- Учителю
- Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қорытынды сабақ. Тақырыбы: «Үйшік» ертегісінде қонақта. Бөлімі: ҚМТҚ
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қорытынды сабақ. Тақырыбы: «Үйшік» ертегісінде қонақта. Бөлімі: ҚМТҚ
Білім беру саласы: Таным. Күні: 24.02.2016
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қорытынды сабақ Тақырыбы: «Үйшік» ертегісінде қонақта өткізген: Р. К. Бабатаева
Бөлімі: ҚМТҚ
Мақсаты:
-
</ 5-ке дейін реттік және есептік санау біліктілігін арттыру .
-
Кеңістіктегі қарым-қатынастар туралы түсініктерін қалыптатыруын жалғастыру, ірі тор көздері бар парақта бағдарлау қабілетін арттыру.
-
Бір-біріне ұқсас екі суреттегі заттарды көлеміне қарай салыстырып, «ұзын-қысқа», «жуан-жіңішке», «жалпақ-тар», «биік-аласа» деген түсініктерін сөйлеу барысында қолдануларын үйретуді жалғастыру .
-
Екі топтағы заттарды саны бойынша салыстырып, оларды әр түрлі әдістермен теңестіру.
-
Шеңбер, шаршы, тіктөртбұрыш, сопақша сияқты геометриялық фигуралар туралы білімдерін пысықтау. Символдақ суреттерден геометриялық фигураларды таба білу.
-
Тәулік бөліктері туралы білімдерін бекіту.
-
Логикалық ойлау қабілетерін, зейіндерін, есте сақтау қабітеттерін дамыту.
Үлестірмелі материалдар: 2 жолақты каротчкалар, кәмпиттер және дөңгелекшелер жинағы, ірі тор көздері бар парақ, әр балаға бір-бір көбелек
Қолданған көрнекіліктер: «Үйшік» ертегінің ойыншық кейіпкерлері, бір-біріне ұқсас екі сурет, геометриялық фигуралардан құралған символдық сурет
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы:
Балалар шеңбер бойымен кілемде тұрады.
- Балалар, сендер ертегілерді жақсы көресіңдер ме?
Бізге қонаққа бір ертегінің кейіпкерлері келді ,сендерге олармен кездескілерің келе ме, олай болса қазір мен сол ертегінің үзіндісін оқимын, ал сендер қай ертегі екенін айтыңдар.
Жазық далада бір үйшік тұр. Шиқылдауық тышқан
тоқтай қалып сұрайды:
- Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
Ешкім үн қатпады. Тышқан үйшікке кіріп өмір сүреді.Жарайсыңдар
балалар, дұрыс, бұл «Үйшік» ертегісі.
Міне, балалар, осы ертегінің кейіпкерлері бізді күтіп қалыпты, бүгін олар сендермен осы ертегіні ойнағысы келеді, ал сендерші?
Бірақ алдымен олардың тапсырмаларын орындау керекпіз. Орындайық па?
Көр- тышқан бүгін бізге неше аң келгенін санап беруін сұрайды
- кім санайды? (5) (2 бала)
- балалар, бақылдаған бақа нешінші болып тұрғанын айтып берулеріңді сұрайды. Ал түлкішек әпкеші?
Сұр қасқыр шы? (оң- сол жақтан)
Балалар біз аңдарға сый-сиапат көрсетіп, кәмпиттер берейік. (үлестірмелі материалмен жұмыс)
- Балалрар, қанша кейіпкер, сонша дөңгелекше карточканың жоғарғы жолағына тізіп қойыңдар.
- Қанша дөңгелекше сонша кәмпит карточканың төменгі жолағына қойыңдар.
- Түлкі алады да бір кәмпитті тығып қояды.
-Бізде қанша кәмпит қалды?
- Енді не кем, не артық? Теңестіру үшін не істеу керек? (екі тәсілді қайталау)
Келесі тапсырманы сендерге секек қоян дайындады.
- Қараңдаршы, қандай әдемі көбелек! Оның ұшуын бақылап көрейік. (Балалар тор көздері бар парақты және көбелектің нұсқасын алады)
- Көбелек ұшып, парақтың ортасына қонды. Көбелек ұшып бір тор көзге жоғарғы қонды. Бір тор көзге оң жаққа қонды. Көбелек қай жерде қонып отыр? Балалр: Оң жақтың жоғарғы бұршында. Т.б.
Түлкішек-әпке де сендерге бір қиын тапсырма дайындап қойыпты, мұқият болыңдар.
- Ол бізге бірдей екі сурет әкеліпті. Бірақ мұқият қарасаңдар, екі суреттің айырмашылығы бар.
- Сол айырмашылықтарды тауып көріңдер.
Сұр қасқыр - тәулік бөліктерін білмей, бәрін шатастырып алыпты, көмектесейік пе?
(сергіту сәт) тәулік бөліктерін анықтауға арналған ойын «дұрыс па-бұрыс па» ойыны
Балалар үстелдерінің қасына тұрады
- Қазір мен сөйлемдер оқимын, сендер дұрыс деп санасаңдар қолмен шапалақтайсыңдар, ал дұрыс емес болса бастарымен шайқайсыңдар.
-Таңертең күн шығады.
-Таңертең жаттығу жасау керек.
-Түнде біз ойнаймыз.
-Кешке түскі асты ішеміз.
-Таңертең балабақшаға келеміз.
-Күндіз біз серуенге шығамыз.
-Күндіз жарқырап аспанда ай тұрады.
-Кешке тісімізді тазалаймыз.
Жарайсыңдар, балалар!
Балалар, ал ертегінің қай кейіпкері әлі бізге келген жоқ? Дұрыс, Аю.
Ол аңдарға үйшік салып жатқан шығар? Міне, ол да келді.
Аю сендерге оның достарына салған жаңа үйшігін және үйшігінің айналасын қандай геометриялық фигуралардан құралғанын білуге ұсынады
Рефлексия Балалар, бүгін сендер бәр тапсырмаларды дұрыс орындадыңдар. Біздің қонақтар сендерге өздерінің фотосуреттерін сыйлағылары келеді, бірақ олар боялмаған, сендер бояған соң олар түрлі түсті болады.