7


  • Учителю
  • Отбасымен балабақшаның педагогикалық байланысы

Отбасымен балабақшаның педагогикалық байланысы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Отбасымен балабақшаның педагогикалық байланысы



Бала тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болсын ойшылдарын, зерделі зиялыларын толассыз толғанысқа «үздіксіз ізденіске түсіргендігі күмән туғызбайды. Халқымыздың болашағын ойлаған асыл ойлы ғұламаларымыз да кейінгі ұрпаққа өшпес мұра қалдырған.

Ата - ананың өз балаларына деген шектен тыс сүйіспеншілігі олардың бойында жекешілдік, пайдакүнемдік, қанағатсыздық және де басқа жиренішті мінез - құлықтарды тудырады. Осыдан барып адамдар бір - бірімен араздасып, туысқан адамдардың өздері де бір - біріне алакөз болып өштесуге дейін барады. Философтармен педагогтарда бұл проблемаға соқпай өткені жоқ. Бірақ оны әркім әр түрлі бағалайды. Жеке бастың рухани және эмоциялық негізін қалау - отбасы тәрбиесінің басты мақсаты мен мәні.

Отбасы - бұл баланың өмір сүру ортасы: Қамқорлықтың тұрақты көзі, тәрбиелеу мен қарапайым біліммен қаруландыру және шешім қабылдай білуге үйрететін ең жақын адамдардың мейірім шуағын сезінетін орын. Отбасында барлығы жақсы болған жағдайда балалар жақсы жетістіктерге жетіп, өзінің даму әлеуетіне көтеріле алады.

Отбасымен педагогикалық ынтымақтастық - баланың қанағаттану деңгейі мен тәрбиешінің жұмысының сапасын арттырады, ол төмендегі жағдайларға негізделеді: өзара сапалы қарым - қатынас және оның тиімділік ықпалын ұзақ уақыт бойы сезіну, бір - біріне серіктестік барлық қатысушыларға жағымды әсер ететіндей болуы тиіс, сонда ғана тәрбие мен білім беру нәтижесіне жетеді.

Баланы жеке тұлға ретінде тәрбиелеуге күш салатын қазіргі заман педагогикасын: Мектепке дейінгі тәрбие мен мектептегі оқу - тәрбие үрдісін ешкім жоққа шығармақ емес. Отбасындағы ата - анаға өздері өмірге әкелген баласы үшін қаншалықты жауапкершілік жүктелгендігі елімізде заң жүзінде қарастырылған.

Ата - аналармен жүргізілетін жұмыстың формасы мен әдістері олардың педагогикалық мәдениетін көтеруге, балабақша мен отбасының өзара ынтымақтастығына және тәрбие жұмысының әлеуетін арттыруға бағытталған болуы керек.

Отбасы мен мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары баланы әлеуметтендірудің маңызды екі институты. Бала тұлғасы, оның қызығушылығы, дамуы, тұлғалық әлеуетін ашу мұғалім мен отбасы арасындағы қатынас стратегиясының орталығы болып табылады.

Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары:

-Серістестік пен ынтымақтастық негізінде отбасы мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында балаларға қойылатын балаларға біркелкі талаптармен бірыңғай білім беру кеңістігін қамтамасыз ету;

-Балалардың отбасы мен мектепке дейінгі ұйымдарда психикалық - физикалық денсаулығын қамтамасыз ету;

-Баланы мектепке даярлауды қамтамасыз ету;

-Отбасы жағдайында жеке тұлғаны қалыптастыру, дамыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша тәжірибе алмасуды қамтамасыз ету;

-Балалармен бірлескен шығармашылық іс - әрекет түрінде қамтамасыз ету;

-Ата - аналардың педагогикалық және психологиялық сауаттылығын мектепке дейінгі ұйымдармен өзара тығыз іс - әрекет негізінде арттыру және ата - аналарды оқыту үшін берілген бағдарламаны меңгеру негізінде көтеру.

Осыған сәйкес балалардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту үшін тәрбие мен білім беру тығыз бірлікте, біртұтас жүйеде жүргізілуі керек. Сапалы білім саналы тәрбиемен ұштасқанда ғана қоғам өзінің рухани дамуында нәтижеге қол жеткізбек. Бала жүйелі білім алып, алған білімін есте сақтап және сол білімді тәжірибеде пайдалана білу керек. Сол кезде бала тұлға ретінде қалыптасады.

Балалардың шығармашылық қабілетін, дағдысын, іскерлігін дамыту тарату жолдары:

• Танымдылық бағыты - ашық ұйымдастырылған іс - әрекеттер, педагогикалық тренингтер, дарынды балалармен жұмыс.

• Адамгершілік - құқықтық бағытта - баланың құқығы туралы ата - аналармен дөңгелек үстел ұйымдастыру.

• Салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында - семинер, конференция, акциялар, денсаулық күні, фестиваль.

• Эстетикалық бағытта - фестиваль, өнер байқаулары, сайыстар ұйымдастыру.

• Рухани - өнегелік тәрбие - ұлттық салт - дәстүрлерді балалар бойына сіңіру.

• Шығармашылық бағытта - көрмелер, бейінді топтар жұмысын ұйымдастыру.

• Ата - аналармен жұмыс - ашық есік күні, конференциялар, спорттық жарыстар, шығармашылық есеп беру концерті.

Баланың болашағына толғанар ел, ойланар отбасы қалыптасса ғана елдің болашағы зор болмақ, ата - аналардың оқу мен тәрбие үрдісіндегі ынтымақтастық мен бірлескен жұмысы жан - жақты болса жемісті болады.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал