7


  • Учителю
  • Ана тілім - байлығым (ертеңгілік)

Ана тілім - байлығым (ертеңгілік)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: « Ана тілім- байлығым»

Мақсаты: Балаларға ана тілі туралы түсіндіріп,білімдерін жетілдіру.Балаларды өз ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып,ой - өрісін дамыту.Туған елінің тілін қастерлейтін саналы азамат болуға тәрбиелеу.

Тәрбиеші: Қайырлы күн, құрметті Тіл мерекесіне жиналып отырған қонақтар, балабақша бүлдіршіндері! Ана тілі - адамның жан дүниесінің айнасы, өсіп - өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ана тілі ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатқан асыл қазына.

Қазақ тілі өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйдеген дана тілім.

Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,

Болашағым,бақытым дара тілім - дей отырып, Тіл мерекесіне орай ұйымдастырылған « Аққу» тобының « Ана тілім - байлығым» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Хор: « Әнұран»

Гүлниса: Ана тілім -елдігім,

Ана тілім - ерлігім.

Тілді биік құрметтеп,

Тойлап жатыр ел бүгін.

Айқын:Ана тілің біліп қой,

Еркіндігің, теңдігің.

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышы елімнің.

Тоғжан:Ана тілі анамның,

Ақ сүтімен келген тіл.

Ана тілі бабамның,

Ақылымен өрген тіл

Ән: « Анашым»

Тәрбиеші: Балалар, бізге арнайы қонақ келіпті, қошеметтеп қарсы алайық.

( Музыкамен залға Ару - ана кіреді)

Ару - ана: Сәлеметсіңдер ме , балалар, құрметті қонақтар! Мен Ару - анамын! Осы « Шұғыла» балабақшасында Тіл мерекесін тойлап жатқанын естіп, сендерге қонаққа келдім. Қандай керемет әдемісіңдер,әсем болып киініп алыпсыңдар. Өздерің бір - біріңмен тату - тәттісіңдер!

Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе, Ару - ана! Біздің мерекемізге қош келдіңіз, төрлетіңіз. Біздің бүлдіршіндеріміздің өнерлерін тамашалаңыз.

Сахнаны жандандырған биімен,

Саусақтары майысып дөңгеленген.

Бір топ қызымыз алдарыңызда,

Билейді әсем биді « Бипыл» деген.

Би: «Бипыл»

Орындайтын: Гүлназ, Гүлниса.

Тәрбиеші:

Ана тілім - өзгелерден бөлексің,

Бала жүрек саған арнап жыр төксін.

Қай асылға теңесем де жарасар,

Ана тілім баға жетпес өнерсің.

Гүлназ:

Ана тілім - тірегім,

Ана тілім - жүрегім.

Қасиеті елімнің,

Тек өзің деп білемін.

Кәусар:

Ана тілім - анам,

Аппақ қардай арым.

Мұра еткен бабам,

Жарқыраған жаным.

Жаннұр:

Жанымнан қымбат,

Ана тілім маған.

Ана сөзін тыңдап,

Үлгі өнеге алам.

Ару - ана:

Өте жақсы балалар! Өнерлерің көп екен. Мерейлерің үстем болсын! Балалар, сендер тілге байланысты қандай мақал - мәтел білесіңдер? Қане , балалар, кім айтады?

Жалғас: Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.

Ерхан: Жақсы сөз - жарым ырыс.

Қобылан: Тіл қылыштан өткір

Тоғжан: Шебердің қолы ортақ,

Шешеннің тілі ортақ

Әлішер: Өнер алды қызыл тіл

Би: « Қара жорға»

( Айқын, Нұртас, Дина, Гүлназ)

Ару - ана: Талаптарыңа нұр жаусын! Балалар, қане көңілімізді сергітіп алайық. Қандай ән білесіңдер?

Балалар: « Қошақаным» әнін айтайық. Ару - ана сізде бізбен бірге ән салыңызшы.

Ару - ана: Балалар, әрдайым осындай тату дос болып, өз тілдеріңді құрметтеңдер. Сендердің өнерлеріңді көріп, көңілім толып, риза болдым. Келесі кездескенше сау болыңыздар!

Тәрбиеші:

Балалар! Тіл - халықтың тарихы. Ана тілін қамқорлыққа алып қастерлеу баршамыздың қоғам алдындағы қасиетті парызымыз.

Тіл мен ғана қызық менің тірлігім,

Тату еткен елмен ердің бірлігін.

Туған тілмен асқақ шығып ізгі үнім,

Туған тілде алып жүрміз біз білім.

Құрметті қонақтар, балабақша бүлдіршіндері!

Осымен тіл мерекесіне дайындаған « Ана тілім - байлығым» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Қош сау болыңыздар!







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал