7


  • Учителю
  • Утренник на новый год Жаңа жылым қош келдің!

Утренник на новый год Жаңа жылым қош келдің!

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Қош келдің Жаңа жыл»



Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, қонақтар, балалар. Сіздерді келе жақтан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз. Өмірлеріңізге шаттық, дендеріңізге саулық, отбасыларынызға ынтымақ бірлік тілеймін.

Құтты болсын ағайын!

Жаңа жылым тағыда

Қол соғып қарсы алайық

Шақырайық ортаға

«Күншуақ» тобында.



Ән: Шырша жыры.



Жүргізуші: Ой балалар, біз Жаңа жыл мерекесін тойлатып жатырмыз, ал Аяз- Атамыз жоқ қой. Қояндар, ұзын құлақтарым, сендер Аяз-Ата мен Ақшақарды шақырып келіндер. Бірақ байқандар, қасқырға тап болып қалмаңдар.



Қояндар шыршаны айналып шығады. Алдарынан қасқыр шығады.



Қасқыр: А-а қояндар, ұсталдыңдар ма? Мен сендерді жеп қоямын.

Мен көкжал қасқырмын,

Малшыны састырдым.

Аш болсам ұлимын,

Ауылды торимын.



1 - қоян: Жемеші, бізді, біз саған өлең айтып берейік.



Ән: «Ұзын құлақ сұр қоян» Қарап еді артына,

Естіп қалып сыбдырды. Қиығын сап көзінің.

Ойлы-қырлы жерлермен Келе жатқан томпандап,

Ытқып-ытқып жүгірді. Көжегі екен өзігің.

Қояндар қасқырдан қашып, шыршаны бір айналып шығады. Алдарынан аю шығады.



Жүргізуші: Тауға шықсаң - қалың қар,

Сайға түссең - қалың қар.

Шырша үсті - қалың қар,

Байқандар қар астында,

Ұйықтап жатқан аю бар.



Аю: А-а қояндар, ұсталдындар ма. Мен сендерді жеп қоямын.

Сергіту сәті: Қорбандаған аюдың. Теріп-теріп алайық

Құлпынайы көп екен Қалтамызға салайық.

Жүргізуші:Балалар Аяз-атамен, Ақшақар келе жатқан сияқты секілді.

Мыстан кемпір: Сәлеметсіңдер ме? Балалар мен Аяз-аталарын боламын.



Балалар: Жоқ, жоқ, Аяз-ата емессіз.



Мыстан кемпір: Егер сендер сенбесендер оңда мен шыршаларынды жоқ қыламын, ашуыма тимендер жойып жеберемін.



Жүргізуші: Балалар Аяз-ата келгенше мыстан кемпірдің ашуына тимейік одан да көңілін көтеруге тырысайық. Сіз ашуыңызды басыңыз, ренжімеңіз. Біздің балалар өнерлі сізге арнап би билеп береді.



Би: «Қояндар биі»



Жүргізуші: Ой қояндар, тез қайтып келіңдер ғой?



1-ші қоян: Біз қасқырдан қашып кеттік.



2-ші қоян: Біз аюдан қашып кеттік.



Жүргізуші: Түсінікті. Енді не істейміз? Ендеше балалар Аяз- Ата мен Ақшақарды бар дауыспен шақырайық. (Балалар Аяз-Атаны шақырады.

Аяз-Ата мен Ақшақар келеді. )



Аяз-Ата: Амансыңдарма шырақтарым, армысыздар балаларым! Көп жол жүріп, тау-тау аралап, міне сендерге де жеттім.



Жүргізуші: Сәлеметсіз бе Аяз-Ата! Ақшақар! Аяз-Ата, жол жүріп шаршаған шығарсыз, біраз отырып дем алыңыз. Ал біз сізге тақпақтарын айтып берейік.



Р.Алихан: Сақалы аппақ күмістей,

Тістері аппақ күріштей.

Қызыл ала шапаны,

Сағындым Аяз-атаны.



Бақдаулет: Аяз-ата келеді,

Тамашаны көреді

Риза болып қуанып,

Бізге сыйлық береді.



Кәмшат: Жолдан келген алыс тым,

Үсті қырау, қар ұшқын

Жылда бізбен жүздескен

Бұл атамен таныспын.



Жарас: Шыршамызда керемет,

Ойыншықтары тағылған

Алыс жақтан келіп тұр

Аяз-ата сағынған.



Жания: Қуантып елді,

Жаңа жыл енді.

Өсетін болдым,

Бір жасқа енді.



Би: Тұлпар би.



Аяз-Ата: Жарайсыңдар балаларым, міне демалып қалдым. Енді мен сендермен бір ойын ойнайық.



Ойын: «Сиқырлы қолғап» (сиқырлы қолғап кімге тисе сол бала тақпақ, өлең, би орындайды.)



Аяз-Ата: Жарайсыңдар балаларым, жылдам екенсіндер ғой.



Нурали: Аппақ, аппақ ақшақар

Қар жамылды бақшалар

Сырғанаққа қыс келді

Тонғақ бала жас қанар.



Әмірхан: Сақалы аппақ күмістей

Тістері аппақ күріштей

Қызыл ала шапаны

Сағындым Аяз-атаны.



Олжас: Кел білейік сенімен

Дедім тартып жеңінен

Еріп кетпе Ақшақар

Адамдардың демімен.



Динар: Мұздан моншақ тағынып

Күміс қырау жамылып

Ортада тұр Ақшақар

Көптен күткен сағынып.



Елбақ: Аспан жерге төгеді.

Ақ күмісін уыстап

Жаңа жылда келеді

Бізге қарай жылыстап.



Би: «Шығыс биі»



Жүргізуші: Аяз-ата біздің балаларымыздың сізге арналған тағыда тақпақтары бар.



Ернар: Оралама ол енді

Айтар едім өленді

Жылдамырақ келсе екен

Бізге ойыншық берсе екен.



Әзима: Өлең де әзір, ән әзір,

Ойын да әзір, бәрі әзір

Кел жаңа жыл, біздерге,

Кел, жаңа жыл, жаңа жыл.



Архат: Жас ұланмын шыныққан

Жасқанбаймын суықтан

Қардан жасап аққала

Сырғанаймын шаттана.



Периза: Аспанан қар жауама

Ызғырық бар ауада.

Екі беті қызартып

Жүрген жақсы далада.



Аяла: Тамаша, тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Қөз тоймайды қараса.



Мұқтар: Далада қар борайды

Ақ мамыққа орайды

Мұз болады - қатады

Жып-жылтыр боп жатады.

Аяз-Ата: Тамаша, тамаша, Жарайсыңдар балалар.



Жүргізуші: Ал енді балалар барлығымыз ойын ойнап жіберейік.

Ойын: «Сәбіз жина» (қоян мен қасқыр)



Жансая: Әдемілеп біз ілген Қандай жақсы шыршамыз

Ойыншықтар тізілген Ән шырқайық баршамыз.

Арман: Ақ қар жапты даланы.

Ақ жамылды айнала.

Жарқыратып шамдарын

Шырша келді ортаға.



Ералы: Тілеймін мен бар адамға

Жаңа бақыт, жаңа жыр.

Әке- ана, әке-ана,

Құтты болсын жаңа жыл.



Би: Рэп биі (ұлдар)



Аяз-Ата: Бәрекелді балалар, жарайсындар. Ал балалар, енді мен қайтайын уақытым болды. Кәне менің көмекшелерім, балардың сыйлығын таратуға көмектесіндер. (сыйлық таратылады)



Жүргізуші: Осымен «Қүншуақ» тобының сіздерге арналған ертеңгілігі аяқталды. Тағы да келе жатқан жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Жаңа

бақыт қуаныш әкелсін.



Сау болыңыздар!





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал