- Учителю
- Қарапайым математикадық ұғымдарды қалыптастыру. Тақырыбы: Заттың аз тобына қосу және алу
Қарапайым математикадық ұғымдарды қалыптастыру. Тақырыбы: Заттың аз тобына қосу және алу
</ Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру.
Тақырыбы: «Заттың аз тобына қосу және бір затты алу».
Мақсаты: Балаларға бес санымен таныстыруды жалғастыру, санды ретімен санауға үйрету,ой-өрісін есте сақтау қабілеттерін дамыту. Заттарды салыстыруға үйрету, геометриялық пішіндерді ажырату. Заттың аз тобына қосуды үйрету және бір затты алып, санауды үйрету. Тура және кері санау, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: санау, көрсету, сұрақ-жауап,мақтау-мадақтау
Жаңа сөздер: «аз», «көп»
Қолданылатын көрнекілік: Ойыншықтар, сандар,геометриялық пішіндер.
Құралдар: таратпалы материал
Билингвизм: аз - мало, көп - много
I - Кіріспе бөлім.
Ұйымдастыру кезеңі:
«Амандасу рәсімі»
Қуан,шаттан алақай!
Қуанатын күн келді.
Күліп шықты күн бүгін,
Қайырлы таң, қайырлы күн!
Сұрақ-жауап:
-Балалар, көңіл-күйлерін қалай-
-Олай болса не істейміз?
-Қуанғанда не істейміз?
-Жақсы.
Ауа-райы, жыл-мезгілдері жайлы сұрақ жауаптар
арқылы әңгімелеу
Қыс келді
Қыс келді, қыс келді,
Ақтарып ақ қарды.
Аралап қайтайық,
Ақ күміс бақтарды.
Өткен тақырыбын еске түсіру.
Дидактикалық ойын «Қандай пішінге ұқсайды?»
Шарты бойынша заттарды саллыстыру білімдерін арттыру.
Балалар шаттық шеңберге тұрып бір бірімен амандасып жылы лебіздерін айтады.
-
Жақсы
-Күлеміз
-Қол шапалақтаймыз.
Балалар тақпақтарын мәнерлеп айтады.
Ойынды қызығұшылықпен ойнайды.
Ұйымдастыру ізденгіш кезең
Балаларды беске дейін санатқызу. Бес саны неге ұқсайды табу, тауып айту бойынша ойларын тындау.
Балалардын зейінің сандарға аудару. Тура, кері санау.
5санының мағынасын туралы ұғымдарды түсіндіру.
Балаларға тапсырманы беріп түсіндіру.
Балаларға тапсырманы беріп түсіндіру.
Сергуті сәтін ұйымдастыру.
Сергіту сәті:
Бір, екі, үш
Дем аламыз.
Жинап күш
Тағы, тағы жазамыз
Шаршасақ,
Дем аламыз.
Ойын: «Аз- көп»
Шарты:ойыншықтарды, заттарды салыстыру, мысалы:біреу, көп.
Санамақ айтқызу:
Кел санайық санамақ
Саусақтарды даралап
Бас бармақ-Атам
Балаң үйрек -Әжем
Ортан терек -Әкем
Шылдыр шүмек-Шешем
Кішкентай бөбек ол мен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.
Жаңа тақырыпты мұқият тыңдау.
Балалар беске дейін тура және кері санайды.
Тапсырманың шешуін тауып айту.
Ойынды қызығұшылықпен ойнайды.
Балалар бойларын сергітіп жаттығу жасайды.
Тәрбиешінің көмегімен ойынды ойнайды.
Санамақты қайталайды.
Рефлекциялы-түзету кезең
Іс-әрекетті сұрақ қою арқылы қорытындылау.
-
Бүгінгі іс-әрекетте біз беске дейін санадық.
Белсенді қатысқан балаларды мақтау, мадақтау.
Қойылған сұрақтарға жауап береді. Балалар өз ойларын айтады.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Балалар «аз», «көп» деген ұғымды білу керек.
Болу керек: Балалардың тәрбиешінің түсіндіруімен «аз», «көп» жайлы түсінігі, білімі болуы керек.
Істей білу керек: Мұқият тындап отыру,ойын шартымен ойнау,қойылған сұрақтарға жауап беру.