7


  • Учителю
  • Конспект урока по физкультуре «Гимнастикалық қабырғаға өрмелеу»

Конспект урока по физкультуре «Гимнастикалық қабырғаға өрмелеу»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</ Мектепалды«а» даярлық сыныбының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №5.

Күні: 1 Қыркүйек 2015ж.

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Кіші сала: «Дене шынықтыру»

Тақырыбы: «Гимнастикалық қабырғаға өрмелеу».

Мақсаты: көлбеу қойылған тақтай үстімен аяқтың ұшымен жүгіріп шығып, жүгіріп түсу; гимнастикалық орындық үстінде қол ұстасып, бір қырымен жүру, секіртпемен еркін секіру.

Құрал-жабдықтар: гимнастикалық орындық, көлбеу қойылған тақтай, қысқа секіртпе,доп,5-6 зат, ойыншықтар (һ-15-20 см.).Бір қатар сапқа тұру, дене тұлғаларын дұрыс ұстап тұру қалыптарын тексеру;

Сапқа тұрады.Бір саппен бөлмеде жүріп, жүгіру.

Ұйымдастырушылық

ізденістік

1 бөлім.

Бір тізбекті сапта қолдарын белге қойып, тізені бүкпей аяқтың ұшымен, өкшемен жүру, жүгіру; тізбекпен бағытты өзгерте жүру, жүгіру; бір тізбекте сап түзеп жүру; шеру жасап жүру.

2 бөлім

ЖДЖ: секірпемен орындалады.

1. Б.қ-екіге бүктелген секіртпенің екі ұшынан ұстап, қолды төмен түсіріп тұру. 1-секіртпені керіп, қолды алға созу. 2-жоғары көтеру. 3-қолды алға созу. 4-б.қ.-қа келу. (6-8 рет).

2. б.қ-аяқ иық деңгейінде, серіртпені желке тұсында ұстап тұру. 1-3-оңға бұрылу. 4-б.қ.қа келу. (әр жаққа 5-6 рет).

3. Б.қ-аяқ сәл ашық,секіртпенің екі ұшынан ұстап, қолды арқа жақта ұстау. 1-2-алға қарай еңкею, артқа шалқаю, қолды артқа созу, жоғары көтеру. Басты тура ұстау. 3-4-б.қ.қа келу. (6 рет).

4. б.қ-н.т. секіртпенің екі ұшынан керіп ұстап, қолды төмен түсіру. 1-тізені екі жаққа аша сәл отыру, қолды жоғары көтеру. 2-б.қ.қа келу. (6рет).

5.Б.қ-қолды бастан асыра созып, шалқадан жату. 1-қолды, аяқты жоғары көтеріп, аяқтың ұшын секіртпеге тигізу. 2-б.қ.қа келу.(6-8 рет).

6.Б.қ-қолды бастан асыра созып, шалқадан жату. 1-қолды жоғары созу. Аяқты жоғары көтеру, аяқты секіртпенің ар жағына өткізу. 3-б.қ.қа келу. (6-8рет).

Негізгі қимыл жаттығулары:

  • Бір тізбекте келе жатып, бұйрық бойынша екі тізбек жасап жүру.

  • Көлбеу қойылған тақтай үстінде аяқтың ұшымен жүгіріп шығу, жүгіріп түсу.

Қ/қ ойыны:«Түйілген орамал».











Қимыл-қозғалыстарды тәрбиешінің белгісі бойынша қимыл-қозғалыстарды дауыстап санау.

Рефлексиялық -түзетушілік

Қимыл-қозғалысы аздау «Кім кетті?» ойыны ойнатылады, тыныс алу жаттығуы орындау.

Ойынға барлығы қатысады.

Күтілетін нәтиже:

Қабылдайды: Бір тізбек болып келе жатып, команда бойынша екі тізбек жасап жүруге.

Түсінеді: Бір тізбекте келе жатып, бұйрық бойынша екі тізбек жасап жүру.

Қолдана алады: Көлбеу қойылған тақтай үстінде аяқтың ұшымен жүгіріп шығу, жүгіріп түсу.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал