- Учителю
- Утренник Новогодняя ёлка 2015
Утренник Новогодняя ёлка 2015
Жаңа жыл мерекесі -2015 Г.Б. Сахариева, КММ «Ленин атындағы орта мектебі» мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Катонқарағай ауылы, Катонқарағай ауданы, ШҚО |
Тақырыбы: Кел Жаңа жыл, жаңа жыл!!! Жүргізуші: Жаңа жылың құтты болсын жас ұрпақ, Жүргізуші: Балалар, біз қандай мерекеге келдік? Құтты болсын Жаңа жыл! Қане, достар, тұрмайық! Қарсыалайық жыл басын! Қызықтан бос қалмайық Шырша жыры самғасын!
Қайырмасы: Ал, достарым, келіңдер! Келді Аяз атамыз! Биде күліп билеңдер! Шырша жырын айтамыз.
Құтты болсын Жаңа жыл! Шыршамыз тұр жараса. Жанында Аяз ата жүр, Қуанады балаша.
Аппақ қардай береке Даламыз да самғасын, Жаңа жылдай мереке Таба берсін жалғасын! Сахнаға Мыстан кемпір кіріп келеді. Мыстан кемпір: Ой, қандай әдемі, қандай биік шырша. Мына шыршаны алып кетсем қайтеді. Мынау алынбайды ғой өзі, жарайды керек емес. Ой, мынау қандай әдемі қуыршақ, алып кетіп жесем бе? Жарайды керек емессің. Қойшы, жолдан шаршадым, біраз тынығып алайын. (Жерге отырып, сөмкесін ақтарады) Балалар, мынау сынған ойыншық керек пе? Жарайды, мен оны Аяз атаға сыйлаймын. Мен жаңа келе жатсам, мына етікті тауып алдым. Бұл сендердікі емес пе? (Сол кезде бір бала етігін танып қояды.) Өлең айт, сыйлығыңды сосын аласың. Малика «Шырша» өлеңін орындайды. Мыстан кемпір:Мен жұмбақ жасырайын, кім шешеді соған
сыйлықа кәмпит беремін. 3. Суға батпайды, 4. Ең айлакер жануар? (түлкі) Жүргізуші: Ой, балалар қараңдар, бізге қандай торсық қой келді. Бәріміз онымен амандасайық. Жылқы: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерге өте ризамын! Осы жылы сендерге мектеп табалдырығын аттап, білім алып, жақсы жетістіктерге жеттіңдер. Қане, айтыңдаршы, кімге сабақ оқыған ұнады? Кім өзінің мектебін жақсы көреді? -Кім бірінші сыныпқа барғысы келеді? -Жарайсыңдар, балалар, енді мен сендермен қоштасқалы отырмын. Сендерді келе жатқан Қой жылымен құттықтаймын! Ақылды болыңдар! Жарайма! Қой: Сәлеметсіңдер ме, балалар! 2015 жылы - менің жылым.
Денсаулықтарың мықты болсын, қуаныш көп болсын, мектепте
жақсы оқыңдар, ата-аналарыңа қолғанат болындар! Апайларының
тілдерін алыңдар, ақылды бала болып өсіндер! Жаңа жыл құтты
болсын! Исполнение песни «Маленькой елочке холодно зимой». (Балалар Аяз ата мен Ақша қарды ортаға шақырады.)
6. Аспан жерге төгеді
14. Жүзімізде күлкі ойнап,
22.Ақ қырауға малынған 27.Далада қар борайды, Ақ мамыққа орайды Мұз болады, қатады Жып жылтыр боп жатады.
Асыл моншақ тағылған. Міне сұлу шыршамыз Көптен күтіп сагынған.
31. Сақалы аппақ күмістей, Тістері аппақ күріштей, Қызыл-ала шапаны, Сағындым Аяз атаны. Оралама ол әлі Айтар едім өлеңді, Жылдамырақ келсе екені Ол бізге ойыншық берсе екені.
32 Мұздан моншақ тағылды, Күміс-қырау жамылды. Ортада тұр Ақша қар Көптен күткен сағынды.
33. Аяз қысып, өрнек сызып Терезені торлайды. Қарда омбығып, бет домбығып Балалар сырғанақ ойнайды.
34.Шыңнан ырғып түсті де, Келді етекке қыс міне, Ақ қарлар ақ көбелек Қондың үйлердің үстіне.
35. Біз тебеміз сырғанақ, Таудан төмен сырғанап Бір шанада екеуіміз. Құламаймыз екенбіз.
36. Ақ шанамыз зырлайды, Ақ қар оны шыңдайды. Біреуі шаңғы тебеді, Құйындатып келеді.
37.Тамаша.тамаша! Ақша қар: Балалар, рахмет, сендер өте жақсы өнер көрсеттіңдер. Қуанатын шақ болсын, дастарханға ақ толсын! Бізге келген жаңа жылда құт-береке, бақ әекелсін! Бірақ мен біраз көңілім тісіп тұрғаны. Менің ақ ұлпаларым көрінбейді ғой! Аяз ата таяғымен жерді үш рет ұрып, ақ ұлпаларды шақырады: - Ақ ұлпалар, жаусын, жер бетін аппақ қар бассын! «Ақ ұлпалар» биі. Жүргізуші Жүргізуші: 1. Ойынның аты «Кім шарды ұзақ ауада ұстай алады». Ойынның шарты: әрқайсысыңа бір-бір шар беріледі, Музыка ойнаған кезде, сендер қолдарыңдағы шарды жоғары лақтырып үрлеп тұрасыңдар. Жерге құлатуға болмайды. Кімнің шары ұзақ ауада қалқып тұра алады, сол ойынның жеңімпазы болып аталады. 2. Екінші ойын сайыс түрінде өтеді. Ол ойынның аты «Шыршаны безендірейік». Екі сыныптың балалары екі қатарға тұрып, алдында тұрған екі шыршаға қар ұлпаларын жапсыру керек. Яр шыршаның алдында Аяз ата мен ақшақар тұрады. Олар сендерге қар ұлпалпрын қолдарыңа береді. Сендер оны алып, шыршаға қоясыңдар. Ақша қар: -Аяз ата, енді сиқырлы сандығымызды ашатын уақыт
жеткен сияқты, балалар өнерлерін көрсетті, енді сыйлықтарын
таратайық. (Сыйлықтар таратылады.) Жүргізуші: Тұра тұр Ата, біз сізге өлең айтып берейік! Құтты болсын Жаңа жыл! 1.Міне келді Жаңа жылымызда, Аяз ата Ақшақарымызда. Шыршаны олар жағады бізге, Ойыншықтар әкеледі міне. Қайырмасы: Құтты болсын Жаңа жыл! Жаңа жылда - жаңа жыр. Тілеймін мен бәр әлемге: «Құт-берекені»! 2.Міне біздің Жаңа жыл мол болсын! Басқан қадамың сенің оң болсын! Төрле-төрле, Жаңа жылың менің! Міне аңсаған күніміз келді! Аяз ата - Рахмет сендерге! Қанеки, бәріміз шыршаның
жанында тұрып, суретке түсейік ші! Жаңа жылдарың құтты
болсын, сау болындар! (Балалар аяз атаны шығарып салады.)
1 |