7


  • Учителю
  • Мектепалды даярлық топ Дидактикалық ойындар

Мектепалды даярлық топ Дидактикалық ойындар

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</ Дидактикалық ойындар

«Кім тапқыр?»

Мақсаты: берілген тыбыстың орныны таба білуге машықтандыру. Ойын барысында балалары зейінді болуға дағдыландыру. Түстерді тез айырып, жылдамдыққа, тапқырлыққа баулу. Достық қарым қатынасты тәрбиелеу.

Көрнекілігі: берілген дыбысқа арналып салынған түрлі-түсті суреттер, ойыншықтар, жалаулар.

Ойын шарты: тәрбиеші берілген дыбыстың сөздің басында, ортасында, соңында келетіндігін айтады. Балалар зейін қойып тыңдап, егер өтілген дыбыс сөздің басында болса, көк жалаушаны, соңында болса, қызыл түсті жалаушаны жоғары көтереді.

Мысалы: Самат, сағыз, тіс, сиыр,қасық, сабын, тас.

Басқа әріптерге де осылайша жалғастыра беруге болады.

«Қарама-қарсы сөздер»

Мақсаты:антоним сөздерді салыстыру жолымен балалардың ой-өрісін кеңейту, ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын қарама-қарсы сөздермен молайту, зейінділігін арттыру.

Көрнекілігі:доп, карточкалар.

Ойын шарты:тәрбиеші шеңбер бойымен тұрған балаларға кезекпен допты лақтырып антоним сөздерінің бірін айтады, ал допты ұстап алған бала тәрбиешіге кері лақтырып, айтылған сөзге қарама-қарсы сөзді айту керек.

Мысалы:тәрбиеші: «үлкен» десе, бала «кіші» деп, «биік» десе «аласа» деп жауап береді.

ҮЛКЕН - КІШІ

ЖУАН - ЖІҢІШКЕ

ҚАЛЫҢ - ЖҰҚА

«Сөз ойла, тез ойла»

Мақсаты:берілген дыбысқа сөз ойлап, сөздегі дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата білу. Сөздік жұмыс жүргізу арқылы баланың сөздік қорын молайту. Ойын арқылы балаларды тапқырлыққа баулу.

Көрнекі құралдар: кеспе әріптер қалтасы, текшелер салынған сандық, текшелер (дыбыстардың дауысты, дауыссыз екендігін білдіретін ерекше белгісі бар).

Ойын барысы:тәрбиеші әріп қалтасынан кез келген бір әріпті көрсетеді. Балалар сол әріптен басталатын сөздерді айтады.

Сандыққа бірнеше текше салып қояды. Бала өз қолымен біреуін алып сол дыбыстан басталатын заттарды айтады.

Мысалы:А - болса:

Балалар: Ай, алма,алмұрт, асқабақ, т.б.

«Кім зейінді?»

Мақсаты:дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата білуге үйрету. Балалардың, байқағыштық қасиеттерін дамыту.

Көрнекілігі:әр түрлі суреттер, текшелер

Ойын шарты:тәрбиеші балаларға әр-түрлі суреттер, ойыншықтар көрсетеді. Егер сол суреттің басындағы дыбыс дауысты болса, балалар қызыл текшені, дауыссыз болса, көктекшені көтереді.

Тәрбиеші балалардың іс-әрекетін мұқият бақылап, қателеспеген, ойынға белсене қатысқан балаларға жалауша, жұлдызша, не асықтар үлестіріп отырады.

Сабақтың соңында берілген заттар саналып, жеңімпаз белгіленеді.

«Буынға әріп қос»

Мақсаты:берілген буынға әріп қоса отырып жаңа сөз ойлап табу.

Сөздік қорын молайту, олардың алған білімін бекіту.

Балалардың сауат ашуға деген қызығушылығын қалыптастыру.

Көрнекілігі:схема, суреттер.

Ойын шарты:тәрбиеші балаларға:

- Мен бір буын жазамын, сендер де бір әріп қосасыңдар. Мен жазған буынның бас жағына сендер ойлаған дыбысын жазамыз. (Үлгісін келесі беттен қара.)

М Қ

С Й

Т АИ ТАЛ

Ш У

Ж С

Л Р

Ң

«Затты сипатта»

Мақсаты:заттарды көріп сипаттау арқылы балалардың сезімталдығын дамыту, қоршаған орта жайлы танымдарын кеңейту, сөздік қорын дамыту.

Көрнекілік құралдар: ыдыс, муляж, сурет (көкөністер, жемістер).

Ойын барысы:әр түрлі жемістер немесе көкөністер суреттері, муляждарды салынған ыдыстан бала бір затты алады. Сонан соң сол затты жан-жақты сипаттайды және заттың атын атап, буынға бөледі.

Ойын шарты: бала ыдыстан алманы алып, пішінін, түсін, дәмін және т.б. қасиеттерін айтады. Немесе баланың көзін байлап қойып, қоржыннан бір затты алғызады. Ол оны сипалап, не екенің ажыратады да оны сипаттайды, атын айтады.

«Әріптер әлемі»

Мақсаты:балаларды үйренген әріптерді қайталап дұрыс айта білуге дағдыландыру. Үлкен әріптен кіші әріпті айыра білуге үйрету.

Көрнекілік:бас әріптер, кіші әріптер жазылған карточкалар, кубиктер, әріптер қалтасы, магнитті тақта, компьютер.

Ойын шарты:тәрбиеші әріптер жазылған карточкаларды, кубиктерді, плакаттарды, компютерді көрсете отырып түсіндіреді. Егер бас әріп көрсетілген болса, балалар соның кішісін көрсетуі тиіс. Ал кішісі көрсезтілсе, оның бас әрпін тауып көрсетеді. Тәрбиеші балаларды топқа бөліп, осылайша ойынды жалғастыра береді. Бұл ойында әріптерді қатесіз, таза жазған балаларды мадақтайды.

«Буынға буын қос»

Мақсаты:басталған буынға буын қосып, сөз құрастырып, айта білуге, шапшандыққа, зейінділікке баулу.

Көрнекілік:ұсақ жалаушалар, ойыншықтар.

Ойын шарты:балалармен жеке-жеке немесе 2 топқа бөліп, өткізуге болады.

Тәрбиеші сөздің басқы буынын айтады, балалар сөзді тез аяқтайды.

Мысалы:

Ау - (ла). Ал - (ма). Са - (ра). Сә (біз). Қа (уын).

Ойын соңында, жеңімпаз бала, анықталып, мадақталады.

«Шатыспақ» ойыны.

Мақсаты:өтілген дыбыстарды қайталап, пысықтау.

Ойын шарты: әріптер қалтасына әріптер ретсіз салынады.

Мысалы: СОНА (С, О, Н, А), АЛМА (А, Л, М, А) және сол сияқты шатасқан әріптерді ретімен қойғанда шыққан «СОНА» сөзін буынға бөлгізіп, онда екі буын бар екенін, төрт дыбыстан тұратынын, оның екеуі (о, а) дауысты, (с, н) дауыссыз екенін балалардың сұрап біліп, әр сөзге жеке-жеке дыбыстың буындық талдау жасалады.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал