7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты: Қош келдің, Наурыз!

Тәрбие сағаты: Қош келдің, Наурыз!

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ақмола облысы

Бұланды ауданы















Тәрбие сағаты: Қош келдің, Наурыз!

Тәрбие сағаты: Қош келдің, Наурыз!





«Құлыншақ»тобы.





























Өткізген: Тулебаева А.Т.











Тақырыбы: «Қош келдің, Наурыз !»

Мақсаты: Халқымыздың ұлттық мейрамдарының бірі-Наурыз туралы балаларды ана тілін халқымыздың ұлттық мерекелерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: Ұлттық киімдер,киіз үй, қазақ халқының тағамдары, мақал-мәтелдер.

Ұйымдастыру кезеңі: Наурыз тойы-ұлыстың ұлы күні. Жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып,Наурыз тойын тойлатып ұлыстың ұлы күні келеді.

Той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ жол болсын!

Наурыз парсы тілінде жаңа күн деген сөз. Яғни бұл күні-біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдар мерекелеп келе жатқан жыл басы. Бұл күн мен түн теңеліп,күн ұзара береді.

Ұлыстың ұлы күні ел елжірей қуанып,есік ашып, дастархан жайып, бірін-бірі құшақтаса құттықтайды.

Бұл күні ешқандай реніш болмау керек.

Ұлыстың ұлы күні-жаңа күн болғандықтан, көп жаңалық, қуаныш игілік осы күннен басталуға тиіс жас баланың тұсауы кесу, баланы атқа мінгізу,жас жұбайлардың шаңырақ көтеруі т.б.

Наурыз тойында әр бір адам өз шамасына қарай өнер көрсетіп тойлайды, ән айтып, күй тартып,тақпақ жыр айтып, көңілдерін көтереді.

Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы-Наурыз көже.

Наурыз көже жеті түрлі астан жасалады.Қысқаша айтып

әңгімелеп беру. Көбінесе ақ мол болу керек. Оның мәні-жаңа жылда тойымшылдық,молшылық мәні де,дәмді,татымды өмір болсын деген ырымды,тілекті паш етеді.

Ұлыстық ұлы күнінде өзінің игілікті істерін көрсетіп жастар қариялардан бата алады. Бұл күні Қыдыр баба барлық босағаны аттап,төрге шығып,бақыт,мерей қуаныш әкеледі,жақсылық нұрын шашады.

Наурыздың құрметіне ағаш отырғызып,гүл егетін,ағаштар егеді.

Сергіту сәті:

Бұл ағаштын құшағы

Қанат жайған бұтағы

Биік болып өсеміз

Табиғатты сүйеміз.

  • Ал, енді балалар барлығымыз Мадинаның өлең жолын

тындайық.

Кел,балалар,ойнайық,

«Наурыз»тойын тойлайық.

Баянды боп мереке,

Қыр гүліндей жайнайық.

  • Енді,балалар, мына суретте неі көріп тұрсындар?

Наурыз тойын тойын тойлаған халықты көріп отырсыңдар.

Сурет бойынша балаларға сұрақтар қойылады.

Осы «Наурыз»мерамында халықымыздың салт-дәстүрлерінде,ұдттық ойындарын да көрсетіп тойлайды.

Дастархан жайылып қонақтарды қарсы алады.

  • Ал,енді,балалар сендермен бірге «Тақия тастау», «Теңге алу» ойынын ойнаймыз. Балалар ойынға барлығы қатысып ойнайды.

Енді, барлығымыз мақал-мәтелдер айтайық.

Ұлыс оң болсын,ақ мол болсын !

Қайда барса жол болсын !

Ұлыс бақты болсын !

Қорытынды: Ұлыстын ұлы күнінде жастар қариялардан бата алады. Қыдыр баба елге жақсылық әкелсін. Берекелі

тірлік дамып,мерекелі бірлік орнасын.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал