7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы: Не білдік? Не үйрендік?

Сабақтың тақырыбы: Не білдік? Не үйрендік?

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Не білдік? Не үйрендік?

Сабақтың мақсаты: Жыл бойы оқылған материалдарды қайталау,пысықтау,білімдерін бекіту.Тіл байлығын дамыту,сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу,баланың бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.

Сабақтың әдіс-тәсілі: Ойын сабақ

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,суреттер,10 көлеміндегі натурал сандар,т.б

Сабақтың жүрісі:

1.Ұйымдастыру.

-Балалар ,бүгін бізге көптеген қонақтар келіп отыр,енді осы қонақтармен амандасып алайық.

Балалар: Сәлеметсіздер ме?

Психологиялық дайындық.

Арайлап атқан таңға сәлем,

Жылуын шашқан күнге сәлем.

Жайнап өскен бізге сәлем,

Білім беріп тәрбиелеген,

Ұстаздарым сізге салем.

-Балалар,бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болмақ.Біздер бүгінгі сабақта дидактикалық ойындар арқылы жыл бойы өткендерімізді қайталайтын боламыз.

Ал, ендеше тұрмайық,

Ойынымызды бастайық .

Не үйрендік, не білдік,

Соны ортаға салайық.









Оқуды көп ойладық,

Қызығына тоймадық.

Әріптерді үйреніп,

Сауат аштық ойланып.

-Балалар, біздер әріптерді ,сөздерді оқуды ,жазуды қай пәннен үйрендік?

Ендеше, сауат ашу әлеміне саяхатқа шығайық.

Ол үшін ең алдымен берілген тапсырмаларды мұқият тыңдап ,орындауымыз қажет.

1 тапсырма: « Қызыл және көк түстер»

-Дыбыс дегеніміз не? (айтамыз,естиміз)

-Әріп дегеніміз не?(жазамыз,көреміз)

-Дыбыстар нешеге бөлінеді?(екіге)

-Қандай дыбыстар?(дауысты және дауыссыз дыбыстар)

-Дауысты дыбыстарды қандай түспен белгілейміз?(қызыл)

Дауыссыз дыбыстарды қандай түспен белгілейміз?(көк)

-Дауысты дыбыстар қалай айтылады?(еркін,әндетіп,созып айтамыз)

-Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?(кедергімен айтылады)

-Әріптерден не құралады?(сөз)

-Сөзден не құралады?(сөйлем)

2 тапсырма: «Сөйлем»

-Балалар ,сөйлем неден құралады?(сөздерден)

-Балалар ,берілген суреттерге сөйлем құрастырыңдар.(балмұздақ,аю, кітап,қарбыз)

3 тапсырма «Дыбысты тап»

-Балалар ,тақтадағы суреттерге назар аударайықшы?

-Ненің суретін көріп тұрсыңдар?(алма,балық,домбыра,жұлдыз)

-Алма деген сөзде бірінші дыбыс қандай?(а дыбысы, дауысты дыбыс)





Ойын : «Ұзын -қысқа сөздер»

-Балалар ,мен ұзын сөз айтқанда қолдарыңды жазып көрсетесіңдер,ал қысқа сөз айтқанда қолдарыңды тізеге қоясыңдар. (ойыншықтар,қызғалдақ,тау,шана, көгершіндер,су,балалар,аю,жапырақтар,үй,күн)

4 тапсырма : «Буын ,дыбыстық талдау»

-Сөздерді буынға бөлу.(әже,жолбарыс,бөрік,барабан)

5 тапсырма «Ойлан, тап» ойыны

Жұмбақтар шешу

Қабат-қабат қаттама ,

Ақылың болса аттама.





Тікен-тікен тік пісте

Қысы -жазы бір түсте.





Жоқ өзінде бас та,

Қас та ,мойын да

Ұзындығы жазулы тұр бойында.





Өзі сондай нәзік,

Су құйсаң кетеді.

Алақанын жазып.













«Сен білесің бе?» ойыны

-Қандай ертегілерді білеміз?

Ертегілердің сюжетті суретін көрсету.Балалар қай ертегі екенін табу.

Сергіту сәті. «Көңілді күн»

Математика әлеміне саяхат.(Математика пәнінен алған білімдерін тиянақтау.)

-Балалар,біз тура және кері санауды,қосу мен азайтуды,есеп шығаруды қай пәннен үйрендік?

1тапсырма:1-ден 10-ға дейін тура санау.

1-ден 10-ға дейін кері санау.

2 тапсырма: «Көршіңді тап».

3тапсырма: «Адасқан сандар».(Адасқан сандарды рет-ретімен орнына қою.)

4 тапсырма: Әр суретті сана және тиісті цифрларды шеңбер ішіне жаз.

5 тапсырма:«Білгіш болсаң» ойыны.(Балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.)

6 тапсырма:«Тез есепте».

7 тапсырма: Ойын «Күн шуағы»

Балалар мынау қандай пішін?

Түсі қандай? Осы дөңгелекті шуақты күнге айналдыруымыз керек. Күннің нұрын менің қойған сұрақтарыма жауап беру арқылы жапсырып отырамыз.

1. Тік төртбұрыштың қабырғалары нешеу?

2. Бір аптада неше күн бар?

3. Қ.Р. ның бас қаласын ата.

4. Рәміздерді ата.

5. Екі қоянның аяқтары нешеу?

6.Жыл мезгілдерін ата.

7. «Мектеп» сөзіне сөйлем құра.

Қорытындылау.



Сабақ соңында «Бала тілегі» әнімен аяқтау.











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал