7


  • Учителю
  • Конспект на тему 'Білім негізі бастауышта'

Конспект на тему 'Білім негізі бастауышта'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Білім негізі - бастауышта


Мамытбекова Г.С., № 14 Ә.Нүсіпбаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, Қордай ауданы


Халқымыз әрқашан да ұстаз мәртебесін көтеріп, аса жоғары қастерлеп, бағалаған. «Ұстаздық еткен жалықпас Үйретуден балаға», «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады», - деп айтқан ұлы Абай. Ал чехтің педагогы Я.А.Коменский: «Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз жалын иесі», - деп ұстаздар қауымын жоғары бағалаған. Педагогикалық мамандықтардың ішінде бастауыш сынып мұғалімі мамандығы - ерекше мамандық. Өйткені кез - келген мамандық иегері бастауыш сынып мұғалімінен тәлім-тәрбие алады. Бастауыш мектептің негізгі міндеті - жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады. «Білім негізі - бастауышта» демекші, білім берудің алғашқы атасы - бастауыш білім. Баланы бастауыш сыныптан бастап шығармашылық ойлауға, өз бетінше шешім қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту - бүгінгі күннің басты талабы. «Егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ» десек, білімнің негізі бастауышта қаланатыны белгілі. Бастауыш сыныптағы әртүрлі пәндер оқушы білімін дамытып, танымдық қабілеттерін қалыптастыруға үлкен үлес қосады. Мектепте, ғылым саласының қай-қайсысынан болмасын, берілетін білімнің негізі бастауышта қаланады. Сондықтан да болар, А.Байтұрсыновтың: «... бастауыш мектепте үйренетін білім жұрттың бәріне тегіс керек білім ғой. Адамға тіл, құлақ, қол қандай керек болса, бастауыш мектептерде үйренетін білімдер де сондай керек»,- деуі. Бастауышта берілетін білімге ерекше көңіл бөлінеді. Яғни ғылыми білімдердің негізі осы бастауыштан басталады. Баланың оқу әрекетінің танымдық белсенділігі де осында қалыптасып, олар білімдерін өз беттерімен толықтыра алатындай деңгейге көтеріледі.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, мектепте білім беруді жетілдірудің нақты жолдары мен тәсілдері қазіргі кезде сан алуан әдіспен іске асырылуда. Әр мұғалім: ««Менің бүгінгі сабағымнан оқушым не үйренді?», « Мен өз білімімді толықтыру үшін не істедім?» деген сұрақтар төңірегінде істеген ісіне есеп беріп отыру керек. Әрбір сабақ мұғалімнен үлкен қажырлы еңбекті, ізденісті, шеберлікті, шығармашылықты қажет етеді.

Оқушылардың рухани дүниесін байытып, өмірді, оқиғаны бағалап пайымдай білуге дағдыландырып, аяқталған ойды ауызша және жазбаша жеткізе алуға тәрбиелеу мақсатында сабақтарымды түрлендіріп отырамын.Сын тұрғысынан ойлау технологиясының миға шабуыл, ой жарыс,синквейн құру, эссе жазу, тоқтап оқу сияқты әдістерін үнемі қолданып отырамын. Қазақ тілі, математика, дүниетану сабақтарында әртүрлі тақырыпта бүктемелер, қималар, үнтаспалар, ойын элементтерін, сөзжұмбақтар, ребустар т.б. қолдана отырып оқушылардың шығармашылығын дамытамын.Оқушылардың тіл байлығын дамытудың бір түрі - суреттермен мәтін құрастыру. Суретке бала назарын аудартып, сұрақ-жауап арқылы ой қозғатып, мәтін құрастыртамын. Бұл жұмысты ауызша да, жазбаша да орындауға болады. Баланы ұшқыр ойға, тапқырлыққа жетелейтін жұмбақтар, мақал - мәтелдер, өтірік өлең, жаңылтпаштарды сабақ сайын жүйелі пайдаланамын, өйткені олардың бала тілін дамытудағы рөлі ерекше. Тәрбие саласында ұмыт қалған салт-дәстүрлерімізді үйретіп отырамын.Кіші мектеп оқушылары үшін мұғалім олар еліктейтін, үлгі ететін абыройлы жан. Олар ұстазының бүкіл іс-қимылына, жүріс-тұрысына, сөйлеу мәнеріне, адаммен қарым-қатынасына еліктейді. Сондықтан да, жауапкершілігі мол, адал да мейірімді, әділ де парасатты, рухани дүниесі бай педагогтар ғана балаға білім мен тәрбие беріп, оның жан дүниесіне әсер ете алады.

«Оқу-білім - жаңған шырақ ойласаң. Үйренерсің, іздеп көрсең - қалмасаң. Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал, Пайда аларсың, қаз жанарсың, тоймасаң», - деп жырға қосқан қазақтың ұлы қоғам қайраткері, көсемсөзші Жүсіпбек Аймауытов. Білім қашан да адамның өмірлік азығы, өміріне мән берер түпсіз терең байлығы.Сондықтан адамды білімге үйрететін ұстаздың орны ерекше.

Ойымды қорытындылай келе қазақтың нақыл сөзімен аяқтасам деймін : « Оқушы толтыратын ыдыс емес, оқушы - бұл алау » оны жаға білуіміз керек.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы. Астана, 2007.

2. Қазақстан Республикасының «Білім мемлекеттік бағдарламасы». Қазақстан мұғалімі, 2000, №33, 34.

1 .Бастауыш мектеп журналы. 1994, № 8.

2. Бастауыш сынып мұғалімдерін дайындауда қазақ тілінен берудің теориялық мәселелері. 59 -60 бет.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал