- Учителю
- Аққала ашық оқу қызметі. Ортаңғы топ.
Аққала ашық оқу қызметі. Ортаңғы топ.
МКҚК №50 «Заңғар» бөбекжайы
Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті.
Тақырыбы: «Аққала»
Шұғыла ортаңғы тобы.
Өткізген тәрбиеші: Есенова Венера
Орал - 2016 жыл.
Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті.
Тобы: Шұғыла
Өткізген уақыты: 20.02.2016ж.
Өткізген тәрбиеші: Есенова Венера
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта, Шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқуіс-әрекетінің түрі: Қоршаған орта, Жапсыру.
Тақырыбы: «Аққала»
Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі және оның ерекшеліктері туралы түсініктерін бекіте
отырып, ойлау және есте сақтау қабілеттерін арттыру. Ақ қаланы туралы білімдерін кеңейтіп, балалардың шығаршамашылық қабілеттерін дамыту. Аққаланы құрастыруға, жапсырмалау, оны ұжыммен бірге, ұқыпты, әрі таза жұмыстануға жасауға үйрету. Үлкен-кішілі дөңгелектерден аққала бейнесін мүсіндеу, ұқыпты, үйрету.Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас арқылы еңбексүйгіштікке, татулыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Әдіс -тәсілдер: Көрнекілік, әңгімелеу, түсіндіру, практикалық, сұрақ-жауап, дидактикалық ойындар, ғажайып сәт, ойын, сергіту сәті.
Қажетті көрнекі құралдар: Аққалаа суреттері, слайд, әртүрлі материалдардан жасалған аққала. Шығармашылық жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар.
Билингвалдық компонент: Аққала-снеговик- snowman (сноумэн), қар-снег- snow (сноу).
Барысы: Ұйымдастыру.
«Шаттық шеңбері» Балалар, қыс мезгілінде күн суық болса да, біздің жүрегіміз жылы. Жылуымызды жан - жағымызға таратып, жылулық шеңберін құрып, - бір-бірімізге жылы, мақтау сөздер айтайық, әрі мына күннің бетіндегі бұлттарды алып тастап, күннің жылуын бүкіл әлемге таратайық. Балалар көңіл-күйлеріңіз қандай? Ендеше бастайық.
- Гаухар сен әдемісің.
- Рамазан Сен қамқорсың.
- Рамис жастан жасқа тола бер.
- Арай саған денсаулық тілеймін.
- Берік чемпион бол.
- Ернар сен ақылды баласын.
- Диляра ешқашан ауырма.
- Нұрай, гүлдей әдемі бол.
- Айкөркем күшті қыз болып өс.
- Саят өскенде батыр бол.
Тәрбиеші: Зерттеу жұмысы.
Балалар қыс мезгілінде қар жауады..Мына қарды қолымызға ұстап көрейікші. Қолымызға ұстасақ қар салқын, суық. Қар жылы, ыстық кезде еріп суға айналады. Кәне байқап көрейік. Қолға ұстап тұрсақ еріп кетеді. Стақандағы суға салсақ ери бастайды. Жылы жерде еріп, суға айналады.
Жұмбақ жасыру:
-
Аспандағы көлеңке ,
Жерге суын шашады, (Бұлт)
-
Шелек қалпақ басында,
Сәбіз екен танауы.
Қыста қардан туатын,
Тауып көрші, сен оны. (Аққала)
-
Қыста ғана болады,
Ұстасан қолын тоңады. (Қар)
Слайдқа назар аударайық.
Слайд, суреттер арқылы түсіндіру.
-Қыс мезгілінде ауа-райы салқын, суық болады, боран соғады. Қар
жауып, жер беті айнала аппақ болып жатады. Қар лақтырып ойнап,
аққала жасаймыз, шана, шаңғымен ойнаймыз. Қардың түрін анықтап
қарасаң мынадай болады. Қарлар қанша қар болса да бір-біріне
ұқсамайды. Қардың көлеміне, жаууына байланысты атаулары бар. Ақша
қар - жаңа жауған таза қар. Ұлпа қар - түйіршіктері үлбіреген жеңіл
үлпек қар. Жапалақ қар - ірі түйіршікті жапырақтап жауған қар. Омбы
қар - ат бауырлайтын қалың қар. Күртік қар - беті қатқан, жаяу
жүргенде ақсақ ойылатын қалың қар.
Аққала - қыс мезгілі кезінде қардан жасалады. Нағыз аққала қардан
жасалады. Аққала қардан домаланып жасалады. Негізгі үш бөлігін
бірінің үстіне бірін қояды. Көзін тастан, мұрнын сәбізден, ілгегін
тастан, аузын ағаштан басына шелек кигізу арқылы жасайды.
Билингвалдық компонент: Аққала-снеговик- snowman, қар-снег- snow.
Тосын сәт:
Тәрбиеші: Жаңа біліп алдық қардан аққала жасайды. Балалар қараңдаршы аспандығы бұлттарды көрдіңдерме, осы бұлттан қар жауайын деп тұрған сияқты, кәне қолымызды жоғары көтеріп қарларды ұстап мына жерде тұрған көңілсіз аққалаға қарларды үстіне жапсырайық.
Ұжымдық шығармашылық жұмыс.
Балалар сандарды таңдап, сәйкес санына байланысты үш топқа бөлінеді.
Бірінші топтағылар - аққаланы мүсіндейді, екінші - аққаланы мақтаны жапсырмалау арқылы, үшінші - ұлпа қардың үлгісіне ақ-күміс түсті ұнтақты клей жағып үстіне сеуіп жасайды.
Жасаған жұмыстарын аяқтайды.
Шаршаған шығармыз жаттығу жасап сергіп алайық.
Сергіту сәті орындалады.
Қар жауып тұр.
Бетіміз су болды.
Бетіміздегі суды сүртеміз.
жерден қар аламыз,
оны домалақтап оң қолымызбен лақтырамыз.
Жерден тағы қар алып,
домалақтап сол қолымызбен лақтырамыз.
Енді үстіміздегі қарды қағамыз.
Ойын: «Аққала құрастыр»
Тәрбиеші: мына жерде түрлі пішіндер жатыр екен, артында тапсырмалар жазылған. Осы тапсырмаларды орындайық, бүгін не туралы өткенімізді қайталап көрейік. Мына жерде қандай сурет пайда болады екен.
-
Ең үлкен астыңғы дөңгелегінің тапсырмасы:
-Қазір жылдың қай мезгілі. Қыс мезгілінің белгілерін, ерекшеліктерін білеміз бе?
(Қыс мезгілі. Қар жауады, аяз болып, боран соғады.)
-
Ортаңғы дөңгелектің тапсырмасы
-Біз қыс мезгілінде тоңбас үшін үстімізге қандай киімдер киеміз?
(Бас киім, үстімізге тон, аяғымызға етік, қолымызға қолғап киеміз!)
-
Басының тапсырмасы
-Қар қайдан жауады, түсі қандай?
(Аспандағы бұлттан жерге жауады, қардың түсі ақ болады)
-
Қалпағының тапсырмасы
-Қар мұздай ма, жылы ма?
(Мұздай болады)
-
Оң қолының тапсырмасы?
-Қар түрлерін атаңдар?
(Ұлпа қар, ақша қар, күртік қар, жапалақ қар т.б.)
-
Сол қолының тапсырмасы.
-Қар қандай температурада ериді?
( ауа-райы 0 гр. жылы болғанда, қолымызға ұстасақ, суға салсақ ериді)
-
Көзінің тапсырмасы?
-Аққала неден жасалады, түсі қандай болады?
( қардан, қарды домалату арқылы жасалады)
-
Мұрнының тапсырмасы?
-Аққала негізі неше бөліктен тұрады, пішіндері қандай??
(Дөңгелек, Үш бөліктен тұрады және екі көзі, мұрны)
-
Аузының тапсырмасы?
-Билингвалдық компонент:
(Аққала-снеговик- snowman қар-снег- snow)
-
Сыпырғышының тапсырмасы?
-Өз қолымызбен аққаланы қандай материалдардан жасадық?
(ермексаздан, мақтадан аққаланы жасадық)
Тәрбиеші: балалар ненің бейнесі пайда болды.
Балалар: Аққала, оның бейнесін құрастырдық.
Тәрбиеші: сендерге оқу іс-әрекеті ұнады ма?
Балалар: ия ұнады, қызықты болды, аққаланы жасадық, ойындар ойнадық.
Осымен оқу іс-әрекетіміз аяқталды.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: қыс мезгілі туралы, аққала туралы білді.
Қандай түсініктерді игерді: аққаланың қардан жасалатындығын, мұрнының сәбізден аузының ағаштан, көзінің, ілгегінің тастан жасалатындығын, қолына сыпырғыш ұстатып қоятындығын, басына шелек кигізетіндігін меңгерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: аққала жапсырудың ережесін білді.
Тәрбиеші: Есенова Венера