7


Сабак жоспары 2 б класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: «Бота»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың үй жануарлары туралы алған білімдерін тексеріп, бекіту.

Тәрбиелік: Үй жануарларына деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.

Дамытушылық: Ауызша сауаттылығын арттыру. Суретпен жұмыс арқылы оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту. Сөздік қорларын молайту.

Әдіс - тәсілдер:сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: Ашық сабақ

Көрнекіліктер:Үй жануарларының суреттері.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу.

Біз білімді баламыз.

Күнде бестік аламыз.

Жалқаулықты тастаймыз,

Жаңа сабақ бастаймыз.

Біз он бір баламыз.

Бүгін неше аламыз?

Бір керегі жоқ,

Екі керегі жоқ.

Үш керегі жоқ

Төрт орташа

Бес ТАМАША!

М:Жарайсыңдар балалар отырыңдар.

Кім айтады қазір қандай сабақ?

Қазақ тілі нешінші сабақ?

Бүгін аптаның қай күні?

Ертең аптаның қай күні?

Апта күндерін, демалыс күндерін атап беріңдер?

Қазір жылдың қай мезгілі?

Күз айларын атап беріңдер?

Сенің досың бар ма?

Оның аты кім? Ол қандай?

II. Өткен тақырыптарды еске түсіру.

Мынау не?





А) Үй жануарларын төлдерімен атау. Оның ішінде түйенің ботасының суреті жоқ ол қай

III. Ғажайып сәт ( Есік қағылады) Бота келеді өзіне дос іздеп.

Ерте, ерте, ертеде бір боталы түйе болыпты. Түйе өзінің ботасына айтады. Боташым мен саған жақсы достан басқасының бәрін бердім Сен енді өзіңе ұқсайтын дос тап. Доссыз өмір қиын, әрі қызық емес.

IV. Сөздік жұмысы: Жаңа сөздерді хормен одан соң жеке -жеке қайталату

Өмір - жизнь

Қиын - трудно

Қызық емес - не интересно

Осы сөздермен сөз тіркестерін құрау.

Доссыз өмір

Доссыз қиын

Бота дос іздеп жолға шығады.

Бота, бота ботамын.

Ақылды боп атандым.

Тостағандай көзім

Әдемімін өзім деп әндетіп келе жатып лақ пен қозыға кезігеді.

Бота бө - бө мен өзіме дос іздеп жүрмін.

Лақ пен қозы бізбен дос болғың келсе біз туралы тақпақ айтып бер.

1- тапсырма

Қошақаны қойдың,

Қайда қалып қойдың

Бұлтиып тұр бүйірің ,

Қай өрістен тойдың?

Шөре,шөре лағым

Секеңдеме шырағым.

Тентек болма деміңді ал,

Селтеңдемей құлағың.

Рахмет, біз енді сенімен доспыз!

Бота әрі қарай өзіне дос іздейді.

Бота, бота, ботамын

Ақылды боп атандым.

Тостағандай көзім

Әдемімін өзім деп әндетіп келе жатып итке жолығады. Иттің тапсырмасы таныс сөздерді тауып оқы. ( Балалар көмектесеміз бе?)

2 - тапсырма сөзжұмбақты шеш.

Жылқы, ешкі, қой,ит т.б сөздерін тауып оқу, аудару.

V.Сергіту сәті

Құлын, құлыншақ,

Желкілдейді тұлымшақ.

Маңдайында жұлдызы.

Құйрығында құндызы.

Бота әрі қарай дос іздейді.

Бота, бота ботамын.

Ақылды боп атандым.

Тостағандай көзім

Әдемімін өзім деп әндетіп келе жатып бұзауға жолығады.

Бө-Бө мен өзіме дос іздеп жүрмін. Дәптермен жұмыс. Төлдерді жаз

Рахмет. Бір оқушы тақтада жазады. Ал қалған балалар дәптерлеріндегі тапсырманы орындайды.







VI. Сабақты қорытындылау.

Бота түйеге келеді. Түйе дос таптың ба ботам?

Иә, мен жақсы достар таптым.

Балалар біз бүгін не жайлы әңгімелестік.

Бота дос іздеп қайда барды?

Ол нелерді жолықтырды. Ол барлық кедергілерден өтіп өзіне жақсы достар тауып алды.

сабақты бекіту.

VIII.Үйге тапсырма Дәптерлеріндегі 47 бет 6 - тапсырманы орындап келу.

IX. Сабақты аяқтау. Бағалау.

































Сабақтың тақырыбы Сөздердің қолдану өрісіне байланысты түрлері

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету ;

ә) Өз бетінше ізденуге,ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету,өз ойын еркін жеткізуге баулу,жылдам жауап беруге дағдыландыру,тіл,сөйлеу тілдерін етілдіру,сөйлеумашықтарын,шығармашылық қабілеттерін дамытуға жол ашу,ойлау қабілеттерін,сөздік қорларын дамыту ;

б) Мақал - мәтел арқылы оқушылардың рухани байлығын қалыптастыру,адамгершілікке тәрбиелеу,тапқырлық,іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру,адамгершілік қасиеттерге,ұлттық құндылықтарды сүйе білуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ - жауап,тіл дамыту әдістері

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар

Халықтық педагогика мақал-мәтелдер

элементтерін қолдану :

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Өткен сабақты еске түсіру үшін бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Лексика нені қарастырады?

2.тарихи сөздер дегеніміз не?

3.Жаңа сөздер дегеніміз не?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Қазақ тіліндегі сөздер қолдану өрісі жағынан әр түрлі болып келеді.

Қазақ тілінің лексикасы 1.Жалпылама лексика. 2.қолдану өрісі тар лексика

Жаттығумен жұмыс :169-жаттығу. Төмендегі сөздерді білдіретін мағынасына қарай топ-топқа бөліп жазыңдар. Дәмді білдіретін сөздер : тәтті,дәмді,ащы,тұщы,тұзды,кермек т.б.

Білімді бекіту : 1.Сөздер жасалу өрісіне қарай нешеге бөлінеді?

2.Қолдану өрісі тар лексика нешеге бөлінеді?

3.Кәсіби лексика дегеніміз не?

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 170-жаттығу.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал