- Учителю
- Бағдарлама Сенсориканың түрлі түсті әлемі
Бағдарлама Сенсориканың түрлі түсті әлемі
Мектепке дейінгі кіші жастағы балаларды сенсорлық дамыту бойынша
«Сенсориканың түрлі-түсті әлемі»
бағдарламасы
«Сенсориканың түрлі-түсті әлемі» бағдарламасының
паспорты
1
2
Кіріспе
2
3
Мақсат,міндеттері.
8-9
4
Әдістері
10-11
5
Атқарылатын іс-әрекет формалары
12
6
Бағдарламаның өзектілігі
13
7
Сенсорлық тәрбие беру мағынасы
14
8
Кіші топтардағы балаларға арналған сенсорикалық тәрбие беру оқу қызметінің перспективалық жоспары.
15
9
Ата-анамен жұмыс
16
10
Тәрбиешілермен жұмыс
17
11
Қосымша № 1.
Кіші жастағы балаларға сенсорикалық тәрбие беруге жағдай жасау бойынша талдау және өзін-өзі талдау кестесі.
18
12
Қосымша 2.
Дидактикалық ойындар.
19-22
13
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
23
«Сенсориканың түрлі-түсті әлемі» бағдарламасының
паспорты
Бағдарламаның негізігі әзірлеушіліері:
Абенова Гульнара Абаевна
Жоғары біліктілік санатты
КМҚК «Ақерке» бөбекжайының меңгерушісі
Сыздыкова Гульсара Садыковна
Бірінші біліктілік санатты
КМҚК «Ақерке» бөбекжайының әдіскері
Рахметова Жаңагуль Жарылгаповна
Бірінші біліктілік санатты
КМҚК «Ақерке» бөбекжайының тәрбиешісі
Кіріспе
Баланың сенсорлық дамуы - бұл заттардың сыртқы қасиеттері туралы
ойларының қалыптасуы және оны қабылдай білуі: олардың пішіні, түсі,
көлемі, кеңістіктегі орналасуы, сонымен қатар иісі, дәмі т.б.
мектепке дейінгі жаста сенсорлық дамудың мәнін бағалау қиын.
Дәл осы жаста сезім мүшелерінің әрекетін жетілдіру, қоршаған орта
туралы білімін жинақтауға қолайлы кез.
Сенсорлық даму, бір жағынан баланың жалпы ақыл-ойының дамуының іргетасын құрайды, бір жағынан өзіндік мәні бар, өйткені толыққанды қабылдау баланы балабақшада, мектепте оқыту үшін қажет. Қоршаған орта құбылыстары мен заттарын қабылдаудан тану басталады. Танудың басқа түрлері - есте сақтау, ойлау, елестету - қабылдау негізінде құралады. Сондықтан қалыпты ақыл-ойдың дамуы толыққанды қабылдауға сүйенусіз мүмкін емес.
Балабақшада бала сурет салуға, жабыстыруға, құрастыруға үйренеді, табиғат құбылыстарымен танысады, математика мен жазу негіздерін меңгере бастайды. Суретте бейнеленген затпен ұқсастықты алу үшін бала оның пішіні, түсінің ерекшеліктерін нақты меңгеруі тиіс. Құрастыру заттың пішінін, оның құрылымын зерттеуді қажет етеді. Бала бөлшектердің ара-қатынасын кеңістікте анықтайды және үлгінің қасиеттерін қолдағы материалдың қасиеттерімен сәйкестендіреді. Заттардың сыртқы қасиеттеріне ұдайы бағдарсыз табиғаттың тірі және өлі құбылыстары туралы нақты ақпарат алу мүмкін емес. Қарапайым математикалық элементтердің қалыптасуы геометриялық пішіндермен танысудан, көлемі бойынша заттарды салыстырудан басталады.
Баланың мектепте оқуға дайындығы оның сенсорлық дамуына байланысты болады. Сенсорлық қабілеттің бастауында ерте жаста жететін сенсорлық дамудың жалпы деңгейі жатыр. Сенсорлық тәрбиелеудің басты бағыты -баланы сенсорлық мәдениетпен азықтандырудан тұрады.
Баланың сенсорлық мәдениеті - адамзат жасаған (заттардың түсі, пішіні туралы жалпыға ортақ қабылдаулар) сенсорлық мәдениетті меңгеру нәтижесі.
Бала өмірде де заттардың алуан түрлі пішіндері, түстері және басқа қасиеттерімен, әсіресе ойыншықтар және тұрмыстық заттармен кездеседі.
Ол өнер туындыларымен де танысады: музыка, жазба өнері, скульптура.
Әр бала мақсатты бағытталған тәрбиелеусіз осының бәрін қабылдайды. Бірақ егер меңгеру ересектердің педагогикалық басшылығынсыз өзінен өзі болса, ол үстіртін, толыққанды емес болады. Мұнда адамзаттың сенсорлық
мәдениетімен жоспарлы таныстыратын сенсорлық тәрбиелеу көмекке келеді.
Сенсорлық тәрбиелеу кезінде балаларда сенсорлық этоландары туралы -заттардың сыртқы қасиетінің жалпыға ортақ үлгілерінің қалыптасуы үлкен мәнге ие. Сенсорлық үлгілер ретінде қанықтығы бойынша орналасқан жеті түс пайдаланылады.
Сенсорлық үлгілерді меңгеру - ұзақ және қиын процесс. Бұл қандай да бір затты дұрыс атауға үйрену деген сөз емес. Әр қасиет туралы дәл нақты білу керек, және ең бастысы оны әртүрлі заттардың қасиетін әртүрлі жағдайда пайдалана білу қажет. Басқа сөзбен айтқанда, сенсорлық үлгілерді меңгеру - бұл оларды заттардың қасиеттерін бағалау кезінде «өлшем бірлік» ретінде қолдану.
Осы бағдарламада пішін, көлем және түсті қабылдау аясында балаларды сенсорлық тәрбиелеу туралы сөз болмақ. Осы қасиеттермен таныстыру балабақшадағы сенсорлық тәрбиелеудің негізгі мазмұнын құрайды.
Бұл түсінікті, өйткені дәл пішін, көлем және түс заттар мен құбылыстар туралы көруді қалыптастыру үшін маңызы зор. Пішін, көлем және түсті дұрыс қабылдай білу мектептегі көптеген пәндерді меңгеруге қажет.
Әр жаста сенсорлық тәрбиелеу алдында өзіндік мақсаттар тұрады, сенсорлық мәдениеттің белгілі бір бөлігі қалыптасады.
Бір жас кезінде негізгі міндет балаға заттардың сырына, қасиеттеріне назар аударуын дамыту, жеткілікті байлықты және сыртқы ортаның алуан түрлілігін ұсыну болып табылады. Балада ұстау қимылдары қалыптаса бастағанда , бұл мақсатқа тағы бірі қосылады- балаға заттың пішіні, көлемі және кеңістікте орналасуына ұмтылу қимылдарын дағдыландыру қажет. Ақырындап мұндай дағдылар бала үшін нақты мән бере бастайды («кішкентай»-бұл бір қолмен ұстауға болатын нәрсе, «үлкен»- екі қолмен, «домалақ»- толықтай алақанмен ұсталады, «төртбұрыш» - затты саусақпен екі жағынан ұстайтын нәрсе т.б.).
Осы кездегі сенсорлық тәрбиелеу - жалпы тәрбиелеудің негізгі түрі.
Барлық жаңа әсерлер түсімін қамтамасыз ете отырып, ол тек сезім мүшелерінің дамуына ғана емес, баланың қалыпты тұлғалық және психикалық дамуы үшін өте қажет. Әсерлер түсімі шектеулі болса, балалар жалпы дамуын кідіртетін «сенсорлық ашығуға» тап болатыны белгілі.
Екі-үш жасқа келгенде сенсорлық тәрбиелеудің міндеттері күрделене бастайды. Жас баланың сенсорлық эталондарды меңгеруге дайын емес болса да, онда заттардың түсі, көлемі, пішіні туралы ақпараттар қорлана бастайды. Бұл ұғымдардың әр алуан болғаны маңызды. Бұл дегеніміз-баланы қасиеттердің барлық негізгі түрлерімен - алты түспен (көгілдір түсті алып тастаған жөн, өйткені балалар оны көк түспен шатастырады) , ақ және қара түспен, шеңбер, төртбұрыш, сопақ, тіктөртбұрыш сияқты пішіндермен таныстыру деген сөз.
Мектепке дейінгі тәрбиелеу тәжірибесінде балаларды екі-үш түспен және пішінмен таныстырып, балалардан оларды есте сақтап, дұрыс атауын талап ету сияқты ескірген беталыс әлі де кездеседі. Қазіргі заманғы зерттеулер көрсеткендей, мұндай оқыту баланың сенсорлық дамуына аз себеп болады, заттардың қасиеттері туралы ақпараттардың аясын шектейді. Онымен қоймай, әртүрлі қасиеттерді жаттау олардың басқа түрлеріне балалар назар аудармайды. Нәтижесінде қабылдаудың өзіндік қателіктері пайда болады: егер бала мысалы-сары түсті білсе, бірақ қызыл сары түсті білмесе, ол қызыл сары түсті қателесіп сары- деп қабылдайды.
Балаларды заттардың әртүрлі қасиеттерімен таныстыра отырып, есте сақтауларын және олардың атауларын қолдануды талап етпеген жөн. Бастысы, бала заттардың қасиеттерін олармен әрекеттесу барысында ескере білсе болғаны. Егер ол үшбұрышты «бұрыштама» немесе «шатыр» деп атаса, оқасы жоқ. Тәрбиеші балалармен жұмыс кезінде пішіндер мен түстер атауын қолданады, бірақ мұны балалардан талап етпейді. Балалар мынадай сөздерді түсінсе жеткілікті: «пішін», «түс», «мынадай». Мұнда заттардың көлемімен таныстыру артық. Көлемнің «мүлдем» маңызы жоқ. Ол басқа заттардың көлемімен салыстыруда қабылданады.
Баланың назарын заттардың қасиеттеріне аудару үшін заттармен мынадай әрекеттер ұйымдастырған тиімді: қажетті нәтижеге қол жеткізу үшін заттарды пішіні, көлемі бойынша орналастыру керек, олардың ұқсастығы немесе ұқсамайтынын анықтау керек. Мұны балалар алғашында көзбен орындай алмайды. Сондықтан оларға заттарды пішіні мен көлемі бойынша салыстыру үшін бірінің үстіне бірін қою ұсынылады. Сыртқы салыстырудан балалар біртіндеп көзбен салыстырға ауысады.
Үш жастағы балалар қарапайым өнімді әрекеттерді орындай алады (мозаика құрастыру, құрылыс материалдарынан қарапайым заттарды жинау). Бірақ ол кезде олар көрген заттар мен қолданылатын материалдардың қасиеттеріне аса назар аудармайды, өйткені олардың маңызын түсінбейді және оған назар салмайды. Сондықтан балаларды қарапайым тапсырмаларды орындауға үйрету кезінде, әр бала пішін, көлем, түс - заттардың тұрақты белгілері екендігін ұққан жөн. Үш жас кезінде балаларды сенсорлық тәрбиелеудің дайындық кезеңі аяқталады және ары қарай олардың сенсорлық мәдениетті жүйелі меңгеруді ұйымдастыру басталады.
Үш жастан бастап балаларды сенсорлық тәрбиелеуде негізгі орында оларды жалпыға ортақ сенсорлық үлгілермен және оларды пайдалану тәсілдерімен таныстыру тұрады.
Түсті қабылдау аясында сенсорлық үлгілер ретінде хроматикалық (түсті) түстер қолданылады (қызыл, қызыл сары, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін) және ахроматикалық түстер - ақ, сұр, қара.
Хроматикалық түстер спектрде қатаң кезекпен қызылдан күлгінге қарай сәулелік толқынына байланысты орналасқан. Хроматикалық түстер екіге бөлінеді - жылы (қызылдан сарыға дейін) және суық реңктер (жасылдан күлгінге дейін). Әр хроматикалық түстің белгілі ашықтығы және қанықтығы бар. Ашықтық - бұл берілген түстің ақ түске жақындығы, ал қанықтық - оның тазалық деңгейі.
Алғашында балаларда хроматикалық түстер, ақ және қара түс туралы ақпарат қалыптасады. Алғашқы сәтте түстің жеті түрін емес, көгілдір түсті алып тастап алтауын енгізген тиімді (өйткені тіпті ересектер де көгілдір түсті көкпен шатастырып жатады). Көгілдір түспен танысытруды кейінге қалдырған жөн. Түстермен танысу ашық көк және көгілдір түсті салыстыра отырып ажырата білу мүмкіндігін береді.
Балаларды түс реңктерімен таныстыру кезінде олардың ашықтығы мен қанықтығын жеке қарастырған жөн. Нақты заттарды бояу кезінде ашықтық пен қанықтық әдетте түстің әртүрлі ашықтығын тудыра отырып әдетте өзгереді. Тұрмыста түс реңктерің белгілегенде, олардың ашықтығын көрсетеді (қара жасыл, ашық сары). Сондықтан балалар түстердің ашықтығы бойынша өзгеруін және олардың атауларын меңгерсе жеткілікті.
Мұнда тұрмыстағы кейбір түстердің ерекше аталуын ескерген жөн (ашық қызыл- күлгін деп аталады).
Пішін үлгілері ретінде геометриялық фигуралар қолданылады. Сенсорлық мәдениетке тәрбиелеу аясында олармен таныстыру оларды қарапайым математикалық ойлардың қалыптасуы кезіндегі оқытудан айырмашылығы бар. Пішін үлгілерін меңгеру деп төртбұрыш, тік төртбұрыш, шеңбер, сопақ, үшбұрышпен таныстыруды айтады. Кешірек сонымен қатар трапеция пішіні енгізіледі. Бірақ барлық жағдайда оны талдамай (бұрыштардың саны мен көлемін, жақтарын көрсетпей), сәйкес пішіндерді тану, оны атау және онымен әрекеттесу керек. Тік төртбұрыш пен төртбұрыш, сопақша мен шеңбердігеометриядағыдай сәйкестірмей, жеке фигуралар ретінде беріледі.
Балаларға таныстыратын геометриялық пішіндер - бұл сопақтар мен бұрыштары әртүрлі (қысқа және ұзын) тік төртбұрыштар, сонымен қатар тікбұрышты, сүйірбұрышты және доғалбұрышты үшбұрыштар. Балаларды оқыту кезінде жазықтық және көлемді геометриялық фигураларды қолдану тиімділігі туралы мәселенің маңызы зор.Көлемді фигураларға қарағанда жазықтық фигуралар жалпылама түрде болады. Олар заттың қабылдауға оңай жағын көрсетеді. Мысалы, шеңбер доп пен тәрелке үлгісі ретінде қабылданады. Бұл дегеніміз сенсорлық тәрбиелеу процесінде пішіндер үлгісі ретінде жазықтық фигураларды қолдануға негіз болады деген сөз. Олармен бірге көлемді фигураларды енгізу (шар, куб және т.б.) тек қосымша қиындықтар тудырады.
Ерекше сипатқа мөлшерлік үлгілер ие. Мөлшер - салыстырмалы қасиет, оның дәл анықтамасы шартты өлшемдер көмегімен жүргізіледі. Бұл өлшемдердің геометриялық пішіндерден айырмашылығы олардың шарттылығында жатыр. Өлшем жүйесі адамдармен белгіленеді, негіз ретінде кез-келген бірлік болуы мүмкін. Өлшемдер жүйесі мен оларды пайдалану тәсілдерін меңгеру - ерекше міндет, ол белгілі математикалық дайындықты талап етеді және мектепке дейінгі оқыту бағдарламасына жарамайды.
Заттың мөлшері әдетте біртекті заттар қатарында орын алуына байланысты белгіленеді. Мысалы үлкен ит - бұл ит, басқа иттерден үлкен және кішкентай пілге қарағанда әлдеқайда кішкентай. Мұнда сенсорлық тәрбиелеу баланың ойлау қабілетінің дамуымен тығыз байланысты. Арнайы зерттеулер көрсеткендей, осындай тапсырма мектепке дейінгі балалар үшін қиын емес. Балаларды сенсорлық үлгілер жүйесімен таныстыруға көшейік. Алдымен балаларды негізгі үлгілермен, кешірек - олардың түрлерімен таныстырады. Тәрбиеші оларды көрсетіп және атай отырып, балаларға әртүрлі үлгілерді салыстыру, бірдейлерін таңдау, әр үлгіні есте сақтауға бағытталған тапсырмаларды ұсынғаны маңызды. Үлгілермен жұмыс барысында балалардан олардың атауын есте сақтау және пайдалану талап етіледі. Үлгілердің әр түрімен танысудың өз ерекшелігі бар, өйткені заттардың әртүрлі қасиеттерімен әртүрлі әрекеттер ұйымдастырылуы мүмкін.Балаларды геометриялық пішіндер және олардың түрлерімен таныстыра отырып, тәрбиеші оларды фигураларды салыстыруға үйретеді. Мөлшер туралы ойларының қалыптасуы заттарды үлкенінен немесе кішісінен бастап тізіп қою арқылы жүзеге асырылады. Бұл кезде алдымен бала үлгілердің жалпы пішіне назар аударады, содан кейін элементтер арасындағы қатынасты сезіне бастайды (әрбір келесі элемент алдыңғысынан кіші немесе үлкен). Балалар меңгеретін түс, пішіндердің негізгі түрлері, мөлшерлердің қатынасы туралы ойлар сенсорлық үлгілер болып табылады.
Бала заттың нақты түсін хроматикалық және ахроматикалық түстертуралы алынған білімдерін пайдалана отырып қабылдауға үйрену керек. Бұл заттардың түсі таза болғанда жеңіл болады, ал түс араласқан, әртүрлі түстер элементтері құрамына енген жағдайда қиынырақ болады.
Мектепке дейінгі балаларға пішіні, мөлшері, тағайындалуы бойынша ажыратылатын, бірақ түстері бірдей заттарды топтастыра білуге үйретеді.
Балаларға заттардың пішінін зерттеуге үйрету қиынға соғады. Ең алдымен геометриялық фигураларды басқа заттардан бөлу қажеттілігі, оларға үлгі мәнін беру туындайды. Бұған қол жеткізу үшін әр фигураны оған ұқсас заттардың қасына қойып салыстырады, заттар сәйкес фигуралардың қасына топтастырылады. Содан кейін заттардың пішінін сөзбен белгілеу жүзеге асырылады (домалақ, төртбұрыш, сопақша).
Заттарды мөлшері бойынша салыстыру кезінде көзбен өлшеу дамиды. Көзбен өлшеуді жетілдіру үшін балаларға күрделі көзбен өлшеу тапсырмаларын шешуге үйрету керек. Көзбен өлшеудің қарапайым тапсырмасы, үш жастағы бала үшін -көзбен екі заттың ішінен үлкенін немесе кішісін таңдау. Одан да қиынырағы - көзбен «қосу» - мөлшерінің қосындысы үшіншіге тең екі затты көзбен таңдау.
Балалардың қабылдауына ерекше қиындық тудыратыны - құрылымы күрделі түс, пішіндер үйлесімін бағалау.
Балаларда аналитикалық дамытудың ерекше мақсаты: түстер үйлесімін ажырата білу, заттар пішінін бөлшектеу, мөлшерлеудің жеке өлшемдерін анықтау. Осы мақсаттардың негізінде дидактикалық ойындар мен жаттығулар жүйесі жасалған.
Ұсынылған жүйе көмегімен жүзеге асырылатын сенсорлық тәрбиелеудің әрекеттің өнімді түрлеріне оқыту (сурет салу, т.б.) кезінде жүргізілетін сенсорлық тәрбиелеумен байланысы туралы мәселе маңызды болып табылады. Әрекеттің өнімді түрлері баланың үш жасында қалыптаса бастайды, бірақ осы жаста оқыту маңызды орын алмайды. Сондықтан ерте жастағы балаларға өнімді әрекетті және сенсорлық тәрбиелеу бойынша дидактикалық ойындар мен жаттығуларды шектеудің мағынасы жоқ.
Үш жастан бастап әрекеттің өнімді түрлеріне оқыту жүйелі және жоспарлы сипатқа ие.
Мақсаты:
Балалардың әртүрлі сенсорлық әсерлерін байыту,жалпы ақыл-ой дамуын,сенсорлық эталондар мен қарапайым танымдық ,шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Міндеттері:
-әрбір жаста сенсорлық тәрбие мәдениетінің белгілі бір тобын қалыптастыру;
-түс,пішін ,өлшем және басқа да заттардың қасиеттерінен түсінік беру;
-Балаларды спектрдің алты түсімен таныстыру;
-шеңбер,шаршы,сопақша,тіктөртбұрыш сияқты пішіндермен таныстыру;
-қолдың бұлшық еттерін дамыту.
-мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың даму процесін жақсартуға ықпал ететін сурет салу,мүсіндеу,және тіл дамыту оқу процестерін жетілдіру және олардың ішінде ең маңызды ерекшеліктерін (қасиеттері,сапасы) айыра білу қабілеттерін дамыту.
-алған білімдерін практикалық және танымдық қызметте қолдануға үйрету.
-Балалардың назар аудару,ойлау(салыстыру,талдау,синтез,жалпылау)
қабілеттерін дамыту.
Әдістері:
Ойын әдістері (дидактикалық ойындар).
Көрнекілік әдістері (, дидактикалық құралдар,заттар)
Тәжірибелік - заттармен көрсететін іс-әрекеттер, эксперименттер.
Атқарылатын іс-әрекеттердің формалары:
-топтық;
-шағын топпен;
-жеке баламен.
Қоршаған әлемді тану- сезіну мен қабылдаудан басталады.
Балалардың бойында .неғұрлым сезіну мен қабылдау бай болса соғұрлым олардың қоршаған әлем туралы мәліметтері кеңірек және санқырлы болады,бала өзіне көбірек ақпарат жинайды. Осылайша, балалардың сенсорикалық мәдениеті,оның сезіну және қабылдауының даму деңгейі табысты танымдық іс-әрекеттердің маңызды алғы шарты болып табылады.
Бағдарламаның өзектілігі:
Бағдарламада МЖБС -дағы мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мен «Алғашқы қадам» бағдарламасында қойылатын талаптар ескеріле отырып құрастырылған және мектепке дейінгібала тәрбиесінің психикалық даму заңдылықтарына сәйкес келеді,сонымен қатар күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау ,технологиялық карталар,әртүрлі дидактикалық материалдар,
ойын-жаттығулар берілген.Түстермен,пішіндермен,өлшемдермен берілген ойындар мектепке дейінгі баланың дамуында міндетті болып табылады және балаларға үлкен қызығушылық тудырады.Бағдарламада ұсынылған ұйымдастырылған оқу қызметтерінде әртүрлі мақсаттар қойылған,бірақ олардың әрқайсысында балалар белсенді қатысушы рөлінде,соның арқасында сәбилер өздері байқамастан оларға педагог ұсынған әрекетке араласады.Сенсорика бағдарламасы мектепке дейінгі жастағы баланың барынша жан-жақты дамуына септігін тигізеді.Сенсорика бағдарламасының негізі-ойын әдісі болып табылады.
Бағдарламада мемлекеттік талаптарға сәйкес бірінші кезекте, білім беру функциясын дамыту баланың тұлғасын қалыптастыру және тәрбиешілердің бала бойындағы дара ерекшеліктерін байқап бағыттауын қамтамасыз ету қарастырылған. Бағдарлама жан-жақты тәрбие мен білім берудің барлық негізгі мазмұнын ұсынады.
Сенсорлық тәрбие беру мағынасы болып табылады:
- интеллектуалдық даму негіз болып табылады;
-баланың сыртқы әлеммен өзара әрекеттесуінен алған ретсіз , көзқарасын реттейді.
- Байқампаздығын дамытады;
- Нақты өмірге дайындайды;
- Эстетикалық сезімдеріне оң әсерін тигізеді;
- Қиялдарын дамыту үшін негіз болып табылады;
-Көңіл бөлу,ықыластылығын дамытады.?
-балалардың пәндік-танымдық қызметінің жаңа жолдарын үйренуге мүмкіндік береді;
- сенсорлық стандарттарды меңгеруін қамтамасыз етеді;
-оқу қызметтерінің дағдыларын игеруді қамтамасыз етеді;
-- Баланың сөздік қорын байытуға әсер етеді;
- Жады көзбен көру, есту, ұсақ моторикалық образдық және тағы да басқа есте сақтау қабілеттерін дамытуға әсерін тигізеді.
Осылайша, бағдарламаның өзектілігі адамдардың қоршаған әлемді тануы «Тірі созерцаниядан»,сезімдер(шындық заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттерінің көріністердің, сезімге тікелей әсері) және қабылдау (қоршаған әлемдегі заттар мен құбылыстардың жалпы алғандағы көрінісінің, сезім органдарына тигізетін әсері).Сезіну және қабылдаудың дамуы басқа, неғұрлым күрделі танымдық процестердің (жады, қиял, ойлау) пайда болуының қажетті алғы шарттарын жасайтыны белгілі.
Сенсориканы дамыту-заманауи адамдардың тәжірибесінің жақсаруының негіздемесі болып табылады.Б.Г.Ананьевтің сөзімен айтсақ: «Ең биікке жеткен ғылым және техниканың жетістіктері ойлау қабілеті жоғары адамға ғана емес,сонымен қатар оны сезіне білетін адамға да байланысты»
Түсіндірме жазба
Бағдарлама мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының бірінші кіші тобында сенсорлық оқу қызметін даярлайтын және өткізетін педагогтерге,отбасылық қолдануға арналған қажетті құрал болып табылады.Сенсорлық даму бойынша бағдарлама заттардың қасиеттерімен,олардың көлемімен,өлшемімен ,түстерімен таныстыруға және дамытушы қызықты ойындар мен жаттығулардың (геометриялық пішіндермен,толықтырушы заттармен т.б.)жүйелілігін көрсететін 2-3 жастағы балалардың әр деңгейдегі жұмыс барысын ұйымдастыруын қамтуға мүмкіндік беретін қосымша құрал.
Кіші топтардағы балаларға арналған ойын-жаттығулар,дидактикалық материалдардың перспективалық жоспары 2-3 жастағы балалардың жас ерекшеліктеріне, ҚР МЖМБС сай қазіргі уақытта оқу жүктемесі 27 сағатқа жоспарланған.
Кіші топтардағы балаларға арналған сенсорикалық тәрбие беру оқу қызметінің перспективалық жоспары.Мерзімі
Ойын-жаттығулар
Мақсаты
Білім беру салалары
Қыркүек
№1.
«Күз ханшайымында қонақта»
Мақсаты:Спектрдің негізгі түстерін бекіту,геометриялық пішіндерді атау.
Көкөністер мен жемістердің атауын бекіту.
Заттардың қасиеттері туралы түсініктерін қалыптастыру:
Ауыр заттар суға батады,жеңіл заттар батпайды.
Қолдың ұсақ моторикасын дамыту
Табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
«Таным»,
(сенсорика,қоршаған ортамен таныстыру,
эксперименнтер,)
«Қатынас»,
№2
«Сиқырлы қорапша»
Мақсаты: Сәйкес келген тесікке әр түрлі пішінді заттарды орналастыру.
Заттардың пішінін,түсін,көлемін қабылдау дағдыларын қалыптастыру.
«Таным» (сенсорика,құрастыру),
«Қатынас»,
Дидактикалық ойын: «Бауларды байлау»
1.Ұсақ қол моторикасын,саусақ қозғалысының ,басты назар концентрацияларын дамыту.көз мөлшерінің дәлдігі,іс-әрекеттердің координациясын үйлестіру қабілеттерін дамыту.
«Таным» (сенсорика,құрастыру),
«Қатынас»,
Қазан
№1
«Ойыншықтар»
Мақсаты: Балаларға түстерді ажырата және атай білуді үйретуді жалғастыру.(қызыл, көк, жасыл, сары, қара, ақ); түстердің ренктерін қабылдауға және ажырата білуге үйрету. Жыр шумақтарды анық айту машықтарын бекіту;
Қылқаламды үш саусағымен темір ұшынан ұстау,қылқаламның қылшығын бояуға матырып бояулармен сурет салу машықтарын бекіту;
Балалардың эстетикалық талғамға,мейірімділікке,кейіпкерлерге деген эмоционалдық жағымды қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
«Таным»
(сенсорика),
«Шығармашылық» (бейнелеу өнері),
«Қатынас»
(көркем әдебиет)
№ 2
«Күн әлемі»
Мақсаты:
Балалардың таныс геометриялық фигуралар туралы білімдерін бекіту;балалардың түс пен пішін жайлы білімдерін бекіту;қабылдауды,есте сақтауды,көрнекі-бейнелік ойлауды дамыту;балаларды әртүрлі сенсорлық сезінулермен байыта отырып,қоршаған ортада бағдарлау тәжірибесін кеңейту.
Қылқаламды үш саусағымен темір ұшынан ұстау,қылқаламның қылшығын бояуға батырып бояулармен сурет салу машықтарын бекіту;
Балаларды эстетикалық талғамға,мейірімділікке,кейіпкерлерге деген эмоционалдық жағымды қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Таным»
(сенсорика),
«Шығармашылық» (бейнелеу өнері),
«Қатынас»
(көркем әдебиет)
№3
Дидактикалық ойын:«Ол не»?
. Мақсаты. Балаларға заттардың бір-бірінен үлкен-кішілігін анықтай білуді үйрету.Қолдың ұсақ моторикасын дамыту.
Таным»,
«Шығармашылылық»
«Қатынас»
Қараша
№1
«Затты ұясына сал»
Мақсаты:Балаларға ойыншықтармен қарапайым іс-әрекеттерді орындау барысында заттардың пішініне зейінін аударуды үйрету..
«Таным»(сенсорика)
«Қатынас»
№2
«Қонжық пен аю қалай достасты»
Мақсаты:
Балалардың қоршаған әлем туралы түсініктерін байыту,әртүрлі әдеби жанрлар туралы түсініктерін қалыптастыру(жұмбақтар,тақпақтар,шағын өлең,жыр шумақтары)
Шай ыдыстары,екіыдыс,бірдей,біреу,
көп,дөңгелек,шаршы,үшбұрыш,аю-жабайы аң,әр заттың өзіне тән түсі,пішіні,көлемі болатыны және оны қалай қолдануға байланысты сөздермен сөздік қорларын белсендіру.
Негізгі спектр түстерін,пішіндерді,және көлемдерді бір-бірінен айыра білуге үйрету
«Таным»(қоршаған ортамен таныстыру)
«Қатынас» (көркем әдебиет)
Дидактикалық ойын: «Шыныаяқты тәрелкесіне қой»
Мақсаты: Балаларды заттарды түсіне,пішіні мен өлшеміне қарай салыстыруға үйрету.
Таным»,
«Шығармашылық»,
«Қатынас»
Желтоқсан
№ 1
«Қыс түсті»
Мақсаты:Балалардың танымдық,тілдік,және бейнелеу өнеріне баулу іс-әрекеттерін белсендіру,алған білімдерін,машықтарын,дағдыларын бекіту.
-қыс туралы білімдерін бекіту.
Киімдер туралы ,олардың қолданысы туралы білімдерін шоғырландыру ,сөздік қорларын белсендіру.
Сурет салуға деген қызығушылығын арттыру,сурет салу тәсілдерін бекіту;
Құстарды қорғауға,оларға қамқор болуға,мейірімділікке баулу.Ойын-импровицациясына қатысуға деген қызығушылығын дамыту.
«Таным»
(қоршаған ортамен таныстыру),
«Шығармашылық»
(Бейнелеу өнер)
«Қатынас»
№2
«Бізге шырша
қонаққа келді»
Мақсаты: «Шыршаны безендір» дидактикалық ойынының ережесіне сәйкес белгілі бір түсті кір қысқышты орналастыра отырып (прищепки)шыршаны безендіру машықтарын дамыту.,
Гуаштың белгілі түсін пайдаланып саусақпен сурет салуға үйрету.Гуашпен жұмыс істеу барысында ұқыптылыққа ,тазалыққа тәрбиелеу.
«Таным»
(қоршаған ортамен таныстыру),
«Шығармашылық»,
«Қатынас»
Дидактикалық ойын: «Моншақтар»
Мақсаты:Қолдың ұсақ моторикасын нығайту және дамыту.
Заттарды пішініне,түсіне және материалына қарай айыра білу.Табандылыққа,шыдамдылыққа ,бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге тәрбиелеу.
«Таным»,
«Шығармашылық»
«Қатынас»
қаңтар
№1
«Шыршаны шарлармен безендіреміз»
Мақсаты:
- Балалардың жаңа жыл туралы білімдерін бекіту;
- Балаларды заттар бойынша айтуға үйрету;(шырша,шырша шарлары);
- Жаңа түспен (жасыл түспен) балаларды таныстыру
-қолдың ұсақ моторикасын,балалардың тілін дамыту;
-ұйымдастырылған оқу қызметіне қызығушылығын арттыру;
-шыршаға тағылған түймелерге түсіне қарай шарларды түймелеу;
«Таным»
(қоршаған ортамен таныстыру),
«Шығармашылық»
(Бейнелеу өнер)
«Қатынас»
№ 2
«Домалақ тоқаш және шариктер»
Мақсаты:Балаларды геометриялық денелермен таныстыру;(шаршы,дөңгелек,үшбұрыш,тіктөртбұрыш);Әртүрлі әдістерді қолдану арқылы қажет геометриялық денені таңдай білу;
«Таным»,
(сенсорика)
«Қатынас»
Дидактикалық ойын:
«Қызықты төртбұрыштар» ойыны
Мақсаты: төртбұрыш туралы баланың түсінігі, олардың өлшемі
бойынша кезектеп қоюға үйрету, есте сақтау, назар аудару
қабілеттерін арттыру.
«Қатынас»
(Көркем әдебиет,тіл дамыту)
«Таным»
(құрастыру,
сенсорика)
ақпан
№3
Дидактикалық ойын:
«Қуыршақтарға өз ойыншық
тарын табуға көмектес» ойыны
Мақсаты: Бір түске ие заттарды топтастыру және әр түсті заттарды
түсі бойынша салыстыру.
«Қатынас»
(Көркем әдебиет,тіл дамыту)
«Таным»
№ 2
«Түрлі-түсті шарлар»
Мақсаты:
Балаларда түс туралы түсінік қалыптастыруда жағдай жасау. Заттардың
әртекті түстің арақатынастарын белгілеуге үйрету. Жаттығулар
балалардың бастапқы жеті спектрлар түстімен танысуларына
бағытталған.
«Қатынас»
(Көркем әдебиет,тіл дамыту)
«Таным»
№3
Дидактикалық ойын: «Дәмін
тат та,атын айт»
Мақсаты:Балалардың дәмі арқылы сезіну,есте сақтау қабілеттерін дамыту;заттарды танып білу үшін қажет тәсілдерді қолдану дағдыларын дамыту;тіл байлықтарын,сөздік қорын толықтыру.
«Қатынас
«Таным»
Наурыз
№ 1
«Қоңырау»
Мақсаты:Балалардың түстер,геометриялық денелер,көлемдер және олардың саны,мөлшері туралы т туралы ұғымдарын бекіту.геометриялық пішіндерді қасиетіне ұқсастығына қарай атауды жаттықтыру.балаларға судың қасиетеріні туралы айтуды үйрету.Заттарды көлеміне қарай атауға көмектесу.(үлкен,кішірек, кішкентай)балалардың сөздік қорын белсендіру
«Қоңырау сыңғырлайды», «Қоңырау қатты сылдырлайды
«Таным»
(сенсорика,қоршаған ортамен таныстыруэкспери-
менттеу)
«Қатынас»
№ 2
«Аю мен қоянға арналған шелектер»
Мақсаты:Балаларды заттарды көлеміне және пішініне қарай алма-кезек қоюға үйрету,заттармен қарапайым іс-әрекеттер жасау,ұйымдастырылған оқу қызметіне деген қызығушылығын арттыру,мейірімділікке тәрбиелеу.
«Таным»
«Қатынас»
№ 3
Дидактикалық ойын:
«Жеңіл-ауыр»
Мақсаты:Балаларға таныс заттарының ауырлығы туралы түсінік алуға жағдай жасау,сенсорлық тәжірибесін байыту.Өзінің алған әсері туралы айту дағдыларын дамыту.
«Таным» (қоршаған ортамен таныстыру,эксперименттеу,«Қатынас»(тіл дамыту))
Сәуір
№ 1
«Біздің кішкентай кемелер»
Мақсаты:Балаларға композиция жасауға үйрету.Ойын әдістерін қолдана отырып,балалардың көлденең сызықтар салу,ермексазды алақанға салып айналдыра домалату машықтарын бекіту.
«Таным»,
«Шығармашылық»,
«Қатынас»
№ 2
«Сиқырлы қолшатыр»
Мақсаты:Саусақпен сурет салу машықтарын бекіту.Түстердің,пішіндердің,формалардың,
өлшемдердің атауларынқайталау.Балалардың
қабылдау,сезу,қиялдау,шығармашылық қабілеттерін дамыту.Салған суреттері бойынша майда ойыншықтар,ермексаздың көмегімен ойын әрекетін жүргізу.Тазалыққа,дербестікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
«Таным»,
«Шығармашылық» ,«Қатынас»
№3
Дидактикалық ойын: «Кірпілер»
Мақсаты:Балалардың ұсақ қол қол моторикасын дамыту.(кір жаятын қысқыштар көмегімен)
Заттарды түсіне қарай салыстыру және біріктіру дағдыларын қалыптастыру.
«Таным»,
«Қатынас»
Мамыр
№ 1
«Шырша және саңырауқұлақтар» тақырыбына мозайка құрастыру
Мақсаты: Нысананы түсіне қарай кезектестіріп орналастыру.
«Таным»,
«Қатынас»,
№ 2
Дидактикалық ойын:
«Көліктерді гараждарға орналастыр»
Мақсаты: басты түстердің күнделікті айтылуын қалыптастыру; түсі бойынша көліктерді айыра білу; аталған түсті басқа үш түстерден айыра білу; грамматикалық жұмыстарды қалыптастыру - зат есімді түсті білдіретін сын есіммен салыстыру.
«Таным»
(сенсорика,
құрастыру,
қоршаған ортамен таныстыру)
«Қатынас»
№3
«Екі түсті саңырауқұлақты сәйкес үстелдердегі көзшелерге орналастыру»
Мақсаты:
Балалардың заттарды түсіне қарай топтастыру икемділігін бекіту және
әр текті заттардың түстік ара қатынастарын белгілеуге үйретуД
«Таным»
(сенсорика
,құрастыру,
қоршаған ортамен таныстыру)
«Қатынас»
«Шығармашылық»
Ата-анамен жұмыс
1.Ақыл-кеңестер:
«Ерте жастағы балалардың сенсорлық қабілеттерін дамыту»;
«Сенсорикалық тәрбие беруге арналған дидактикалық ойындардың ақыл ойларын дамытуға тигізетін рөлі»
«Жас балалардың сенсорлық қабілеттерін дамыту»;
«Балалардың психикалық дамуында дидактикалық ойындардың атқаратын рөлі»;
«Сенсорикадан дидактикалық ойындар».
«Сенсорикадан дидактикалық материалдар көрмесін ұйымдастыру».
1.«Кіші жастағы балаларға сенсорикалық тәрбие беру жұмыстары бойынша ата-аналарға арналған ұсынтар.
Тәрбиешілермен жұмыс.
Ақыл-кеңес:«Ерте жастағы баларға сенсорикалық тәрбие беру»;
«Сенсорикалық тәрбие беру бойынша ата-аналарға арналған әдістемелік ұсыныстар» ;
-«Өз қолымызбен жасаймыз».-«Шебер сынып» сенсорикалық дамудан дидактикалық материалдар жасау.
-Дидактикалық материалдар көрмесі.
-Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі;
-Ашық іс-шаралар слайды.
Қосымша.
Қосымша № 1.Кіші жастағы балаларға сенсорикалық тәрбие беруге жағдай жасау бойынша талдау және өзін-өзі талдау кестесі..
Кіші жастағы балаларға сенсорлық тәрбие беру мәселелері.
Иә
Кейде
Жоқ
1.
Сенсорикалық тәрбие беруге жасалған қолайлы жағдайлар (көрнекі-дидактикалық жәнеойын маериалдарымен қамту,кеңістіктің жеткіліктілігі).
2.
Тәрбиешінің көрсету,түсіндіру кезіндегі атқаратын рөлі.
-
Қол жетімділігі
-
Көркемдігі
-
эмоционалдығы
3.
Тәрбиеші сенсорикалық тәрбие беру барысында күнделікті өмірде балаларды ынталандыру үшін тиімді әдістер қолдана ма? Тосын сый қолдана ма?
4.
Сенсорикалық тәрбие беру жұмыстарының күн тәртібінде жүргізілуі.
5.
Сенсорикалық тәрбие беруден жүргізілетін ойын жаттығулар,ұйымдастырылған оқу қызметтері,
ұзақтығы,ұйымдастыру тәсілі,өткізілетін жері.
6.
Танымдық-практикалық іс-әрекеттерде сенсорикалық дамытудың жүзеге асырылуы.
7.
Интеграциялық іс-әрекет жүйесінде педагог сенсорлық тәрбие беру мәселелерін шеше ала ма?
8.
Сенсорлық тәрбие беру жүйесінде қарапайым эксперименттер қолдана ма?
9.
Сенсорикалық тәрбие беру жұмыстарында дәстүрден тыс әдістер мен тәсілдер қолданыла ма?
10.
Сенсорикалық тәрбие беру жұмыстарында баламен жеке-дифференциалдық жұмыстар жүргізіле ме?
11.
Ерте жастағы балалармен қоршаған ортаны тану жүйесінде сурет салу,мүсіндеу,жапсыру ұйымдастырылған оқу қызметтері қолданыла ма?
12.
Жетістікке жету жағдаяты жасала ма?
13.
Сәбилердің гармоникалық дамуына сенсорикалық қабылдаудың тигізетін әсері.
Қосымша № 2Дидактикалық ойындар
«Көліктерді гараждарға орналастыр» ойыны
Дидактикалық тапсырма:
басты түстердің күнделікті айтылуын қалыптастыру; түсі бойынша
көліктерді айыра білу; аталған түсті басқа үш түстерден айыра білу;
грамматикалық жұмыстарды қалыптастыру - зат есімді түсті білдіретін
сын есіммен салыстыру.
Материал: басты түстермен боялған кубиктер мен кірпіштер; аталған
түстердегі ойыншық машиналар;
Басшылық: тәрбиеші балаларға машиналарды көрсетеді. Гараждың не
үшін қажет екендігін балалардан сұрайды. Гараж қандай болуы тиіс?
Көлікті гаражға кіргізу үшін не істеу қажет?
Балаларға әр түрлі түстегі құрылыс материалдарын көрсетеді. Екі
түстен- көк және сары түстен бастау қажет, кейіннен қызыл және
жасыл түстерді енгізу қажет. Балалар қателеспей екі түстегі затты
айыруды үйренгенде, оларға барлық төрт түске боялған ойыншықтарды
ұсынуға болады. Тәрбиеші балаларға кірпіштерден гараж құрастыруды
ұсынады. Құрылыстың бірнеше тәсілдері бар. Балаларға жолда тұрған
көліктерді қарастыруды ұсынады. Тәрбиеші әр көлікті көрсете отырып,
оның қандай түске боялғандығын сұрайды. Егер балалар аталған көлік
түсін сенімсіз атаса басқа нұсқа қолданылады: тәрбиеші бір түсті
атап, аталған түске боялған көлікті тауып беруді сұрайды.
Тәрбиеші еденде бордың көмегімен жол суретін салады. Балаларға ойын
ойнауды ұсынады: тәрбиешінің айтқандарын тыңдап,аталған түстегі
гаражды тауып, машинаны гаражға кіргізеді.
«Шырша және саңырауқұлақ» ойыны
Дидактикалық тапсырма: заттарды түсі бойынша реттеуді үйрету.
Сөйлесу қабілетін арттыру.
Материал: жасыл және қызыл түске боялған қораптар, аюдың бас
киімі.
Басшылық: тәрбиеші балаларға қызыл түсті қораптарды көрсетеді,
шыршаның жасыл түсі болғандығын түсіндіріп, тақтаға шыршаларды
орналастырады. Қызыл қорапты көрсетіп, осындай түсте
саңырауқұлақтардың болатындығын айтады және тақтаға орналастырады.
Кейін балалар үстелде өз бетінше шыршалар мен саңырауқұлақтарды
орналастыра бастайды. Балаға аталған тапсырманы орындау қиындыққа
түссе, тәрбиеші оған шырша және саңырауқұлақтарды ретімен айта
отырып, көмектеседі.
Балалар шырша мен саңырауқұлақтарды ретімен орналастырып болған
соң, тәрбиеші олардың қалаған тапсырманы жақсы орындағанын айтып,
оларды мақтайды. Ал орманда кім өмір сүреді?
Аю! Балаларды ортаға шақырады, ал аю ортада тұрады.
Аю ортада тұрып секіреді, балалар қол соғады.
«Қуыршақтарға өз ойыншықтарын табуға көмектес» ойыны
Дидактикалық тапсырма: бір түске ие заттарды топтастыру және әр
түсті заттарды түсі бойынша салыстыру.
Материал: сегіз түрлі көйлектерді киген сегіз қуыршақ, сегіз түске
боялған саңырауқұлақтар мен таяқшалар.
Басшылық: тәрбиеші әр түсті көйлектер киілген сегіз түсті
қуыршақтарды кезек бойынша балаларға көрсетеді, баламен кезекті
қуыршақты қарау барысында тәрбиеші оның көйлегінің әдемілігіне
назар аударады. Қуыршақтар тәрбиешінің үстелінде қатарға
тұрғызылады. Ақ және қара көйлек киілген қуыршақтар екі жақ шетте
орналасады.
Кейін тәрбиеші әр қуыршақтың өз ойыншығы: саңырауқұлақтар мен
таяқшалары бар екендігін, алайда олардың шатасып кеткендігін
айтады, балаға қуыршақтарға ойыншықтарын тауып беруге көмектесуді
тапсырады.
Тәрбиеші әр баланың үстеліне бір қуыршақтан қойып, қуыршақтың
көйлегіне сай түске боялған саңырауқұлақтарды таңдауды ұсынады.Бір
үстелде отырған балалар жалпы материалдардан қажетті
саңырауқұлақтарды таңдайды.
Барлық балалар әр қуыршақтың қасына сай келетін саңырауқұлақтарды
қойғаннан кейін, тәрбиеші жалпы материалдардан таяқшаларды таңдауды
ұсынады.
Ойын барысында тәрбиеші балалардың тәрбиесін реттеп, оларға
асықпай, ойыншықтарға назар сала қарап, кейін оларды қажетті
қуыршақтардың қасына қою керегін ескертеді.
Ойын соңында тәрбиеші балаларға барлық қуыршақтарды, әрқайсысының
өз орны бар екенін ескере отырып, қастарына үстел үстіне қоюды
тапсырады. Түстерін атамай, тәрбиеші балаларды кезек бойынша
қуыршақтарды әкеліп беруді ұсынады. Әр қуыршақ түсі бойынша
орналасқан кезде тәрбиеші қуыршақтарға сай саңырауқұлақтарды,
кейіннен таяқшаларды әкеліп беруді тапсырады.
Аталған ойын 10-12 минутқа созылады,екі рет қайталанады.
«Қызықты төртбұрыштар» ойыны
Дидактикалық тапсырма: төртбұрыш туралы баланың түсінігі, олардың
өлшемі бойынша кезектеп қоюға үйрету, есте сақтау, назар аудару
қабілеттерін арттыру.
Материал: суреттер салынған төрт төртбұрыш, төрт үлкен конверт және
бірдей түске боялған төрт кішкентай төртбұрыш. Сурет үлгісі.
Басшылық: Тәрбиеші: Қараңдар, бізге қонаққа қызықты төртбұрыштар
келді. Бізге күледі. Олар қанша? Көппе? Төртбұрыштарды саусақпен
санаңдар.Қызықты төртбұрыштар сендерге іштеріне кішкентай
төртбұрыштар салынған конверттер алып келіпті( конверттерден
төртбұрыштарды алып шығады). Олар қалай аталады?(Төртбұрыштар).
Тәрбиеші үлкен төртбұрышты көрсетеді. Бұл қандай квадрат?( Үлкен).
Ал мынау?(Кішкентай). Мына мүсіндерден қандай әдемі суреттер салуға
болатындығын қараңдаршы. Саусағымен ең бірінші тұрған үлкен
төртбұрышты көрсетеді, кейіннен келесі тұрған кішкентай төртбұрышты
көрсетеді. Енді бәріміз бірге суреттің қандай мүсіндерден
тұратындығын қайталаймыз.( Үлкен, кішкентай, үлкен...). мен
сендерге сурет салынған қағаздарды ұсынамын, және сендер мүсіндерді
солдан оңға бірде- біреуін өткізбей қоясыңдар. Жарайсыңдар, қандай
әдемі суреттер салғансыңдар.
«Ол не»? ойыны
Мақсаты. Балаларға заттардың бір-бірінен үлкен-кішілігін анықтай
білуді үйрету.
Керекті материалдар. Балалардың санына есептеліп, бөлшектелген ағаш
матрешкалар.
Балаға тапсырма. Матрешканың бөлшектеу және құрастыру, кіші
матрешканы үлкен матрешканың ішіне салу, матрешканың жоғарғы және
төменгі жартысын үлкен-кішілігі және өрнектері бойынша
салыстыру.
Ойынның мазмұны. Тәрбиеші балаларға мынадай жұмбақ айтады:
Бойы әр түрлі, жұмбағымды тыңдашы,
Өзара ұқсас жүзі менен сымбатты.
Бір-біріне сыйып кеткен көрінбей,
Жиналғанда бір ойыншық сияқты.
Ойынды қайталап өткізгенде балалардың ынтасын туғызу үшін матрешка
туралы кітаптарды көрсетуге болады. Осыдан кейін матрешканы
бөлшектеп, оның жоғарғы және төменгі бөлігіне балалардың назарын
аударады, оларды салыстырады, соңынан қайтадан құрастырады.
Тәрбиеші матрешкалардың ең үлкенінен кішісіне қарай орналасу
тәртібін көрсетеді. Балалар бір матрешканы екіншісінің ішіне салып,
оның қайсысы үлкен екенің анықтайды. Егер бала матрешканың өз
бөліктерін үлкен-кішілігі бойынша тауып, оларды бойларына қарай қоя
білсе, тапсырма дұрыс орындалған болып есептеледі. Ойын бір- екі
рет қайталанады.
Матрешканы бөлшектеп құрастыруда қателеспеген бала жеңімпаз
аталады.
Ойынның ұзақтығы 10-15 минут.
Шарлар
Дидактикалық міндеті.
Балаларда түс туралы түсінік қалыптастыруда жағдай жасау.
Заттардың әртекті түстің арақатынастарын белгілеуге үйрету.
Жаттығулар балалардың бастапқы жеті спектрлар түстімен танысуларына
бағытталған.
Қажетті материалдар.
30х12см өлшеміндегі жеті спектр түс жіпшелері салынған картон
жолақшасы. Жеті әр түрлі түсті картон дөңгелектер- шарлар, олардың
түстері жіпшелердегі түстермен сәйкес келеді.
Ойынға басшылық.
Тәрбиеші балаларға әртүрлі түсті жіпшелер салынған картон
жолақшасын көрсетеді. Шарларды көрсете отырып, бүгін шарлармен
ойнайтындарын ескертеді. «Қазір әр қайсымыздың алдымызда картон
жолақшалар жатыр. Мұқият қарап , одан не көріп отырғандарыңды
айтыңдаршы. Иә, әр түсті жіпшелер. Енді шарларымызға қарайық,
олардағы жіпшелер сияқты әр түрлі түсті екен. Әрбір шарға картонда
өз жіпшелері бар. Әр жіпшеге өзіне түстес шарды таңдап алып байлап
қоямыз. Қызыл жіпшеге қызыл шарды, сары жіпке сары шарды, көк жіпке
көк шарды, сөйтіп барлық жіпшелерге өз шарларын байлаймыз. Міне,
оны былай жасаймыз» деп өзі көрсетіп, олардың дұрыс орналасқандығын
айтады. Содан кейін дұрыс байланбаған шарларды көрсетеді: жасыл
жіпке сары шарды, қызыл жіпке тоқ сары шарды, көгілдір жіпке күлгін
шарды байлап көрсетіп олардың қате байланғандығын айтады.
Содан кейін балалар бұл тапсырманы өз беттерімен орындайды.
Шарларды таңдауда қиналған балалардың қасына келіп, тәрбиеші
алдымен екі жұп шарды байлап көрсетеді де, қалған шарларды баланың
өзінің байлауын талап етеді.
Ойынның ұзақтығы мен қайталануы:
Ойын ұзақтығы 15 минут, 1-2 рет қайталап ойнауға болады
ЕКІ ТҮСТІ САҢЫРАУҚҰЛАҚТЫ СӘЙКЕС ҮСТЕЛДЕРДЕГІ КӨЗШЕЛЕРГЕ
ОРНАЛАСТЫРУ
Дидактикалық міндеттері.
Балалардың заттарды түсіне қарай топтастыру икемділігін бекіту
және әр текті заттардың түстік ара қатынастарын белгілеуге
үйрету.
Материал
8-10 екі түсті үстелдер өлшемі 17,5 х 35см 10 көзшелерінің диаметрі
1,5 см бар және биіктігі 4 см, қалпағының диаметрі 4см саңырауқұлақ
қажет. Үстелдің биіктігі 5см. Үстел беттерін қызыл-көк, жасыл-сары,
тоқсары-күлгін түстерге бояу керек. Әр үстелге 10 жақты жинақталған
саңырауқұлақ қажет. (үстел түсіне қарай 5 түрлі түсті
саңырауқұлақ).
Ойынға басшылық
Тапсырманы түсіндіру барысында тәрбиеші үстелдің және
саңырауқұлақтың әр түсті екенін, бірақ үстелдің бір жартысы және
бірнеше саңырауқұлақтар біркелкі түсте екендігін ескертеді. Егер
саңырауқұлақты түстес үстелге орналастырсақ, ол көрінбей, жасырынып
қалады да, ешкім оны байқамайды. Ал егер басқа түстегі үстелге
орналастырсақ, ол алыстан бірден көзге көрінеді. (осындай түсті
саңырауқұлақтар қайда). Бір екі саңырауқұлақты таңдай отырып,
тәрбиеші балаларға өз алдарындағы саңырауқұлақтан тағы да біртүсті
саңырауқұлақты таңдауларын және оны тәрбиеші үстеліне
орналастыруларын сұрайды. Балаларға дұрыс және қате орналастырылған
саңырауқұлақтарды көрсетеді. Содан кейін жасырынып қалған
саңырауқұлақ көрсетулерін сұрайды. Келесіде әр баланың өз бетімен
жұмысты орындауларын қадағалайды. Қатар отырған балаларға әр
түстегі құралдар беріледі.Үстел мен саңырауқұлақтың сәйкестігін
табуда қиналған балаларға саңырауқұлақты көзшелерге орналастырмас
бұрын үстел шетіне қойып салыстыруларын сұрайды.
Бір сабақта әр бала тапсырманы 2-3 рет орындап, 20-30
саңырауқұлақты орналастырып 4-6 түсті меңгереді. Егер бала үстел
түсі мен саңырауқұлақ түсін дәл сәйкестендіре алған жағдайда
тапсырманы толық орындады деп есептейді. Кейбір балалар жекеленген
қателіктер жібереді. Оны тәрбиешінің «сен дұрыс орналастыра алдың
ба» деп сұрауы арқылы түзетеді. Кей жағдайда балалар саңырауқұлақты
алақандарымен жауып алып, түс сәйкестіктерін ажырата алмайды.
Сондықтан тәрбиеші саңырауқұлақты қалай ұстау керектігін
түсіндіреді.
Ойынның ұзақтығы мен қайталануы -8-10 минут
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Ерте жастағы (1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі)балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам» бағдарламасы.Астана,2010 ж.
2Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандарты.Астана,2012 ж.
3.Линькова М.Н.Методические рекомендации к программе воспитания и обучения детей раннего возраста (от 1 до 3 лет) «Алғашқы қадам». Астана,2009 г.
4.Л.А.Венгер.Дидактические игры и упражнения по сенсорному воспитанию дошкольников .
5.Жукова О.С. Предметная среда.Сенсорика.Сборник практических материалов для ДОУ.2008 г.
6.Кирпичникова Н.Развиваем сенсорику и мелкую моторику (Дошкольное воспитание,2005 г)