- Учителю
- Ашық сабақ Табиғаттағы қауіпсіздік ережесі
Ашық сабақ Табиғаттағы қауіпсіздік ережесі
Білімділік саласы: «Әлеуметтік орта»
Кіші саласы: «Қоршаған ортамен таныстыру»
Тақырыбы: «Табиғаттағы қауіпсіздік ережесі»
Мақсаты: қауіпсіздік ережесін сақтауға үйрету.Табиғат аясында өзін-өзі ұстау мәдениетінің дағдыларын қалыптастыру. Өзіне,өзінің қадір-қасиетін бағалауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: мазмұнды суреттер.Орман көрінісі.
Қажетті құрал-жабдықтар: түрлі түсті қарындаштар.
Әдіс-тәсілдері: сөздік,көрнекілік, ойын,практикалық.Оқу іс-әрекетінің
кезеңдері
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушышылық
Ұйымдастырушы
ізденушілік
Рефлексифті
түзетемдеуші
Педагог балаларды шаттық шеңберіне шақырады.
-Балалар,бізге бір хат келіпті.Бұл хатты Ернар мен Жанар деген балалар жазыпты.Олар орманнан саңырауқұлақ терген екен. Алайда саңырауқұлақтың қайсысын жеуге болатындығын білмейді екен. Сол себепті сендерден көмек сұрап хат жазыпты. Бірақ,балалар олар өздерінің қандай саңырауқұлақ жинап алғандығы туралы айтпапты Суреті де жоқ.Олар бізді орманда күтетіндіктерін айтыпты.Сондықтан балалар мен сендерді орманға саяхатқа баруға шақырамын.Барғыларың келе ме?
Педагог балаларды алдын ала дайындаған орманға әкеледі. Ол жерден Ернар мен Жанарды кездестіреді. Ернар мен Жанар балаларға себеттегі теріп алған саңырауқұлақтарын көрсетеді.
-Балалар, мынау қандай саңырауқұлақ екендігін білесіңдер ме?
Бұлар-улы саңырауқұлақтар.Ал улы саңырауқұлақты жеуге болмайды.Бұл саңырауқұлақтар адамдар үшін өте зиян,ал орман тұрғындары үшін пайдалы, зияны жоқ екен.Ернар,Жанар сендердің теріп алған саңырауқұлақтарыңның барлығы да жарамсыз.Себебі:сендер тек улы саңырауқұлақтарды теріп алыпсыңдар.
Ернар мен Жанар:
-Біз білмей қалдық.
-Міне,балалар көрдіңдер ме, егер өздеріңе таныс емес өсімдік,саңырауқұлақ немесес жидек көрсеңдер оны теріп жеуге болмайды екен. Ал орманда басқа да жеуге жарамды жемістер бар.Мысалы, міне, мына қызыл жидекке қараңдаршы. Бұны адамдар қой бүлдіргені деп те атайды. Осыған ұқсас жемісті көргендерің бар ма?
Жанар:
-
«Ой мына жерде қойбүлдіргені көп екен»-деп үзіп жей бастайды.
-
Жанар, асықпа. Балалар Жанар дұрыс істедіме?
-
Неге?
-
Балалар сендер білесіңдер ме, орманға,тауға,жалпы табиғат аясында қандай қауіпсіздік ережесін сақтау керек?
-
-Болған жағдайда не істеу керек?
Мысалы,сендер оттың лаулап жанып жатқанын көрдіңдер немесе кене шағып алды,бұндай жағдайда не істеу керек?
-Тағы да қандай қауіпсіздік ережесін сақтау керек?
Педагог балаларды екі орталыққа бөліп,бірінші орталықтағы балаларға табиғатқа серуенге барғандағы қауіпті деп санайтын өсімдіктермен жәндіктердің суретін жапсыруды, екінші орталықтағы балаларға «Табиғаттағы мінез-құлық ережесі» тақырыбында табиғатқа серуенге барғанда нені істеуге болмайды деп санайды, соған байланысты суреттерді жапсыруды ұсынады.
Сергіту сәті.
Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін көңіл күйлерін сұрайды. Сонымен қатар немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, өлең жолдарын айтады.
Балалар кәдімгі өздерінің жеп жүрген құлпынайына ұқсайтындығын, айырмашылығы тек көлемінде екендігін айтады.
-Жоқ.
-Ол қойбүлдіргені жумай жеді.Жемісті жумай жеуге болмайды,ішің ауырады.
-Отпен ойнамау керек.
-От жаққан болса,кетер кезде өшіріп кету керек.
Әйтпесе өрт шығуы мүмкін.Жәндіктерден абай болу керек.
-Жыланнан, кененің шағып алуынан.
-Үлкендермен бірге жүру керек,жалғыз жүрмеу керек.
-Үлкендерге хабарлау керек.
-Үшкір заттармен ойнамау керек.
-Серуенде жүргенде үлкендерден алыс кетпеу керек.
-Өзі білмейтін саңырауқұлақтар мен жидектерді теріп жемеу керек.
Бірінші орталықтағы балалар өздерінің таңдауы бойынша алдын ала қиылып берілген суреттердің ішінен қауіпті деп санайтын өсімдіктер мен жәндіктердің суреттерін жапсырады.
Мысалы, жылан,кене, маса және өздеріне таныс емес жәндіктердін суреттерін жапсырады.Екінші орталықтағы балалар табиғат аясында істеуге болмайтын қылықтарға байланысты берілген суреттерді жапсырады.Олар: құстың ұясын бұзба, ағаштарды сындырма, қатты айғайлама, құмырсқаның илеуіне тиіспе, гүлдерді жұлма және т.б.
Өлең мазмұнына қарай қимылдар жасайды.
Балалар жиыннан алған әсерлерін айта отырып, немен айналысқандарын не үйренгендерін айтады.
Күтілетін нәтиже
Жаңғыртады: серуенде жүргенде үлкендерден алыс кетпеу,отпен ойнамау,өздеріне таныс емес саңырауқұлақтар мен жеміс-жидектерді теріп жемеу.
Түсінеді: қауіпсіздік ережесін сақтауды және оның өз өмірі үшін маңыздылығын,серуен кезінде үлкендермен бірге жүру керектігін,отпен ойнамау керектігін,өздеріне таныс емес саңырауқұлақтар мен жеміс-жидектерлі теріп жемеу керектігін, жәндіктерден сақтану керектігін табиғат аясында тыныштық сақтауды.
Қолданады: отпен ойнамайды, өздеріне таныс емес саңырауқұлақтар мен жеміс-жидектер мен жәндіктерден алыс жүреді, үшкір заттарды ұстамайды,келеңсіз жағдай бола қалған жағдайда үлкендерге хабар беру керек екендігін