- Учителю
- Қазақ тілінен Ойыншықтар тақырыбына сабақ жоспары
Қазақ тілінен Ойыншықтар тақырыбына сабақ жоспары
</ Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:___
Білім беру саласы: Қатынас
Тақырыбы: _Ойыншықтар
Мақсаты:
Білімділік: доп, текше, қоян, асық, шар, күшік, секіртпе сияқты ойыншық атауларын үйрету.
Дамытушылық:Сөздерді байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Ойыншықтарын таза және ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: : ойыншықтар, әліппе-дәптер, лото.
Сөздік жұмысы\Билингвальді компонент: Доп-мяч, текше-кубик, қоян-заяц, машина, асық-асык, шар, күшік-щенок, секіртпе-скакалка.І. Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбері
Армысың, асыл Күн!
Армысың, асыл Жер!
Армысың, жан досым!
Жылуыма-жылу қос ,
Міне, менің қолым!
-Жақсы, балалар, енді орнымызға жайғасып, зейінімізді сабаққа аударамыз.
Балалар, сендерге сәлемдеме келді. Кәнеки, ашып көрелік.
-Ой мында қоржын толы ойыншық қой. Бірақ қоржыннның бір шарты бар екен. Осы ойыншықтарды қазақша атап үйренсек қана ойнауға болады екен. Қоржынның шартын қабыл аламыз ба?
Өлең жолдарын педагогпен бірге қайталайды.
Балалар сәлемдемеге қуанады.
-Иә деп жауап береді.
Ұйымдастырушылық-ізденістік.
Сөздік жұмысы.
Мұғалім әр сөзді көрнекілік ойыншық арқылы таныстырады. Доп-мяч, текше-кубик, қоян-заяц, машина, асық-асык, шар, күшік-щенок, секіртпе-скакалка.
«Не жоқ?» ойыны
Мақсаты: Балалардың есте сақтау, көру, ойлау қабілеттерін арттыру.
Шарты: Балаларға көздерін жұмғызып, мұғалім үстел үстіндегі ойыншықтарды кезекпен жасырады. Балалар көздерін ашып жоқ ойыншықты тауып айтады.
Сиырлы қоржын» ойыны.
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін арттыру. Шарты: Балалар кезекпен келіп, көздерін жұмып қоржындағы ойыншықтарды алады да саусақтарымен ұстау арқылы қай ойыншық екенін атайды. Түстерін сұрауға болады.
Сергіту сәті:
«Айтқанды орында» түрлі іс-қимылдарды орындату. Отыр, тұр, жүгір, секір.
Әліппе-дәптермен жұмыс.
Ойыншықтарды нөмірі бойынша ата.
Педагог ойыншықтың нөмірін атайды. Балалар сол нөмірлі ойыншықты тауып, қазақша атауын атайды.
Тіл дамыту.
Сенде не бар?
Жаңа сөздерді хормен 2-3 реттен айтады.
Жекелей айтып жаттығады.
Ойын ойнайды. Ойын барысында күтілетін жауаптар:
-Доп жоқ.
-Текше жоқ.
-Секіртпе жоқ.
Ойын ойнайды. Ойыншықтарды және түстерін атайды. М\ы
-Мынау доп. Түсі -қызыл. Т.б.
Қимылдарды түсініп орындайды.
Нөмірі бойынша ойыншықтарды атайды.
1-доп, 2-машина, 3-қуыршақ, 4-асық, 5-ұшақ, секіртпе.
Карточка бойынша сөйлейді.
-Менде секіртпе бар. Менде қуыршақ бар
Рефлекциялық-түзетушілік
«Сиқырлы текше» ойыны арқылы жаңа сөздерді қайталап, сабақты қорыту.
Шарты: балалар шеңбер бойы тұрады.
Ойынды бірінші болып мұғалім бастайды. Ол текшені ортаға тастайды, балалар текшеге түскен ойыншықты атайды.
Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.
Сабақтың аяқталғанын айтып, қоштасу.
Балалар текшеге түскен ойыншықтардың қазақша атауларын атайды.
Күтілетін нәтиже:
Ойыншықтардың атауларын қазақша атауды білді.;
«Мен не бар?» сұрағына толық жауап беруді игерді.
Ойыншықтарды нөмірі бойынша табуды, сөздерді байланыстыра сөйлеуді меңгерді