7


  • Учителю
  • Разработка на день конститутцы

Разработка на день конститутцы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





«Балапан» бөбекжай бақшасы





































































«Қарлығаш» ортаңғы тобы























Өткізген:Калмагамбетоватова Т.А









2016-2017ж.



Мен отанымның патриотымын!



Мақсаты:

Балаларға Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу.Балалардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту.Балаларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Ту,Елтаңба,Әнұран.кітаптар

Барысы:

Таңғы шеңбер:

Кел , балалар ортаға

Үлкен шеңбер құрайық

Қайырлы таң алтын күн

Қайырлы таң апайлар

Қайырлы таң достарым!

Кіріспе әңгіме - балалар күз айының І-ші күні яғни 1 қырқүйек күні - «Білім күні»деп аталады. Сендер алғашқы рет балабақша табалдырығын аттап білім алсаңдар, екінші кезекте мектеп табалдырығын аттап оқу нәрімен білім булағымен нәр алып үлкен азамат болып осесіңдер.

«Оқу - білім азығы» деп айтылғандай оқу бар жер де білім де бар, ол екеуі де бірге жүреді.



Сюрприздік сәт - қонаққа сөмкесімен Білгіш жүгіріп кіреді.

Сәлеметсіңдер ме балалар!

Сәлеметсіз бе!

Сендер мені танисындар ма?

Мен әлемдегі білім нәрін білетін Білгіш мырзаларын мен боламын!Жана жолда «Балапан» балабақшасын көріп балаларын көре кетейін деп келдім.

Білгіш:-Балалар көңіл күйлерін қалай?

Балалар:Тамаша

Білгіш:-Арине тамаша болады,себебі бүгін қандай мереке?

Балалар:Білім күні!

Білгіш:-Дұрыс өте жақсы,бүгін білім күні!Балалар біздің ұлтымыз қандай?

Балалар:Біздің ұлтымыз Қазақ

Білгіш:-Дұрыс.Ал,Қазақ ұлтының отаны қай жерде?

Балалар:Қазақстанда!

Білгіш:-Отан - әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Отан -сенің туған елің, туған жерің, дос -жарандарың, туған туысқаның. Отан- бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!

Балалар біз Отанымыз туралы тақпақтар білеміз бе?

Мейіржан: Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Айзере: Отан дейміз кең-байтақ астананы,

Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.

Гүлсезім: Отан- тарих, Отан - тіл,

Жасаған елің, өз- халқың.

Бақнұр: Отан - өлең, Отан-жыр,

Көтерген көкке ел даңқын.

Айару: Отан - сенің ата-анаң,

Отан - досың, бауырың

Бауыржан: Отан - өлкең, астанаң,

Отан - аудан, ауылың.

Ақерке: Отан - осы достарым,

Көңілге мұны түйе біл!

Жанель:Отанның біз ұл-қызы.

Халықтың біз жұлдызы

Тәрбиеші:-Біздің Отанымыз қалай аталады?

Тәрбиеші:-Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?

Тәрбиеші:-Қазақстан Республикасының президенті кім?

Тәрбиеші:Балалар Білгіш мырза сендерге арнап ойын алып келіпті.

«Шеңберге ұқсайтын затты тап» ойының ойнатады.

Тәрбиеші:Мынау не балалар?

Балалар:Бұл біздің Елтаңба!

Тәрбиеші:Қане кім бізде Елтаңба туралы тақпақ біледі?

Ғалинұр: Елтанбасы елімнің,

Неткен әйбат, әдемі.

Рамазан:Өркениет төрінде,

Нұр төгеді елтаңба

Айзере:Елтаңба,Туын, Әнұран-

Тәуелсіздікке тәнтбелгі

«Тік төрт бұрышқа ұқсайтын заттарды тап»

Тәрбиеші:Бұл не балалар?

Балалар:Бұл көк ту.

Тәрбиеші:Кім бізге желбіреген көк тумыз туралы тақпақ айтады.

Әлібек: Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы,

Жантөре: Егеменді халқымның Болашағы бірлікте.

Арлан: Әнұраны елімнің.

Шақырады бірлікке.

Бибинұр: Қазақстан жалауы- Азаттықтың алауы.

Амина: Желбірейді шалықтап,

Қазақстан жалауы.

Тәрбиеші:Балалар сөйлеп,ойланып басымыз шаршаған болар,енді біраз денемізді сергітіп шынығып алайық.(Музыка әуенімен сергіту сәтін) орындайды.

Білгіш: «Кімнің шумақ жібі қай жерде» ойының ойнатады.Әр шуамктан бір әріп алып сөйлем құрастырады.

БОЛАШАҒЫМ ҚАЗАҚСТАН

Енді осы әріптерімізді ұстап мына сөзді қайталайық.

Бәрі: Мен боламын еңбекқор,

Болашағы елімнің!

Білгіш: - Ия, балалар, елін, жерін сүйетін азамат болып шығу үшін қандай бала болуымыз керек?

Балалар- Білімді, өнерлі, ақылды, еңбексүйгіш бала болуымыз керек.

Білгіш- Дұрыс-ақ, Болашақта Сабағымызды жақсы оқып, еліміздің адал, еңбекқор азаматы болайық. Ер жетіп еліміздің одан әрі көркеюіне, гүлденуіне өз үлесімізді қосайық.Бұл сендерге балалар білгіш мырзадан арнайы сыйлық.Мен басқа балаларға барайын.Сауболыңдар.

Балалар:Сауболыңыз!

Қортынды: - Балалар бізге кім келді?

Біз Білгіш мырзадан қандай үлгі өнеге алдық?

Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді білгіш мырзаға көрсете білдіңдер. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал