7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты 'Наурыз көктем'

Тәрбие сағаты 'Наурыз көктем'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

17.03.2015ж.


Тақырыбы: «Наурыз - көктем» тәрбие сағаты


Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру. Балалардың ойлау, қабылдау, зейін қабілеттерін дамыту. мерекелік көңілін көтеру, елге деген сүйіспеншілікпен бірге салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.


«Наурыз думан» әні ойнайды


І. Ұйымдастыру кезені

- Сәлеметсіздер ме

«Наурыз көктем» атты ашық тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер!


Күй ойнайды


Көптен күткен Наурыз тойы арайлы,

Нұрға бөлеп міне жатыр маңайды!

Мал біткеннің бал татыған уызы,

Қуат болып қанымызға тарайды.

Төрт түлік мал халқымыздың сүйері,

Көңілімнің күмбірлеген күйі еді.

«Аман ба» деп мал жаның?

Бірін-бірі құшақтасып сүйеді.

- Ал, балалар! Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Бәріміз тұрып бір-бірімізді құшақтап «Төс қағысу», бір-бірімізге жақсы тілектер айтып, Наурыз мейрамымен құттықтайық!

Наурыз - Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Ақ мол болсын!

Жаңа жыл бақ, береке, молшылық әкелсін!


ІІ. Әңгімелесу

Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21-22 наурызда күн мен түн теңеледі. Наурыз деген сөздің өзі «нау» - жаңа, «руз» - кун деген сөздерден алынып, жаңа жыл деген ұғымды білдіреді. Адамдар Наурызға дайындалады. Олар үй, арық, аула, көшені тазалайды. Ағаш, гүл егеді. Үйлерінде дастархан жайады. Ән шырқап, би билеп, ойын ұйымдастырады.

- Наурыз - бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған халық қастерлейтін күн.

- Біздің кішкентай бүлдіршіндеріміздің наурыз мейрамына дайындаған тақпақтарын тыңдаңыздар.

ІІІ. Тақпақтар

Ата бабам тойлаған Сабит Әнімде саған, биімде Жаннұр

Наурызым армысың, Құт қонақ өзім үйімде.

Қызыққа еш тоймаған. Қуаныш сыйлап еліме

Дарқан дала, қарлы шың. Күлімде наурыз күлімде!


Бата беріп атамыз, Мадияр

Бата беріп апамыз,

Тәтті болып жасалған,

Наурыз дәмін татамыз.


Көктем келді бүгін, Дана

Күнім төкті нұрын

Сайрап барлық құстар,

Ән салуға құштар.


Наурызды халқымыз, Алишер

Жыл басы деп санайды,

Көнермеген салтымыз,

Көп елдерге тарайды.


Ақ түйенің қарны жарылды, Аида

Наурызды елім сағынды.

Үлкен-кіші асығып,

Бұл тойға бәрі ағылды.


Күттіріп келген жыл басы Ақнұр

Бізбен бірге жырлашы.

Дастарханына елімнің

Береке-ырыс сыйлашы.


Сәнді көктем нұрымен, Ақерке

Наурыз тойы жырымен,

Көңіл гүлдей жайнасын.

Амирсултан

Шалқытып мерекеде ән салайық,

Иесіне ән-бидің тамсанайық.

Аңыз бен ертегіні ала келген,

Қонақтарды қарсы алайық.


Кіргізіп көркін даланың, Мағжан

Бәйшешек қырда қаптады.

Қызығып ылғи барамын,

Үзуге бірақ батпадым.


Түрлі-түсті әйбат, Айым

Гүлдер шықты жайнап.

Қызығып ылғи барамын,

Қырға шығып ойнап.

Тәрбиеші: Көктемнің алғашқы

гүлдері жауқазын, қызғалдақ, бәйшешек (ұлдар қолдарын қосып оңға, солға бұрады) бір, екі, үш, төрт.

қызғалдақ (қыздар қолдарын жоғары көтереді) біз қызғалдақ жайқалған.

\Қабырғадағы гүлдердің ішінен осы гүлдерді тауып көрсету\


Күн мен түн теңеледі, Азиза

Жер шуаққа бөленеді,

Соны тойлар ел енді.


Наурыз тойы - салтымыз, Саид

«Көгерсін» - деп халқымыз,

Көшеге тал егеміз.


Сансыз көкек сұңқылдап, Сағыныш Көктем келді еркелеп.


Келіп көктем құстары,

Бау-бақшада ән салды.

Оларды жас достары,

Ұя жасап қарсы алды.


Тәрбиеші: Көктем - жыл мезгілінің әдемі бір кезеңі. Наурыз айында күн ұзарып, түн қысқарады. Күн көзінің шуағы молаяды. Қар еріп, жырашықтардан су аға бастайды. Көктем - өте көңілді мезгіл. (Гүл құрастыру)


Қарды ерітіп жылғасы, Әміржан

Наурыз келді - жыл басы.

Шуақ төкті жарық күн,

Мейрамында халықтың.


Көкке бояп өңірді, Бекарыс

Көктем келді көңілді.

Бау-бақшада, орманда,

Құстар әні төгілді.

(құстардың суретін көрсету)

Балалар-ау, балалар! Рауан

Шақырады далалар.

Көктем келді гүл алып,

Құстар келді жыр алып.


ІV. Жұмбақ

- Ал енді балалар! Жұмбақтардың шешуін табыңдар:

Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды,

Қонақтарды көңілдене сыйлайды. (дастархан)


Бұл не? Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бұл дастархан. Ал дастарханға қандай қазақтың ұлттық тағамдары қойылады?

Қазақтың ұлттық тағамдарының атын атау. наурыз көже, қазы - қарта, тары - талқан, ет, қуырдақ, бауырсақ, құрт, май, ірімшік т. б.


Тәрбиеші: Бүгінгі дүбірлі аламан тойымыз да өз мәресіне жеткен тәрізді. Сондықтан ата салтын сақтай отырып, арамыздағы ел ішіне сыйлы, құрметті ақсақалымыз - Қыдыр атадан бата сұрасақ! Ата, бүгінгі думанға сонау алыстан ат арылтып келгеніңізге орай, ала келген ақ батаңыз да бар болар?


Қыдыр ата:

Ақ көп болсын,

Қайғы жоқ болсын,

Пейілдерің кең болсын,

Сапарларың оң болсын,

Мына ұлыстың ұлы күні әрбір отбасына бақыт әкелсін!

Ұлыс оң болсын! Әумин!


V. Ұлттық салт-дәстүрлерімен таныстыру

Биші қыздар билеп шығып, музыкамен шашу шашады.

VI. Ұлттық ойын:

Наурыз мейрамында халық қуанып ұлттық ойын түрлерін ойнап көңіл көтерген. Сонын ішінде «Теңге алу», «Қыз қуу», арқан тарту «Хан талапай» т.б ойындар. (интерактивті тақтамен жұмыс)

- Ал, балалар, ендеше «арқан тартыс» ойынын ойнап, күшімізді сынап көрелік! Екі командаға бөлініп арқанды тартасыңдар.Кімнің командасы осы арқанды бірінші болып өзіне қарай тартады, сол команда жеңімпаз болып есептеледі. 1,2,3! Бастаймыз! (балалар арқан тартысады)

Рахмет! Отырамыз!


- Балалар! Сендер білесіндерме? Наурыз мейрамы - жыл басы, яғни жаңа жыл. Ал Жаңа жылдың иесі кім екенін білесіндер ме? Дұрыс қой! Жаңа жылдың иесін қарсы алайық!

Қой: Оян бәрің! Орындалсын көксеген ой-арманың!

Қой деген момақан мақұлық қой,

Ескер, бірақ «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған»

Рахмет!

- Құрметті ата-аналар, мұғалімдер, қонақтар! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған кішігірім концертімізді тамашаланыздар!

VIII. Ән, би, өлең.

Хош келдің, төрлет, Наурызым!

Балалардың орындауында «Қара жорға» биін қабылдаңыздар!

«Батырлар» биі

«Көктем келді» әні

Осымен, құрметті қонақтар! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған тәрбие сағатымыз аяқталды. Назарларыңызға көп рахмет! Сау болыныздар!


Сөз кезегін оқу ісі жөніндегі мектеп директорының орынбасары ..........

беріледі.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал