7


  • Учителю
  • Мектеп жасына дейінгі балаларға арналғанТөртіншісі артықәдістемесі

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналғанТөртіншісі артықәдістемесі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Төртіншісі артық» әдістемесі

Бұл әдістеме көрнекі-бейнелі ойлау ерекшеліктерін зерттеуге арналған.Ол балаларға немесе ересектерге қарым-қатынас деңгейін қалыптастыруға жол ашады,сонымен бірге сараптаудың,салыстыру мен синтездеудің ерекшелігін анықтау үшін берілген 4 заттың 3-еуін қолдану арқылы жүзеге асады.

Қолданылатын материалдар сипаттамасы.

Жинақ 132 карточкадан тұрады.Бір тапсырма 4 карточкадан тұрады,әр карточкада зат бейнеленеді:3 заттың ортақ белгілері бар,бір-біріне қатысы бар.Ал 1-еуінде басқаларына қатысты белгі болмайды.Әр тапсырманың өзіндік қиындығы бар.Барлық тапсырма - топқа таратылған.Әр топта 4 карточкадан.

І топ.Жай қатынастар.

І-1 - 3 гүл және 1 мысық.

І-2 - 3 ағаш және гүл.

І-3 - 3 мысық және ит.

І-4 - 3 жидек және жеміс.

ІІ топ.Стандартты қатынастар.

ІІ-1 -ыдыс және стол.

ІІ-2 - жеміс және ірімшік.

ІІ-3 -балық және құс.

ІІ-4 - үй жануары және піл.

ІІІ топ.Сараланған қатынастар.

ІІІ-1 -қысқы киім және суға түсуге арналған киім.

ІІІ-2 - жер үсті көлігі және кеме.

ІІІ-3 - отыруға арналған жиҺаз және стол.

ІІІ-4 - қысқы аяқ киім және сандал.

ІҮ топ.Жасалуы мен тапсырмасы жағынан күрделі қатынастар.

ІҮ -1 - кондитерлік өнім және алма.

ІҮ -2 - сүт өнімдері және нан.

ІҮ-3 - киім және кітап.

ІҮ-4 - құрылыс көліктері және автобус.

Ү топ.Нақты түсіндіруді қажет ететін қатынастар.

Ү-1 - тігін құралдары және көзілдірік.

Ү-2 - ішкі жағына бір нәрсе салуға болатын зат және қол шатыр.

Ү-3 -мамандық және оқушылар.

Ү-4 - сусын ішетін ыдыс және бөтелке.

ҮІ топ.Екі шешімі бар тапсырмалар.

ҮІ-1 - тауық,үйрек,балапан және жұмыртқа(1-шешім -үй құстары және жұмыртқа,2-шешім-артығы үйрек,өйткені жұмыртқадан балапан жарып шығады және тауыққа айналады;түсі арқылы шатастыру -тауық,үйрек және бір түсті жұмыртқа)

ҮІ-2 - ұшақ,машина,мотоцикл(1-шешім-жер үсті көлігі және артығы ұшақ;2-шешім-жолаушылар көлігі және жеке көлік)

ҮІ-3 - балауыз,үстел шамы,аспалы шам,компьютер(1-шешім-жарық беруші құралдаржәне компьютер;2-шешім-электр құралдары және балауыз)

ҮІ-4 - тарақ,қалақ,шелек,шаңсорғыш(1-шешім-тазалық құралдары және тарақ; 2-шешім-заттар және электр құралдары)

VІІ топ.Шатастыру тапсырмалары.

VІІ-1 - шабдалы,алмұрт,алхоры және жүгері(жидектер және жүгері,түстері арқылы шатастыру)

VІІ-2 - орамжапырақ,бұрыш,қызанық,құлпынай(құлпынай және көкөністер; түстері арқылы шатастыру)

VІІ-3 - қарбыз,шыны аяқ,пышақ,тәрелке(ыдыс және қарбыз)

VІІ-4 - қыл қалам,қарындаштар жинағы, қаламсап, қайшы (жазу құралдары және қайшы)

VІІІ топ.Ізгілік санатындағы тапсырмалар.

Бұл топтағылардың карточкаларында заттар емес танымал мультфильмдердің кейіпкерлерінемесе түрлі жағдайлардағы бейнелері беріледі.Бұл топ іріктелген және дайындықтан өткен.Балалардың бойында ізгілік қасиеттерін қалыптастыру ересек топта болатыны белгілі ,олардың қажеттіліктен туындайтын ортақ қасиеттерін анықтау және жеке басының жалпы мәдениеттілігінің тең дәрежеде болуы.

VІІІ-1 - арыстанның күшігі,акула,мыстан-сегізаяқ,кішкентай ібіліс.

VІІІ-2 - Том және Джерри,2 ит,үйрек және марғау, 2 көр- тышқан.

VІІІ-3 - билейтін үйрек,мұңды бала,Аппақ қар қызы,Иа-есек.

VІІІ-4 - мультфильм қаҺармандары.

Бала іс-әрекеттерін талдауда мына төмендегілерді ескеру керек:

1.Қарым-қатынас жоспары-сөйлеуі және көрнекілігі.

А)Тек көрнекілікпен ойын жеткізе алады ма?

Б)Нақты жауап бере алады ма?

В)Өз шешімін сөзі арқылы дәлелді жеткізе алады ма?

С)Бала екі мүмкін міндетті көре алады ма?

2.Бала қай топтағы тапсырманы жоғары деңгейде орындай алады немесе қай деңгейді толық орындай алмайды.

І топ -қарапайым қатынастар арқылы түсіну қабілеттілігі.

ІІ топ - үйреншікті жалпылауларды пйдалануы;

ІІІ топ - үйреншікті қатынастарды саралау қабілеттілігі.

ІҮ топ - Іздестіру жұмыстары барысында сөз құрауға, өз бетінше талдауға қабілеттілігі;

Ү топ -Әр түрлі заттардың ерекшеліктерімен танысу барысында күрделі сөйлемдер құрап,түсіндіре білу қабілеттілігі.

ҮІ топ - Тапсырманың 2 мүмкін шешімін табуға қабілеттілігі.

ҮІІ топ - әр түрлі психикалық потологиялар кезінде қалыптан тыс жайлардың кездесуінен тығырықтан шығуы.

ҮІІІ топ -Әр түрлі жағдайлардағы қатынастардың өз жеке басына байланысты қимылы және ізгіліктің қалыптасуы мен оны түсінуі баланың ортаға деген көзқарасын қаншалықты дәрежеде екенін,сонымен қатар оның ортаға қалыптасу ерекшеліктерін анықтайды.

3. Қатынастың төмендету және бұрмалау деңгейінің ойлау ерекшеліктері шығады.Деңгейдің төмендігі нақтылығында немесе белгілерінде,сонды толыққанды қатынас заттардың жаратылысындағы белгілеріне қарай біріктіріледі. Түс, өлшем,қалып сияқты, сонымен бірге жаратылыста жоқ нәрселердің нақты белгілерінің сапалылығына қарай қарастырылады.





Қорытынды.

Осы психологиялық әдістемені қолдану балалардың қоршаған ортадағы жалпы түсініктерінің маңызды диагностикалық материалы болып табылады.





Әдістеменің ерекшелігі:

  • Қолданудың оңайлығы;

  • Ойын арқылы дамыту;

  • Қолданудың кең көлемділігі.















































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал