7


Бейбіт күн жасасын әлемде

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</ Тақырыбы: 9 мамыр Жеңіс күні!

Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.



Өткізілу барысы:

1. Кіріспе

2. «Жеңіс күні» Баяндама

3. Ұлы Жеңіске мың тағзым! (жеңіс туралы әндер, өлеңдер оқу)

4. Отан үшін от кешкендер ( ардагерлері туралы мәлімет.)

5. Бейне суреттер «Жеңіс күні»

6. Қорытынды



1-Жүргізуші: Жеңіс күні 9-мамыр - бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.

2-Жүргізуші: Аз емес зар жылаған, егілген жан,

Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.

Кеудеге зілді қасірет салды соғыс.

Қирады талай арман көңілге алған

Ұлы Отан соғысына қатысқан: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов т.б.және де өз жерлестеріміз де бар.

Ол кісілерге құрметпен бас иеміз.

Такпактар:

Іңкәр

Сарқылмайтын қуатым,

Тірегімсің сен Отан.

Мәңгі соғып тұратын,

Жүрегімсің сен Отан.

Саят

Туған жерде толамыз,

Ертең жігіт боламыз.

Отан ортақ үйіміз,

Көңілді ән мен күйіміз.

Жансая

Отан - сенің, ата - анаң,

Отан - досың бауырың.

Отан - өлкең, астанаң,

Отан - аудан, ауылың.



Балнұр

Бақытты боп жүргенім,

Сенің арқан, Ұлы Отан.

Елім менің - тірегім,

Құшағынды гүл атам.

Санжар

Асыр салған таласып,

Біз туған ел - баласы.

Қандай байтақ - Отаным,

Жан - жағына қарашы.

Дария

Отаным - кең көсілген,

Төсінде ырыс өсірген.

Қаптаған шал, алып дән,

Бәрі менім несібем.

1-Жүргізуші: Қазақ даласы небір төңкеріс, небір көтеріліс, небір жеңіс пен жеңілісті, қызық пен қиындықты өткерді емес пе? Ата - бабаларымыздың осындай ерлігінің бірі - Ұлы Отан соғысындағы жеңісі. Сонау 1941 жылы бейбіт жатқан елге Германия фашизмдері ашқан соғыс қазақ ұлдарын да жалмап, ананы баласыз, баланы әкесіз, әйелді жесір қалдырғаны әрбір адамның жүрегінде.

2-Жүргізуші:

Бақыт сыйлап жатады әр күн

Санамызға жарық берген

Әкелері аталардың

Бұл Жеңісті алып келген

Қуантамыз ән сап жұртты,

Келе берсін бақыт таңы.

Жеңіс күнің болсын құтты,

Батырлардың ұрпақтары - деп келесі бөлімімізді оқушылардың жеңіс туралы әндеріне береміз!

Ән: «Ел қорғауға әзірміз»



1-Жүргізуші: Міне, Ұлы Жеңіс күнінің 70 жылдық мерекесі кезекті көктемнің шуақты күнімен келіп отыр. Иә, осынау ұлан-ғайыр даламыз нені бастан кешірмеді дейсіз?

2-Жүргізуші: Иә, әрине осындай қиын қыстау кезеңдерді бастан кешіргендегі қазақ халқының еңбекқорлығын, сабырлығын, төзімділігін баса атап айтсақ артық болмас еді.

«Отан үшін от кешкендер» ( ардагерлері туралы мәлімет.)

1- Жүргізуші:

Барша халық жеңіс күнін тойлайды,

Жас сәбилер думандатып ойнайды.

Ардагерлер көздеріне жас алып,

Ұрпақтардың амандығын ойлайды.

2- Жүргізуші: Соғыс бітті … Ауыр да азапты жылдар артта қалды, біздің еліміз бейбітшілікті сүйеді. Ананы - баладан, баланы - анадан айырған сұм соғысқа жол жоқ …

Ән: «Құлыншақ»

1-Жүргізуші:

Жеңем деген ел сөзін!

Тұрды ажалдан жоғары

Өмір, адам жұлдызы,

Тұрды ажалдан жоғары

Жеңіс туы қырмызы,

Тұрды ажалдан жоғары

Отан, ұрпақ болашақ.

Тұрды ажалдан жоғары

Өмір нұры жарқырап.

2-Жүргізуші:

Сарғая күткен ұлы күн

Шұғыласы бүгін жарқ етті,

Бағына талай миллионның

Баянды жеңіс күн жетті

Назарларыңызға «Бейбіт күн жасасын әлемде» деген тақырыпта бейне суреттерді ұсынамыз!

1-Жүргізуші:

Елге қауіп төнбесін,

Егестен адам өлмесін!

Есен - аман болайық,

Енді соғыс болмасын!

Өртенбесін туған ел!

Шайқалмасын асқар бел!

Шайқалмасын шалқар көл!

2-Жүргізуші:

Жасасын Жеңіс!

Бақытты елім күле бер!

Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!

Болмасын соғыс!

Болмасын соғыс!

Болмасын!

Осы тілекпен барша халайық түрегел!

1-Жүргізуші: Осымен сіздерге арнаған «Бейбіт күн жасасын әлемде» атты кешіміз аяқталды. Жеңіс туымыз көк аспанымызда желбірей берсін!

2-Жүргізуші: Сау болыңыздар!

Мектепке дейінгі мекеме

«Азамат» балабақша бөбекжайының

«Мұрагер» бірінші сәбилер тобы















Тақырыбы: «Бейбіт күн жасасын әлемде»

















Тәрбиешілер: Болаева.Н.К

Шаймұратова.Ж.Б















2014 -2015 ж



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал