7


  • Учителю
  • Балабақшаға жаңадан келген баланың бейімделуі

Балабақшаға жаңадан келген баланың бейімделуі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Тақырыбы: «Жанадан келген баланың балабақшаға қалыптасуы».



Ұлы педогогтардың пiкiрiнше, м.ж.д. баланың эмоцианалды көңілінің дамыуы оның тәрбиесiнiң ең маңызды шарттарының бiрi болып табылады. Мектеп.ж.д.баланың эмоционалды күйзелуі болашақта жеке тұлға болып қалыптасуы үшін қауіп-қатер тудырады. Баланың iшкi эмоция көңіл-күйінің қатынасы әлеументтік жағдайы даму үшін ықпал етеді.

Міне осыған орай м.ж.д.баланың эмоционалды,әлеументті және адамгершілік жағынан дамуы тығыз байланысты деген ұғым қалыптасады.

Қазіргі заман педагогика ғылым тұрғысынан қарасақ сәбидің әлеументтік-эмоцианалды дамуы ол , м.ж.д баланың өте күрделі социолизациялық мәселесі.

"Социализация - әлеуметтiк ортаға баланың бейімделуінің күрделi, көп жоспарлы процессi. Бұл мәдениеттену, адамгершiлiк құндылықтардың жүйелері.



Мынадай негізгі мақсаттар ерекшеленедi:

Мектепке дейiнгi ересек жас балаларының әлеуметтiк және эмоцияналды салаларының жұмыстардың мазмұнын анықтау..

Балалармен жалпы дәстүрлер, адамгершілік қағидалары туралы ойластыру жене өткізу.

Бала-бақшада баланың бейiмделуi қалай болады?

Баланың бақшаға алғаш келуі ол бала организмі мен психикасы үшін өте күрделі процесс.

Ол шынымен жаңа кезеңге өтедi, организмның дамытуы үшiн жаңа шарттар енгізіледі..

Мамандар баланың балабақшаға бейімделуінің (адаптация) 3 негізгі түрлерін ерекшелейді: жеңiл, орташа және ауыры.

Жеңiл бейiмделуі - балабақшаға келудің алғашқы күнінен бастап баланың тәбеті төмендеп, балалармен ойнауға ниеті жоғалады, бiрақ бұл бастапқы 10-20 күндей болады. Ата-аналар баласының бiрiншi айда кенеттен

ауыратынын есте сақтауға керек, бiрақ ауру зардапсыз 7-10 күннен аспайтын түрде өтедi.

Орташа ауырлау бейiмделуi -балалардың эмоционалдық кқңіл-күйі нормада (20-40 күндерден кейiн) ұзақ мерзiмнен астам келедi. Алғашқы екi ай бойы балада тілдік немесе физикалық белсендiлiктiң нақтылы өзгерiстерi байқала алады. Бұдан басқа, балаларда 30-40 күндерде салмақтың ептеген жоғалтуы байқалады.

Баланың ауыр бейiмделуi - (пневмония, бронхиттер, құлақтың қабынуы және тағы басқалар) кедергiлермен ағатын көп ауруларда (бала көп жылайды, анасынан ажырағысы келмейдi, отыруға арналған жағдайда ұйықтайды, бұғады,мiнез-құлықтағы табанды өзгерiстерi болады. (өсу, салмақ) физикалық көрсеткiштер де, зерделi дамыту да ауыр формасы бар балалардың бейiмделулерiнде балабақшада кенет баяулайды. Егер баланың күйi 60 күннен астам бiр ыңғайланбаса ата-аналар шара қолдану керек.

Психологтар баланың бейiмделуiн жеңілдету үшiн бірнеше негізгі жаттығуларды қабылдауына көңіл бөлу керек.

Баланы бақшаға баруға алдын ала әзiрлеуi, және үйрету (горшокпен қолдану қасықтар, шыны аяқ, пайдалану, жуыну) өзiне қызмет көрсетудiң дағдыларын балдырғандар сөзсiз жасайды.

Сәбидің ата-аналарымен бiрге алдын ала мектепке дейінгі мекемеге кiрiп-шығуы, топ бөлмесімен және тәрбиешiлермен, бақшаның тәртiбiмен танысуы керек. Балабақшаға баласын беретiн, ата-аналардың алдында бақша туралы тек қана жағымды сәттерді балаға айтуы, сонымен бiрге баланың жанында аз уақыт қалуға мүмкіндік беруге болады.Ата-анасы баласын бақшаның ауласында серуенге шығарып балаларды бақылатады.

Балабақшада баланың машықтануы 1-2 сағаттан бастауға керек, бiр жұмадан кейiн түскi тамақ және ұйқыға қалдыруға талаптануға болады. Ата-аналар қашан бала күні бойы қалдыруға мүмкiн болатынына көз жеткiзгенде қалдырады.

Сәбидің жеке басының дамуы ерте кезеңнен басталады. Баланың дамыуында ықпал етуші ол бала өмірінде кездесетін жағдайлардың түгелдей дерлiк бола алады! Баланың даму процессiндесiнде ересектер үлкен ықпал етеді. Бiрақ баланың дамыту ортасына беру өз ерекшелігімен көрінеді. Баланың эмоцияналды көңіл-күйін дамытуы, баланың тілін дамытуы, баланың психикалық және психологиялық дамытуы - баланың жан жақты дамытуы жанашыр адамдардың қатысуысыз өте қиын болар едi.

21-ғасырда телевизор, интернет, реклама,т .б

Баланың дамуына әсер етпейді деу мүмкін емес.Медия-деген үлкен «әлем терезесі» деуге болады,мұнда ең бастысы кішкентай сәбилеріміздің осы «терезеге» дұрыс қарай білуге ықпал ету.Сондықтан баланың аналитикалық қабілеттілігі мен ойлау жүйесін дамыту.

1ден 3 жасқа дейінгі баланың эмоционалды көңіл-күйінің дұрыс дамыту үшiн оның жетiстiгiн дәлелдеп, үнемі мадақтау маңызды.





































Тақырыбы: «Мектепке дейінгі ұйымда тіл дамыту жұмыстарындағы заман талабына

сай әдістер мен тәсілдер».





Егеменді еліміздің талабына сай мемлекеттік тілді меңгеру, оқыту, қазіргі заманға сай білімді де, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу педагогтар еншісінде. Мектепке дейінгі балаларға тәрбие мен білім беру жұмыстарын ұйымдастыруда олардың сөйлеу, тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу мәдениетін жетілдіруге, құрастыра сөйлеуге, сөздік қорының молаюына баса көңіл бөлген жөн.

Заман өзгерген сайын әдіс - тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып жатыр. Балалардың тілін дамытуды, қызықты үйрету үшін жаңа әдістер мен технологияларды өз тәжірибемізде қолдануға ізденеміз. Жаңа технологияны, әдіс - тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын арттырады. Сонымен қатар тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу барысында балалардың жас ерекшелігін ескеру әдіс-тәсілдерді таңдаумен сай келеді, сабақ өткізгенде бірінші орынға ойын және ойын түрлері қойылады. Ойын - оқу үдерісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық санат. Тіл дамытуда ойынды көрнекі құралдар, түрлі суреттер , кестелер, ойыншықтар, музыка және т.б. материалдар сабақты көркемдеп отырса, балалардың сөздік қоры біршама толығады, ауызша сөйлеу түрлері кеңейеді. Әрбір сабақта ойын түрлерін және өзара сөйлеу үлгілерін тақырыпқа сай қолданған жөн және тиімді. Тіл дамыту барысында ойын элементтерін дидактикалық материал ретінде пайдаланудың пайдасы бар. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді.

Ойын сабақтың басында - өткен сабақты еске түсіру.

Сабақтың ортасында - көңіл-күйін сергіту, ерік-жігерін дамыту, сабаққа ынтасын арттыру.

Сабақтың соңында - тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді.

Ойын арқылы балалардың тілдерін дамытып, сөздік қорын байытады, жаңа материалды жақсы қабылдайды, есте сақтайды, зейіні дамиды, қызығушылығы артады. Мектепке дейінгі ұйымдарда сөздік қорды дамыту жұмыстары түсіндіру, сұрақ- жауап, сөйлесу, әңгімелесу, әңгіме, көрнекілік әдіс - тәсілдер арқылы жүзеге асады. Сөздік қорды дамытуға бағытталған әдістердің жалпы міндеті - сөздің мағынасын дұрыс түсініп, оны өз сөзінде дұрыс қолдану.

Түсіндіру әдісі - жаңа сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді түсіндіруде қолданады. Сабақ сайын үйретілетін жаңа сөздер бойынша, яғни сөздік жұмысында іске асады.

Көрнекілік әдісі - сабақ сайын жүргізілетін әдіс. Балаларға түрлі суреттер мен заттарды, ойыншықтарды көрсету арқылы сөздерді үйретуге болады. Көрнекілік тақырыпқа сай, көзге тартымды болуы керек .

Мысалы : «Ұлттық заттар» тақырыбын өткен кезде киіз үйдің суретін көрсету арқылы немесе кәдімгі ойыншық киіз үйді көрсету арқылы жүзеге асырылып отырады.

Мысалы: Алма сөзін алманы көрсету арқылы ұғындырамыз. Бұл әдіс - жеміс- жидектер, ойыншықтар, тағамдар, тақырыптарында жүзеге асады. Әр түрлі тірек кестелер және таблицалармен сөздерді, сөз тіркестерін үйретуге болады.

Мысалы, алманы сипаттау: алманың түсі қызыл, пішіні - домалақ, дәмі - тәтті. Ол ағашта өседі, жеміс. Мен алма жеймін.

Мысалы, жемістер - көкөністер тақырыбына байланысты «Дүкен» ойынын ойнауға болады.Үстел үстіне жемістердің муляждарын «сатуға» қойып, ойнау. Бала дүкен ойыны кезінде дүкенге кіріп амандасады, керек затын сұрайды. Маған алма беріңізші. Қандай алма аласыз? (түстерді ажырата білу). Мынау ащы, тәтті деген сөздер сөйлемде қолданылады.

Осы тақырыпқа байланысты мынадай ойындар өткізуге болады: «Дәмінен ажырат», «Не артық?», «Қанша жеміс көрдің, соншама қол шапалақта», балалардың назарын бақылау үшін кез келген сөзге емес тек қана жемістерді естігенде шапалақтау, жұмбақ жасыру, мысалы түсі қызыл, сары, дөңгелек тәтті ағашта өседі - бұл не? және де басқа да тақырыптарға келтіруге болады.

Дыбыстық жаттығуларды өткізуде балалар сөздердегі қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттығады, дауыстың ырғағы дамиды.

Мысалы: шақ - шақ - шақ - кішкентай құлыншақ.

Ыр- ыр - ыр - ырылдайды қасқыр.

Балалардың дүниетанымын кеңейтіп, ойын өрістетіп, тіл байлығын жетілдіруде көркем әдебиеттің алатын орны ерекше. Балабақшада балаларды дұрыс сөйлей білу мәдениетіне айнала қоршаған ортамен, сондай-ақ көркем әдебиетпен теңестіру арқылы жүзеге асыруға болады. Әрбір ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде дидактикалық ойындарды қолдану арқылы балалардың қиялын шарықтатып, ойлау қабілетін ұштауға болады.

Дидактикалық материалдармен балалар жаттыққан сайын олардың зейіні, тапқырлығы, ынталылығы, өзіндік ойлау жұмысы дами түседі. Балаға әңгімелеп айтуға, оқып тыңдауға, жаттауға арналған материалдар олардың даму деңгейіне, жас шамаларына лайықты болу қажет.

Балаларға топтардағы суретті кітапшаларды көрсетіп, мазмұнын айтып беру қолайлы. Бұл жастағы сәбилерге оқиғасы сәтті аяқталатын, қорқыныш сезімін тудырмайтын болу керек.

Оларға «Бесік жыры», «Бауырсақ», «Торғай», «Мақта қыз бен мысық» сияқты шығармалар арқылы дыбыстарды анық айту, байланыстырып сөйлеу, әңгімелей білуге үйретуге болады.

Ертегі сахналау арқылы балаларды рольге бөліп беру, әр кейіпкердің дауыстарын келтіріп айтуға машықтандыру қажет.

Шығармаларды оқыған кезде іс-әрекеттерге байланысты жаңа сөздердің мән-мағынасын түсіндіріп отырған жөн.

Дыбыстарды анық дұрыс айта білуге жаңылтпаштардың да орны ерекше. Ал жұмбақ баланың сөйлеу қабілетін дамытады. Жұмбақтың шешуін табу арқылы заттардың, жан-жануарлардың, киім-кешек аттарын есте сақтау қабілеті күшейеді. Бала тілін дамытуда мақал-мәтелдердің де алатын орны ерекше. Қазақтың мақал-мәтелдерінің көбісі елдікті, ынтымақты, жақсы мен жаманды ажыратуға мүмкіндік береді.

Балалармен күннің ІІ жартысында ойналатын дидактикалық ойындар, желілі - ролді ойындары арқылы сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға болады.Әрбір сұрақтарға толық, әрі нақты жауап бере білуге дағдыландыру керек.

Естігендерін қайталап айтып, қандай кейіпкердің бар екенін балалар айтып берді. Сонымен қатар сөздік жұмыс жүргізу, сұрақ-жауап ала отырып, сөздік қорларын байытып, әңгімелей білуге үйрету.

Көркем шығармалармен балаларды ерте кезден таныстыру, оқыту тәрбиелеу істерінде қолданып отыру арқылы балаларды еркін сөйлеуге, түсініп, мәнерлеп айтуға дағдыландыру керек.

Қорыта айтқанда, балабақшада балалардың тілін дамытуда әрдайым әдіс-тәсілдер ізденуде болу керек. Ойын - балалардың негізгі іс - әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Сондықтан да тіл дамыту сабақтарында сөздік қорын байытуға ойын элементтерін пайдаланудың балалардың ой белсенділігін арттырудағы маңызы зор.

























Тақырыбы: Бала тілін дамытудың маңызы



Ұрпақ болашағы - тәрбие мен білімде.

Жас ұрпақ тәрбиесі сияқты үлкен міндетті шешуге мектепке дейінгі қоғамдық тәрбиенің орны ерекше. Олар өмір есігін жаңа ғана ашқан жас буындар денесінің, ақыл - ойының, сана - сезімінің дамуына, адамгершілік қасиеттері мен эстетикалық талғамның қалыптасуына жағдай жасайды.

мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мақсатты қоғам талабынан туады. Өйткені елімізге Отанын сүйетін, білімді, моральдық бейнесі жоғары, шығармашылық еңбекке бейім, рухани дүниесі бай, жетілген адамдар қажет.

Тәрбие мақсатын анықтау - қашанда қоғам шешетін қажетті мәселе, өйткені жас ұрпаққа білім мен тәрбие берудің жүйесін құру, қоғамдық тәрбие орындарының типтері, оқу - ағарту мекемелерінің сипаты, оқу - тәрбие жұмысының мазмұны, әдісі, формасы тәрбие мақсатына байланысты анықталады.

Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің алғашқы буыны болып табылатын мектепке дейінгі кезеңде балалардың ақыл - ой қабілетін жан - жақты дамыту және тәрбиелеу мәселесіне ерекше мән берілуде, себебі осы кезеңде балалардың ақыл - ой қабілетін дамыту мүмкіндіктері мол. Ғалымдардың пікірінше табиғи жаратылысында ақыл - ой қабілетінің алғашқы шарттары 50 - 60% байқалған. Баланың ақыл - ой ерекшеліктері жаратылысынан шығармашылық, ізденімпаздық сипаттарға ие, алайда оны дұрыс бағытта дамыту жағдайлары әрқилы, сондықтан баланың ақыл - ой қабілетін дамыту, оның нақты бағыттарын айқындау ең алдымен оның жас және дара ерекшеліктерін ескеріп тәрбиелеуге байланысты. Балалардың толыққанды ақыл - ой тәрбиесін сенсорлық процестерді қалыптастырудан бастау қажет. Ойлау әрекетін дамыту сөйлеусіз мүмкін емес. Бала тілді меңгере отырып заттар, олардың қажеттері, белгілі туралы білімдерді игере бастайды. Нақты бағдарлама мазмұнына сай балалар қарапайым математикалық ұғымдарды меңгеру негізінде санау, салыстыру, заттардың ұғындырып, енін, биіктігін өлшеу, сұйық және сусымалы заттардың көлемін шартты өлшеуіштердің көмегімен өлшеу, сондай - ақ жиын, сан, есептеу ұғымдарын да дидактикалық және танымдық ойындар арқылы үйренеді.

Білім берудің ең төменгі сатысы - мектепке дейінгі кезең және тұлғаның даму іргетасы, оқу әрекетін қалыптастырудың ең қуатты кезеңі. Бұл сатыдағы баланың есте сақтау қабілеті, қабылдауы төмен болғанымен білуге құштарлығы зор болады.

Даму ортасының негізінде тұлғаның дамуын қамтамасыз ететін мектепке дейінгі білім беру мекемесі, баланың тұлғасын дамытуда оның жеке ерекшелік мүмкіндіктерін ашып, таным белсенділігін қалыптастыру мақсатында мынадай міндеттерді шешуі шарт.

- Баланың ішкі белсенділігін дамытуға арналған қажетті мүмкіндіктер жасау;

- Әр балада оның жеке дара қасиеттері мен қабілеттерін ашып, олардың өмір сүруге қажетті салаларға орнығуына мүмкіндік көрсету;

- Әр баланы тұлғалық ерекшеліктерін ашып көрсетуге және оны дамытуда көмегін тигізетін жаңа жолдарды іздестіру;

- Әр баланың тұлғасына деген құрмет пен сүйіспеншілікті қамтамасыз ететін қарым - қатынасты орнату;

- Тұлғаға әсер етудегі белсенді әдістерге бағдар жасау;

Мұндай педагогикалық технологиялардың жан - жақты тарағаны оң нәтижесін танып жатқан бірқатар түрлерін атауға болады.

- Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы арқылы әлемді, шарлау, эссе құру, тірек сызбалар әдістерін үйренсе.

- Ойын арқылы оқыту, білім беруді ізгілендіру технологиясында қарапайымдылық, кішіпейілділік, өзара түсінушілік сезімдерін баулиды.

- Оқытудың ақпараттық технологиялары арқылы мультимедиялық құралдарды пайдалану.

- Психофизиологиялық талаптарды басшылыққа ала отырып компьютерлік ойындарды қолдану. Мектепке дейінгі балалардың ата - аналарына кездескен проблемаларды бірлесіп шешу мүмкіндігін бере отырып, оларды білім беру мен тәрбие беру процесіне тартуға міндетті.

Отбасында ата - аналарға педагогикалық білім өте қажет, себебі ата - ана бала тәрбиесінің мақсат, міндеттерін айқын түсінбей бала тәрбиесінің жолдары мен амалдарын ойдағыдай іске асыра алмайды.

Ата - аналармен әңгіме кезінде өсіп келе жатқан сәбидің мүмкіндіктері зор, бірақ олар шексіз емес екендігін олармен бірге өткізілетін тренингтерде ескерту қажет.

Баланың мүмкіндіктерін ескермей дамуды жеделдетуге болмайды, сондай - ақ даму барысында кідірісте болмау қажет. Сондықтан ата - ана ерте сәбилік және мектепке дейінгі жастағы балалардың дамуының психофизиологиялық көрсеткішін білуі маңызды.

Бүгінгі таңда біз «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың» жаңа стандартымен жұмыс істеудеміз. Оқу жүктемесі 5 білім саласы бойынша жүргізіледі: Олар «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта».

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі мазмұны білім беру қызметінің нәтижесі ретінде баланың құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған.



1. Денсаулық сақтау құзіреттілігі:

- өзінің физикалық денсаулығын ойлауға және тіршілік іс - әрекетінің

қауіпсіздік ережесін сақтауға;

- қозғалыс дағдыларын меңгеруге;

- түрлі оқиғаларға қатысты өзінің эмоциялық күйін білдіруге;

- денсаулық сақтау негіздерімен жеке бас гигиенасының дағдыларын меңгеруге мүмкіндік береді.

2. Коммуникативтік - тілдік құзіреттілік:

- ауызша қатынастың алуан түрлі құралдарын ана тілінде және басқа тілдерде қарым - қатынас пен өзара іс - әрекет құруда пайдалануға;

- тілдің қажетті лексикалық және грамматикалық құралдарын талдау және оларды ойындарда, сөздік шығармашылықта және іс - әрекеттің басқа түрлерінде пайдалануға мүмкіндік береді

3. Танымдық құзыреттілік:

- қоршаған ортаға қызығушылық білдіруге;

- алға қойылған міндеттерге парапар қызмет тәсілдерін таңдауға;

- алға қойылған мақсатқа жетуге;

- экологиялық білімді меңгертуге;

- сұрақтар қоюға, эксперимент жасауға, себеп - салдарлық байланыстар орнатуға;

- құрастырылымдық іс - әрекеттегі ойды жүзеге асыруға;

- заттарды олардың жалпы түсінігі негізінде біріктіруге және оларға ауызша анықтамалар беруге мүмкіндік береді.

4. Шығармашылық құзыреттілік:

- музыка, өнер туралы білімдер негізіне қызығушылық танытуға;

- көркем туындылар және халықтық шығармашылыққа өзінің қатынасын білдіруге мүмкіндік береді;

- көркем құралдармен (түс, ырғақ, пішін, композиция және т. б.) жеке көркем образдар жасауға мүмкіндік береді.

5. Әлеуметтік құзыреттілік:

- тәртіпке парапар мінез - құлықтың баламасын таңдауға;

- өз мүмкіндігінің шегін білуге;

- ересектермен және құрдастарымен бірлескен қызметке қосылуға;

- қазақ және Қазақстан Республикасында тұратын мәдени құндылықтарын түсінуге мүмкіндік береді.









Тақырыбы: Экологиялық білім беру мен тәрбие



Экология - бүкіл адамзат баласының шалыс басқан әрбір іс-әрекетіне келешекте шек қоятын, оның тыныс-тірішілігіне тікелей ат салысатын ғылымның жаңа саласы. Ол қоршаған ортаны кесапат жағдайлардан, кейбір көлденең оқиғалардан сақтауға, табиғат пен арадағы тепе- теңдікті қалпына келтіруге бағытталған маңызды мемлекеттік және әлеуметтік шара.

Экологиялық білім мен тәрбие беру 1970 жылы БҰҰ деңгейінде ұйымдастырылған (ЮНЕСКО) «Адам және биосфера» деп аталатын бағдарламаны қабылдаудан басталады. Осыған орай, қоғам өміріндегі ең басты міндеттердің бірі - табиғатты қорғау мәселелерімен, яғни жас ұрпақты экологиялық білім мен тәрбие негізінде қаруландыру болып табылады. Өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыра отырып, жаңа заманның көкірегі ояу, ұлттық сана-сезімі жоғары саналы азаматын тәрбиелеу ұзақ әрі күрделі процес болып табылады. Сондықтан бұл мәселе бүгінгі таңда өткір қойылып, өз шешімін табуды қажет етіп отыр. Аталмыш мәселені шешуде көптеген ғалымдар өз үлестерін қосқан.

Қазақ халқының біртуар данышпандары А. Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Уалиханов, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов т.б. еңбектерінде табиғат пен адам өмірінің тіршілігін ажырамайтын, бөліп қарастыруға келмейтін біртұтас дүние ретінде қарастырған.

Жас ұрпақтың қоршаған ортаға саналы көзқарасын қалыптастыру арқылы жан-жақты

тәлім-тәрбие беру, оқу-тәрбие процесін жетілдіру, мектепке кәсіби білігі жоғары мамандарды даярлау мәселелері қазақстандық көрнекті ғалымдардың Қ.Ж.Аганина, Б.Р.Айтмамбетова, Қ.М.Арынғазин, Б.Әбдікәрімұлы, Ш.Ә.Әбдіраман, Ғ.З.Әділғазинов, А.А.Бейсенбаева, Қ.Қ.Жампейсова, Ж.А.Караев, С.Т.Каргин, Қ.М.Кертаева, Р.М.Қоянбаев, т.б еңбектеріне арқау болды.

Экологиялық білім беру мен тәрбие беру мәселесін шешуде Ә.С.Бейсенова, Н.А.Бекенова, Ж.Бұламбаев, Ж.Ж.Жатқанбаев, Ғ.Қ.Ділімбетова, Г.Мұқышева, Ө.Өмірәлиев К.Ж.Сарманова, Н.С.Сарыбеков, Г.М.Смирнова, Н.М.Стукаленко, С.Т.Шалғынбаев, Ж.Б.Шілдебаев, В.И.Фурсов, және т.б. ғалымдар еңбектерінің құндылығы зор.

Экологиялық тәрбие берудің педагогикалық алғы шарттары А.К.Егенисова Ф.Н.Жұмабекова, А.Е.Манкеш, Г.М.Сәбденалиева Г.Қ.Тұрабаева еңбектерінде қарастырылған.

Ел Президенті «Қазақстан - 2030» бағдарламасында табиғат жағдайының қиын кезеңде тұрғанын нақты атап өтіп: «...экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің жиырма пайызына себеп болып отыр. Қоршаған ортаны ластаушыларға берік тосқауыл қойылу қажет» - дегенболатын. Бұл мәселенің тиімді шешілуі жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру арқылы олардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру барысында мүмкін болатыны анық.

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында «...білім беру жүйесі міндеттерінің бірі ретінде белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру» атап көрсетілген. Осы тұрғыдан келгенде, үздіксіз білім беру жүйесінің базалық буыны болып саналатын мектепке дейінгі және орта білім беру мекемелерінде жас ұрпаққа саналы тәртіп пен сапалы білім беріп, туған жерінің табиғатын қорғайтын мәдениетті тұлға етіп қалыптастырудағы атқарар рөлі зор екені даусыз.

Қазақстандағы экологиялық білім жүйесі Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен және Білім министрлігімен реттеледі.

Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау» туралы заңының 73 және 74 баптарында экологиялық білім мен тәрбиенің үздіксіздігі мен жалпылылығы қарастырылған. Ал біздің еліміздің білім беру жүйесінің құрылымына сәйкес қабылданған экологиялық білімнің бірнеше сатысы бар:

- бірінші - мектепке дейінгі мекемелерде және отбасындағы тәрбие;

- екінші - орта кәсіби оқу орындарында және бастауыш, жалпы орта мектептердегі білім беру;

- үшінші - жоғары оқу орындарынан білім алу;

- төртінші - жоғары оқу орындарынан кейінгі дайындық саты.

Экологиялық мәдениет кіріктірілген тұлғалық білім ретінде мынадай міндетті компоненттерді қамтиды деген тұжырымға келуге негіз болды:

- танымдық компоненті қоршаған ортамен танысу іс - әрекеті бойынша қоғамдық өмірдің, өлі және тірі табиғат заттары мен құбылыстары туралы түсініктерді меңгереді;

- эмоционалды компоненті экологиялық білімдерге қызығушылығы және қажетсінуімен, туған жерінің табиғатына, сұлулығына тамсанып сезінуі және оны аялай алуымен анықталады;

- мінез құлықтық компоненті қоршаған ортаны қорғау мен табиғаттың байлықтарын тиімді пайдалануымен қамтамасыз етеді.

Көрсетілген үш компонентті алғанымыздың себебі тұлға бойында белгілі бір мәдениетке баулуының нәтижесі ретінде қарастырылатын сәйкестіліктің қалыптасқанын білдіреді.

















































Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру

жолдары.

Еліміздің елдігін әлемге танытатын, оны жетілдіретін, дамытатын да жас ұрпақ. Еліміздің болашағы осы жас жеткіншектердің білім дәрежесінің тереңдігімен айқындалады. Ал балаларға бұл күнде әр саладан жан-жақты білім беру жүйелері жеткілікті. Олардың ішінде қоршаған орта, табиғаттану әлемінен берілетін білімнің орны ерекше. Себебі, бала дүниге келген күннен бастап ата-анасынан кейін өмірден байқап көретіні және танитыны осы қоршаған орта мен табиғат, оның заттары мен құбылыстары. Сондықтан да балабақшадан бастап жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты - білім мен білікті қалыптастыру ғана емес, ол тұлғаның дүниетанымын дамытып жан - жақты етіп тәрбиелеу.

Мектепке дейінгі мекемелер үшін экологиялық тәрбие жаңа мәселе. Зерттеушілер мектепке дейінгі балалардың мүмкіндіктерін әр топтағы деңгейлерге бөлді. Жас кезеңдеріне қарай балалардың білім көлемі қандай болуы керек? Бұл сұраққа жауап беру үшін, балаларды қоршаған ортамен таныстыруды үш деңгейге бөліп қарастырған дұрыс.

Бірінші деңгей (I) - әртүрлі табиғат құбылыстарымен, жыл мезгіліндегі үлкендердің еңбегі тағы сол сияқты бір - бірімен байланысты емес фактілермен таныстыру.

Бұл деңгей ерте жастағы және бірінші сәбилер топ балаларына тән. Бірінші деңгейдегі балалар әр түрлі обьектілер, құбылыстар жөнінде түсінік білімін көбейтеді. Бұл топтағы балаларда қоршаған орта туралы алғашқы қарапайым және жалпылама түсініктер қалыптасады. Сондықтан олар табиғат дегенде жыл мезгілдерінің өзгергенін, тәрбиешілердің көмегімен ажырата алады. Кейбір жануарлардың тіршілік ерекшеліктерімен мысалға: балықтың суда жүзетінін, құстардың ұшатындығын, тауықтың дәнді шоқитындығын, сондай - ақ, қыыл, сары болатындығын таныстыру. Біз әншейінде зер салып мән бермегенімізбен, адам баласының табиғат туралы алғашқы таным түсінігі осылай басталып қалыптасады.

Бірінші деңгейде балалар қоршаған ортадағы өсімдіктерді ажырату және оларды үлкендердің көмегімен қалай күту керектігін ұғынады. Мысалы: I деңгейге балаларды бөлме өсімдіктерімен таныстыру, табиғат құбылыстарын тәрбиеші, ата - ананың іс - әрекеті арқылы таныстыру, өсімдіктерді күтіп баптау, жануарларды қорғау.

Екінші деңгей (II) - бұл деңгей екінші сәбилер тобынан басталады. Алдыңғы алған білімдерін осы деңгейде пайдаланады. Мұнда балалар айналадағы заттар мен нәрселерді танып қана қоймай, оларды жақсы - жаман, әдемі, әдемі емес деп ажырата бастайды. Яғни, табиғат құбылыстарының бірі мен бірі табиғатпен үлкендердің еңбегінің байланыстылығы ашыла түседі. Сол үшінде осы топтағы балаларға экологиялық дұрыс бағыт - бағдар берудің маңызы өте зор болып табылады.

Екінші деңгей (II) : «Қыстың жаздан айырмашылығы қандай?», «Біздің балықтарымыз, құстарымыз жақсы өмір сүру үшін не істеуіміз қажет?», «Ағаштардың, бұтақтардың бүршік жарып, жапырақ жаюы үшін не керек?», «Әр өсімдікте не бар?» тағы сол сияқты.

Үшінші деңгей (III) - бұл деңгей күрделі деңгей. Бұл деңгейде балаларға барлық айналадағы болып жатқан құбылыстар, яғни еңбек, өмір, бірі мен бірі тығыз байланысты екеніні ұғындыру. Балалар өз бетінше табиғатта болып жатқан өзгерістерге баға беретіндей деңгейге жетеді. Үшінші деңгейде жалпы табиғаттағы өсімдіктер әлемі, жануарлар мен адамдардың өмірі, бір бірімен тығыз байланыста екенін ұғынады. Осы кезден бастап табиғатты күту, аялау, баптау, жануарларды қорғау қажет екендігін түсінеді. Балабақшада өтілетін тақырыптар осы деңгейлік білімдеріне сай болуы тиіс.

Екінші деңгей «II» - екінші сәбилер тобы және ортаңғы топ балаларына арналған I және II деңгейлер көлемінде.

Ал жоғары және мектепке дайындық топ балаларына I, II және III деңгей көлемінде жүргізіледі.

«Жануарлар жауларынан қалай қорғанады?», «Қолайсыз жағдай болғанда өсімдіктер мен жануарлар қалай күн көреді?», «Нанды неге бағалауымыз қажет?», «Өсімдіктер адамға қандай пайда әкеледі?». Қорыта айтқанда, үшінші деңгейлік (III) білімі балаларға экологиялық тәрбие қалыптастыру болып табылады.

Сондықтан ертеңгі болашағымызды айналамыздағы табиғи орта мен үнемі қарым - қатынаста болуға үйрету, табиғатқа деген қызығушылығына, жанашырлығына тәрбиелеу балабақшадан басталып, мектеп табалдырығында жалғасын табуы, қазіргі тәрбиенің өзекті тармақтарының бірі болып отыр.

Балабақшада экологиялық тәрбие беруге байланысты ата - анамен біріккен түрде төмендегідей жұмыс түрлерін жүргізу ата - ананың да экологиялық сауатын ашады.

1. Экологиялық сөздік жүргізу.

2. Экобасылымдар жасау.

3. Экокарточкалар жасау.

4. Экологиялық нұсқалар ұйымдастыру.

5. Экокарта сызу.

6. Экологиялық ертегілер қою.

«Адамның табиғатсыз күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» дейді халқымыз. Мұны айтуға табиғат заңдылықтарын ұғыну бір міндет болса, сол ілім негізінде оның құдіретін дәріптей отырып құрметтеу, қорғау екінші міндет екенін ескерген аға буын жас жеткіншектердің санасына ертерек сіңіре берген. «Тәрбие - тал бесіктен» деген халық даналығы осыны меңзейді.

Ендеше, туған табиғатты, туған ел мен жерді құрметтеуге бүлдіршін жастан бастап баулыған абзал. Сонда ғана біздің еліміздің болашақ ұрпақтарының кез-келгені экологиялық сауатты, адамгершілікті, мейірбан, табиғатпен жан-дүниесі үйлескен, дүниетанымы кең болып тәрбиеленеді.



























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал