7


  • Учителю
  • Доклад: Балабақша- алтын бесігім

Доклад: Балабақша- алтын бесігім

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Балабақша- алтын бесігім

Халықта «Ағаш түзу өсу үшін, оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» бекер айтылмаған.

Еліміздің болашағы-жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік-отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік- білім беру мекмесі. Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие-адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы.

Балабақшадағы тәрбие бала табиғактына ерекше әсер етіп,оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. Заман талабына лайық тәрбие мен білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру жаңа технологияларды, идеялар мен шығармашылық, инновациялық жаңашылдықты қажет етеді. Жас ұрпаққа білім беруді жетілдіру мәселесі толассыз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге жүрер анық. Осы тұрғыда біздің балабақша 2014-2015 оқу жылында мына жылдық міндеттері мен мақсаттарымен жұмыс жасады.

1.Мектепке дейінгі жастағы балалардың денсаулықты біліктілігінің алғы шарттарын жасақтау және салуатты өмір салтын қалыптастыру қажеттілігіне тәрбиелеу.

2.Шығармашылық-эстетикалық тұрғысында мектепке дейінгі жастағы балаларда театрландыру бағытындағы жұмысты желілі ойындар және сахналау іс-әрекеттері арқылы дамыту.

Осы міндеттерді іске асыру үшін педагогикалық кеңестер, семинарлар,кеңестер, дөңгелек үстелдер,ашық көрсетілімдер,тақырыптық тексерулер ұйымдастырылып өткізілді. Барлық іс-шаралар жоспарға сәйкес орындалып отырды.

1-қыркүйек білім күніне орай балабақшада «Сіз балабақша туралы білесіз бе?» атты ашық күні өткізілді. Бұның мақсаты-жаңадан келген балаларды балабақша өмірімен күнделікті балабақшадағы күн тәртібімен таныстыру. Балабақшада «Отбасы күнін» атап өту мақсатында «Әкем,анам және мен-спорттықбіз жанұя» атты спорттық мерек өткізілді. Тәрбиешілер арасында «Жаңа оқу жылына үздік дайындық» тақырыбында байқау өткізіліп,қорытындысы жарияланды.

Ұстаздар күні балабақшада «Ұстаздық-ұлы қызмет!» бұрышы ұйымдастырлып, соны мерекелік іс шараға ұласты. Күз мезгіліне орай «Күзгі бақ әуендері», денсаулық күніне « Денсаулық еліне саяхат» , Денің сау болғың келсе...», «Сабын көпіршіктермен би марафоны» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді.





1-желтоқсан «Тұңғыш Президент күні» және 16 желтоқсан « Тәуелсіздік күніне «Елбасы-бала болашағы үші» ақпараттану бұрышы « «Біз» Қазақстанның болашағымыз» , «Елін сүйген Елбас» аты ашық сабақтары, « Дені сау бала дені сау ұлт» спорттық шарасы, Тәуелсіз Қазақстан» балалар сурет көрмесі, «Елбасы және Тәуелсіздік мәнерлеп оқу байқауы т.б түрлі шаралар ұйымдастырылады.

Алға қойылған бірінші міндеттің шешімін табу үшін №58 «Балауса» балабақшасында жүйелі түрде жоспарлы жұмыстар жүргіздік: тиімді күн тәртібі, тамақтану, бірінші міндеттердің шешімін табу үшін №58 «Балауса» балабақшасында жүйелі түрде жоспарлы жұмыстар атқарылып отырады. Біз дене тәрбиесін жетілдіруде кешенді түрде жұмыстар жүргіздік: тиімді күн тәртіб, кешенді түрде жұмыстар жүргіздіктиімді күн тәртібі,тамақтану, шынықтыру, (күнделікті өмірде, арнайы тамақтану шынықтыру шаралары-сумен шомылу,көз және тыныс алу жаттығулары, өзін-өзі уқалау шаралар) қимыл-қозғалыстар (ертеңгілік жаттығулар, ояну жаттығулары жалпы дамыту жаттығулар спорттық ойында, бос уақыттағы іс-шаралар). Сонымен қатар майтабандықты болдырмау мақсатында : массажды кілемшілер, жалаң аяқпен жүру үшін кілемшеден жасалған сопақ жолдар сияқты дене шынықтыру куралдарын қарастырдық. Жыл бойына балар үшін жүзу кауызы,сауна укалау кабинеті және фитобар жумыс жасап турды. Жылдык жоспарга сәйгес мәдени-сауыктыру шаралары, әр баланын жеке ерекшелілігін негізге ала отыра шыныктыру жумыстары жүргізілді. Осы максатта откен калалык «Жетістіктер апталыгында» кауызда «Веселые лягушата»такырыбында (Суга жүзуге үйретуші Б.Ж. Әбдікеримова,тәрбиеші Н.А.Доскұлова)ашык сабағын откізді. Сабак су астындағы казыналарды жинауданбастап,коңілді бақалар жарысына ұласты.

Педагогикалық үрдіс барысында педагогикалық ұжым педагогикалық кеңесте жан-жақты дайындалып,әр педкеңеске,семинарға толыққанды жауапкершілікпен карады. 2015ж.акпан айында өткен Қалалық «Жетістіктер апталыгында» балабакша тәрбиешілерінің өткізген сабактары Актау калалақ білім үйлестіру орталығы өкілінің жоғары бағасымен бағаланды. Бұл шарада балабакша педагогтары жаңа технологияны көрсетіп, өздерінің жұмыстарының нәтижесін баска балабақша тәрбиешілерімен бөлісті.

Жылдық жоспардың екінші міндеті бойынша балалармен катар тәрбиеші жас мамандармен де біркатар жұмыстар









жүргізіліп отырды. Табиғат бұрышын, театр бұрышын жасақтауға кеңестер беріліп, көмек көрсетілді. Осының нәтижесінде үздік табиғат бұрышы байқауында әр жас ерекшелік топтарында экологиялық алаңдар құрылып , бағдарламаға сай жасақталды. Бағдарламаға сәйкес, топтарда туған өлкеміз туралы альбомдар, жылжымалы папкалар, жинағы толықтырылды. Осы бағытта қалалық «Жетістіктер апталығында» , « Путешествие в сказку» ( тәрбиешілер Г.С Жилгельдина, Ж. Дүйсенбаева) тақырыбында естияр орыс тобында сахналық қойылымды қолдана отырып, көркем әдебиет сабағы өткізілді. Сабырлы, үнемі ізденіс үстінде жүретін Жигельдина Гүлназия еңбегі зор бағаға ие болды.

Өзін-өзі тану сабағы үш тілде «Что такое хорошо , что такое плохо» деген тақырыпта (тәрбиешілер Р.Н. Джауметова , пән мұғалімі М. Суханбердиева) ересек орыс тобында өткізілді. Үш тілде өткізілген сабақ соңы, балалардың қойған «Жақсылық пен Жамандық» сахналық қойылымымен жалғасты. Сабақты жүргізген-Джауметова Рахат әр баламен калай жұмыс жасауды толық меңгерген білікті маман,ұстамды педагог екендігін көрсетті.

Наурыз айында Ассамблияның 20жылдығына және Ұлы Жеңіске 70 жыл толу мерекеніне, наурыз мейрамына арналған «Бір шаңырақ астында» атты мерекелік сауықтыру іс-шарасы өткізілді. Іс-шара калалық білім бөлімі, калалық әдістемелік орталық басшыларының катысуымен өте жоғары дәрежеде ұйымдастырылды.

Шара соңында балабақшадағы казақтың киіз үйі ішінде, казақтың ұлттық тағамға толы дастарханынан дәм татуымен жалғасты.

«Ұлы Жеңістің -70 жылдығы» мерейтойына орай Ұлы Отан сағысы балаларымен , казіргі ардагер аналармен кездесу кеші ұйымдастырылды. Ардагерлер өз көздерімен корген соғыс зардаптарын балаларға және кызметкерлерге баяндап берді. Шын жеректерінен балаларға ашық аспан тіледі. Кеш соңы «Достық?Жеңіс ? Буйбітшілік?» атты мерекелік шараға және жаюлы дастарханға ұласты.

Мамыр айында балабақша 65түлекті мектепке шығарып салды. «Қош бол балабақшам!» аттыертеңгілік өткізіліп, ата-аналар арасында. «Менің балабақшадағы қызықты сәттерім» стендісі жасақталды. Балалар балабақшамен, тәрбиеші апайлармен қимай қоштасты.





Балабақшада жаз мезгіліне арналып тақырыптық шаралар жоспарланды. «Су патшасы қонақта», «Мен жүзуге үйренмін» қауыз ішінде және түрлі спорттық шаралар, «Менің арманымдағы Астана» сурет салу байқауы, «Астана-Отанымыздың жүрегі» мәнерлеп оқу байқауы т.б шаралар өткізілуде. Балалардың ойын алаңдарын бала өміріне қауіпсіз жабдықтау, эстетикалық талғамға сай жасыл желекпен көгалдандыру мақсатында «Ең үздік аула» тақырыбында балабақша ішілік байқау өткізіліп, жүлдегелер сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар балабақша ауласына әртүрлі көкөніс түрлері (қызанақ қияр, аскөк, құлпынай, асқабақ) отырғызылыпалдыңғы жемістерін пайдалануда.

№58б алабақша тәрбиешілері өз білімдерін жетілдіру мақсатында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жұмысына байланысты әртүлі әдістемеліқ тақырыптар алып,сол бойынша жыл бойына зерттеп жұмыстар жасады. Соның ішінде :

Әдіскер М.М.Оразбекова Майра Шеберлік сыныбы- «Ертегі терапиясын» өткізіп, «Балабақшадағы шынықтыру шаралары» тақырыбында семинар-практикумдар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырып, тиімді әдістерін көрсетіп, бағыт- бағдар беріп отырды.

Сонымен қатар әдіскеріміз Оразбекова Майра биылғы жылы маусым айында өткен қалалық «Жыл әдіскеі-2015» байқаауында жүлделі Іорынды иеленіп, облысқа жолдама алып , оны да, І орын жүлделі орынды қанжығасына байлап, балабақшамыздың мейрейін көтерді.

Педагогтар ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері барасында балаларға өз жас ерекшеліктеріне сай қоршаған орта, сандар әлемі, халықтық бейнелеу өнері, әуендер туралы түсініктер беріп , оларды күнделікті тәжірибеде қолданады. Жоғарғы топ тәжірейбелері С.Мамбеталиева және Бозбанова бірлесе отырып ересек топ балалар үшін ілгермелі жоспар жасақтап , бағдарлама бойынша тереңдетіп, жас мамандарға тәлім беріліп отырды. Оқу -тәрбие үрдісін жүргізуде бірқатар тәрбиешелердің еңбегін.атап өтуге болады. №2,10,11 ересектер және і5 топтарындағы, Айтымова З.К, Дүйсенбаева Ж.С., Жилгельдина Г.С. Жауметова Р. Сияқты педагогтардың жас ұрпаққа берер тәлім тәрбиесі мол.

« Балауса» балабақшасы оқу жылында «Крылья ангела» және «Аққу» мектепке дейінгі шағын орталықтарымен тәлімгерлік жұмыстар жүргізіп отырады.





Жыл бойына балабақша педагогтары мен тәрбиеленушілері қала көлемінде ұйымдастырылған барлық іс-шараға қатысып жүлделі орындарға жеткізді. Қалалық «Менің-Отаным Қазақстан-2014» мәнерлеп оқу байқауында Мұқашева Айпатша ІІІ орын, қалалық «Үздік жас маман М.Н. Срдиева ынталандыру сыйлығыа, балабақша ие болса балабақша балалары арасында өткен «Жауқазын» фестивалінде» Үздік қазақ биі-2015 номинациясы бойынша жүлдегер атанды.

Міне, біздің «Балауса» балабақшасының, биылғы оқу жылында жасаған жұмыстарының және жеткен жетістіктерінің нәтижесі осындай. Мұндай жетістіктерге жетуіміз әрине дұрыс басшылықтың арқасы. Биыл ғана балабақшамызға директорлық жұмысқа келген Амангүл Жұбатована өз ісіне жауапты білімді , ұйымдастырушылық қабілеті өте жоғары, іске басшы.

</ Балабақшады берілетін тәрбие-орталық тәрбиенің бастамасы,, әр жан- жақты тәрбие мен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын. Бала бойындағы жақсы қасиеттері мен мүмкіндіктерді ашып олардың өнегелі, тәрбиелі болып өсуіне балабақша ошағының әсерінің маңызы зор.























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал