балалар күзгі орманның ауасы қандай тамаша, дем алайық. (дем алу жаттығулар)

Айналаға қараңдаршы әдемі ме?

Осындай күздің бейнесіне қарап қандай әдемі сөздер айтуға болады?

(тамаша, сұлу, көрікті, әйбәт, керемет). Орманның несі жақсы, несі жаман?

Триз ойыны: «Жаман - жақсы»

Күз Ханшайымы кіреді. (амандасады)

Сендерге менің орманым ұнады ма?

Менің орманым ғажайыптарға толы.

Иә, балалар шынында да ненің әдемі дыбыстар? (құстардың дыбыстары)

Құстардың.

Күзде құстардың тіршілігінде қандай өзгерістер болады?

Жыл құстары жылы жаққа ұшып кетеді. Жыл құстарын атап беріңдер.

Слайд: «Құстар»

Суретте қандай құстар? (дала құстары)

Неге дала құстары деп айтамыз?

Суреттегі құстарды атап беріңдер, оларды қалай атаймыз?

Қыстап қалатын құстар.

Қыстап қалатын құстар қыста қандай қиыншылықтарға тап болады?

Олар суықтан қорқама әлде аштықтан ба?

Нурахмет, өзіңе ұнаған бір құсты атап және сипаттап бере ғой.

(алгоритм бойынша)

1. Бұл не?

2. Түсі қандай?

3. Немен жабдықталған?

4. Дене мүшелері

5. Қайда мекендейді?

6. Қайда, қай жерде ұя салады?

7. Немен коректенеді?

8. Баласын не деп айтамыз?(балапан)

9. Қандай дыбыс шығарады?

10. Қандай пайдасы бар?

Музыкалық сергіту сәтін өткізу.

Енді балалар осы әдемі құсты суретке салып Күз Ханшайымына сыйлайық.

Әдіс - тәсілін еске түсіру, көмектесу, бақылау.

Балалар әдемі сурет салу үшін саусағымызды жаттықтыру керек.

(су - джок жаттығулары)

Балалар допты алақандарына алады ары - бері домалатады. Екі алақанының арасына алып аздап мыжып орына қояды.

Енді балалар қайшымен жұмыс ережесін еске түсірейік және ұқыпты жұмыс жасайық.

Балалар сурет салады және құстың бейнесін қиып жапсырады.

(коллаж технологиясын қолданады)



Қорытындысы:

Не туралы әңгімелестік?

Қайда бардық?

Ненің суретін салдық?

Өз суретіңді әңгімелеп бер.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: Жыл құстарын және қыстап қалатын құстарды

біледі және ажыратады.

Қандай түсініктерді игерді: Жыл құстар - суыққа шыдамайды және аязда қардың астынан тамақ өздеріне тауып ала алмайды.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: сұрақтарға жауап берді, құстардың бейнесін қиып жапсырды.

</







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал