7


  • Учителю
  • Психология Тренинг тақырыбы: Көңілді шеңбер

Психология Тренинг тақырыбы: Көңілді шеңбер

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тренинг тақырыбы: «Көңілді шеңбер» балабақша тәрбиешілеріне арналған тренинг

Мақсаты: әріптестердің бір-бірімен қарым-қатынасын дамыту, эмоционалды көңіл-күйін көтеру, қызметіне қызығушылығын арттыру.

Жүрісі:

  1. «Жұбыңды тап» жаттығуы

  2. «Өзіңді тани білесіз бе?» психогеометриялық тест

  3. «Көңілді шеңбер» жаттығуы.

  4. «Балалық шаққа саяхат» жаттығуы.

  5. «Менің әріптесім....» тренингі

  6. Қорытындылау.

  1. «Жұбыңды тап» жаттығуы.

Мақсаты: әріптестерді бір-бірін дұрыс тануына жағдай жасау.

Нұсқау: Адам санына қарай карточка ұсынылады. Әр карточкада жануардың немесе заттардың аттары екі-екіден жазылған. Мысалы: Бір адам бір қарточканы таңдаса, яғни оның дәл сондай атпен жұбы бар деген сөз. Бірінші суырған адам қолына түскен затты немесе жануарды ым-ишарамен калғандарына көрсетеді. Отырған адамдар содан өз жұбын табуы керек. Ойын осылай жалғаса береді.

  1. «Өзіңді тани білесіз бе?» психогеометриялық тест.

Мақсаты: әріптестердің мінез-құлқының жақсы, жаманжақтарын анықтау, тану.

Нұсқау: әріптестерге слайдта көрсетілген үшбұрыш, тіктөртбұрыш, шаршы, шеңбер, зигзаг пішіндер ұсынылады. Сол пішіндердің ішінен әріптестер өзіне жақынын таңдайды. Сол таңдау арқылы адамдардың мінез-құлқысының жақсы және жаман жақтары анықталады.

  1. «Көңілді шеңбер» жаттығуы.

Мақсаты: ұжымдастардың эмоционалды көңіл-күйін көтеру.

Нұсқау: қатысушылар шеңбер болып отырады. Яғни әр қатысушы мен өз үйімде отырмын деп сезіну керек тек жалғыз бір адамның үйі болмайды. Яғни ол орындыққа отырмай ортада тұрады. Жүргізуші қатысушыларға бір белгі айтады, мәселен мен өз жанұямды жақсы көремін деп ойлайтындар орындарын ауыстырсын деймін. Сол кезде орындықта отырған қатысушылар орындарынан тұрып тез арада ауыстыру керек. Сол жағдайды пайдаланып, үйі жоқ қатысушы тез арады бір орынға отырып алуы керек. Ойын осылай ары қарай жалғаса береді.

  1. «Балалық шаққа саяхат» жаттығуы. Жүрісі: жүргізуші қатысушыларға қорапша ұсынады. Қорапшаның ішінде «Балалық шақтан қызықты оқиға» деген жазуы бар карточкалар бар. Сол қорапшаның ішінен әріптестер өзі таңдаған кағазды суырып алады. Қай адамға «Балалық шақтан қызықты оқиға» деген парақша түссе, сол қатысушы балалық шағынан естелік оқиғаны ортаға салып, қызықты етіп әңгімелеп береді. Келесі адамда солай жеке -жеке қызықты оқиғаларын айтады.

  2. «Менің әріптесім....» тренингі.

Мақсаты: ұжымдық ортада әріптестерді тану, бағалау.

Нұсқау: Қатысушыларға ақ парақша мен қалам ұсынылады. Әр қатысушы өзінен кейінгі отырған әріптесінің бойындағы 5 қасиетті тізіп жазуы керек. Соңынан әріптесінің жазған бойындағы қасиеттері сәйкес келе ме сонысы анықталады.

  1. Қорытындылау.





















«Кәусар» шағын орталығы

















Ұжымға арналған тренинг









Тақырыбы: «Көңілді шеңбер»





</







Психолог: Дуйсембаева Г.

















































Ақшұқыр селосы, 2016жыл







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал