- Учителю
- ОЙЫН АРҚЫЛЫ 5-6 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ
ОЙЫН АРҚЫЛЫ 5-6 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ
ОЙЫН АРҚЫЛЫ 5-6 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ
Егемен еліміздің келешегі үшін дені сау, рухы биік жеке тұлғаны мектепке дейінгі кезеңнен қалыптастыру бүгінгі таңғы өзекті мәселелері болып отыр. Бүгінгі мектеп қабырғасында жүрген оқушылар еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы екені даусыз. Баланың ақыл-ойын жүйелеу, ойлау, қабілетін жетілдіру, дәлдікке үйрету, шындыққа тәрбиелеу мақсатында сауатылыққа баулу-бүгінгі күн талабы.
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халықына "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" атты Жолдауының 17-18 бағытында бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізу керектігін анықтап айтқан.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі: жеке адамның шығармашылық, рухани және күш қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту»-деп атап көрсетілген. Осы міндетке сәйкес баланың ой-өрісін дамытып, алған білімдерін өз тәжірибесінде жаңа жағдайларда қолдану біліктілігі мен шығармашылық іс-әрекетке түсе алатын тұлға қалыптастырудың бірден-бір жолы мектепке дейінгі даярлық сыныптарында басталатынын іс-тәжірибе дәлеледеп отыр.
Білім беру саласының басты міндеті - 2010 жылға дейінгі білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту керек деген.
А. Құнанбаев «Ойын ойлап, ән салмай, өсер бала болар ма?» деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады. Бала өмірді, қоршаған ортаны тануы, еңбекке қатысуы, психологиялық ерекшеліктері ойын арқылы қалыптасады.
Ойын технологиясы дегеніміз- дидактикалық мақсат ойын міндеттері формасында қойылады және т.б. жүзеге асады
Ойын - адам баласы дамуының ең жоғарғы сатысы.
Ойын - адам баласының өсіп-өнуіндегі ең таза рухани көрінісі.Ол шынай өмірдің жарқын келбеті, ішкі қазынасы. Сондықтан да ойын қуаныш, еркіндік, құштарлық беру үшін қажет.
Балаға таңдалған ойын немесе білім ақылына лайықты, талабын шабыттандыратындай, ойын оятарлық, іскерлігін дамытарлықтай бастаған істің нәтижесіне жетуге тырысарлықтай нәрлі болуы тиіс. Мысалы: «Санамақ» ойыны санау арқылы ұйқастарын атау. «Мысық пен торғайлар». «Көршісін тап», «Қай әріп » т.б ән, бейнелеу, құрастыру, жапсыру, би өнерлерін қатыстыра отырып, ән сабағында есту, бейнелеу өнерінде көру, ойлау қабілеттерін дамыту оған зейін аудару, балалардың ой өрісін дамытамын. Осыдан жеке тұлға ортаға үйреніп қалыптаса бастайды. Ойын-сабақ, ойын-жаттығулар сергіту ойындары, барлығы балалардың жан-жақты дамуына, қызмет етеді. Зерттеуші А.М. Матюшкиннің ойынша "Білім - ойлаудың бастапқы түрткісі, негізгі құралы және соңғы нәтижесі".
Ойлау дегеніміз - шындық дүниенің адам миында бейнеленуі болып табылады. Дүниенің танып-білудің жолы - білмеуден білуге қарай, дәл емес толымсыз білімнен дәлде толық білуге қарай өту жолы.
Психологтар А.А.Смирнов, Ю.А.Самарин жүргізген зерттеулері бойынша мектепке дейінгі даярлық топ шағында бала ең алғаш өзімен қоршаған орта арасындағы карым-қатынасты саналы түрде меңгереді мектепке дейінгі даярлық топ қоғамдық қарым-қатынас туралы түсінік ала бастайды. Қазіргі заманғы тәрбие жүйесінде, балалық шақтың 5-6 жасқа дейінгі кезеңін қамтиды. Кей балалардың оқуға недәуір мүмкіншілігі бар. Себебі олардың интеллектісі қарапайым ой операциясы дәрежесінде кездеседі - деген Ж.Пиаженнің пікірі дұрыс болғанымен, қазірде бұрын аңғарып көрмеген қабілеті бар екені анықталып отыр.
Ойлау - баланың таным әрекетінің ең жоғары түрі.Ойлау арқылы оқушылар көзге көрінбейтін заттар мен құбылыстардың арасындағы күрделі себептік байланыстарды заңдылықтарды ұғады. Ойлау дегеніміз - қойылатын міндеттің мазмұны мен типіне қарай іріктелген білім мен жұмыс жасау. К.Д. Ушинскийдің сөзімен айтқанда: "Кімде-кім оқушының тіл қабілетін дамытқысы келсе, ең алдымен оның ой қабілетін дамытуы тиіс".
М.Жұмабаев балалардың ойлауын дамыту туралы былай деген: "Ойлауды өркендету жолдары. Ойлау - жанның өте бір қиын, терең ісі".
Ойын - оқыту құралы болып табылады.
Қ. Жарықбаев: Ойын - бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өздерінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады
Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр Әл-Фараби өзінің «Бақыт жолында» атты философиялық шығармасында адамның танымын дамыту арқылы ғана оны бақыт жолына жетуге болатындығына тоқталса, ұлы Абай өзінің 43-қара сөзінде баланың танымын алғашқы күннен бастап дамытпаса, оның өзі із-түссіз жоғалып, жойылып кететінін айтады: Ағартушы ұстаз Ы.Алтынсарин өзінің көптеген еңбектерінде таным әрекетінің негізгі-оқу, білім деп тұжырымдайды.
Баланың танымын алғашқы күннен бастап дамыту құралы да, балада оқу мен білімнің, тәрбиенің негізін қалыптастыратын да-ойын әрекеті болып саналады.
5-6 жасар балалардың қолының бұлшық еттері мен саусақтарының әлсіздігі, олардың арасындағы моторикасы (қарым-қатынас үйлесімділігі, орамдығы мен қиялының шапшаңдығы) жоғары деңгейде дамыған қарапайым математикалық түсініктерін таныстыру барысында оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі түрі- ойын. Әр ойын өзіне тиісті үш мақсатта, яғни білімділік, тәрбиелік, дамытушылық бағытында. Ойын ұйымдастыру түрлерін, әдіс-тәсілдердің технологиясын тәрбиешінің өзі таңдайды.
Қай ғалымды алсақ та, өздерінің ойын туралы еңбектерінде: «Ойын баланың жетекші әрекеті» деген сипаттама береді, өйткені ойын баланы ақыл ой жағынан да, дене жағынан да алға жетелеп, дамытады, баланың ойын өрбітіп бойын өсіреді.
М. Жұмабаев «Педагогика» еңбегінде балаларға рухани тәрбие берудің жолдары мен әдістерін көрсетумен қатар қоршаған дүниені қабылдауға жан көріністерін (есту, сипап сезу, иіскеу, татып көру, ес, қиял, ойлау, тілін , қабылдау дамыту) бірлікте дамытудың маңызы жайында құнды пікірлер айтып, ой түйіндерін тұжырымдаған. «Балалықтың қанына-ойын азық» - деп халық бекер айтпаған ойын ата-бабалар заманынан бері мазмұн жағынан толысып, дамып, дәстүрлі жалғасып және дамып жетіліп келеді.
Сюжетті бейнелі рольдік ойындар
Қимылды ойындар
Дидактикалық
ойындар
Қазақтың ұлттық ойындар
Ойын
түрлері
Шығармашылық
ойындар
Басқа халықтардың
ойындары
1-кесте Ойын түрлері
Психолог Л.С. Выготский «Әр баланың өзінің деңгейі болатындай әр балаға берілетін тапсырманың көлемі оның деңгейіне лайықтап беріледі. Әр баланы өзінің даму деңгейінде жетілдіру керек»-деді.
А.С. Макаренконың айтуынша ойында баланың физикалық, психологиялық қасиеттерінің сапалары да өзгеріп отырады. Ойын баланың сабаққа ынтасын аудартуға көңіл қойғызуға, сондай-ақ қабылдауын жеңілдетуге білімді толық игеруіне көмектеседі.
«Ойын мектеп жасына дейінгі баланың дене бітімінің негізгі тұтқасы болуы тиіс»-деп жазды Е.А. Аркин.
Осы заманғы педагогикалық зерттеулер бойынша баланың ойыны ең алдымен өзінің қатар құрбыларымен, ата-аналары және өзге адамдармен қарым-қатынас жасаудың қуатты құралы саналатын болса, ойын әрекеті баланың танымдық-психикалық процестерін қарқынды дамыту болып табылады.
«Баланы ойын өсіреді» деген халқымызға кең тараған қағидаға сүйенсек, қимылдарын дамыту маңызды болады. Халқымыз ойындарды тек балаларды алдандыру, көңілін көтеру әдісі деп қарамай, жас ерекшелігіне сай олардың көзқарастарын, мінез-құлқын қалыптастыру құралы деп ерекше бағалаған. Ойын балаларды ұйымшылдыққа үйретеді. Мектепалды балаларын дамытып, өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс-әрекет осы ойын әрекеті болып табылады.. Ойын ешқашан да дамудың бір сатысына жеткенде тоқтап қалмайды, қайта уақыт өткен сайын жетіле түседі.
Әдебиеттер тізімі
1. Садуова Ж.Н. Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағытттылығын қалыптастыру: педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның автореферат. Түркістан б.ж., 2008-3-4 б
2. Егенисова А.Қ. Мектепалды даярлық топ балаларының ойын арқылы ойлау қабілетін дамыту.\\ Бастауыш мектеп. 2008. №5. Б. 21-24
3. Базарғалиева Ғ. Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой белсенділігін жетілдіруде оригамидің тиімділігі \\ Отбасы және балабақша 2006 №1 Б. 22-23.
4. Құдайқұлұлы Ғ. Мектеп балаларының ойындары \\ Қазақстан мектебі
2000 № 2 Б.70-72