7


  • Учителю
  • Конспект урока Үшбұрыш. Бір-көп

Конспект урока Үшбұрыш. Бір-көп

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Батыс Қазақстан облысыКонспект урока Үшбұрыш. Бір-көп

Ақжайық ауданы, Базаршолан ауылы

«Балдәурен» МдҰ II санатты тәрбиешісі

А.А. Кабашева

Тобы: «II-кіші Еркем-ай»

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің түрі: ҚМТҚ

Тақырыбы: «Үшбұрыш. Бір-көп. Логикалық тапсырма»

Мақсаты: Жаңа геометриялық фигура-үшбұрыш ұғымын қалыптастыру, геометриялық фигураларды тану және оларды атау.Таныс заттарды көлеміне «үлкен-кішкентай) және санына қарай (бір-көп) салыстыра білуді қалыптастыру жаңа геометриялық фигура-үшбұрышпен таныстыру. Үшбұрышты сезім-қозғалыс түйсіктері арқылы сезінулерін дамыту. Үшбұрышты нүкте бойымен бастырып сызу, үшбұрыштың көлемі әртүрлі болатынын (үлкен-кішкентай) түсіндіру, үшбұрышты заттарды табуға үйрету. Сурет салғанда және дайын жапсырмаларды жапсыру жұмысымен айналасқанда ұқыпты болуға тәрбиелеу.

Қостілділік компонент: Үшбұрыш-треугольник



Мотивациялық қозғаушылық





Шаттық шеңбері

Қайырлы күн болсын!

Қайырлы күн достым!

Бейсенбінің күні

Сәттілікке толсын!

Ғажайып сәт.

Есіктен топқа әже келеді. Ол балалармен амандасып, өзімен бірге екі тәрелке жәнекәмпиттер ала келгенін айтады.

Шаттық шеңберін жасайды









Қызығушылық танытады.

Әжемен амандасады

Ұйымдастыру

шылық-іздестіру











































































«Әжеге көмектес» ойыны

Балаларға екі бос тәрелкені көрсетіп, олардың оған көмектесулерін сұрайды. Бір баланы шақырып, кішкентай тәрелкеге бір кәмпит салуын, содан кейін екінші баланы шақырып, үлкен тәрелкеге көп кәмпит салуын сұрайды.

«Дұрыс қой» ойыны

Жұмыс дәптеріндегі 1-тапсырма.

Жапсырмамен жұмыс. Балалардың назарын жұмыс дәптердегі тәрелкелердің суретіне және жапсырмаға аудару. Балаларға бір кәмпитті кішкентай тәрелкеге, ал көп кәмпитті үлкен тәрелкеге жапсыруды тапсыру.

-Балалар, қандай геометриялық фигураларды білесіңдер?

-Бүгін біз жаңа геометриялық фигурамен танысамыз. Олар үлкен және кішкентай, қызыл және көк болады.

«Үшбұрышпен танысамыз» ойыны

2-тапсырма Балалар мынау үшбұрыш. Бұл геометриялық фигураныңүш бұрышы болады.

Сөздік жұмыс: үшбұрыш

Енді балалар мына алдымыздағы суреттегі үшбұрышты саусағымызбен бағыт сызығын бойлай жүргізіп көрейік. Ал енді кішкентай үшбұрышты көк қарындашпен, үлкен үшбұрышты қызыл қарындашпен бастырып сызайық. (үлестірмелі материалмен жұмыс)

Балаларға сұрақтар қою.

-Сендер қызыл қарындашпен қайсы үшбұрышты сыздыңдар?

-Ал көк қарындашпен қандай үшбұрышты бастырып сыздыңдар?

Үшбұрыш-треугольник

Үшбұрыштар-треугольники

Сергіту сәті: «Жаттығу»

Жаттығуды жасаймыз!

Бір дегенде-тік тұрамыз

Екі дегенде-екі рет айналамыз

Үш дегенде-үш рет секіреміз

Төрт дегенде-отырамыз!

«Заттар қандай фигураға ұқсайды» ойыны

3-тапсырма (үлестірмелі материалмен жұмыс)

Балалардан суреттегі заттармен танысып, олардың атауын атап беруді сұрау.

-Заттар қандай геометриялық фигураларға ұқсайды?

Енді осы үшбұрыштарды қызыл түспен бояйық.

Әженің қасына келіп тапсырманы орындайды















Балалар назарын суретке және жапсырмаға аударады

Тапсырманы орындайды.





Балалар жауаптары



Тәрбиешіні мұқият тыңдайды











Қайталайды.

Саусақтарымен бойлап жүргізеді.

Үшбұрыштарды қызыл және көк түстермен бастырып шығады



Үлкен үшбұрышты



Кіші үшбұрышты



Қайталайды





Қимылмен жасайды

Тік тұрады

Екі рет айналады

Үш рет секіреді

Отырады







Суретке қарап, заттарды атайды; үй, қайық, шырша

Үшбұрышқа ұқсайды

Заттардығы үшбұрыштарды бояйды.

Рефлексивті-түзетушілік



Әже балаларға тәрелкелерге кәмпиттерді дұрыс салғандары үшін және де басқа тапсырмаларды жақсы орындағандарына риза болып рахметін айтып, сол үшін кәмпит сыйлайды

Әженің сыйлығына балалар қуанады. Онымен қоштасады.



Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Геометриялық фигура үшбұрышты атайды

Қандай түсініктерді игерді: Заттарды көлемі (үлкен-кіші) және (көп-аз) бойынша салыстыруды

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Қоршаған ортадан үшбұрышты нысанадығы заттарды табуды.













































































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал