7


  • Учителю
  • Елім менің еңселі сабақ жоспары

Елім менің еңселі сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





Тәуелсіздік 25 жасқа толған күн,

Мерекесі қазағымның ең ұлы.

Мемлекетім дербестігін алған күн,

Бәрінен де ардақ тұтар ел мұны.

Тәуелсіздік! Тәуелсіздік орнаған 25 жыл.

Қандай қуаныш-біздердің тіуелсіз Отанымыз бар.

Қандай мақтаныш --- біздердің ұлан байтақ жеріміз бар.

Біз- жеріміз байтақ мемлекетіміз тәуелсіз деп, халқымыз қанағатты деп мақтана алатын жағдайдамыз. Бүгінде Алла тағала қазақ халқының тілегін қабыл етті. Құдірет күші халқымызға алтын күнді, ақиық қыранды, аспан түстес аңсаған бостандық туын қолға ұстатты. Міне, осындай өрлеумен алға басқан кемеңгер елдің болашағы сіздер мен біздер. Еліміздің төл мерекесі құтты болсын құрметті ата- аналар, бүлдіршіндер.»Айналайын» тобының бүлдіршіндерінің Тәуелсіздік мерекесіне орай ұйымдастырып отырған

«Елім менің еңселі» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Әнұран: Хор

Мұхаммед: Әлем білер атағын,

Айтсам елім атауын

Тіккен дербес отауын

Қазақстан Республикасы

Тәуелсіз менің Отаным!

Әнел: Ауасы дауа,суы бар

Аққан селдей жыры бар.

Қазағымныңтәуелсіз

Елтаңбасы, Туы бар.

Дархан : Ана тілім- тұғырым бола берсін,

Болашағы бейбітшілік нәрін сезсін.

Пайғамбарым бір Алла тірек болып,

Нұрсұлтан атамызға төзім берсін.

Сәулет : Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді

Биік тау, орман тоғай , көлімізді.

Бекзат : Ақпыз, қара, сарымыз,

Ағайынбыз бәріміз.

Барлық ұлттың баласы

Достығымыз жарасқан.

Ән:« Солдат болам мен ертең.»

Бибіфатима: Бақытты боп жүргенім

Сенің арқаң ұлы Отан

Сарқылмайтын қуатым

Тірегімсің сен Отан.

Ақылжан : Елбасы деп ең дана

Мақтанамыз біз, аға

Жайнатамыз даланы

Әсем қала саламыз

Танытатаын өз елін

Біз де сіздей боламыз.

Саябек: Елбасымыз ол біздің

Нұрлы жолға бастаған

Болашаққа жол ашып

Бүлдіршінді қолдаған

Ән: « Ортақ мекен жер шары «

Інжу : Туған жерім кең байтақ, ұлан -ғайыр,

Елбасшысы Отанымның Назарбаев

Нұрсұлтандай атамыз ұстап тұрған

Болашағы қазақстанның бар ғажайып.

Нураддин: Елбасымыз салдырған

Астанамыз ән- думан

Иесі қазақстанның

Біз бақытты балдырған

Жансая: Менің атамекенім

Атамекенім тұрағым

Сөнбейтұғын шырағым

Көк байрағым- айбыным

Қасиетті тұмарым

Дархан: Еңбек етіп табысты

Жібермеймін намысты

Мен әлемге танытам

Қазақ деген халықты

Хор: « Атамекен»

Осымен ертеңгілігіміз аяқталды . Мереке құтты болсын . Сау болыңыздар!.

























«Ақ шағала балабақшасы»МКҚК









</<br>


«Елім менің еңселі »

«Айгөлек» тобы





















Тәрбиеші: Құлбарақова Р

























2016 оқу жылы















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал