7


  • Учителю
  • Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады

Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады

Жарияланды 6-06-2014, 20:46 Категориясы: Бала-бақша

Білім беру саласы: Денсаулық

Ұйымдастырылған іс - әрекет: Дене шынықтыру

Тақырыбы: «Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады»

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Ұлттық ойындар дене шынықтыру іс - әрекетінде кең қолдана отырып, балалардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық шеберліктерін, мүмкіндіктерін арттыру.

2. Дамытушылық: Қазақ халқының ерлік - жауынгершілік тарихын ұрпаққа ерліктің өшпес үлгісін қалдырған хан батырлардың өмір өнегесімен таныстыру, өз жерін, өз елін қорғай алатын ел жанды, ұлттық намысы мол жігерлі бүлдіршіндерді тәрбиелеу;

3. Тәрбиелік: Жас ұрпақты өздігінен білім деңгейін көтеруге үйретіп өзін - өзі тәрбиелеуге дағдыландыру.

Қажетті құралдар: Арқан, Жылқы, Теңге, Қамшы.

Тәрбиеші: Құрметті ұстаздар мен тәрбиешілер! Бүгінгі «Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады» атты спорттық ойындар жарысына қош келдіңіздер! Топ арасындағы жарысқа топтарды ортаға шақырайық.

Қаражорға әуенімен балалар ортаға шығады.



Тәрбиеші: Міне, балалар шықты алаңға,

Жас спортшылар жеке - жеке команда

Ал, балалар өздеріңді таныңдар,

Ептілік, мықтылық, батылдық көрсетіп табанды,



«Ура» деген ұранды біз тастаймыз

Жарысымызды ал енді бастаймыз

«Жеңіске жетеміз!» деп

Жалынды ұран тастаймыз.



Тәрбиешілер: «Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады» - атты жарысымызды бастаймыз.

Бүгінгі жарысқа қатысуға екі топ келіп тұр. Осы топтардың жарысына әділ бағасын беретін сіздерсіздер.



Ал, құрметті халайық

Жарысты енді көріңіз

Әділ қазы алқасы

Әділбаға беріңдер

- дей отырып топ капитандарына сөз берейік.



1 - топ «Тұлпар»

Топ капитаны - Саят

2 - топ «Қыран»

Топ капитаны - Мақсат



«Тұлпар» тобы

Қатар өскен құрдасқа,

Жарыс ұнап тұрмас па!

Қуып жету жақсы ғой

Озып шығу бір басқа.



«Қыран» тобы

Босқа қарап тұрмайық,

Бағымызды сынайық

Намысты қолдан бермейік

Жарысты озып шығайық.



Тәрбиеші: Балалар, сендерге сәттілік тілей отырып, жарысымызды бастаймыз.

Ал, енді сайысымыздың шарттарымен таныстырайық...



Сайыс шарттары:

1. Бәйге

2. Арқан тартыс

3. Теңге алу

4. Қол күрес

5 Ақсерек - көксерек



Ойын: Ұлттық ойын «Бәйге»

Ойын шарты: Әр топтың алдына 3 - 4 м қашықтықта межелер белгіленді.

Екі топтың балалары ( арақашықтық2м) сап түзеп тұрады. Бұл ойында жұптасып жарысады. Әр топқа бір ат, бір қамшы байланады. Белгі бойынша әр топтан бір баладан атқа қонады да жарысады. Балалар аттың шабысына салып шабуы тиіс.



Ойын: Ұлттық ойын «Арқан тартыс»

Ойын шарты: Бұл екі топқа бөлінген балалармен ойналатын ойын бір түрі. Арқанның екі жағынан екі топқа бөлінген балалар тартысады. Қай топ өз жағына алып, келсе сол топ жеңіске жетеді.

Ойын: Ұлттық ойын «Теңге алу»

Ойын шарты: Бұл ойынды ер балалар ойнайды. Аттың орнына шыбық ат пайдаланады. Белгілі бір жерге теңгені ыдысқа салып қояды. Ойыншылар атпен шауып келіп еңкейіп теңгені ыдыстан тез алып шаба жөнеледі. Егер ойыншы теңгені алмай қалса жеңілген боп есептеледі.



Ойын: Ұлттық ойын « Қол күрес»

Ойын шарты: Ортаға екі ойыншы шығып, кілемнің үстіне жамбасынан жатады. Олар бас бармақтарын айқастыра қолдарын жымдастырып ұстайды. Ойынның шарты қолының күші көп ойыншы қарсыластың қолын жерге тигізуі керек.



Ойын: Ұлттық ойын: «Ақсерек - көксерек»

Ойын шарты: Ойынды ойнау үшін балалар екі топқа бөлінеді, қолдарынан ұстап тұрады. Ара қашықтық 20 - 30 қадам.

1 - топ. Ойынды бастайды:

Ақсерек - ау, ақ серек

Бізден сізге кім керек.

2 - топ Ойынды жалғастырады

Ақсерек - ау, ақ серек

Жаман - жаман бала аты (бала аты) керек.

Аты аталған бала келесі топқа дейін жүгіріп барып ортасынан ұстасқан қолдарды ажыратып кету керек. Егер өтіп кетсе сол топтан бір баланы тобына алып қайтады, өте алмаса сол топта қалады. Ойын осылай жалғаса береді.



Тәрбиеші:

Өнерге биік сеніңіз

Думанға қызық келіңіз

Әділ қазы ел сенген

Өнерге баға беріңіз.



Тәрбиеші: Құрметті көрермендер, балалар біздің алға қойған мақсатымыз ата - бабадан қалған өнер мен өнеге, үлгілерінің лайықтыларын баланың сана сезіміне құйып көзіне көрсете отырып, ұлттық ойын арқылы бойына сіңіріп, оларды әдептілікке, мейірімділікке, ізеттілікке, туысқандық пен бауырмалдыққа, үлкенге - құрмет, кішіге - қамқорлыққа баулып адамды қажеттерді ұғындыру, қалыптастыру.

Бір ғажабы ойындар балалардың жан сұлулығында, тән сұлулығында жан - жақты жетілдіруге бағытталған.



Бүгінгі балалармен ұйымдастырылған «Ұлттық ойыны - ұлықтайық» атты спорттық кешімізді қорытындылап, әділ шешімімен «Тұлпар» және «Қыран» топтарының арасындағы сайыста достық жеңді. Екі топты алтын және күміс медалдарымен марапатталады. Осымен спорттық жарысымыз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет!



Білектіні бірлікпен жең

14 Мамыр 2015, 13:46 Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады 20 Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады 0 Газеті: "Жайық ұстазы" газеті</</font>

«Дені саудың - жаны сау» дегендей, жақында Орал қаласындағы №30 «Гүлдер» балабақшасында тәрбиешілер арасында спорттық жарыс өтті. Бұл спорттық шараның мақсаты: ұжым қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Тәрбиешілерді дене тәрбиесі және спортпен шұғылдануға тарту, белсенділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйым-шылдыққа тәрбиелеу, бос уақытын тиімді пайдалану және денсаулықтарын нығайту. Сайыс барысында «Тұлпар» және «Алғырлар» командалары кедергілер арасынан өту, кеглиді айналып өту, шыршаны безендіру, т.б. жарыс түрлерінен сайысты. «Тұлпар» командасының қатысушылары Ж.Бақтыгереева, Ф.Елеубаева, А.Климетова және Д.Азмуханбетовалар үздік деп танылса, «Алғырлар» командасынан Ш.Асетова, Г.Бектиярова, Г.Ескалиева, Л.Мурадымқызы және Э.Артыковалар топты жарып алға шықты. Сайыс қорытыңдысы бойынша жеңіске жеткен «Алғырлар» командасы сайыста белсенділік танытып, алғыс хатпен марапатталды. Бүгінгі таңда елімізде еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін дене тәрбиесіне ерекше мән беруде. Жан-жақты дайындықпен ұйымдастырылған тәрбиелік маңызы бар іс- шаралар әлі де жалғасын табуда.



Тақырыбы: Спортты ал серікке ...

Мақсаты: І. Білімділік

Оқушылардың жеке денсаулығы мен

ерекшеліктері туралы білімін қалыптастыру

және дене шынықтыру пәніне қызығушылықтарын

арттыру.

ІІ. Дамытушылық

Оқушыларды тез әрі орнықты қимыл - әрекетке

жаттықтыру, психологиялық процестер

мен адамдық қасиетті дамыту.

ІІІ. Тәрбиелік

Оқушыларды ойын кезінде өзін - өзі бақылау арқылы

белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа,

батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу..

Сабақтың түрі: жарыс сабақ

Қажетті құрал - жабдықтар: доп, кедергілер, секірме, төсеніш, стол.

Өтілетін орын: спорт зал

Спортты ал серікке ...

(спорттық жарыс)

Барысы: 1. Кіріспе сөз;

2. Спорттық жарыс;

3. Қорытынды сөз, марапаттау.

Жарысқа қатысатын 5 а,ә сыныптарынан құралған команда. Әр команданың өз аттары, өз ұрандары бар.

  1. 5а сыныбы - «Жас қыран» командасы

  2. 5ә сыныбы - «Сұңқар» командасы.

Жарысты өткізу ережелері:

А) Топты өз орындарына тұрғызу;

Ә) Әділқазылар сайлау.

Жүргізуші: Құрметті жиналған қауым, ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Спортты ал серікке ...» атты спорттық жарысымызға қош келдіңіздер! Сайыстың негізгі мақсаты - жас ұрпақты жаман әдеттен аулақ, дененің сау болып, келешекте өз елінің, қоғамның салауатты, өркениетті, білімді азаматы етіп қалыптастыру. Осы мақсатта біз бүгін 5а,ә сынып оқушылар арасында спорттық сайыс өткізгелі отырмыз.

Жүргізуші: Қош келдіңіз қонақтарым төрлеңіз,

Әзірледік сізге орынды төрден біз,

Ұландардың ең құрметті қонағы,

Жанкүйер де, төреші де өзіңіз.

Жарысты бастамас бұрын ойынға әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен танысайық.

Ал ендеше сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.

Спорттық жарыс ойынының шарттары:

  1. Таныстыру. Әр команда өздерін таныстырады.

  2. Мәреге кім бұрын?

  3. 3 - ші адам артық.

  4. Кім мерген?

  5. Допты ойын.

  6. Секіртпемен секіру.

  7. Кім жылдам?

  8. Ептілік

Ал, балалар сайыс шарттарымен таныс болдық, енді әрі қарай ойынымызды бастаймыз.

Жүргізуші: Денсаулық - шексіз бақыт,

Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа.

Өмірде бақыттысың денің сауда,

«Денсаулық - терең бақыт» деген сөзді,

Құр айтпаған ұлы Абай данамызда, - деп, алғашқы ойынымызға көшейік.

  1. «Мәреге кім бұрын?»

Ойын шарты: Мұғалімнің берген бұйрығы бойынша сөре сызығына жүгіріп шығып жалаушадан айналып, шеңберден өтіп, тура жүгіріп келіп екінші ойыншыға таяқшаны береді. Ол таяқшаны алысымен сөреден жүгіріп шығып, ойынды бірінші ойыншы сияқты жалғастырады. Қай команда бұрын бітірсе, сол команда жеңіске жетеді.

Жүргізуші:Денің сауда күштісің бұл әлемде,

Денің сауда сұлусың жер бетінде.

Сол мықты денсаулықтың арқасында,

Жетерсің әлі талай бақыттарға.

  1. Сайысымыздың келесі бөлімі «3 - ші адам артық»

Ойын шарты: Ортаға 3 стол қойылады. Әрбір командадан 1 ұл, 1 қыздан шығады. Столды айнала жүріп, ысқырған кезде орындыққа тез отыру керек. Отырып үлгермеген оқушы ойыннан шығады. Столды кеміте отырып ойынды жалғастырамыз.

  1. «Кім мерген?»

Ойын шарты: Алдыда тұрған 5 - 6 метр қашықтықтағы шарды жару керек. Ол үшін алдымен кедергілер арасынан жүгіріп келіп шарды жарады. Қанша шар жарылса, сонша ұпай жазылу керек.

Жүргізуші: Жатып ішер боп жалқау,

Бойкүйез болма, еріншек.

Айналысып спортпен,

Талаптан, жаттық еңбекпен.

  1. Сайысымыздың келесі бөлімі «Допты ойын»

Ойын шарты: Бір оқушы допты теуіп отырып кедергілердің арасынан өткізеді, қайтар жолда дәл осылай ойын қайталанады..

  1. «Секіртпемен секіру»

Ойын шарты: Белгі бойынша кедергілер арасынан секіріп барып, секіріп қайтады. Ойыншы сөре сызығына секіріп жетіп екінші ойыншының қолына секіртпені береді. Ойын солай жалғаса береді. Қай команда бұрын келсе, жеңімпаз атанады.

Құрметті сайыскерлер деніміз сау болсын десек спортпен шұғылданайық. Сонымен сайысымыздың келесі бөліміне көшейік.

  1. «Кім жылдам?»

Ойын шарты: Төсеніштен жүгіріп барып домалау, қайтарда тура қайту.

  1. «Ептілік»

Ойын шарты: Екі оқушы допты аяқтарының арасынан түсірмей бір - біріне беру керек, қайтар жолда допты бастарының арасынан ұстап кедергілер арасымен келіп ойыншыларға тапсырады. Олай болса балаларсіздерге сәттілік!

Жүргізуші: Өнерге биік сеніңіз,

Думанға қызық келіңіз.

Әділ қазы ел сенген,

Өнерге баға беріңіз.

Құрметті әділ қазылар сөз кезегі өздеріңізде.

Жүргізуші: Құрметті оқушылар, жүлделеріңіз құтты болсын!

Бүгінгі «Спортты ал серікке ...» атты спорттық жарысымыз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал