7


  • Учителю
  • Конспект на казахском языке на тему Жемістер жыры

Конспект на казахском языке на тему Жемістер жыры

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Балапан» тобында ұйымдастырылған іс-әрекеттің технологиялық картасы

"Қатынас "білім беру саласы.

Бөлімдері: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Жемістер жыры» (өлең)

Мақсаты:. Жемістерді (алма, өрік, қара өрік, шие) атау барысында балалардың сөздік қорын жетілдіру. Жеміс пен көкөністің айырмашылығын білу.

Білімділік: Жемістер туралы түсініктерін нығайту.

Дамытушылық: Коммуникативтік дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды еңбек етуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: жемістердің суреттері, муляж.

Сөздік жұмыс: жемістер-фрукты , алма-яблока, шие-вишня.т.б





Оқу іс- әрекетінің кезеңдері

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық

Шаттық шеңбері.

- Балалар, бүгінгі күнді тамаша әнмен бастағым келіп тұр. Олай болса, бәріміз шеңбер бойымен айналып тұрамыз.

«Күз-жомарт» әнін орындайық:

Тоңазып атырап,

Көп жеміс піседі.

Сарғайып жапырақ,

Саудырап түседі.

«Күз-жомарт», - дейміз біз,

Жемісін жейміз біз.



Балалар шаттық

шеңберіне тұрып,

өлең жолдарын

қайталап айтады.



Ұйымдастырушылық-ізденістік

Кіріспе әңгіме.

- Балалар, біздің осы орындаған

Өлең шумағында не туралы, не жайлы айтылған?-Күздің бізге берер қандай сыйы бар?

- Қандай жемістерді білесіңдер?

- Ал енді, балалар, мына өлең шумағын тыңдайық.

Алма: Нарттай қызыл алмам бар,

Мәз болады алғандар.

Жазда әдемі киінем,

Тілді балдай үйірем.

Өрік: Көктемде ерте гүлдеймін,

Кешігуді білмеймін.

Піспей тұрған кезімде,

«Менен аулақ жүр» деймін.

Мен бау-баққа көрікпін.

Қара өрік: Қара өрік деген атым бар,

Менен де дәм татыңдар.

Дәр орнында жүруге

Кейде менің хақым бар.

Сақтаңдар ұзақ кептіріп,

Шаймен ішкен сусындар

«Па, шіркін-ай!»-деп тұрып.

Сергіту сәті.

Алма, алма, көп алма,

Қызыл, жасыл, көк алма.

Теріп, теріп алайық,

Қалтамызға салайық.







Күз, күз мезгілі.

Алма

Шие

Өрік.











Балалар қолдарымен

Жемістерді ұстап, көлемін, түсін анықтайды. Оларды қарап, бір-бірімен салыстырады.

Рефлексиялық-түзетушілік

Педагог балалардан бүгінгі сабақтан

алған әсерлерін, көңіл күйлерін, не үйренгендерін сұрайды.





Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: жемістер мен көкөністерді ажырата білуді.

Қандай түсініктерді игереді: жемістер туралы түсініктерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: : үлкендердің еңбегін бағалай білуді. Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыруды.











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал