7


  • Учителю
  • «Наурыз көктемнің көрікті мерекесі»

«Наурыз көктемнің көрікті мерекесі»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тәрбиеші:

Құрметті ата-аналар, қадірменді қонақтар бүгінгі №4 ортаңғы тобының «Наурыз көктемнің көрікті мерекесі» атты кешімізге қош келдіңіздер! Көктемді қанатына қондырып, жан жылуын көкірегіне қондырып, аналардың дәстүрлі 8наурыз мерекесі де келді. Сіздерді шуақты да құлпырған қызғалдақтай әсем мерекелеріңізбен құттықтаймыз!

Той тойлап дала мен қалаларым,

Мерекең құтты болсын аналарым.

Қаракөз қыз, абзал ана мерекесін,

Құттықтауға келе жатыр ұл-қыздарың.

(Әуезді әннің сүйемелдеуімен ортаға барлық балалар «жүрек» пішінді шарларды ұстап шығып, би билейді)

Жаз: мен болмасам, күн мол шуағын шашып, жер бетін қыздырар ма еді? Адамдар демалып, балалар қуанып, көңілді ойын ойнар ма еді?

Күз: мен болмасам, нөсерлетіп жаңбыр жауар ма еді? Егін пісіп, қамбаға астық толар ма еді? Айнала алтын түске боялып, жапырақтар сарғайып, балалар жеміс-жидек жей алмас еді.

Қыс: мен болмасам, қар жауып, ауа тазарар ма еді? Қар болмаса балалар сырғанақ теуіп, аққала жасап ойнамас еді. Бірақ біздің биылғы дәуреніміз аяқталған секілді, шуақты көктемде келіп жетіпті.

Көктем(тәрбиеші): мен болмасам ағаш бүршік жарар ма еді? Жылғалардан су ағып, құстар ұшып келер ме еді? Мен болмасам сәуле шашқан аналар қауымын мерекесімен қалай құттықтар едіңіздер? Жаз, күз, қыс менің де кезегім келіп жетті. Адамдарға өз пайдамды көрсетіп, өз шуағымды шашып, мерекелерімен құттықтайын!

Жыл мезгілдері: көктем, сау болыңыз!

Көктем: көктем келгенде күн ұзарып, жалпы тіршілік иелері жанданады, жәндіктер мен жануарлар қысқы ұйқысынан оянып, құстар жылы жақтардан қайтып оралады. Жер бетіне көк шығады, жеміс ағаштары бүршік атып гүлдейді. Әр бір көктем ерекше, бір керемет, сыры бітпес бір тылсым ғой.

Ән: «Көктем келді»

Би: «Буратино» (Ғалым, Дәулетхан, Алинұр, Елнар)

Буратино: Сәлеметсіздерме, балалар?! Қандай керемет!!! Көктем келіп, көңіл күй сондай тамаша!!!

(Қызыл телпек ойланып келе жатады)

Қызыл телпек: Енді не істеймін? 8-наурыз мерекесімен әжемді, анамды құттықтап, гүл сыйлағым келген еді, бірақ гүл таба алмай жүрмін. Ой, сәлеметсіздерме, балалар?! Сәлеметсіңбе, Буратино?! Сен мұнда не істеп жүрсің?

Буратино: Көктем келіп, қуанып жүрмін. Балалардың да мерекені тойлап жатқанын естіп, дереу қызық көрейін деп келгенмін.

Қызыл телпек: Керемет! Мүмкін, онда балалар аналарға, әжелерге арналған тақпақ білетін шығарсыздар!

Қанат:

Сеннен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті аналар!

Мади:

Өмірге бізді келтіріп,

Жарық дүние сыйлаған.

Жамандыққа баласын,

Ешқашанда қимаған.

Көрмесін қайғы балалар,

Аман болсын аналар.

Айару:

Анамыздың мейірлі,

Жүзіне біз қараймыз.

Анамызды пейілді,

Жомарт жанға балаймыз.

Дарын:

Жердегі бар тағамнан,

Ана сүті нәрлі екен.

Бұл жалғанда анамнан,

Сүйікті адам бар ма екен.

Дәурен:

Менің әжем, нәр әжем,

Көп жасаған кәрі әжем.

Ауырғанда мен үшін,

Әр сүйгені дәрі әжем

Көктем(тәрбиеші): қызыл телпек, сен өзің не істеп жүрсің?

Қызыл телпек: мен анама, әжеме гүл сыйлағым келген, бірақ гүл таба алмай жүрмін.

Көктем(тәрбиеші): қызыл телпек сен көңіліңді түсірме, мен саған көмектесемін. Гүл патшайымдары қайдасыңдар?!

Би «Гүлдер» (Адия, Жансаяз, Марта, Ж.Амина, Жаннұр, А.Амина, Іңкәр, Құндыз)

(Қыздар биін билеп аяқтаған соң, гүлдерін жинап Қызыл телпекке беріп кетеді)

Қызыл телпек: рахмет! Гүлдерімді таптым, барып әжем мен анамды қуантайын. Жүр Буратино менімен барасыңба?!

(Буратино мен қызыл телпек қоштасып шығып кетеді.)

Көктем(тәрбиеші): балалар, бізде аналарымызды қуантып анамызға арнап ән айтып берейік!

Ән: «Ақ мамам»

Жаннұр:

Жанымызды жайнатқан,

Сіздерсіз ғой аналар!

Зор денсаулық, мол бақыт,

Тілейміз біз балалар!

Аяулым:

Мәпелейсің мені анам,

Қолындағы құсындай.

Құлпыра өсіп дем алам,

Құшағында қысылмай.

Аделья:

Мәпелейді, әлдилейді, бағады,

«Құлыным»-деп құшағына алады.

Өзгеге де, өзіне де жауапты,

Барлығына қалай уақыт табады.

Абылайхан:

Ақ қабақты анашым,

Күн сәулелі данашым.

Әлпештеген баласын,

Айналайын анашым.

Адия:

Менің әжем бұл әжем,

Айтқан сөзі дәл әжем.

Аман болса көреді,

Қызығымды әлі әжем.

Алинур:

Мені жақсы көреді,

Күндей күліп келеді.

Көп ертегі біледі,

Маған айтып береді.

(Залға аңдар кіреді, түлкі, аю, қоян)

Аңдар: алақай, көктем келді (жүгіріп шығады) Сәлеметсіздерме, балалар?!

Көктем(тәрбиеші): аңдар, сендер, мында не істеп жүрсіздер?

Аңдар: қыста қалың ұзақ уақыт ұйқыда жатқандықтан, көктем келгенін біліп, оянып, қуанып бой жазып жүргенбіз. Мында балалар ерекше мерекені тойлап жатқанын естіп, жүгіріп келгенбіз. Балалармен ойын ойнағымыз келеді.

Көктем(тәрбиеші): балалар, ойын ойнағымыз келе ме?

Аңдар: ендеше, балалар, ойын аты «Қыздарға гүл сыйла»

Шарты: ортада үстел тұрады. Сол үстелге гүлдер қойылған, гүл балалар санынан кем қойылады. Музыка ойналады, ұлдар қыздармен вальс билейді, музыка кенет тоқтатылады. Сол кезде балалар үстел үстіндегі гүлге жүгіріп, қызға сыйлау керек. Гүлді алып үлгермеген бала ойыннан шығады. Ойын осылай жалғаса береді. Ойынға бірнеше бала қатысуға болады.

Көктем(тәрбиеші): жарайсыңдар, балалар! Ойын ұнады ма?!

(Аңдар қоштасып шығып кетеді)

Жасым:

Кто любимый любимей всех на свете?

Это сразу скажут дети.

Обойди весь белый свет,

Лучше мамы в мире нет!

Дәулетхан:

Мама, очень, очень,

Я тебя люблю.

Так люблю, что ночью,

В темноте не сплю.

Марта:

Вот и зорька светит,

Вот уже рассвет

Никого на свете

Лучше мамы нет.

Би: «Орыс биі» (Диас Назерке, Мансұр Арай, Әбілмансұр Р.Інжу, Айсұлтан Кәусар)

Көктем(тәрбиеші): жарайсыңдар, балалар! Көктемнің шуақты мерексінде аналарымызғы арнап әдемі әніміз бен сыйлығымызды қабыл алыңыздар!

Ән: «Анашым»

(Балалар аналарына сыйлықтарын сыйлайды)

Көктем(тәрбиеші): құрметті аналар! Балаларыңыздың өз қолдарымен дайындаған кішкене ғана сыйлығын қабыл алыңыздар!

Тағы да мерекелеріңіз құтты болсын!!! Әр көктем өз ерекшелігімен келе берсін. Өздеріңізге арналған мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет!







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал