7


  • Учителю
  • Тіл дамыту. Тақырыбы: Төрт түліктің пайдасы. Ақ көгершін тобы.

Тіл дамыту. Тақырыбы: Төрт түліктің пайдасы. Ақ көгершін тобы.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

ҚМКҚ «Қызғалдақ» бөбек-жай балабақшасы









Тіл дамыту. Тақырыбы: Төрт түліктің пайдасы. Ақ көгершін тобы.

«Төрт түліктің пайдасы»

(aшық сабақ)

















«Ақ көгершін» тобының тәрбиешісі:

Әміржанова Меруерт Сабыржанқызы













Мұқыры ауылы

2016 жыл

Білім беру саласы:"Қатынас"

Ұйымдастырылған оқу іс -әрекеті: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Төрт түліктің пайдасы»

Мақсаты:

Білімділік: Балаларды үй жануарлары және оның төлдерімен, тіршіліктерімен таныстыру. Не қалай дыбыстайтынын айтып, тілдерін дамыту.Балалардың үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру.

Дамытушылық: Олардың түрлерін бір - бірінен ажыратуға, зейін қойып тыңдауға үйрету,үй жануарларына байланысты тақпақтар мен мақал мәтелдер айтқызу, сұрақтарға жауап беруге дағдыландыру, жұмбақ шешу арқылы тіл байлықтарын дамыту.

Тәрбиелік: Жануарларды күтіп баптауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Әдіс - тәсілі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету.

Көрнекілік: Үй жануарларының суреттері, слайд.

Ұйымдастыру кезеңі:

Балалар, «Амандасу - адамгершіліктің, әдептіліктің баспалдағы»

сондықтан да, алдымен қонақтармен амандасып алайық.

Жылулық шеңбері:

Қуан, шаттан, алақай,

Қуанатын күн бүгін!

Қайырлы таң қонақтар,

Қайырлы таң достарым.



Сабақтың барысы:

- Балалар, бір жылда неше мезгіл бар?

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Бүгін ауа райы қандай?

Өткен сабаққа шолу

Жаңа оқу іс-әрекетінің тақырыбын ашу мақсатында жұмбақ жасыру:

Кішкене ғана бойы бар

Айналдырып киген тоны бар. (Қой)

- Иә дұрыс айтасыңдар,балалар-қой. Қой бәріміздің үйімізде бар. Ол-үй жануары. Яғни бүгінгі оқу іс-әрекетімізде біз үй жануарларымен танысамыз.

Тәрбиеші:

  • Балалар, үй жануарларына қандай жануарлар жататынын білеміз ба?

  • Ал олай болса балалар үй жануарларын атайық(балалар үй жануарларын атайды). Бейнетаспа көрсету.

Тосын сәт:

(Музыка ойнайды, түйенің дыбысы шығады). -Балалар, ненің дауысын естіп тұрмыз? Қарайықшы, қанеки бізге кім келе жатыр екен?

Түйе келеді. «Балалар, маған көмектесіңдерші? Менің үйіме қарақшылар келіп, достарымның суретін жыртып кетіпті. Сендер маған суреттерді құрастырып беріңдерші»,-деп төрт топқа сурет қиындыларын береді.

Балалар суретті құрастырып болғаннан кейін, өздері құрастырған суреттері туралы тақпақтарын айтады, түйе алғысын білдіреді.

Түйе: «Жарайсыңдар,балалар, сендерге көп рахмет. Сендер маған көмектестіңдер мен де сендерге сыйлық алып келгенмін»-деп сыйлығын беріп балалармен қоштасып шығып кетеді.

Сергіту сәті: Бейнетаспа арқылы

Қорытынды:

(Алдын ала тақтаға үй жануарларының суреттері ілінеді).

Балалар, тақтадағы суреттерге назар аударайық. ( телефоннан үй жануарларының дыбыстарын естірту).

  1. Қойдың дыбысы: -Ненің дыбысын естідік? Әрине қой. Қойдың төлі қалай аталады? Қозыны анасының қасына апарайық.

  2. Мысықтың дыбысы: -Ненің дыбысын естідік? Дұрыс айтасыңдар мысықтың. Мысықтың баласы қалай аталады? Марғауды анасының жанына апарайық.

  3. Иттің дыбысы: -Ненің дыбысын естідік? Әрине ит. Иттің баласы қалай аталады? Күшікті анасының қасына апарайық.

  4. Жылқының дыбысы: -Ненің дыбысын естідік? Әрине жылқы. Жылқының баласы қалай аталады? Құлынды анасының жанына апарайық.

  5. </<font face="Times New Roman, serif">Түйенің дыбысы: -Ненің дыбысын естідік? Дұрыс түйенің. Түйенің төлі қалай аталады? Ботаны анасының қасына апарайық.

  6. Сиырдың дыбысы: -Ненің дыбысын естідік? Әрине сиыр. Сиырдың төлі қалай аталады? Бұзауды анасының қасына апарайық.

Мадақтау:

Балаларды мадақтап, жұлдызшаларын тарату.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал