7


  • Учителю
  • Сыныптан тыс Аяулы күз, алтын күз!

Сыныптан тыс Аяулы күз, алтын күз!

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Тақырыбы: «Аяулы күз, алтын күз!»



Мақсаты: балалардың күз мезгілі туралы түсініктерін молайту, жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін байқату; табиғатты аялауға, қоршаған ортаны, Отанын сүюге, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: мерекелік кешке орай безендірілген сынып, «Аяулы күз, алтын күз!» атты қабырға газеті, 1 себет алма, күз ханшайымы және оның нөкерлеріне арналған тақ, жеміс-жидек макет, себет.



1-жүргізуші: Айым

-Кеш жарық, армысыздар ұлағатты ұстаздар!

Бармысыздар жадыраған жас достар!

Оқушылар хормен: Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын!

2- Жүргізуші: Еркеназ

Береке, бақ дарыған,

Жомарт көңіл жарқын жаз.

Сары алтынға малынған

Жетті міне алтын күз.

Міне бізге күз де келіп жетті.

Хормен:

Мерекелі күз келді,

Беркелі күз келді.

1-жүргізуші: Табиғат - күллі тіршілік атаулының құтты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің өзіне тән ерекшелігі, жақсылығы, әр түрлі мерекесі, берекесі бар. Соның ішінде күз мезгілінің алатын орны ерекше.

2-жүргізуші:

Күз - адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтан да адамдар күзге берекелі күз, алтын күз, аяулы күз деп баға берген. Алтын себебі, біріншіден, айналаның бәрі сап-сарыбояуға малынған. Екіншіден, алтын байлықтың белгісі. Екеуін атастырып алтын күз деп атаған. Күзде егінді жинап болған ата - балбаларымыз сабан той деп күз берекесін тойлаған. Міне, бүгін сол дәстүрдің жалғасы ретінде «Аяулы күз, алтын күз» атты меркелік кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

1-жүргізуші:

Ендеше, бүгінгі кешіміз күз ханшаймынсыз қалай өтпек?! Бәрімізі хормен күз ханшайымын ортаға шақырайық.

Хормен: Ханшайым3

(Күз ханшаймы ортаға музыкалық сүйелдемемен келеді) Ұлпан

2-жүргізуші:

Қазақ деген даламнан,

Аруақты бабамнан,

Ардагерім әкемнен,

Ақ жаулықты анамнан

Сәлем сізге ханшайым!

Күз ханшайымы:

Армысыздар қонақтар,

Армысыздар жас достар.

- Келді міне, алтын күз,

Сары шашты жарқын жүз.

Мол өнімді әр ісімен

Риза етіп халқын қыз.

-бүгінгі аяулы күз, алтын күз атты мерекелік кешке шақырғандарыңызға рахмет. Енді менің нөкерлерімді тыңдаңдар.

Қыркүйек: Бейбітшілік күні боды -21 қыркүйек,

Тіл күні ғой -22 қыркүйек. Алихан

Әрбір пенде тіл үстарту керек.

Ал күн мен түннің теңелуін айтсам мен:

Ерекше күн -23 қыркүйек.

Қазан: 1-қазан -музыка күні

2-қазан қарттар күні, Нұрәлі

5 -қазан - ұстаздар күні,

25-қазан Республика күні.

Қараша: қарашаны каникулмен бастаймыз,

2-тоқсанды да тәмәмдап, тастаймыз. Әділен

Қыс келгенін білгендей бәріміз де,

Жылы киім жоқ қой деп саспаймыз.

Ханшайым: Рахмет сендерге нөкерлерім. Ал енді жас достар сендердің маған даярлаған сый-сыйапаттарыңды тамашалайық. (ханшайым және нөкерлері отырады)

1-жүргізуші:

Алтын күзді қарсы алып,

Би билейміз, ән салып.

Ұлы тойдай ұлы ісім,

Жаралған ел жыр үшін.

Бақта сұлу жемісім,

Қырда бидай-ырысым.

Бау-бақшаға саяхат. Көкөністер ортаға шығады: Кәусар,Алишер, Ернұр.

2-жүргізуші:

Жер бетінде гүлдеді,

Жер бетінде түрленді.

Жасырылған көмбедей,

Жер астында - түйнегі…

Мұндай жеміс көрдің бе,

оларды сен тердің бе?…

Өсімдікті осындай,

Ал, санайық кел, бірге.

1-оқушы: Ас дәмденер түрленіп,

Пиязды біз бір делік. Кәусар

Екі дейік шалқанды,

Буға піссе ол дәмді…

2-оқушы: Қызылшаны үш деп қой,

Сондай тәтті, тістеп көр! Алишер

Картопты аттап өтпелік,

Саусағыңды төрт деп бүк.





3-оқушы: Күнде жейтін кәдімгі,

Бес дейік біз сәбізді. Ернұр

Өсімдік көп…

Біліп ал:

Қойма дерсің түбін дәл…

Жуа, пияз, сарымсақ,

Секілді де түрі бар…

1-жүргізуші:

Алма-алмұрт албырап,

Жеміс-жидек пісіпті.

Қауын- қарбыз балбырап,

Қамбаларға түсіпті.

Екі бала ортаға шығады: Алихан, Фархат





2-жүргізуші:

ойын: «Кім жылдам?» берілген себетке жерде шашылып ойыншықтарды жылдам жинау.

1-жүргізуші:

Баршаға өнер сүйер жар саламыз,

Үкілі үміттерді қарсы аламыз,

Күйге енейік баршамыз ерекше бір

Сіздер үшін би билеп, ән саламыз.

Кішкентай бүлдіршіндер биі

Ортада би оқушылары « Қолшатыр биі» Айша, Асель, Жаннэль, Малика.

2- жүргізуші:

Бәрекелді, балалар, енді біз «Жұмбақтар әлеміне» аттанайық

1. Бақшадан жер қазып,

Жиып алдым жез қазық.

(сәбіз)

2.Сырты тәтті,

Іші тәтті,

Ортасы сүйек қатты.

(Өрік)

3. Аспай піскен,

Қайнамай түскен.

(Жеміс)

1-жүргізуші: Бияхмет Мансурдың орындауында «Қошақаным қайда екен» әнін қарсы алыныздар

2-жүргізуші:

Қаңғалақтап құлдилайды жапырақ,

Сарғыш тартып мынау дала, атырап.

Күн шуағын жинай алмай тұрғандай

Қатар-қатар шөмелеге шашып ап.

1- Жүргізуші:

Қымбатты көрермендер! «Аяулы күз, алтын күз!»

атты мерекеге қатысқандары үшін кішкентай бүлдіршіндерімізге Күз ханшайымының әзірлеген сыйлығын қабыл алсын!

2 - Жүргізуші:

Тамашалағандарыңызға рахмет, сау - саламат болыңыздар!

</









Бекітемін: Келісемін Қаралды

«№13 ЖОББМ»КММ «№13 ЖОББМ»КММ ӘБ жетекшісі

директоры директорының тәрбие ісі _________А. К. Сагатова

________ Г. Т. Кудиярова жөніндегі орынбасары «___»____ 2016 жыл

«___»____ 2016 жыл ________ С. Ж. Жумабекова

«___»____ 2016 жыл





























«Аяулы күз, алтын күз!»

Сыныптан тыс





Жауапты: Алпысова Н.Н.

































Семей қаласы

2016 - 2017 оқу жылы





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал