- Учителю
- Разработка урока Табиғат біздің досымыз
Разработка урока Табиғат біздің досымыз
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
№7 «Балдаурен тобы» Тәрбиеші: Рахметова Ж.Ж
Білім беру саласы: «Таным,әлеумет,коммуникация»
Бөлімі: Жаратылыстану,көркем әдебиет,қоршаған ортамен танысу.
Тақырыбы: «Табиғат біздің досымыз»
Мақсаты: Балалардың табиғат жайлы білімдерін арттыру,табиғат туралы жан-жақты мәлімет беру.
Білімділік:Өсімдіктер әлемі-флора,жануарлар әлемі-фауна туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылық:Өсімдіктер мен жануарлар әлеміне деген жауапкершілік және қорғау қарым-қатынастарын дамыту.
Тәрбиелік: Қоршаған орта табиғатты аялауға,қорғай білуге тәрбиелеу.
Билингвалдық компонент: Природа-табиғат,животные-жануарлар,растения-өсімдіктер.
Көрнекілік-құралдар: Өсімдік,жануарлардың суреттеріжасыл,қызыл текшелер,венн диаграмма.
Мотивациялық қозғаушылық
Құрметті балалар! Мен сендерді «Табиғатпен сырласу» шеңберіне шақырамын. Күндей жарық,айдай арайлы, жұлдыздай жарқын, судай мөлдір таза көңілімізбен бүгінгі күнімізді бастайық!
Армысың мейірімді жер ана!
Армысың мейірімді табиғат ана!Бәріміз табиғатты аялайық
Жақсылықты одан біз аямайық.
Балалар,енді орнымызға отырайық.
Балалар мына әдемі әуенді естіп отырып көзімізді жұмып елестетеміз.
Сендер жасыл шөптің үстінде жүрсіңдер,жалаң аяқ құмды басып жүрсіңдер.
Енді күнге қолдарыңды созып ,күннің жылуын сезініңдер.Әрі қарай жүреміз, бір кезде жел тұрып бетімізден сипап өтті.
Енді балалар,сендер көл жағасына келдіңдер. Таза суға шомылғандай әсер алайықшы?
Балалар,көзімізді ашайық. Айтыңдаршы,сендер табиғаттан қандай әсер алдыңдар?
Балалар көздерін жұмады.
Балалар әуен арқылы көздерін жұмып елестетеді.
Мен жасыл шөптің үстімен жүрдім.Адия.
Ал,мен ыстық құмның үстімен жүрдім. Арман.
Ал мен бетімнен сипап өткен желді сезіндім.Ибраһим.
Ал,мен күннен жылу алдым.Нұрдана.
Ал,мен көлді аяғыммен басып көрдім.Нұртілек.
Ұйымдастыру -іздестіру
Тамаша балалар! Енді жұмбақ шешсек қалай қарайсыңдар?
-
Сатайын десем ауыр кілем,
Сатпайын десем тәуір кілем.
2. Өзен мен көлде тұрады
Көкке де ұшып барады.
Ұшқаннан жалыққанда
Жерге қайтып оралады.
3.Көгілдір орамал-сары дөңгелек
Орамалда жүреді,адамдарға күлкісін сыйлайды.
Балалар,сендер жұмбақтың шешуін дұрыс таптыңдар. Енді мына суретке қараңдар нені көріп тұрсыңдар?
Балалар, табиғат деген ол бізді
қоршаған орта, яғни жер, ауа, күн, ай, су, ағаштар.
Балалар, табиғат нешеге бөлінеді?
Кәне кім айтады табиғат адамға не береді?
Енді мына суретке қараңдаршы мына адамдар орманға не үшін келеді?
Балалар,сендер жана табиғат екіге бөлінеді дедіңдер. Жанды және жансыз. Жанды табиғатқа нелер жатады?
Ал,жансыз табиғатқа ше?
Дұрыс.Балалар,тірі табиғаттың өзі екіге бөлінеді. Олар өсімдіктер және жануарлар болып. Өсімдіктер әлемін-флора деп атаймыз,ал жануарлар әлемін-фауна деп атаймыз.
Балалар өсімдіктер әлеміне ағаштар,гүлдер,жемістер,көкөністер жатады. Жануарлар әлеміне ше?
Шешсек шешейік.
Жер.
Су.
Күн.
Біз табиғат көрінісін көріп тұрмыз.
Екіге бөлінеді.Тірі және өлі табиғат.
Табиғат адамға жемістер,көкөністер береді.
Адамдар орманға дем алу үшін,тамашалау үшін келеді.
Ағаштар,гүлдер,құстар,жануарлар.
Топырақ, жер, су, ауа, күн, жұлдыз.
Ұйымдастыру -іздестіру
Балалар,кішкене тыңығып алайық.
Сергіту сәті:
Дұрыс.Енді келесі тапсырмаға көшейік.Үстел басына барып жайғасыңдар. Мен сендерге тапсырманы түсіндірейін.
Қай бала жасыл текшесі бар орынға тұрса ,сол бала дайын тұрған суреттерден тек қана флораны ғана бояйды. Ал,қызыл текшесі бар орынға тұрған бала ол фаунаны ғана бояйды.
Кәне Арман сен қандай тапсырманы орындайсың?
Өте дұрыс! Ал,Ибраһим сен қандай тапсырманы орындап жатырсың?
Жарайсыңдар,балалар! Енді келесі тапсырмаға көшейік. Ол «Жануарлар мен өсімдіктер әлемі»деген ойын.Ойын арқылы сендердің білімдеріңді тексергім келіп тұр.
Менің қолымда екі сопақша шеңбер бар. Мен оны жартылай бірінің үстіне бірін қоямын, ал, сендер жасыл сопақшаға флораны, қызыл сопақшаға фаунаны орналастырасыңдар.
Нұрдаулет сенің қолында қандай сурет бар?
Мен флораны бояймын, өйткені менің үстелімде жасыл текше бар.
Мен фаунаны бояймын. Өйткені менің үстелімде қызыл текше бар.
Балалар ойынға қызыға қатысады.
Менің қолымда қоян мен оны қызыл шеңберге орналастырамын.
Неге қызыл шеңберге орналастырасың?
Балалар осы екі әлемді не біріктіреді?
Дұрыс айтасыңдар,сондықтан мен екі әлемнің ортасына табиғаттың суретін қоямын.
Балалар кім бізге табиғат туралы жыр шумақтар айтып береді?
Балалар енді шеңберге тұрайық. «Табиғат мейірімді»деген ойын ойнайық.
Өйткені ол жануарлар әлеміне жатады.
Табиғат біріктіреді.
Нұртілек,Арман,
Нұрдаулет,Ағзам.
Ойынның шарты: Табиғаттың адамға беретін қасиеттерін атаймыз.
-Табиғат мейірімді....
-Ағаштар мейірімді.....
-Күн мейірімді.....
-Гүлдер мейірімді.....
Балалар,мынау біздің үлкен тақтамыз. Бұл тақтада екі түс бейнеленген. Қандай түстер? Көк түс нені бейнелейді?Ал жасыл түс ше?
Ендеше осы көк түс біздің аспанымыз,ал,жасыл түс біздің жеріміз болсын.
Біз қазір бұл тақтаға орман кейпін енгіземіз. Яғни флора,фауна әлеміне толтырамыз. Ол үшін сендер маған көмектесіңдер.
Өйткені ол бізді шаң-тозаңнан қорғайды.
Өйткені олар бізге жазда көлеңке болады.
Өйткені ол бізге шуағын таратады.
Өйткені ол адамға жұпар иісін сыйлайды.
Көк және жасыл.
Аспанды.
Жерді.
Балалар бір-бір суреттерді алып жер бетіне жабыстырады. Күн болса жоғары,аған төмен,көбелек жоғары,тас төмен орналастырады.
Рефлексивті-түзетушілік
Балалар,қандай тамаша табиғат көрінісі пайда болды. Сендер бүгінгі оқу қызметін жақсы меңгердіңдер.
Музыка әуені қосылады. Судың сыңғырлаған дыбысы,құстардың әндеріестіледі.
Балалар айтыңдаршы табиғат ана бізді қандай болуға үйретеді?
Дұрыс айтасыңдар,енді бәріміз табиғат анамызға рахметімізді айтайық.
Рахмет сендерге балалар! Осымен бүгінгі оқу қызметіміз аяқталды қонақтарға сау болыңыздар дейміз.
Құстар ән салуға үйретеді,күн бізді мейірімділікке үйретеді,көбелек пен гүлден біз нәзіктікті үйренеміз,жерден төзімділікті үйренеміз,ағаштардан сымбатты болуды үйренеміз.
Рахмет саған жер ана!
Рахмет саған табиғат ана!
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Табиғат екіге бөлінетінін біледі;
Қандай іскерліктерді игерді: Флора мен фаунаны айыра алады;
Меңгерген іскерліктері мен дағдылары: Табиғатқа қамқор болуды меңгерді;
6