- Учителю
- Интегрированное занятие «Көңілді көктем»
Интегрированное занятие «Көңілді көктем»
Қосарланған(интегрированый) сабақ
Екінші сәбилер тобы
Сабақтың тақырыбы : «Көңілді көктем»
Мақсаты: Жыл мезгілдерін ажыратып айта білуге,көктем мезгілін суреттеп әңгімелеп,табиғат көрінісін спаттай білуге дағдыландыру.Балаларды «Алақанмен» сурет салуға үйрету.Тілге тән дыбыстарды дұрыс айта білуге,сөз ойлап,сөйлем құрастыруға,сөздік қорларын пайдалана білуге үйрету.Табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Фланелеграф, фланелеграфқа арналған суреттер,ватман қағазы,алаң көрінісі,сары,көк және қызыл гуашь,сулық.
Сабақтын барсы: Балалармен тәрбиеші топқа кіреді.
Шаттық шеңберге тұру.
Өтті қызық көп күндер,
Төрт жасқа жеткендер.
Өсті,міне бойларым,
Өсті,міне ойларым.
Әдепті болып өсеміз,
Иіліп сәлем береміз.
Сәлеметсіздер ме? Қонақтар.
Тәрбиеші: Балалар, бүгін күн қандай тамаша.Күннің көзі қандай!Ол бізге нұрын төгіп жылытып тұр,көңілімізді көтеріп.
Өлен оқып флонелеграфпен көрсету.(әуен)
Таңертен күн оянды, (күннің көзін қою)
Күнім төкті нұрын (шуақтарын қою)
Қар еріді су ақты (жылғалар,су)
Күндер келді шуақты.
Байтақ далам келбеті,
Түкті кілем сияқты (шөп)
Бау -бақшам,орманда
Құстар әні төгілді.(құстар)
Ағаш басы бүршік жарып
Жап-жасыл боп көрінді.(жапырақ)
Аңдар ұйқысынан оянды.
Ақ қар еріп,су көбейіп
Сай салаға толады
Ағаш басы бүршік ашып
Гүл бәйшешек толады
Айтындаршы,бөбектерім
Бұл қай кезде болады?
Балалар: Көктемде.
Көктем,қандай көңілді
Көктем нұрын төгеді
Кел балалар,бәріміз
Қарсалайық көктемді.
Өлең оқып тәрбиеші балаларға көктемнің көрнісің жеткізу.
Тәрбиеші :Балалар сендер серуенге барғыларын келеме?
Балалар: Иә.
Менім серуенге барғым келеді.Бүгін сендерді орман алаңына шақырам.Сендер дайынсындар ма?
Балалар: Иә.
Тәрбиеші: Жақсы ендеше көзімізді жұмайық.Сендерге сыйқырлы сөз айтам : серуенге аттанамыз бір,екі көзіміді ашайық алаңда біз болайық. ( Сол кезде паластың үстінде гүлдер, орман даусымен әуен жүреді).
Тәрбиеші: Қарандаршы ,алаң қандай әдемі.Балалар естіп тұрсындарма(құстар әнін) аяғымыздын астында қарайықшы (гүлдер)Айтындаршы орман неге өзгеріп кетті,қазыр жылдын қай мезгілі?(көктем)
Тәрбиеші: Көктемнің ?( балалардың жауабы :күнін көзі жылытады,қар ериді,жылғалар пайда болады,күн ұзарады,құстар ұшып келеді, жеңіл киінеміз,жел соғады,гүлдер шыға бастайды.)
Тәрбиеші: Қанша гүлдер біздің алаңда?(көп)
Тәрбиеші: Кәне,балалар иіскейік оларды.
Тыныс алу жаттығуы: «Гүдердің иісі»
(Мұрын арқылы деммізді ұстап,ақырын шығару «А-ах»)
Тәрбиеші Ал енді біз гүлге айналайықшы.
Сергіту жаттығуы «Гүлдер»
Балалар жартылай отырырады,біздің әлсіз гүлдер ақырын жапырақтарын ашады, қолымызды жоғары көтереміз. Жел соғады сабақтары шайқалады әрі-бері.Әлсіз гүлдер ақырын жапырақтарын жабып, қолымызды түсіреміз,отырамыз басымызды шайқап «ұйықтаймыз».
Тәрбиеші: Ал енді ойын ойнайық
Ойын «Көктем қандай»(Доппен ойнау)
Ойынның шарты: қазыр доп лақтырам әр біреуіне. Кімге лақтырдым сол бала айтады : Көктем қандай? (әдемі,ерте,көңілді,жылы,жарық,мейрімді кеш,нұрлы,т.б)
Тәрбиеші: Өте жақсы.Ал енді біз сиқыршы болайықшы.Біз ашық көңілді, нұрлы көктемнің күннің көзін саламыз,жерді жылытып, жерде гүлдер өсіп шығады.
Жеңдерінізді түріп маған қарандар,біз күннің нұрын саламыз.
(Үлкен ақ (ватман қағаз) қағазда дайын дөңгелек- күннің көзі).
Тәрбиеші өзі көрсетеді,гүлдін үстінгі жағына алақан танбасын салады.Қолымды сулықпен сүртем.
Алақанымызды сары бояуға малып дөңгелек шетіне қол танбамызды саламыз.Дөңгелек шетінде менің алақанымның қол танбасы қалды.Қолым не болды.Балалардың жауабы(кір).
Тәрбиеші: Иә,қолымызды дымқыл сулықпен сүртем.Енді алақандарынды асықпай бояуға малайық та дөңгелек шетіне алақан танбасын қалтырамыз.
Қандай түс -сары.Өте жақсы.
Қиналған балаларға көмек береді.Бітірсек қолымызды сулықпен сүртеміз.Жер бетіне күн сәулесі жылуын берген соң, гүл өсіп шығады.Ал енді гүлді салайық.Гүлді де алақанмен саламыз.
Тәрбиеші өзі көрсетеді,гүлдін үстінгі жағына алақан танбасын салады.Қолымды сулықпен сүртем.
Қарандаршы,балалар қандай әдемі болып шықты.Танырқап өздері салған суретке қарайды.Біздің бірінші гүлдеріміз пайда болды.
Сабақты қортындылау.Балалармен сұрақ-жауап.
Өте тамаша,балалар бүгін бәрін жақсы жұмыс істедіңдер.Қазыр барып қолымызды жақсылап жуамыз.
Қонақтармен қоштасайық. Сау болындар!