7


  • Учителю
  • Мектепке дейінгі балаларда туындайтын психологиялық мәселелер

Мектепке дейінгі балаларда туындайтын психологиялық мәселелер

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мектепке дейінгі балаларда туындайтын психологиялық мәселелер

Даулетбаева Дария, Төлеуғұлова Әсемгүл

Ғылыми жетекші: Мукышева С.А

М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж, Семей қаласы



Мектепке дейінгі балаларда психологиялық мәселелер жалпы білім беру саласында маңызды орынға ие болатын мәселелердің бірі болып табылады. Себебі, дұрыс қалыптасқан психология баланың келешекте мектепте оқытудың нәтижелілігіне және болашақта тұлға болып қалыптасуна ықпалын тигізеді.

Әлеуметтік үйрету тұжырымдамасы баланың қазіргі заманға бейімделуін және оның қазіргі заман әдеттері мен нормаларын игеруін көрсетеді. Бұл бағыттың өкілдері классикалық шарттастық пен оперантты үйретумен қатар, имитация және еліктеу жолы бар деп есептейді. Мұндай үйрету басты америка психологиясында қаралды. Әлеуметтік үйрету теориясында фрейдизимнен бастау алған баламен қоғам арасындағы антогогизм негізге алынған. Ғалымдар әлеуметтану деген ұғым еңгізді. Әлеуметтану дегеніміз- қарым-қатынас пен іс-әрекет барысында индивидтің әлеуметтік тәжірибені белсенді меңгеру үрдісі мен нәтижесі. Әлеуметтік үйрету мәсеселірмен шетел психологтары А.Бандура, Р.Сирс, Б.Скиннер т.б айналысты.[2.51б]

А.Бандура балалар мен жасөспірімдер агрессиясын зерттеді. Бір топ балаларға ересектердің әр-түрлі іс-әрекеттері (агресивті және агресивті емес) және одан кейін болатын салдарын ( жазалау, марапттау) бейнелейтін бейнефильм көрсетілді. Кино көріп болған соң балалардың өздері жеке қалдырылды және сол кинода көрсетілген ойыншықтарға ұқсас ойыншықтармен ойнады. Бұның нәтижесінде киноны көрген балалардың агрессивті іс-әрекеті ол киноны көрмеген баланың агрессивті іс-әрекетінен ұлғая түсті және жиі көріне бастады. Егер кинода агрессивті іс-әрекеттің нәтижесі марапатталса, онда жасөспірімдерде агрессияның көрінуі төмендеді. [2.52 б]

Біздің мектепке дейінгі ұйымдарда жүргізген бақылауымыздан байқағанымыз балаларда агрессияның туындау себептерінің бірі теледидар көру. Олардың үй жайында қандай фильмдер көретіндігін біз нақты айта алмаймыз.

А.Бандура тәжірибесін Жұлдыз-Ардақ балабақшасының «Аққайын» тобында қайталай отырып, біз осы тұжырымдаманы қайта дәлелдей алдық.

Біздің тәжірибеміздің барысында, балаларға үш түрлі мультфильмдер көрсетілді. Олар : «Человек-паук», «Мойдодыр», «Петушок-золотой гребнешок». Сонда осындай нәтижеге жеттік:

Мектепке дейінгі балаларда туындайтын психологиялық мәселелер

















«Человек-паук» мультфилимін көрген балалардың агрессиясы жоғары болды.

Атақты американ психологы Р.Сирс (1908-1998) үйретудің негізгі компоненті көреалмаушылық деп есептеді. Баланың ең алғашқы тәуелділігі анаға екені белгілі, ол ерте сәбилік шақтағы кезеңде байқалады. Сирс тәуелді тәртіптің бес формасын көрсетті:

  1. «Негативті аландау» - бала ата-ананың көңілін ұрыс арқылы немесе оларды тыңдай және ара-қатынасты бұзу арқылы өзіне зейінін аударғысы келеді. Мұның себебі, төмен талаптар мен балаға қатысты шектелудің жеткіліксіздігі.

  2. «Ұдайы растауларды іздеу» - кешірімдер, өтініштер, артық куәдерлер немесе қорғаныш, сая, жұбаныш іздеу. Мұның себебі, балаға деген өте көп талаптар, әсіресе ата-ана тарапынан шамадан тыс жетістікке жетуді талап ету.

  3. «Позитивті зейін аудару» - топқа мүше болып кіру немесе өзінің іс-әрекетіне мақтауды талап етуден байқалады.

  4. «Жақын арада болу» - бір баланың немесе топтың жанында әрқашанда ересектердің болуы. Бұл форманы «піспеген» деп атауға болады, яғни іс-әрекеттегі ұнамды тәуелділіктің көрінуінің пассивті формасы.

  5. « Қол тигізу және жібермеу» - бұл агрессивті емес қолын тигізу, құшақтау немесе басқаларды жібермеу арқылы жанында ұстап қалуға тырысу. [2.53 б]

Американ психологі У.Бронфенбреннер зертханалық зерттеулердің нәтижелерін табиғи жағдайларда тексеру қажет деп есептеді. Ол отбасы құрылымына және баланың іс-әрекеті дамуындағы маңызды фактор ретінде басқа да әлеуметтік институттарға көп көңіл бөлді. Сондықтан ол өзінің зерттеулерін отбасын бақылау арқылы жүргізді.

Бронфенбреннер америка жанұяларында «жастық сегрегациялар» феноменінің пайда болуын зерттеді. Бұл феномен жастардың қоғамда өз орнын таба алмауына байланысты тұжырымдалады. Мұның нәтижесінде адам өзін қоршаған адамдардан үзіліп қалғандай сезінеді және олармен өштесіп алады. Адамдардың басқа адамдардан және жұмыстан жекеленіп қалғандай сезіну фактісі америкалық психологияда «бөтендену» деген атпен танылды.

Бронфенбреннер бөтенденудің түп тамырын қазіргі жанұялардың келесі ерекшеліктерінен көрді:

  • Аналардың жұмысқа көп уақытын бөлуі;

  • Ажырасудың көбеюі, соған байланысты әкесіз өскен балалар санының өсуі;

  • Әкенің жұмыстан босамауынан, әкемен қарым-қатынас жетіспеушілігі;

  • Жеке бөлме мен теледидардың пайда болуы; [2.53 б]

Бала аяқ астынан агрессивті әрекет көрсетпейді. Үдеріс біртіндеп, ақырындап жиналады. Бала өзінің дегенін, қажеттілігін жасату үшін белгілі бір кезеңге дейін ең алдымен сыпайы, жұмсақ жай, түрде көрсетеді.Бірақ үлкендер мән бере қоймайды, тек баланың тәртібі анық бұзылғанда ғана мән береді. Басым агрессивтіліктің шығу себептері әр түрлі. Бірақ ең басты себебі өзінің айналасындағылырмен сәтсіз қатынаста болуы: ата-анасымен , педагогтармен, балалар ұжымымен. Осындай сәтсіз қарым-қатынас болған кезде бала өзін ешкімге қажет емеспін деп санайды. Ата-аналарыдың қатігездігіне «мені ешкім жақсы көрмейді» деп соған өзін сендіреді. [4.36б.]

Зерттеу қорытындылары көрсеткенднй баланың бойында агрессиялық әрекеттің болуына ең алдымен ата-анасы мен туған туысқандар себепші. Көпшілік ата-ана, отбасының басқа да мүшелері баланың агрессиялық әрекетін тоқтату мақсатында қорқыту, ұрып-соғу әдісін қолданады. Мұндай әдіс агрессияны тоқтатуға күшті болғанымен, дене жазалауының өзі бала үшін үлгі, дене жаттығуына бала басқа балаларды «бағындыру құралы» ретінде қолдануға бейім тұрады

Агрессияның үш түрі бар:

  1. Физикалық агрессия (шабуыл) - басқа адамға бағытталған физикалық күш. Бұл агрессия адамның назарын өзіне бірден аудартады. Мұндай агрессия кезінде бірден балаларды бір-бірінен бөлек алып кету қажет,балалар әбден тынышталған уақытта ғана не болғандығын сұрау, жұбату қажет.

  2. Жанама агрессия - басқа адамға тікелей бағытталмаған күрт туған агрессия. Мысалы: өсек, ызалы әзіл, айқайлау, жер тепкілеу, үстелді жұдырықпен ұру т.б. Мысалы: егер балаға анасы тәтті бермесе, онда ол ойыншықты лақтырып жібереді. Өйткені ол ашуын анасына ашық көрсете алмайды, сондықтан өзінің ашу ызасын басқа затқа аударады.

  3. Вербалды агрессия- негативті сезімдерді айқай, ұрыс арқылы және сөздік жауаптар - қорқыту, қарғау, балағаттау арқылы көрсету. Ата-аналардың көбі балаларына кейбір сөздерді өздері үйретеді. Балалар эмоциясын міндетті түрде сырқа шығаруы керек[4.14б.]

Қазіргі кезде мектепке дейінгі балаларда туындайтын психологиялық мәселелердің көбі дерлік ата-ананың балаға жеткілікті көңіл бөлмеуінен және жақын қарым-қатынаста болады. [2.54 б]

Біздің ойымызша осы және басқа да көп қолайсыз жағдайлар бала психикасының дамуына әсер етеді, бөтенденуіне әкеп соғады.

Мектеп жасына дейінгі балаларда тәрбиелеу отбасы мен балалар мекемелерінде жүзеге асырылады. Сол себепті бала физикалық және психологиялық жағынан дұрыс дамып, жетілуі үшін және де агрессивті мінез-құлқын қалайда жеңу үшін балабақша тәрбиешісі мен психолгінің басты міндеттері: [3. 5б]

  • Ата-ананың ақпаратты дұрыс қабылдауына жағдай туғызу, алдын ала әңгімеге тартып, сол тақырып көлемінде түсінігін бақылау, белгілі бір мәселеге байланысты коррекциялық тәрбие жұмыстарының даму ұзақтығына психологиялық даярлығын қалыптастыру.

  • Отбасы мүшелерін,ата-аналардың өзін кінәләу сезімін, стресті жену, эмоционалды тұрақтылық туралы жұмыс жүргізу. Отбасы мүшелері осы дағдарыстың дамуын бағалау, көңіл бөлу және жеңу жолдарын, тәсілдерін меңгеріп, отбасыішілік ресурстарды табуы қажет. Психологиялық көмек алу үшін арнайы мамандар мен кездесу ата-ана тарапынан бала туралы ақпаратты жасырып, шындықты айтпауға әкеледі. Оларда өзіндік мотивация, шынайлылық болмайды. Сондықтан алдымен ата-ананың мотивациясын көтеру жұмыстарын жасау керек. [3.210б]

Біз бұл проблеманы шешу үшін әлеуметтік әрекетке бағытталған тренингтерді, психолгиялық ойындарды өткізуге кеңес береміз. Тренинг балалармен ойын түрінде ұйымдастырылады. Ертегі мен өлендерді сахналау балаларды бір- бірімен жақындастыруға, бір-біріне сыйластықпен қарым-қатынас жасауға үйретеді.

Мысалы: «Бауырсақ» ертегісінде бала екі рөлді: бауырсақ және түлкіні ойнауы қажет. 3-4 жастағы балалар үшін тақпақ түріндегі ертегілер тиімді. 4-5 жастағылар үшін қысқа ертегі мен әңгімелерді тандаған жөн.

Тренинг мындай жаттығуларды қамтиды:

«Бөліс» - балаларға ойыншық пен әткеншектегі орны мен бөлісуді ұсыну керек; кіммен кедергісіз бөлісетінін бақылау қажет. Жыласа, ойыншығын өзге біреу алып қойса оған аяушылық көрсетуін ұсыну.

«Күлдіргіш» - балалар арасынан «еш күлмейтін» баланы тандау, қалғандарына оны күлдіруді ұсыну.

«Қорға» - өз досын ертегідегі жағымсыз кейіпкерлерден, жаңбырдан, қардан қорғауды ұсынасыз.

Агрессияны табиғат, құс дыбыстары, жазылған әуендер басады. Сонымен қатар саз балшықпен, пластилинмен, құммен жұмыс түрлері агрессияны тоқтатады.

Біз өз тәжірибемізде осы кеңестер мен ойындарды пайдалана отырып, бұл ойындар балаларды агрессиядан жеңілдетіп қана қоймай, таным процесстерінің дамуына мүмкіндік жасайтынына көз жеткіздік.

Тағы агрессияны жою үшін келесі кеңестер ұсынамыз:

  • Отбасындағы ата-аналар мен балалардың өзара қарым-қатынасын талдаңыз.

  • Отбасылық қарым-қатынасты қалыпкқа түсіріңіз.

  • Балаңыз қандай болса, сондай түрінде көріңіз және оны кез келген кемшіліктерімен қоса жақсы көріңіз.

  • Баладан бір нәрсені талап еткенде, оны жас мөлшерлік және жеке ерекшеліктерін есепке алыңыз.

  • Жағдайды алдын-ала болжай білуге және баланың қызығушылығын басқа арнаға жіберуге тырысыңыз.

  • Оны ересектермен және балалармен қарым-қатынас жасауға үйретіңіз.

Дарынды психолог әрі педагог Ж.Аймаутовтың «Дәрігер адамның денесін сауықыратын болса, мұғалім адамның ақылын, мінезін, жанын сауықтырады» деген қағидасын ұстана отырып, өркениетті заманында жас ұрпақты тәрбиелеуге, педагог мамандарымен бірлесе отыра жұмыс жасап, тәрбиенің тиімді болу жағын қарастырған жөн.





































































Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Ф.Бисақова, Ш.Мамашбаева «Отбасылық дағдарыс психологиясы» «Фолиант» баспасы , 2010.

  2. Ш.Сатиева. «Даму психолгиясы» «Фолиант» баспасы ,2012ж.

  3. «Бала мен балабақша» журналы № 4,10.

  4. «Қызықты психология» журналы №9,13. 2013 ж.









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал