- Учителю
- Технологиялық карта Менің Отаным -Қазақстан
Технологиялық карта Менің Отаным -Қазақстан
«Жұлдыз» II кіші тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні: 15.12.2015ж
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта».
Ұйымдастырылғаноқуіс-әрекет түрі:«Қоршағанортаментаныстыру».
Тақырыбы: «Менің Отаным-Қазақстан!».
Мақсаты:
а)Қазақстан кең-байтақ,бай мемлекет екенін түсіндіру. Мемілекет астанасы туралы түсінік беру.
ә) Балалардың қызығушылығын,ойлау,сөйлеу қабілеттерін дамыту.
б) Балаларды Отан сүйе білуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: кілем,карта,астана,Алматы қалаларының суреттері.
Сөздік жұмыс: Отан.
Билингвальды компонент: Отан-Родина,астана-столица.Мотивациялық-қозғаушылық
Шаттықшеңбері
-Сәлеметсің бе,Күн шуағы!
Сенің шуағың ертемен бізді оятты.
Күн шуағы бізге әрдайым нұрын ша-
шады.Рақмет саған!
Біз өстік,саған қарай қол созамыз,
қонақтарға жылы лебіздерімізді білдіреміз!Бір-бірімізге жақсы көңіл күй сыйлайық.Күн шуағы,сен бүгін бізбен бол!
-Өте жақсы,балалар!Саяхатқа шық-қыларың келе ме?
-Мен сендерге сиқырлы кілемшемен саяхаттауды ұсынамын.
Балалар шаттық шеңберіне тұрады,бір біріне игі тілектерін білдіреді.
-Иә.
Кілемнің үстіне отыра-ды.
Ұйымдастыру
шылық-ізденіс
тік
1.Білімдіөзектендіру.
-Сонымен,біз кілемшемен туған өлке-міздің үстінен ұшып бара жатырмыз.
Біздің Отанымыз қалай аталады?
Картадан еліміздің аумағын көрсетіп,
Отанымыз туралыәңгімелеу.
2.Билингвальды компонент:
Отан-Родина,астана-столица.
Отан(Родина)-туған ел,өскен жер.
-Картада біздің Отанымыздың аумағы әртүрлі түспен боялған.Сары,жасыл,
қоңыр,көк түс те бар.Бұл еліміздің та-биғатының алуан түрлі екенін көрсет-еді. Осы түстер нені білдіреді?
-Балалар,біз қазір елді мекендер үсті-нен ұшып барамыз:кішкентай үйлер,
киіз үйлер,жайлауда мал жайылып жүр,
ешқандай көлік түрлері,түтіндеп жатқан фабрткалар мен зауыттар көрінбейді.Табиғаты әсем,ауасы таза,
суы мөлдір.
Бұл не екен?(Ауыл).
-Бұл еліміздің ең басты қаласы-
Астана.
Астананың үстінен ұшып барамыз.
(Астана қаласындағы жаңа ғимарат-тардың суреттерін көрсету).
-Астана-столица.
3.Сергіту сәті.
«Жақсыма?».
-Күншыққаныжақсыма?
-Желсоққаныжақсыма?
-Достарыңменбіргежүргенжақсыма?
-Анаңдықұшақтағанжақсыма?
-Отаныңдаөмірсүргенжақсыма?
-Үйдеболғпнжақсыма?
-Би билегенжақсыма?
-Отанымныңазаматыболғанжақсыма?
-Қараңдар,біз қарлы шыңы бар таудың үстінен ұшып барамыз.Бұл таулар «Тянь-Шань»,-деп аталады.
Осы таудың солтүстік жағындағы тау сілемдері «Алатау»,-деп аталады.
Алыстан қарағанда мұндай таулардың төбесінен етегіне қарай мұздықтар мен көп жылдық қар тау жоталарына ала түс береді. Атауы соған байлан-ысты. Мұндай таулар биік болып келе-ді.Тау етектерінеде орман-тоғай бар.
Осы Іле Алатауының баурайында Алматы қаласы орналасқан.
Біз осы қалаға ұшып барамыз.
Тянь-Шань жоталарының етегінде ор-наласқан әсем қаланы «Бақша-қала»,-деп бекер атамаған.Көктем маусы-мында оңтүстік алқаптардағы бау-бақшаларда алма,өрік,шие гүлдеген кезде қала ертегіге айналады.
Алматы қаласының атауы алма сөзі-нен шыққан. Дәл осы жерде аты әлем-ге танымал апорт алмасы өседі.
-Қазақстан.
Қайталайды.
Қайталайды.
-Көк,көгілдір түс суды білдіреді.
-Қоңыр түс тауды білдіреді.
-Жасыл түс орманды білдіреді.
-Сары түс шөл даланы білдіреді.
Картадан Астана қа-ласының орналасқан жерін көреді.
-Жақсы!
-Жақсы!
-Жақсы!
-Жақсы!
-Жақсы!
-Жақсы!
-Жақсы!
-Жақсы!
Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.
Алматы қаласының көрнекті жерлерінің суреттерін көріп
Алматы жайлы әңгіме-лейді,педагогтың айт-қанын таыдайды.
Рефлексиялық-түзетушілік
Қорытынды:
Бірнеше баладан «Апорт алмасы қан-дай?»,-деген сұраққа жауап алады.
-Міне,саяхат та аяқталды.
-Сендерге саяхат ұнады ма?
-Біз қай жерлерге бардық?
Әсерлерімен бөлісіп,
сабақты қорытынды-лайды.
Отанымыздың кең-байтақ екенін айтады.
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: біздің Отанымыз туралы қойылған сұрақтарға жауап беріп,
саяхат-оқу іс-әрекетінен алған әсерлерін әңгімелеуге берілген тапсырма-ларды.
Түсінеді: Қазақстан Республикасының кең-байтақ және бай мемлекет екенін.
Қолданады: Қазақстан Республикасы туралы мәліметтерді оқу іс-әрекеттерінде қолдана білу дағдыларын.