- Учителю
- Дүниетану сабақтарында оқушылардың ойлау әрекеттерін дамыту тапсырмалары
Дүниетану сабақтарында оқушылардың ойлау әрекеттерін дамыту тапсырмалары
Оқушының оқу әрекеті
Оқу танымдық әрекет-шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті.Танымдық қажеттіліктен, таным әрекетінің негізінде оқушыларда танымдық белсенділік, ізденімпаздық қалыптасады.Оқушының қызығушылын ояту оларды білім алуға уәж қалыптастырады. Оқушының білімге деген қызығушылығы болмаса білім алуға талпыныс та болмайды. Күштеп оқытып берген білім ұмытылып қалады. Сондықтан оқу баланың өзінің білім алу қажеттілігінен туындау керек деп ойлаймын. Оқушыны білім алуға қызықтыра отырып, оның барлық мүмкіндіктерін оқу әрекетіне бағыттау керек. .Сабақтың бірсарынды болуы баланы жалықтырып жібереді , қызығушылықты төмендетіп, зейінін шашыратып, баланың танымын төмендетеді.
Таным қызығушылығын дамытуда проблемалық тапсырмалар қолдану оқушының ойлау әрекетін белсендіре түседі.
Дүниетану сабағында «Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер» тақырыбы бойынша оқушыларға кактустың қандай белгілері арқылы құрғақшылық өсімдігі екенін ажыратамыз? Барлық өсімдіктер күзде жапырақтарын түсіре ме? деген проблемалық сұрақтар мен танымдық тапсырмалар орындату арқылы оқушылар берілген жағдайға талдау жасау барысында бір -бірімен диалогқа түседі, әртүрлі басқаша ойлар айтады, бір-бірін тыңдайды, тапсырма арасындағы себептік байланыстарды табуға үйренеді
Экологиялық тәрбие беру мақсатында оқушыларға талдауға арналған жағдаяттар ұсынып, олардың өзіндік пікірін тыңдау.
Мысалы , әңгімені талдауға тапсырма
«Әжесі мен немересі орманға саңырауқұлақ теруге барды. Жеуге жарамды саңырауқұлақтар аз да болса кездесіп жатты. Немересі жеуге жарамайтын саңырауқұлақтарды шыбықпен сабалап өтті. Неге олай істейсің ? - деген әжесінің сұрағына немересі - Олар жеуге жарамсыз, тіптен кейбіреуі улы емес пе ?- деп жауап берді»
Баланың әрекеті дұрыс па ? Сен қалай ойлайсың?
Өсімдіктер мен жануарлар тіршілігі мен табиғат құбылыстарынан қызықты мәліметтер келтіру оқушы қызығушылығын арттырады.
Мысалы:
Ең суық жер Антарктида.Қыста ауа температурасы - 73 град.
Ең кішкене құс колибри - 1,5 г
Құрлықтағы ең жүйрік аң - қабылан. 110 км/сағ жылдамдықпен жүгіреді
Жылқылар мен сиырлар тұрып ұйықтайды
Шыбын 2-3 апта өмір сүреді
Ең биік тау - Эверест.
Ең биік болып өсетін өсімдік секвоя , биіктігі 150 метр
Оқушылардың сабақтан тыс уақытындағы әрекеттерін ұйымдастыру оқу танымын кеңейтеді.
Мысалы, табиғатты бақылау күнделіктерін жазу арқылы зейінін дамытады, бақылауды үйренеді, тұрақты танымдық әрекеттерін дамытады. Таным қызығушылығы баланың өзін қоршаған ортаға бейімдей алатын қажеттілігі. Таным қызығушылығы арқылы бала өздерін қызықтыратын құбылыстардың себептерін білуге ұмтылады. Бала өзін қоршаған ортамен әрекеттестікте дамиды. Сондықтан табиғатқа топ серуен ұйымдастыру баланың таным қызығушылығын белсендіре түседі. Маусымдық топ серуендер арқылы балалар жыл мезгілдерінің ауысуына байланысты болатын өзгерістерді бақылай алады. Оны сезім мүшелері арқылы сезінеді. Мысалы сарғайған жапырақтарды ұстап көріп, күзгі жапырақтардың иісін сезінеді. Бақылау арқылы табиғаттағы құбылыстарға түсінік беруге, білмейтін обьектілерді тануға, бұрын білетіндерін жаңа біліммен толықтыруға үйренеді
«Жануарлар мен өсімдіктер тіршілігіндегі маусымдық өзгерістер» тақырыбы
Мақсаты: Жануарлар мен өсімдіктерді , жыл мезгілі мен ауа-райын бақылау. Оқушыларды өсімдіктер мен жануарларды әр қырынан көре білуге үйрету
Тірі табиғаттың түстерінің үйлесімдігі, түрлі пішіндерін әдемілігін эстетикалық қабылдау мен табиғаттың құрамдас бөліктерінің ерекшеліктері, құрылысы, тіршілік әрекеті туралы білуі
Серуен кезінде жыл мезгілдеріне қарай ауа-райын бақылау барысында оқушылардың назарын аспанға, бұлттарға, қоршаған ортаның түсіне, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік әрекетіндегі өзгерістерге аудару. Болып жатқан өзгерістердің бір - бірімен байланысын көрсету , сезіну арқылы табиғаттың біртұтастығын түсіндіру. Оқушылардың бақылауы туралы шығарма жаздырту, сурет салдырту, кеппешөптер жасату арқылы танымдарын кеңейту
Табиғатқа топ серуенге шыққанда оқушыларға арналған дидактикалық ойын
« Ерекше және әдеміні тап »
Мақсаты: Оқушыларды табиғаттағы кереметті, ерекшені, әдеміні көре білуге үйрету
Таным жорықтың өтетін орны - Қоғалыкөл
Ойын әрекеттері: Аталған аймақтағы ерекшелікті, таңғажайыпты іздеу, қиялдау, әңгіме құрастыру
Ойын ережесі: Табиғат кереметтерін табу
Осы ойыннан кейін жалғасын табатын ойын «Қуаныштар мен реніштер»
Мақсаты: Оқушыларды табиғатты қорғауға үйрету. Табиғаттағы адамдардың теріс қылықтарын айыптау
Ойын ережесі: Табиғаттағы әдемілікті көре білу, теріс әрекеттерге ренжу
Ойын барысы:
Мұғалім сөйлем құрастырады, ал оқушылар сөйлемді аяқтайды. Мысалы:
Көлдегі ең әдемі жер ...
Мен ... көргенде қатты қуандым. Маған ... ұнайды. Көл маңында ... өседі.
Мен ... көргенде қатты ренжідім
Дүниетану бойынша «Менің туған қалам, ауылым» тақырыптарын өту барысында сабақтарды туған өлке материалдарынсыз өтуді елестету қиын. Себебі,бастауыш мектепте өздерінің туған өлкесі туралы танымдық қызығушылықтың негіздері қаланады, туған жерге, отанға деген сүйіспеншілік қалыптасады.
Сондықтан да сабақ материалдары оқушыға өзін қоршаған ортаға басқаша көзқараспен қарап, оның жақындығы мен маңыздылығын түсінетіндей етіп таңдалады: біздің мектеп, мен тұратын көше, ұнайтын жазушым, менің ауылымның табиғаты, менің ауылымның мақтаныштары, ауыл ескерткіштері, ауыл мұрағаты. Сонда ғана әр баланың жүрегінде алыста қалған балалық шағының жағымды естеліктері қалады. Оқушыларға осы орайда шығармалар жаздыру немесе туған өлкенің тарихи ескерткіштері туралы зерттеу жобаларын дайындау жұмыстары туған жерге деген қызығушылығын арттырып, ізденіске итермелейді. Зерттеушілік әрекеттер арқылы оқушылар кітаппен, газет-журналдармен жұмыс істеуге үйренеді, қосымша деректер іздейді. Осындай оқушылардың айналысқан зертеушілік жоба тақырыптары «Қыштөбе тарихы», «Туған өлкемнің тарихы», «Ауылымның тынысы»
Бақылампаздыққа арналған тапсырмалар
Төменгі сынып оқушылары көп нәрсені білуге қызығушылық танытады. Осы қасиеттерін «Жүре бақыла»тапсырмаларын орындауға пайдаланамын.Оқушының бақылампаздығын дамытып қалыптастырады.
-
Қандай қар тез ериді: таза қар ма,әлде лас қар ма?
-
Қандай құстар күзде ерте ұшып кетеді?
-
Қандай ағаштар алдымен жапырақтарын сарғайтады?
Халықтың наным-сенімдерді жүре бақылау
1.Қыркүйек жылы ,әрі құрғақ болса, қыс кеш түседі
2. Ағаш жапырақтары төбесінен сарғайса - көктем ерте келеді, төменнен бастап сарғайса, көктем кешігеді
3. Қарлығаштар төмен ұшса, жауын жауады
Өз бетінше шешім қабылдауға үйрететін тапсырмалар
Карточка №1
Балапан ұясынан түсіп қалды.Сен не істейсің?
- Сол орнында қалдырасың
- Балапанды ұясына саласың.
- Үйіңе алып кетіп, торға орналастырасың