7


  • Учителю
  • Сауат ашу Ғғ дыбысы мен әріпі

Сауат ашу Ғғ дыбысы мен әріпі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: «Ғ» дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

І. Білімділік: Оқушыларға Ғ дыбысы мен әрпін таныстыру.

Ғ дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. Ғ дыбысы сөздің басында, ортасында келетінін түсіндіру. Әріптің баспа түрін жазғызу.

ІІ. Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісі мен

шығармашылығын дамыту. Сурет арқылы өз ойларын жүйелі әңгімелеуге дағдыландыру.

ІІІ. Тәрбиелік: адамгершілік қасиеттерін, білімге деген қызығушылығын қалыптастыру.

Әдіс - тәсіл: көрнекілік, сөздік, сұрақ - жауап, практикалық.

Көрнекілік: техникалық құралдар, кеспе әріптер, магнит тақта, «сауат ашу әліппе - дәптері».

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақ типі: аралас

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Үлкенге де «сіз»

Кішіге де «сіз»

Бәрімізді құрметтеп

Бас иеміз біз.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіру пысықтау.









Дыбыс дегеніміз не?

Дыбыс нешеге бөлінеді?

Әріп дегеніміз не?

Әріптерді қайталау (АТПН) сөз ойлау, буынға бөлу, магнит тақтамен жұмыс.

ІІІ. Жаңа сабақ

Бүгін біз тағы бір жаңа әріп өтеміз, ол үшін бізге мына бір жұмбақты шешу керек?

Жұмбақ:

Зымыранмен аспанға ұшады,

Жұлдыздарды зерттейді

Ол кім балалар?

(Ғарышкер)

- Балалар ғарышкер туралы біз не білеміз.

Ерболат: ғарышкерлер ғарышқа,

Байқоңырдан ұшады.

Қарсы алады тағы да,

Біздің елдің құшағы

Ал енді ғарышкер сөзін буынға бөлейік?

Ға - рыш - кер - неше буын?

3 буын, өйткені 3 дауысты дыбыс бар.

Ғарышкер деген сөздегі ең бірінші әрпі ғ әрпімен танысамыз.

Қане айтып көрейікші.

Ғ - дыбысы дауыссыз көк текшемен белгілейміз.

- Ал балалар ғарышкер қайда ұшады.

Ғарышқа - қане буынға бөлейік?

Ға - рыш 2 буын, 2 дауысты дыбыс бар.

Ғ - әрпі сөздің қай жерінде жазылған басында

Ғ - әрпі неге ұқсайды екен?

Ғ әрпі шалғыға ұқсайды.

Шалғы дегеніміз аталарымыз шөп оратын құрал екен.

Шалғы сөзін буынға бөлейік.

Шал - ғы 2 буын, 2 дауысты дыбыс бар.

Ғ дыбысы сөздің ортасында жазылған.

Ерқанат: Шөп шапқан Жақып,

Шалғысын талға іліп жүр

Бес жасар Ғани

«Ғ» әрпін танып, біліп жүр.

Балалар Ғ әрпі 7 санына да ұқсайды екен. Ол қалай ұқсайды екен?

Айзат: Жалқаубек есеп көшіріп,

Сиясы кетпей жабады.

Екінші бетте «жетілік»,

«Ғ» әрпі болып қалады.

Тағы қандай сөздерде кездеседі екен? Сағат, таға, доға, шаңғы.

Сергіту сәті:

Қарлығашқа ұқсайық,

Қане қанат қағайық.

Ұшып - ұшып алайық,

Орнымызға қонайық.

Ал балалар Ғ әрпі былай жазылады. (тақтаға жазып көрсету)

Ал енді ауада жазып көрейік

Ал енді біз таяқшалармен Ғ әрпін құрайық.

Сауат ашу дәптерлеріндегі Ғ әрпін ашайық (дәптермен жұмыс)

Сергіту сәті

Балалар сендерге Ғани деген бала сендерден көмек сұрайды. Ғанидың әуе шарын үрлеп беруімізді өтінеді. Оны ұшыруымыз керек? Сендер мына әріптерді қосып сөз құрасақ, соны оқуымыз керек.

Жақсы балалар сендерге Ғани рахмет айтады. Сонымен балалар Ғ әрпін қайталайық.

Ға 7 шалғы

Ғарышкер

Сағат

Шаңғы

Балалар сендер бүгін сабаққа жақсы қатыстыңдар. Сендер өскенде ғарышкер болыңдар деп сендерге әуе шарларын берейік.







































































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал