7


  • Учителю
  • Балабақшадағы гүлдер, оларға қамқорлық жолдары туралы түсінік беру. Ыдыстағы егулі тұрған гүлдерге ұқсатып, түрлі-түсті қағаздардан гүлдерді құрастыруды уйрету. Бөлме гүлдеріне байланысты сөздік қорларын байыту. Қағазбен жұмысістеу қабіліттерін жетілдіру

Балабақшадағы гүлдер, оларға қамқорлық жолдары туралы түсінік беру. Ыдыстағы егулі тұрған гүлдерге ұқсатып, түрлі-түсті қағаздардан гүлдерді құрастыруды уйрету. Бөлме гүлдеріне байланысты сөздік қорларын байыту. Қағазбен жұмысістеу қабіліттерін жетілдіру

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Жапсыру

Тақырыбы: Анама арналған гүл шоғын жинау.

Мақсаты: Балабақшадағы гүлдер, оларға қамқорлық жолдары туралы түсінік беру. Ыдыстағы егулі тұрған гүлдерге ұқсатып, түрлі-түсті қағаздардан гүлдерді құрастыруды уйрету. Бөлме гүлдеріне байланысты сөздік қорларын байыту. Қағазбен жұмысістеу қабіліттерін жетілдіру, сұлулыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Билингвалды компонент: гүл-цветы

Көрнекі құралдар:Бөлме гүлдері, түрлі түсті қағаз,шаблондар.

Ұйымдастыру-шылық немесе мотивациялық қозғаушы

Тізеге қолды қоямыз.

Денемізді тік ұстап,

Тәрбиешіні тыңдаймыз.

Білім алу үшін дұрыстап.

Өлең сөздерін бірнеше рет қайталайды.

Ізденушілік немесе қойылған тапсырманы орындау

-Балалар бізде қазір қай жыл мезгілі?

-Далада қандай өзгеріс болып жатыр?

-Ағаштар қалай өзгеруде?

-Ал гүлдер ше?

-Гүлдер бізге не үшін қажет?

-Дұрыс айтасыңдар, балалар. Гүлдер өте әдемі болғандықтан, күн суытқанда гүлдер болмайтындықтан, адамдар оларды үйде, бөлмелерде ыдысқа салып өсіруді ойлап тапқан екен. Гүлдерді еккенен кейін, жақсылап күтім жасау керек екен. (су құю, түбін қопсыту)

-Барлығымыз жақындап, қолымдағы бөлме гүліне назарымызды аударайық.

-Далада гүлдер топырақтың бетіне отырғызылады. Дәл солай бөлме гүлдері де топыраққа отырғызылатындықтан, гүл егуге арналған ыдыстарда өсіріледі.

 Гүлдің мүшесі туралы түсінік беру.

-Біздің топта бөлме гүлдері бар ма?

-Қажет пе?

-Олай болса, алдымызда қандай құралдар көріп тұрмыз? Дәл осы құралдардың көмегімен өз тобымызға гүлдерді жасап үйреніп алайық.

1. Жасалу жолдарын көрсетемін

2. Балалар дайын шаблондарды қиып даярлайды.

3. Әр бала өз қолының ізін сызады

Сергіту сәті

. Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Оларды атап шақырар,

Әрқайсысының аты бар.

Бас бармақ,Балаң үйрек,Ортан терек, Шылдыр шүмек, Кішкене бөбек.

4. Әр кезеңді балалармен бірге орындау

 Ақ қағаз бетіне гүліміздің сабағы мен жапырақтарын жинаймыз.

 Әр сабаққа(саусақ басына) гүлдерді орналастырамыз

 Дайын болған гүлімізді, бөлме гүлі етіп ыдысқа орналастырамыз.

5. Балалардың жұмыстарын әр кезеңде мадақтап, үлгі етіп көрсету

Сұрақтарға жауап береді.

Мұқият тыңдайды.

Гүлдердің Топқа қажет екендігін айтады.

Құралдарды атайды.

Мұқият тыңдап, талап бойынша іс-әрекеттерді орындайды.

Өлең сөздерін бірнеше рет қайталайды.

Мұқият тыңдап, талап бойынша іс-әрекеттерді орындайды.

Бекіту және жалпылау

Балалар жұмысын тақташаға ілу.

-Сонымен, балалар бүгін не жасауды үйрендік?

-Сендерге ұнады ма?

Өз пікірлерімен бөліседі.

Қорытындылау және рефлекция

Жұмыстар ортақ көрмеге қояды.

Мадақтау жұмысын жүргізу.

Көрмеге орналастыруға көмектеседі.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:Ыдыстағы егулі гүлдерге ұқсатып, түрлі-түсті қағаздардан гүлдерді құрастыруды

Игереді:Балабақшадағы гүлдер, оларға қамқорлық жасау жолдарын.

Меңгереді: Қағазбен жұмыс істеуді.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал